"Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 437 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Жоба

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі
халықаралық агенттік арасындағы Қазақстан Республикасында Атом
энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған
уран банкін құру туралы келісімді ратификациялау туралы

      2015 жылғы 27 тамызда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісім ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Бейресми аударма

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
СЫРТҚЫ ІСТЕР
МИНИСТРЛІГІ

№ 18-38441/2278           Қазақстан Республикасының Сыртқы істер
                          министрлігі Атом энергиясы жөніндегі
                          халықаралық агенттікке (АЭХА) өзінің
                          ілтипатын білдіреді және мынаны хабарлауды
                          мәртебе санайды.
                                Қазақстан Республикасының Үкіметі мен
                          Атом энергиясы жөніндегі халықаралық
                          агенттік арасындағы 2015 жылғы 27 тамызда
                          Астана қаласында екі данада қазақ, орыс
                          және ағылшын тілдерінде қол қойылған
                          Қазақстан Республикасында Атом энергиясы
                          жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен
                          байытылған уран банкін құру туралы
                          келісімді (Келісім) ратификациялау
                          барысында Келісімнің қазақ тіліндегі
                          мәтінінде бірнеше редакциялық қателер
                          табылды.
                                Осыған байланысты Қазақстан
                          Республикасының Үкіметі Келісімнің қазақ
                          тіліндегі мәтінін редакциялық сипаттағы
                          енгізілген түзетулерімен төмендегі мәтінмен
                          ауыстыруды ұсынады:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Атом
энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік 
арасындағы Қазақстан Республикасында Атом 
энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің
Төмен байытылған уран банкін құру туралы 
келісім                  

АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ ЖӨНІНДЕГІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АГЕНТТІК Вена

      Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі «Қазақстан» деп аталады) және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (бұдан әрі «АЭХА» деп аталады), сондай-ақ бұдан әрі бірлесіп «Тараптар», ал жеке алғанда — «Тарап» деп аталады;
      АЭХА өз Жарғысына сәйкес бүкіл әлемде атом энергиясын бейбіт мақсатта дамытуға және практикада қолдануға ықпал етуге және жәрдемдесуге және АЭХА Жарғысының ережелеріне сәйкес оны пайдалану үшін АЭХА-ға мүше мемлекеттерге ядролық материалды жеткізу туралы уағдаласуға уәкілетті екенін HAЗAPҒA АЛА ОТЫРЫП;
      АЭХА Басқарушылар кеңесінің (бұдан эрі «Басқарушылар кеңесі» деп аталады), атап айтқанда, 2010 жылғы 26 қарашадағы GOV/2010/67 «Кепілдік берілген жеткізілімдерді қамтамасыз ету: мүше мемлекеттерге төмен байытылған уран (ТБУ) жеткізу үшін АЭХА ТБУ банкін құру» құжатында қамтылған, ұсынылып отырған шешімдер қабылданған 2010 жылғы 3 желтоқсандағы GOV/2010/70 «Ядролық отынды кепілдік берілген жеткізу» қарарын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
      Қазақстан бұл жөнінде АЭХА-ның күш-жігерін қолдауға ниетті екенін және осыған байланысты АЭХА-ның 2011 жылғы 31 мамырдағы GOV/INF/2011/7 «Кепілдік берілген жеткізілімдерді қамтамасыз ету: АЭХА төмен байытылған уран банкі. Қабылдаушы мемлекеттің таңдауы» құжатында, сондай-ақ Басқарушылар кеңесінің 2010 жылғы 26 қарашадағы GOV/2010/67 және 2010 жылғы 3 желтоқсандағы GOV/2010/70 құжаттарында жазылған талаптарға сәйкес АЭХА ТБУ банкі үшін қабылдаушы мемлекет болуға мүдделілік білдіргенін НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
      Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы келісімнің (INFCIRC/9/Rev.2) тарапы болып табылатынын HAЗAPҒA АЛА ОТЫРЫП;
      Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепілдіктерді қолдану туралы келісімге (INFCIRC/504) (бұдан әрі «Кепілдіктер туралы келісім» деп аталады) 1994 жылғы 26 шілдеде қол қойылғанын және оның 1995 жылғы 11 тамызда күшіне енгенін, ал оған Қосымша хаттамаға (INFCIRC/504/Add.l) (бұдан әрі «Қосымша хаттама» деп аталады) 2004 жылғы 6 ақпанда қол қойылғанын және оның 2007 жылғы 9 мамырда күшіне енгенін НАЗАРҒА AЛA ОТЫРЫП;
      Қазақстан Республикасы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясының (INFCIRC/500) және Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясына түзетулер енгізу туралы хаттаманың (INFCIRC/566) тарапы болып табылатынын НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
      төмендегілер туралы келісті:

I бап
АНЫҚТАМАЛАР

      Осы Келісімдегі төменде келтірілген терминдердің мағынасы мынадай:
      а. «құзыретті органдар» Қазақстан заңнамасы тұрғысынан және оған сәйкес құзыретті болып табылатын Қазақстан Республикасының осындай орталық немесе жергілікті органдарын білдіреді;
      b. «АЭХА архивтері» АЭХА-ға тиесілі немесе АЭХА иелігіндегі АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуіне байланысты барлық есептерді, хат-хабарды, құжаттарды, қолжазбаларды, компьютерлік және мультимедиялық деректерді, фотосуреттерді, кинофильмдерді, бейне және дыбыс жазбаларды, сондай-ақ Тараптар арасындағы уағдаластық бойынша АЭХА архивтеріне жататын кез келген басқа материалдарды білдіреді;
      c. «Бас директор» АЭХА Бас директорын немесе оның атынан әрекет етуге уәкілеттік берілген кез келген лауазымды адамды білдіреді;
      d. «Қондырғы операторы» АЭХА ТБУ қоймасын пайдаланумен айналысатын және осы ретте Қазақстанмен консультацияда АЭХА мен Қондырғы операторы арасында жасалатын техникалық келісімге сәйкес (бұдан әрі «Қондырғы операторының көрсететін қызметтері туралы техникалық келісім» деп аталады) АЭХА-ға қызметтер көрсететін заңды тұлғаны білдіреді;
      e. «АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуі» АЭХА ТБУ-ді және АЭХА-ның басқа мүлкін алуды, тиеуді, түсіруді және Қондырғы операторының алаңында орын ауыстыруды және сақтауды, АЭХА ТБУ үшін цилиндрлерді өлшеуді және олардан сынамаларды іріктеп алуды, ядролық материалды есепке алуды, ядролық қауіпсіздік пен физикалық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, АЭХА ТБУ-ді тасымалдауды, жөнелтуге, импортқа және экспортқа дайындауды және АЭХА ТБУ банкінің орын ауыстыруын және осыған байланысты есеп, инспекциялар, есептілік жүргізудің, тәуекел менеджментінің және қызмет көрсетудің барлық операцияларын қамтитын, Тараптармен келісілген қызметті білдіреді;
      f. «АЭХА ТБУ» АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуіне байланысты АЭХА-ға тиесілі, U-235 бойынша 4,95% дейін қоса алғанда, нақтылы байытылған уран гексафториді (UF6) түріндегі төмен байытылған уранды білдіреді;
      g. «АЭХА ТБУ банкі» АЭХА ТБУ қоймасындағы ЗОВ типіндегі немесе неғұрлым кейінгі модификациядағы ең көп көлемі 60 (алпысқа) дейінгі толық цилиндр болатын АЭХА ТБУ нақты қорын білдіреді;
      h. «АЭХА ТБУ-ге арналған цилиндрлер» тасымалдау мен сақтау мақсатында АЭХА ТБУ-ді ыдысқа толтыруға арналған АЭХА-ға тиесілі цилиндрлерді білдіреді;
      i. «АЭХА ТБУ қоймасы» Қазақстан АЭХА-ға АЭХА-ның ерекше пайдалануына берген және Қондырғы операторының көрсететін қызметтері туралы техникалық келісімде сипатталғандай АЭХА ТБУ банкі тұрған жердегі Қондырғы операторының алаңында (бұдан әрі «Қондырғы операторының алаңы» деп аталады) орналасқан қойма үй-жайын білдіреді;
      j. «АЭХА мүлкі» АЭХА ТБУ-ді, АЭХА ТБУ-ге арналған цилиндрлерді, сондай-ақ АЭХА-ға тиесілі немесе өзінің жарғылық функцияларын және осы Келісімді орындаған кезде АЭХА иелігіндегі не басқаруындағы ақша қаражатын және өзге де активтерді және АЭХА-ның барлық кірістерін қоса алғанда, АЭХА-ның барлық мүлкін білдіреді;
      k. «АЭХА өкілдігі» осы Келісімнің мақсаты үшін АЭХА Қазақстан Республикасында құратын және бұл туралы АЭХА Қазақстанды хабардар ететін офисті білдіреді;
      I. «АЭХА өкілі» Қазақстан Республикасында АЭХА-ның атынан өкілдік ететін және бұл туралы АЭХА Қазақстанды хабардар ететін, АЭХА тағайындаған АЭХА-ның лауазымды адамын немесе басқа адамды білдіреді;
      m. «Қазақстан заңнамасы» белгіленген тәртіппен қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білдіреді;
      n. «АЭХА-ның лауазымды адамдары» жергілікті жерде сағат бойынша ақы төлеу шартымен жалданған адамдарды қоспағанда, АЭХА-ның Бас директоры мен барлық қызметкерлерін білдіреді.

II бап
АЭХА ТБУ БАНКІ

      1. Осы Келісімге сәйкес АЭХА Қазақстан Республикасында АЭХА ТБУ банкін құрады.
      2. а. АЭХА мынадай шығыстарды:
      i) осы баптың 2-тармағының b. тармақшасында көзделген шығыстарға қатысты Қазақстанның міндеттемелеріне залал келтірмей, АЭХА ТБУ-ді, жабдықты, техникалық құралдарды және АЭХА ТБУ банкін құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мен оған қызмет көрсету үшін қажетті кез келген басқа тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстарды көтереді. Олар байланысты қолдауға арналған шығыстарды және мониторинг үшін жабдықты пайдалануымен байланысты сияқты АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуі кезеңіндегі АЭХА-ның ерекше талаптарына және АЭХА ТБУ-ге арналған цилиндрлермен жұмыс істеуге немесе оларды инспекциялауға қатысты АЭХА талаптарына байланысты өзге де шығыстарды қамтиды;
      ii) АЭХА ТБУ-дің, АЭХА ТБУ-ге арналған бос цилиндрлердің және АЭХА ТБУ жойылмайтын қалдықтары бар цилиндрлердің импортына және экспортына байланысты барлық шығыстарды қоса алғанда, осы баптың 2-тармағының b. (iv) тармақшасына сәйкес АЭХА ТБУ банкінің орын ауыстыруына байланысты шығыстарды қоспағанда, АЭХА ТБУ қоймасына және кері АЭХА ТБУ-ді жеткізуге арналған шығыстарды көтереді. Осы тармақшада санамаланған шығыстар көлік құжаттарын дайындаумен, АЭХА ТБУ-ді Қондырғы операторының алаңы бойынша орын ауыстырумен, қайта конденсаттаумен, гомогендеумен, сынамаларды іріктеумен және АЭХА ТБУ-ді талдаумен тікелей байланысты шығыстарды қамтиды;
      iii) АЭХА беретін персоналға жұмсалатын шығыстарды, АЭХА кеңестерін ұйымдастыруға арналған шығыстарды және АЭХА ішінде ақпарат таратуға арналған шығыстарды қоса алғанда, АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуі мен оған қызмет көрсетуді қамтамасыз етумен байланысты және АЭХА көтеретін үстеме шығыстарды;
      iv) АЭХА ТБУ банкін құруға, оның жұмыс істеуі мен оған қызмет көрсетуді қамтамасыз етумен байланысты АЭХА-дан өндіріліп алынатын және олардан АЭХА осы Келісімнің VI бабына сәйкес босатылмайтын салықтарды, алымдар мен баждарды төлеу жөніндегі шығыстарды;
      v) осы баптың 2-тармағының b. (і) тармақшасында айтылған, сақтағаны үшін шығыстар есебіне жыл сайын бір еуро;
      vi) мүлікті, оның ішінде АЭХА мүлкін әкетуді және/немесе кәдеге жаратуды қоса алғанда, АЭХА өтініші бойынша Қазақстан Республикасының шегінде АЭХА ТБУ банкінің орын ауыстыруымен байланысты шығыстарды;
      vii) осы баптың 2-тармағының b. (iv) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, АЭХА осы Келісімнің ережелерін бұзған жағдайда осы Келісімнің XIX бабының 3 тармағына немесе 4-тармағының а. тармақшасына не осы Келісімнің XIX бабы 4-тармағының b. тармақшасына сәйкес осы Келісімнің мерзімінің өтуіне немесе қолданылуы тоқтатылғанына орай АЭХА ТБУ банкінің Қазақстан Республикасының шегінен тыс орын ауыстыруына байланысты шығыстарды;
      viii Кепілдіктер туралы келісімге және Қосымша хаттамаға сәйкес АЭХА ТБУ банкіне қатысты кепілдіктерді қолдану жөніндегі АЭХА міндеттемелерін орындауға байланысты шығыстарды;
      ix) АЭХА өтейтін ретіндегі осы Келісімде тікелей айтылатын өзге де шығыстарды көтереді.
      b. Қазақстан мынадай шығыстарды:
      i) осы баптың 2-тармағының a.(v) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, электрмен жабдықтауға, жылытуға, қажетті қызметтік үй-жайларға төлемақыны және персоналға жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуіне байланысты Қазақстан немесе оның мекемелері беретін АЭХА ТБУ-ді сақтауға тікелей қатысты барлық шығыстарды;
      ii) осы Келісімді орындау үшін Қазақстан заңнамасына сәйкес Қазақстан жүзеге асыратын қызметпен байланысты шығыстарды;
      iii) мүлікті, оның ішінде АЭХА мүлкін әкетуді және/немесе кәдеге жаратуды қоса алғанда, Қазақстанның өтініші бойынша АЭХА ТБУ банкін Қазақстан Республикасының шегінде орын ауыстыруымен байланысты шығыстарды;
      iv) осы баптың 2-тармағының a. (vii) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, АЭХА ТБУ банкінің орын ауыстыруына алып келетін осы Келісімнің ережелерін Қазақстанның бұзуы салдарынан осы Келісімнің XIX бабы 4 тармағының b. тармақшасына сәйкес осы Келісімнің қолданылуы тоқтатылғанына орай АЭХА ТБУ банкін Қазақстан Республикасының шегінен тыс орын ауыстырумен байланысты шығыстарды;
      v) Кепілдіктер туралы келісімге және Қосымша хаттамаға сәйкес АЭХА ТБУ банкіне қатысты кепілдіктерді қолдану жөніндегі Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындаумен байланысты шығыстарды;
      vi) Қазақстан өтейтін ретіндегі осы Келісімде тікелей айтылатын өзге де шығыстарды көтереді.
      3. Қазақстан АЭХА иелігінде қажетті қызметтерді көрсетуге қойылатын талаптарға сай келетін білікті персоналы бар, осы Келісімге сәйкес АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуіне байланысты қызметтер көрсетуге Қазақстан заңнамасының негізінде берілген лицензиясы бар Қондырғы операторының тұрақты түрде болуын қамтамасыз етеді.
      4. Қазақстан құзыретті органдар бекіткен Қондырғы операторының алаңы бойынша жобалық құжаттамаға сәйкес келетін және АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеу мақсаты үшін АЭХА талап ете алатын, толық жұмыс күйінде ұсталатын жабдық пен техникалық құралдардың АЭХА үшін үнемі қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Осы баптың 2-тармағын ескере отырып, осындай жабдық пен техникалық құралдарды беру шарттары АЭХА-мен және Қондырғы операторының көрсететін қызметтері туралы і техникалық келісімде Қондырғы операторымен келісіледі.
      5. Осы Келісімнің IX бабының 1-тармағында аталатын адамдар осы Келісімнің XIV бабында көзделген қажетті қауіпсіздік және физикалық қауіпсіздік талаптарын сақтаған жағдайда, АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуіне байланысты қажетті АЭХА ТБУ банкіне, АЭХА ТБУ қоймасына, АЭХА мүлкіне, АЭХА архивтеріне, Қондырғы операторы алаңының бөліктеріне үнемі кедергісіз қолжетімділік немесе АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуіне байланысты талап етілетін кез келген басқа да қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Қазақстан өз қалауы бойынша осындай адамдармен ілесіп жүру құқығын өзінде қалдырады. Егер АЭХА бұл қажет деп есептесе, АЭХА-ның осындай мүлкін құлыптармен және мөрлермен қорғау құқығын АЭХА өзіне қалдырады.
      6. Тараптар осы Келісімнің XVII бабының 1-тармағына сәйкес АЭХА ТБУ банкін Қазақстан Республикасының шегіндегі басқа алаңға ауыстыруды келісуі мүмкін.
      7. Осы Келісімнің VI бабының 4-тармағы және XIV бабының 2-тармағы сақталған жағдайда, Қазақстан АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуіне арналған осы Келісім бойынша АЭХА-ның кез келген мүлкін сақтау және оның орнын ауыстыру үшін ешқандай кедергі жасамайды және ешқандай шектеулер белгілемейді. Қазақстан өзі арқылы немесе  өзінен АЭХА ТБУ, АЭХА ТБУ-ге арналған цилиндрлердің және АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуіне байланысты АЭХА-ның кез келген басқа мүлкінің Қазақстан Республикасына орнын ауыстырумен байланысты рәсімдердің мүмкіндігінше қысқа мерзімде орындалуын қамтамасыз етеді.

III бап
АЭХА-ның ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

      Қазақстан АЭХА-ның құқық субъектілігін және атап айтқанда: а) келісімшарттар жасасуға; b) жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алуға және осындайларға не болуға; с) сот істерін қозғауға оның құқықтық қабілеттілігін мойындайды.

IV бап
ҚОЛСҰҒЫЛМАУШЫЛЫҚ

      1. Қазақстан АЭХА-ның АЭХА өкілдігіне юрисдикциясы мен бақылауын мойындайды. АЭХА ТБУ-і және АЭХА ТБУ банкі АЭХА-ның ресми заңды иелігінде және оның бақылауында болады.
      2. Осы Келісімде арнайы айтылғандарды қоспағанда, барлық жағдайларда, АЭХА ТБУ банкіне және АЭХА өкілдігінің шегінде Қазақстан заңнамасы қолданылады.
      3. Осы Келісімде арнайы айтылғандарды қоспағанда, барлық жағдайларда, АЭХА өкілдігінің шегінде немесе АЭХА ТБУ банкіне байланысты Қазақстан Республикасында жасалатын әрекеттер мен мәмілелерге Қазақстанның заңнамасында қолданылу көзделгендей соттардың немесе басқа да құзыретті органдардың юрисдикциясы қолданылады.
      4. а. АЭХА және АЭХА мүлкі қайда және кімнің иелігінде болса да сот араласуының кез келген нысанынан иммунитетті пайдаланады, тек АЭХА қандай да бір жеке жағдайда иммунитеттен ашық бас тарта алады, бұл ретте иммунитеттен ешбір бас тарту сот шешімдерін орындау шараларына қолданылмайды.
      b. АЭХА мүлкі қайда және кімнің иелігінде болса да атқарушылық, әкімшілік, сот немесе заңнамалық әрекеттер арқылы болсын тінтуге, реквизициялауға, тәркілеуге, экспроприациялауға және араласудың кез келген басқа нысанына жатпайды.
      5. АЭХА ТБУ банкі, АЭХА ТБУ-і және АЭХА өкілдігі қолсұғылмаушылыққа ие. Қазақстан немесе Қондырғы операторы өкілдерінің немесе кез келген басқа адамдардың Бас директордың келісімінсіз және ол бекіткен шарттарсыз АЭХА ТБУ банкіне, АЭХА ТБУ-ге қолжетімділігі болмауға немесе АЭХА өкілдігіне қандайда бір қызметті жүзеге асыру үшін кірмеуге тиіс. Жоғарыда айтылғанға қарамастан, АЭХА ТБУ банкіне және АЭХА ТБУ-ге кіруге Бас директордың келісімі:
      a. Қазақстан осы Келісімнің XIV бабына сәйкес реттеуші инспекциялық бақылау бойынша өзінің міндеттерін орындау үшін АЭХА ТБУ банкімен немесе АЭХА ТБУ-мен байланыста жүзеге асыратын қызметке;
      b. Қондырғы операторы өзінің Қондырғы операторының көрсететін қызметтері туралы техникалық келісім бойынша міндеттерін орындау үшін АЭХА ТБУ банкімен немесе АЭХА ТБУ- мен байланыста жүзеге асыратын қызметке;
      c. Қазақстан шұғыл шаралар қабылдауды талап ететін авариялық жағдайлар немесе қауіп-қатер немесе олардың пайда болу қатері туындаған жағдайда жүзеге асыратын қызметке қатысты талап етілмейді.
      Қазақстан осы тармақтың а.-с. тармақшаларында сипатталған қызметті жүзеге асыру үшін АЭХА ТБУ банкіне немесе АЭХА V ie кез келген осындай кіруді Қондырғы операторының мүмкіндігінше қысқа мерзімде тіркеуін және АЭХА-ға хабарлауын қамтамасыз етеді.
      6. Қазақстан осы баптың 5-тармағының а.-с. тармақшаларында сипатталған қызметтерді жүзеге асыру үшін ғана АЭХА ТБУ қоймасына кіруге рұқсат береді. Қазақстан Қондырғы операторының барлық осындай кіру және қызмет ету жағдайларына тіркеу жүргізуін және АЭХА өтінішін алған соң мүмкіндігінше қысқа мерзімде осы деректерді АЭХА-ға беруін қамтамасыз етеді.
      7. Жеке мүлікке тыйым салуды қоса алғанда, сот шешімдерін орындау Бас директордың тікелей келісімінсіз және ол бекіткен шарттарсыз АЭХА өкілдігінің шегінде болуы мүмкін емес.
      8. АЭХА ТБУ банкі, АЭХА ТБУ қоймасы және АЭХА өкілдігі осы Келісімде тікелей көзделгендей, АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеу мақсаты үшін ғана пайдаланылуы мүмкін. АЭХА өкілдігін АЭХА Қазақстан заңнамасының негізінде қамаққа алудан жалтарып жүрген, Қазақстан басқа елге беру үшін талап ететін немесе сот шешімдерін орындаудан жалтаруға тырысатын адамдарға пана ретінде пайдалануға жол бермейді.
      9. АЭХА архивтері қай жерде болмасын, оларға қол сұғылмайды.

V бап
ҚАРЖЫЛЫҚ ЖЕҢІЛДІКТЕР

      1. Қаржылық бақылаумен, қағидалармен немесе мораторийдің қандай да болсын түрімен шектелмей АЭХА:
      а. ақша қаражатына, алтынға немесе кез келген түрдегі валютаға еркін ие болады және кез келген валютада операцияларды еркін жүргізе алады;
      b. өзінің ақша қаражатын, алтынын немесе валютасын бір елден екіншісіне немесе кез келген елдің шегінде еркін аудара алады және өзінің иелігіндегі кез келген валютаны кез келген басқа валютаға еркін айналдыра алады.
      2. АЭХА осы баптың 1-тармағына сәйкес өзінің құқықтарын жүзеге асыра отырып, Қазақстанның ұсыныстарына осындай ұсыныстар АЭХА мүдделеріне нұқсан келтірмей жүзеге асырылатындай тиісінше шамада көңіл аударады.

VI бап
САЛЫҚТАРДАН, АЛЫМДАРДАН, БАЖДАРДАН, ТЫЙЫМ САЛУЛАР МЕН ШЕКТЕУЛЕРДЕН БОСАТУ

      1. АЭХА және АЭХА-ның мүлкі барлық салық салу түрлерінен босатылады, алайда салықтардан осындай босату АЭХА иелігіндегі немесе басқаруындағы және пайдалануындағы мүліктердің меншік иелеріне немесе оған осындайларды жалға беретін басқа да адамдарға қолданылмайды. Бұдан басқа, АЭХА іс жүзінде коммуналдық қызметтердің төлемі ғана болып табылатын салықтардан босатуды талап етпейді деп түсініледі.
      2. АЭХА сатып алатын тауарлар мен АЭХА-ға ұсынатын қызметтер құнының бір бөлігін құрайтын жанама салықтардан АЭХА босатылмайды. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, Қазақстан АЭХА өкілдігі арқылы Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерге қатысты қолданылатын өтеу тәртібіне сәйкес, біржолғы сомаларды жылына бір реттен жиі емес төлей отырып, АЭХА-га қосылған құн салығын өтейді.
      3. АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуімен байланысты мәмілелерді жүзеге асыру және құжаттарды орындау кезінде АЭХА барлық тіркеу алымдарынан және мемлекеттік баждардан босатылады.
      4. Осы Келісімге байланысты АЭХА әкелетін немесе әкететін АЭХА-ның мүлкі кедендік алымдар мен баждардан, импорттық және экспорттық тыйым салулар мен шектеулерден босатылады. АЭХА жоғарыда айтылғандарға залал келтірместен, АЭХА мүлкін кез келген әкелуге немесе әкетуге дейін кемінде 90 (тоқсан) күнтізбелік күн бұрын әкелуге немесе әкетуге жататын АЭХА мүлкінің тізбесін Қазақстанға ұсынады. Мұндай ақпарат орыс тілінде ұсынылады және Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесіне (алты таңбалы кодтарына) сәйкес олардың кодтары көрсетілген тауарлардың дәл атауын қамтитын болады. АЭХА мүлкін әкелгенге немесе әкеткенге дейін кемінде 30 (отыз) күн бұрын АЭХА тасымалдау тәсілдері мен әкелу және/немесе әкету пункттері туралы ақпаратты Қазақстанға ұсынатын болады.
      5. Осы баптың 1, 2 және 4-тармақтарында жазылған жағдайларда АЭХА әкелетін немесе сатып алатын АЭХА мүлкі, егер Қазақстан өзгеше келісім бермесе, Қазақстан Республикасында сатуға, жалға беруге немесе басқаша жолмен иеліктен шығаруға жатпайды.

VII бап
АЭХА ТБУ БАНКІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

      1. Құзыретті органдар Бас директордың негізді өтініші шегінде АЭХА ТБУ қоймасын және АЭХА өкілдігін АЭХА өкілдігі үшін Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне ұсынылатын тиісті неғұрлым төмен мөлшерлемеден аспайтын мөлшерлемелер бойынша қажетті көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі өз екілеттіктерін жүзеге асырады. Осындай көрсетілетін қызметтер авариялық ден қою саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, электрмен және сумен жабдықтауды, кәрізді, пошта байланысын, телефон байланысына сенімді тұрақты қосуды және жоғары жылдамдықты Интернетке қосуды, спутниктік байланыс арнасына кедергісіз қол жеткізуді, тиісті көлік инфрақұрылымын, сарқынды суларды жоюды, қоқыс шығаруды, өртке қарсы қорғануды, кірме жолдарды кардан тазартуды және қауіпсіздік пен күзетті қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілген қызметтерді қамтиды. АЭХА ақылға сыйымды шекте осыған байланысты жәрдем көрсетеді.
      2. Қызмет көрсетуде қандай да болмасын кідіріс немесе кідіріс қаупі болған жағдайда, құзыретті органдар Қазақстанның маңызды үкіметтік мекемелерінің қажеттілігі сияқты сондай маңызы бар АЭХА қажеттілігін мойындайды және АЭХА ТБУ банкіне байланысты АЭХА жұмысына залал келтірудің алдын алуға арналған шараларды қабылдайды.
      3. Осы Келісімнің IV бабының 5-тармағын сақтаған жағдайда, Бас директор өтініш түскен кезде тиісті қызмет көрсетуші ұйымдардың уәкілетті өкілдеріне АЭХА өкілдігінің шегінде немесе онымен байланысты қондырғыларды, құбырларды, магистральдарды және кәріз құбырларын бұл себепсіз оның жұмыс істеуін бұзбауы үшін қарап шығу, жөндеу, дұрыс ұстау, қайта істеу және ауыстыру мүмкіндігін беру үшін тиісті шаралар қабылдайды.

VIII бап
БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ КӨЛІК

      1. АЭХА өзінің ресми байланыстары үшін Қазақстан қатысушысы болып табылатын кез келген халықаралық конвенциялардың, қаулылар мен уағдаластықтардың ережелері шегінде, пошта жөнелтімдеріне, каблограммаларға, жеделхаттарға, радиограммаларға, фототелеграфтық хабарламаларға, телевидениеге, телефонға, Интернетке және басқа да байланыс құралдарына басымдықтар мен тарифтерге, сондай-ақ баспа мен радиоға ақпарат беру кезінде баспасөз үшін белгіленген тарифтерге қатысты осындай басқа үкіметтің дипломатиялық өкілдіктерін қоса алғанда, Қазақстан кез келген басқа ұйымға немесе үкіметке ұсынатыннан қолайлылығы кем емес режимді пайдаланады.
      2. АЭХА-ның өзінің қызметтік мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының теміржол көлігі құралдарын Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне берілетін тиісті неғұрлым төмен тарифтерден аспайтын тарифтермен пайдалануға құқығы бар.
      3. АЭХА-ға немесе оның кез келген лауазымды адамдарына жіберілетін барлық ресми хабарламалар және АЭХА-ның барлық шығатын ресми хабарламалары қандай құралдармен және қандай нысанда берілмесін цензурадан және жолдан ұстап алудың кез келген нысанынан немесе олардың құпиясын бұзудан иммунитетті пайдаланады.
      4. АЭХА-ның шифрді пайдалануға және дипломатиялық курьерлер мен дипломатиялық вализаларға қолданылатындай артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланатын курьер немесе мөр басылған вализалар арқылы хат-хабарды және басқа да ресми хабарларды алуға және жөнелтуге құқығы бар.

IX бап
КЕЛУ ЖӘНЕ КЕТУ

      1. Қазақстан Қазақстан Республикасының аумағына келуді және онда болуды жеңілдету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды және осы Келісімде көзделген функцияларды орындау мақсатында төменде санамаланған адамдардың:
      a. АЭХА-ның лауазымды адамдарының;
      b. Біріккен Ұлттар Ұйымының немесе АЭХА Жарғысының XVI.A бабын орындау үшін онымен қарым-қатынас орнатқан, АЭХА ТБУ банкіне байланысты АЭХА-мен қызметтік істері бар кез келген басқа ұйымның лауазымды адамдарының;
      c. АЭХА-ның лауазымды адамдары болып табылмайтын, бірақ АЭХА атынан өкілеттіктері бойынша АЭХА ТБУ банкімен байланысты миссияларды орындайтын сарапшылардың Қазақстан Республикасының аумағынан кетуіне кедергі жасамайды.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталатын және виза талап етілуі мүмкін адамдарға біржолғы визалар немесе АЭХА-ның өтініші бойынша, бір жылға дейін немесе одан да көп мерзімге келуін және кетуін көздейтін көпмәртелік виза беріледі. Визалар барынша жедел және тегін беріледі.
      3. Осы баптың 1-тармағында көзделгендей, АЭХА-мен жұмыс бойынша байланысты осы бапта аталатын адамдардың ешқандай қызметтік әрекеті олардың Қазақстан Республикасының аумағына келуіне, одан кетуіне жол бермеу үшін және олардың Қазақстан Республикасының аумағын тастап кетуін талап ету үшін негіз бола алмайды. Осы Келісімде арнайы ескертілгендерді қоспағанда, барлық жағдайларда Қазақстан осы баптың 1-тармағында айтылатын адамдардың Қазақстан Республикасына келуін, сондай-ақ осындай адамдардың елдің шегінде одан әрі болу немесе тұру жағдайларын толық бақылайды және реттейді.
      4. Осы бап құзыретті органдардың тарапынан осы бапта берілетін құқықтарға талаптанатын адамдар осы баптың 1-тармағында айтылатын санаттарға жататынына жеткілікті дәлелдерді талап етуге кедергі келтірмейді; ол карантиндік және санитариялық-гигиеналық қағидаларды қолдануға да кедергі келтірмейді.
      5. Бұл жөнінде хабарлама АЭХА инспекторларының болжалды болу мерзімімен бірге олар келгенге дейін жіберілетін кепілдіктер бойынша олардың Қазақстан Республикасына келу жағдайларын қоспағанда, АЭХА дипломатиялық арналар арқылы осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың Қазақстан Республикасына келуі туралы және олардың Қазақстан Республикасында болуының болжалды мерзімдері туралы алдын ала хабарламаны Қазақстанға барынша жедел жібереді.

X бап
АРТЫҚШЫЛЫҚТАР МЕН ИММУНИТЕТТЕР

      1. АЭХА-ның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы шегінде және өзіне қатысты мынадай артықшылықтар мен иммунитеттерді:
      a. АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуіне байланысты өзінің ресми адам ретінде сөздеріне, айтқандарына немесе жазғандарына және жасаған әрекеттеріне қатысты сот қудалауының барлық нысандарынан иммунитетті пайдаланады; бұл иммунитет аталған адамдар АЭХА-ның лауазымды адамдары болуды тоқтатқан кезде де сақталады;
      b. жеке басын қамаққа алудан және ұстаудан иммунитетті;
      c. өздерінің жеке және қызметтік багажына тыйым салудан иммунитетті;
      f. қызметтік багажды тексеріп қараудан иммунитетті және егер АЭХА-ның лауазымды адамында Біріккен Ұлттар Ұйымы айлықақыларының Халықаралық азаматтық қызмет жөніндегі комиссия ұсынған шәкіліне сәйкес мамандар санатының С-5 және одан жоғары сыныбы болса, егер мұндай багажда жеке немесе қызметтік пайдалануға арналмаған заттар немесе импортына немесе экспортына заңмен тыйым салынған немесе Қазақстанның карантиндік қағидаларымен реттелетін заттар бар деп болжауға елеулі негіз болмаса, - жеке багажды тексеріп қараудан иммунитетті пайдаланады. Мұндай тексеріп қарау лауазымды адамның немесе оның уәкілетті өкілінің қатысуымен ғана жүргізіледі;
      e. барлық қағаздарға, құжаттарға және өзге де қызметтік материалдарға қолсұғылмаушылықты;
      f. өздері АЭХА-дан алатын айлықақылар мен сыйақыларға салынатын салықтардан босатуды;
      g. АЭХА-мен барлық қатынастар кезінде шифрді пайдалану және қағаздарды, хат-хабарды немесе өзге де қызметтік материалдарды курьермен немесе мер басылған вализалар арқылы жөнелту немесе алу құқығын;
      h. иммиграциялық шектеулерден, шетелдіктер ретінде тіркеуден және мемлекеттік борышты атқару міндетінен босатуды;
      i. валюталық және айырбастаудағы жеңілдіктерге байланысты Қазақстанда аккредиттелген тиісті дәрежесі бар дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлеріне берілетіндей артықшылықтарды;
      j. халықаралық дағдарыстар уақытында репатриация кезінде Қазақстанда аккредиттелген тиісті дәрежесі бар дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлеріне берілетіндей қорғау мен жеңілдіктерді пайдаланады.
      2. Осы Келісімнің IX бабы 1-тармағының b. және c. тармақшаларында аталған адамдар Қазақстан Республикасы шегінде және өзіне қатысты мынадай артықшылықтар мен иммунитеттерді:

      a. жеке басын қамаққа алудан және ұстаудан және өздерінің жеке және қызметтік багажына тыйым салудан иммунитетті;
      b. АЭХА ТБУ банкімен байланысты өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі сөздеріне, айтқандарына және жазғандарына және жасаған барлық әрекеттеріне қатысты сот қудалауының барлық нысандарынан иммунитетті; бұл иммунитет аталған адамдар АЭХА-дан екілеттіктер бойынша миссияларға тартылуды тоқтатқан кезде де сақталады;
      c. барлық қағаздарға, құжаттарға және өзге де қызметтік материалдарға қолсұғылмаушылықты;
      d. АЭХА-мен барлық қатынастар кезінде шифрді пайдалану және қағаздарды, хат-хабарды және өзге де қызметтік материалдарды курьермен немесе мөр басылған вализалар арқылы жөнелту немесе алу құқығын;
      e. валюталық шектеулерге және ақша айырбастау шектеулеріне қатысты уақытша қызметтік миссияларды орындайтын шетелдік үкіметтердің өкілдеріне берілетіндей жеңілдіктерді;
      f. өздерінің жеке және қызметтік багажына қатысты Қазақстанда аккредиттелген тиісті дәрежесі бар дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлеріне берілетіндей иммунитеттер мен жеңілдіктерді пайдаланады.
      3. Осы бапта көрсетілген артықшылықтар мен иммунитеттер аталған адамдардың жеке пайдасы үшін емес АЭХА-ның мүдделері үшін беріледі. Бас директордың пікірінше бұл иммунитет сот төрелігін іске асыруға кедергі келтіретін және одан АЭХА-ның мүдделеріне нұқсан келтірмей бас тартуға болатын барлық жағдайларда, Бас директор кез келген осындай адамға осы бапқа сәйкес берілетін иммунитеттен бас тартады.
      4. а. АЭХА осы баптың қолданыс аясына жататын адамдардың тізімін Қазақстанға жібереді және қажеттілігіне қарай осындай тізімді қайта қарайды;
      b. АЭХА-ның өтініші бойынша Қазақстан осы баптың қолданыс аясына жататын адамдарға ұсынушының фотосуреті бар аккредиттеу куәлігін береді. Бұл құжат ұсынушының барлық құзыретті органдармен қатынасында функционалдық міндеттері мен лауазымын куәландырады.
      5. АЭХА осы бапта аталған артықшылықтарға, иммунитеттерге және жеңілдіктерге байланысты сот төрелігін тиісінше іске асыруды, полицияның ұйғарымдарын сақтауды және қандай да бір теріс пайдаланудың алдын алуды қамтамасыз етуде құзыретті органдармен тұрақты түрде ынтымақтасады.
      6. Осы Келісімнің IX бабы 1-тармағының а. тармақшасында аталатын және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын АЭХА-ның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасында осы баптың 1-тармағының а., е. және g. тармақшаларына сәйкес берілетін артықшылықтар мен иммунитеттерді ғана пайдаланады. Осы Келісімнің IX бабы 1- тармағының b. және с. тармақшаларында аталатын және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар Қазақстан Республикасында осы баптың 2-тармағының b., с. және d. тармақшаларына сәйкес берілетін артықшылықтар. мен иммунитеттерді ғана пайдаланады.
      7. Басқа халықаралық ұйымның лауазымды адамы болып табылатын АЭХА өкілі өзінің АЭХА өкілі ретіндегі қызметіне қатысты Қазақстан мен осындай халықаралық ұйым арасында жасалған қолданыстағы халықаралық шартқа сәйкес өзіне берілген артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.

XI бап
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРДЫ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУ

      Егер Қазақстан осы Келісімде көзделетін қандай да бір артықшылықты немесе иммунитетті теріс пайдалану орын алды деп тапқан жағдайда, Тараптар арасында мұндай теріс пайдаланудың орын алды ма-жоқ па анықтау үшін консультациялар жүргізіледі және егер бұл осылай болса, осындай теріс пайдаланудың қайталануының алдын алу жолдары іздестіріледі. Егер мұндай консультациялардың нәтижелері Тараптар үшін қанағаттанғысыз болып шықса, артықшылықты немесе иммунитетті теріс пайдаланудың болған-болмағандығы туралы мәселе осы Келісімнің XVIII бабында көзделген рәсімге сәйкес шешіледі. Теріс пайдалану фактісі анықталған жағдайда, Қазақстан бұл туралы АЭХА-ға хабарлағаннан кейін тиісті адамға теріс пайдалану нысанасы болған артықшылықты немесе иммунитетті бермеуге құқылы. Алайда артықшылықтарды немесе иммунитеттерді беруден бас тарту АЭХА-ның негізгі қызметін жүзеге асыруға немесе АЭХА-ға өзінің негізгі функцияларын орындауына кедергі жасамауға тиіс.

XII бап
РҰҚСАТНАМАЛАР

      Қазақстан осы Келісімнің IX бабы 1-тармағының а. және b. тармақшаларында айқындалғандай АЭХА-ның лауазымды адамдарына, Біріккен Ұлттар Ұйымының лауазымды адамдарына және басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарына берілетін Біріккен Ұлттар Ұйымының рұқсатнамасын жарамды жол жүру құжаттары ретінде таниды және қабылдайды.

XIII бап
АЭХА ТБУ БАНКІН, АЭХА ТБУ ҚОЙМАСЫН ЖӘНЕ АЭХА ӨКІЛДІГІН КҮЗЕТУ

      1. Құзыретті органдар АЭХА ТБУ банкіне заңсыз рұқсат алуға немесе АЭХА ТБУ қоймасына және АЭХА өкілдігіне заңсыз кіруге немесе оларға тікелей жақын жерде тәртіпсіздік жасауға тырысқан ешбір адамның немесе адамдар тобының АЭХА ТБУ банкінің, АЭХА ТБУ қоймасының және АЭХА өкілдігінің тыныштығын және қауіпсіздігін бұзуына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдайды және АЭХА ТБУ қоймасының және АЭХА өкілдігінің шекараларында және олардың маңында осы мақсат үшін қажет болуы мүмкін полицейлік және/немесе басқа күзетті қамтамасыз етеді.
      2. Бас директордың өтініші бойынша құзыретті органдар АЭХА ТБУ қоймасының және АЭХА өкілдігінің шекараларында және олардың маңында құқықтық тәртіпті сақтау үшін полиция және/немесе өзге де күзет қызметкерлерінің жеткілікті санын береді.

XIV бап
ҚАУІПСІЗДІК, ФИЗИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ КЕПІЛДІКТЕР

      1. АЭХА ТБУ банкі және АЭХА ТБУ қоймасы қауіпсіздік, физикалық қауіпсіздік және кепілдіктер мәселелерімен айналысатын құзыретті органдардың жауапкершілігінде болады.
      2. Қазақстан Келісім күшінде қалатын кезең ішінде ядролық қауіпсіздіктің және физикалық ядролық қауіпсіздіктің барабар мемлекеттік, құқықтық және нормативтік базасының болуын қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайларда, Қазақстан АЭХА ТБУ банкіне, АЭХА ТБУ қоймасына және АЭХА ТБУ-ге қатысты АЭХА Қауіпсіздік негіздерінің және Қауіпсіздік талаптарының, сондай-ақ Физикалық ядролық қауіпсіздік негіздерінің және АЭХА физикалық ядролық қауіпсіздік ұсынымдарының қолдануға болатын ережелерінің қолданылуын қамтамасыз етеді, олар Қазақстан заңнамасына түзету енгізу арқылы кезең-кезеңімен өзгертілуі және толықтырылуы немесе неғұрлым кейінгі нұсқалармен ауыстырылуы мүмкін. Сонымен қатар, қажет болған жағдайларда, Қазақстан АЭХА ТБУ банкіне, АЭХА ТБУ қоймасына және АЭХА ТБУ-ге қатысты АЭХА қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтарының, Физикалық ядролық қауіпсіздік жөніндегі практикалық нұсқаулықтардың және АЭХА-ның техникалық басшылыққа алынатын материалдарының қолдануға болатын ережелерінің қолданылуын қамтамасыз етеді, олар Қазақстан заңнамасына түзету енгізу арқылы кезең-кезеңімен өзгертілуі және толықтырылуы немесе неғұрлым кейінгі нұсқалармен не балама шаралармен ауыстырылуы мүмкін. АЭХА жоғарыда аталған нормалар мен құжаттардың қолдануға болатын ережелерінің қолданылуын растау мақсатында қауіпсіздік пен физикалық қауіпсіздікті қарау жөніндегі миссияларды Қазақстанмен консультациялар арқылы жүргізуге құқылы.
      3. АЭХА Жарғысының XII.А бабында көзделген кепілдіктер саласындағы АЭХА құқықтары мен міндеттері АЭХА ТБУ банкіне, АЭХА ТБУ қоймасына және АЭХА ТБУ-ге қатысты қолданылады және сақталады. АЭХА ТБУ банкіне, АЭХА ТБУ қоймасына және АЭХА ТБУ-ге Кепілдіктер туралы келісімге және Қосымша хаттамаға сәйкес АЭХА кепілдіктері қолданылады. АЭХА кепілдіктерін қолдану мақсаты үшін АЭХА ТБУ қоймасын Қазақстан Қондырғы операторының алаңында орналасқан басқа қондырғылардан бөлек қондырғы ретінде құрады.
      4. АЭХА ТБУ банкіне және АЭХА ТБУ қоймасына қатысты, іріткі салуды және күштеп тартып алуды қоса алғанда, табиғи құбылыстар әсері мен басқа да тәуекелдерден, заңсыз орын ауыстырудан немесе заңсыз мақсатта пайдаланудан, бүлінуден немесе жойылудан қорғау үнемі қамтамасыз етілетіндігіне АЭХА-ның көз жеткізуіне мүмкіндік беретін жабдықты орнатуға АЭХА-ның құқығы бар. Қазақстан осы жабдықты орнатуға, пайдалануға және оған қызмет көрсетуге жәрдемдеседі. Жоғарыда көрсетілген жабдықты орната отырып, АЭХА физикалық ядролық қауіпсіздік үшін жауапты болмайды.
      5. Тараптар АЭХА ТБУ банкі құрылатынына АЭХА көз жеткізгенге дейін АЭХА ТБУ қоймасына АЭХА ТБУ орналастырылмайтынына келіседі.

XV бап
АВАРИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ДЕН ҚОЮ

      1. АЭХА ТБУ банкі жұмыс істеуін бастағанға дейін Қазақстан Қондырғы операторының алаңында, АЭХА ТБУ қоймасында және АЭХА ТБУ банкінде болатын немесе оларды жанап өтетін ядролық және радиологиялық оқыс оқиғалар мен авариялық жағдайлардың зардаптарын жою үшін алаңдағы және оның шегінен тыс жердегі авариялық жағдайларға ден қоюдың тиісті жоспарларын қолданысқа енгізуді, мерзімдік қайта қарауды және жаңартуды қамтамасыз етеді. Авариялық ден қою жоспарлары АЭХА ТБУ тасымалдау сияқты осы қондырғылармен байланысты қызметті де қамтуға тиіс. Авариялық ден қою жоспарлары Қондырғы операторының алаңымен, АЭХА ТБУ қоймасымен және АЭХА ТБУ банкімен байланысты қауіп-қатердің ықтимал ауқымымен және сипатымен шамалас болуы және әдеттегі авариялық жағдайларға ден қою тетігімен тиісті түрде ұштасуға тиіс.
      2. Қазақстан Қондырғы операторының құзыретті органдар мен АЭХА-ға АЭХА ТБУ банкі шығу көзі болып табылатын радиациялық, химиялық немесе басқа қауіп-қатермен байланысы болуы мүмкін оқыс оқиғалар мен авариялық жағдайлар туралы не АЭХА ТБУ банкі шығу көзі болып табылмайтын, бірақ АЭХА ТБУ банкінің қауіпсіздігі мен физикалық қауіпсіздігіне теріс әсер етуі мүмкін оқыс оқиғалар мен жағдайлар туралы кезек күттірмей және дереу хабарлауын қамтамасыз етеді. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, Қазақстан осы бапта көрсетілген кез келген оқыс оқиғалар мен авариялық жағдайлар туралы АЭХА-ға дереу хабарлайды.

XVI бап
ЖАУАПКЕРШІЛІK ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУ

      1. Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілікке қатысты барлық мәселелер Қазақстан Республикасы тарапы болып табылатын Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясына түзетулер енгізу туралы хаттамамен реттеледі (бұдан әрі «Хаттама» деп аталады), Хаттаманың мақсаты үшін Қазақстан Республикасы АЭХА ТБУ қоймасына қатысты қондырғы үшін жауап беретін мемлекет болып табылады, ал Қондырғы операторы АЭХА ТБУ қоймасының операторы болып табылады.
      2. Хаттама күшін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасы бұрынғыша оның тарапы болғандай осы Келісімнен туындайтын ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілікке қатысты Хаттаманың ережелерін қолдануды жалғастырады.
      3. Қазақстан осы баптың 1-тармағын сақтаған жағдайда, Қондырғы операторын қоса алғанда, Қазақстанның, оның лауазымды адамдарының немесе оның мекемелерінің әрекеттері немесе олқылықтары салдарынан осы Келісімнен туындайтын жауапкершілікке жауапты болады және осыған байланысты барлық шығыстарды көтереді. Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік жағдайларын қоспағанда, Қазақстан АЭХА-ның немесе осы Келісімнің IX бабының 1-тармағында санамаланған адамдардың әрекеттері немесе олқылықтары салдарынан туындайтынға жауапты болмайды. Қазақстан ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілікті қоспағанда, осы Келісімнен туындайтын жауапкершілікті сақтандыру өтемі үшін үшінші тараптың алдында жауапкершілікті барабар сақтандыруды қамтамасыз етеді. Осындай сақтандыру полисінде АЭХА қосымша сақтандырылған тұлға ретінде көрсетіледі және АЭХА-ға қатысты сақтандыру компаниясының құқықтарын суброгациялаудан бас тарту көзделеді.
      4. Осы баптың 1-тармағын сақтаған жағдайда, Қазақстан АЭХА-ны және осы Келісімнің IX бабының 1-тармағында санамаланған адамдарды жауапкершіліктен босатады, оларды жауапкершілікке жатпайтындар деп таниды және оларды одан болатын қауіп-қатерден сақтауға міндеттенеді, сондай-ақ Қондырғы операторын қоса алғанда, Қазақстанның, оның лауазымды адамдарының немесе оның мекемелерінің әрекеттері немесе олқылықтары салдарынан туындайтын, кез келген түрдегі және нысандағы барлық қуынымдарға, наразылықтарға, талаптар мен жауапкершілікке қатысты, олармен байланысты шығыстарды қоса алғанда, өз есебінен қорғауды қамтамасыз етеді. Қазақстанның осы тармақ бойынша жауапкершілігі шектелмейді және қандай да бір қолданыстағы сақтандыру шарттарымен анықталмайды.
      5. АЭХА ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік жағдайларын қоспағанда, осы баптың 3-тармағын сақтаған жағдайда, АЭХА-ның және осы Келісімнің IX бабының 1- тармағында санамаланған адамдардың осы Келісімнен туындайтын әрекеттері немесе олқылықтары салдарынан туындайтын жауаптылықта болады және онымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. АЭХА осы Келісімнен туындайтын жауапкершілікті сақтандыру өтемі үшін үшінші тараптың алдында жауапкершілікті барабар сақтандыруды қамтамасыз етеді.
      6. Қазақстан Қазақстан Республикасының аумағына АЭХА ТБУ банкін орналастыруы салдарынан, Қазақстан Республикасы АЭХА-ға мүше мемлекет ретінде орындайтын халықаралық міндеттемелерден бөлек, АЭХА-ның немесе осы Келісімнің IX бабының 1-тармағында санамаланған, өздерінің міндеттері шегінде әрекет ететін және әрекет жасамайтын адамдардың әрекеттері немесе олқылықтары үшін халықаралық жауапкершілікте болмайды.

XVII бап
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Осы Келісімнің II бабының 6-тармағына сәйкес АЭХА ТБУ банкін, сондай-ақ АЭХА ТБУ банкінің Қазақстан Республикасы шегінде басқа алаңға орын ауыстыруын қозғайтын, Қондырғы операторының алаңына және/немесе Қондырғы операторының ұйымдық құрылымын немесе ресурстарын қоса алғанда, Қондырғы операторына қатысты кез келген ұсынылатын өзгеріс Тараптар оларды жүзеге асырғанға дейін өзара келісімге қол жеткізген кезде және осы Келісім мен АЭХА ТБУ банкіне қатысты және осы баптың 4-тармағында көзделген кез келген техникалық келісімде қамтылған барлық техникалық және құқықтық талаптарды сақтаған немесе оларды осы Келісімнің XIX бабының 2- тармағына сәйкес осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар немесе кез келген техникалық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы өзге де түрде сақтаған жағдайда жүргізіледі.
      2. Қазақстан осы Келісім бойынша туындайтын өзінің барлық міндеттемелерінің үздіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды, оның ішінде осы Келісімнің II бабының 3-тармағында аталған лицензияға байланысты барлық қажетті шараларды үнемі қабылдайды. Егер Қондырғы операторы болуын тоқтатқан немесе Қондырғы операторының көрсететін қызметтер туралы техникалық келісім бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда, Қазақстан Қондырғы операторының барлық міндеттемелері Қондырғы операторының көрсететін қызметтері туралы техникалық келісімде көзделгеніндей орындалуын қамтамасыз етеді.
      3. Қазақстан АЭХА-ға Қазақстан Республикасының аумағында АЭХА ТБУ-ді немесе АЭХА ТБУ банкін қозғауы мүмкін өзгерістерін қоса алғанда, Қазақстанның кез келген реттеуші талаптары және/немесе заңнамасы туралы және осы Келісімнің II бабының 3-тармағында аталған лицензияның ережелері мен шарттарының және кез келген басқа тиісті лицензиялардың өзгерістері туралы дереу хабарлайды.
      4. АЭХА мен Қазақстанның құзыретті органдар және/немесе мекемелері осы Келісімді жүзеге асыру шеңберінде АЭХА ТБУ банкіне қатысты кез келген қажетті техникалық келісімдер жасаса алады.

XVIII бап
ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ

      Келіссөздер арқылы немесе басқа да келісілген тәсілмен реттелмеген осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дау түпкілікті шешу үшін үш төрешіден тұратын сотқа беріледі, олардың біреуін Бас директор, екіншісін - Қазақстан, ал сот төрағасы болып табылатын үшіншісін - алғашқы екі төреші сайлайды. Егер Тараптардың кез келгені екінші Тарап төрешіні тағайындағаннан кейінгі 6 (алты) ай ішінде өз төрешісін сайламаса немесе егер алғашқы екі төреші үшіншісі жөнінде алғашқы екі төреші тағайындалғаннан кейінгі 6 (алты) ай ішінде уағдаласпаса, онда мұндай екінші немесе үшінші төрешіні АЭХА-ның немесе Қазақстанның өтініші бойынша Халықаралық Соттың төрағасы сайлайды.

XIX бап
ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

      1. Осы Келісім Тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті рәсімдерді орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарламаны алған күні күшіне енеді.
      2. Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Мұндай өзгерістер мен толықтырулар осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын жекелеген хаттамалармен тұжырымдалады және осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
      3. Осы Келісім 10 (он) жыл бойы күшінде қалады және егер Тараптардың бірде-бірі өзінің осы Келісімнің қолданылуын ұзартпау ниеті туралы тиісті 10 жылдық кезең өткенге дейін 1 (бір) жылдан кешіктірмей екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы жазбаша түрде хабардар етпесе, автоматты түрде келесі 10 жылдық кезеңге ұзартылады.
      4. Осы Келісімнің қолданылуы осы баптың 3-тармағына қарамастан:

      a. Тараптардың жазбаша түрде ресімделген өзара келісуі бойынша;
      b. хабарлаушы Тарап екінші Тараптың осы Келісімді елеулі бұзуы салдарынан осы Келісімнің қолданылуын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап 1 (бір) жыл өткен соң тоқтатылады. Осы тармақшаға сәйкес осы Келісімнің қолданылуының тоқтатылуына байланысты туындайтын кез келген дау осы Келісімнің XVIII бабына сәйкес шешіледі.
      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарына қарамастан, Тараптардың осы Келісімнің XVI және XVIII баптары бойынша міндеттемелері Хаттаманың 8-бабында көрсетілген кезеңдер ішінде, егер Тараптар жазбаша түрде тікелей өзгеше уағдаласпаса, қолданылуын жалғастырады. Бұдан басқа, осы Келісім бойынша қызметті тоқтату үшін қажет Келісімнің ережелері күшінде қалуын жалғастырады. Тараптар қызметтің тоқтатылуы мүмкіндігінше қысқа мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету үшін ынтымақтасады.

      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН Тараптардың тиісті түрде уәкілеттік берілген өкілдері осы Келісімге қол қойды.

      Астанада екі мың он бесінші жылы тамыз айының күні әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.

ҚАЗАҚСТАН                          АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                    ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҮКІМЕТІ ҮШІН:                      АГЕНТТІК ҮШІН:»

      АЭХА жоғарыда баяндалған түзетілген мәтінмен келіскен жағдайда, Халықаралық шарттардың құқы туралы 1969 жылғы Вена конвенциясының 79-бабы 1-тармағының «b» тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы нотаны және АЭХА-ның жауап нотасын Келісімнің ажырамас бөлігі деп есептеуді ұсынады.
      Осы мәселе бойынша жауапты тездеткен жағдайда, Министрлік риза болар еді.
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы мүмкіндікті пайдаланып, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке тағы да өзінің жоғары құрметін білдіреді.

Астана, 21 мамыр 2016 жыл

Бейресми аударма

IAEA

      Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (АЭХА) Хатшылығы Қазақстан Республикасының Сыртқы Істер министрлігіне өзінің ілтипатын білдіреді және 2016 жылғы 21 мамырдағы Министрліктің мынадай мазмұндағы вербальды нотасына жүгінуді мәртебе санайды:

      «Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке (АЭХА) өзінің ілтипатын білдіреді және мынаны хабарлауды мәртебе санайды.
      2015 жылғы 27 тамызда Астана қаласында екі данада қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімді (Келісім) ратификациялау барысында Келісімнің қазақ тіліндегі мәтінінде бірқатар редакциялық қателер табылады.
      Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі Келісімнің қазақ тіліндегі мәтінін редакциялық сипаттағы енгізілген түзетулері бар төмендегі мәтінмен ауыстыруды ұсынады:

Неофициальный перевод

Секретариат Международного агентства по атомной энергии (МАГАТЭ) выражает уважение Министерству иностранных дел Республики Казахстан и имеет честь обратиться к вербальной ноте Министерства от 21 мая 2016 года следующего содержания:

      «Министерство иностранных дел Республики Казахстан свидетельствует свое уважение Международному агентству по атомной энергии (МАГАТЭ) и имеет честь сообщить следующее.
      В ходе ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Международным агентством по атомной энергии о создании Банка низкообогащенного урана Международного агентства по атомной энергии в Республике Казахстан (Соглашение), подписанного в Астане 27 августа 2015 года в двух экземплярах на казахском, русском и английском языках, обнаружены ряд редакционных ошибок в казахском  тексте Соглашения.
      В этой связи, Правительство Республики Казахстан предлагает заменить текст Соглашения на казахском языке нижеследующим текстом с внесенными исправлениями редакционного характера:

«Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісім

      Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі «Қазақстан» деп аталады) және Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік (бұдан әрі «АЭХА» деп аталады), сондай-ақ бұдан әрі бірлесіп «Тараптар», ал жеке алғанда - «Тарап» деп аталады;
      АЭХА өз Жарғысына сәйкес бүкіл әлемде атом энергиясын бейбіт мақсатта дамытуға және практикада қолдануға ықпал етуге және жәрдемдесуге және АЭХА Жарғысының ережелеріне сәйкес оны пайдалану үшін АЭХА-ға мүше мемлекеттерге ядролық материалды жеткізу туралы уағдаласуға уәкілетті екенін НАЗАРҒА AЛA ОТЫРЫП;
      АЭХА Басқарушылар кеңесінің (бұдан әрі «Басқарушылар кеңесі» деп аталады), атап айтқанда, 2010 жылғы 26 қарашадағы GOV/2010/67 «Кепілдік берілген жеткізілімдерді қамтамасыз ету: мүше мемлекеттерге төмен байытылған уран (ТБУ) жеткізу үшін АЭХА ТБУ банкін құру» құжатында қамтылған, ұсынылыл отырған шешімдер қабылданған 2010 жылғы 3 желтоқсандағы GOV/2010/70 «Ядролық отынды кепілдік берілген жеткізу» қарарын НАЗАРҒА AЛA ОТЫРЫП;
      Қазақстан бұл жөнінде АЭХА-ның күш-жігерін қолдауға ниетті екенін және осыған байланысты АЭХА-ның 2011 жылғы 31 мамырдағы GOV/INF/2011/7 «Кепілдік берілген жеткізілімдерді қамтамасыз ету: АЭХА төмен байытылған уран банкі. Қабылдаушы мемлекеттің таңдауы» құжатында, сондай-ақ Басқарушылар кеңесінің 2010 жылғы 26 қарашадағы GOV/2010/67 және 2010 жылғы 3 желтоқсандағы GOV/2010/70 құжаттарында жазылған талаптарға сәйкес АЭХА ТБУ банкі үшін қабылдаушы мемлекет болуға мүдделілік білдіргенін НАЗАРҒА АЛА ОТЫРЫП;
      Қазақстан Республикасы Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің артықшылықтары мен иммунитеттері туралы келісімнің (INFCIRC/9/Rev.2) тарапы болып табылатынын HAЗAPҒA AЛA ОТЫРЫП;
      Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепілдіктерді қолдану туралы келісімге (INFCIRC/504) (бұдан әрі «Кепілдіктер туралы келісім» деп аталады) 1994 жылғы 26 шілдеде қол қойылғанын және оның 1995 жылғы 11 тамызда күшіне енгенін, ал оған Қосымша хаттамаға (INFCIRC/504/Add.l) (бұдан әрі «Қосымша хаттама» деп аталады) 2004 жылғы 6 ақпанда қол қойылғанын және оның 2007 жылғы 9 мамырда күшіне енгенін HAЗAPҒA АЛА ОТЫРЫП;
      Қазақстан Республикасы Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясының (INFCIRC/500) және Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясына түзетулер енгізу туралы хаттаманың (INFCIRC/566) тарапы болып табылатынын HAЗAPҒA AЛA ОТЫРЫП;
      төмендегілер туралы келісті:

I бап
АНЫҚТАМАЛАР

      Осы Келісімдегі төменде келтірілген терминдердің мағынасы мынадай:
      а. «құзыретті органдар» Қазақстан заңнамасы тұрғысынан және оған сәйкес құзыретті болып табылатын Қазақстан Республикасының осындай орталық немесе жергілікті органдарын білдіреді;
      b. "АЭХА" архивтері» АЭХА-ға тиесілі немесе АЭХА иелігіндегі АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуіне байланысты барлық есептерді, хат-хабарды, құжаттарды, қолжазбаларды, компьютерлік және мультимедиялық деректерді, фотосуреттерді, кинофильмдерді, бейне және дыбыс жазбаларды, сондай-ақ Тараптар арасындағы уағдаластық бойынша АЭХА архивтеріне жататын кез келген басқа материалдарды білдіреді;
      с. «Бас директор» АЭХА Бас директорын немесе оның атынан әрекет етуге уәкілеттік берілген кез келген лауазымды адамды білдіреді;
      d. «Қондырғы операторы» АЭХА ТБУ қоймасын пайдаланумен айналысатын және осы ретте Қазақстанмен консультацияда АЭХА мен Қондырғы операторы арасында жасалатын техникалық келісімге сәйкес (бұдан әрі «Қондырғы операторының көрсететін қызметтері туралы техникалық келісім» деп аталады) АЭХА-ға қызметтер көрсететін заңды тұлғаны білдіреді;
      e. «АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуі» АЭХА ТБУ-ді және АЭХА-ның басқа мүлкін алуды, тиеуді, түсіруді және Қондырғы операторының алаңында орын ауыстыруды және сақтауды, АЭХА ТБУ үшін цилиндрлерді өлшеуді және олардан сынаманарды іріктеп алуды, ядролық материалды есепке алуды, ядролық қауіпсіздік пен физикалық ядролық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді, АЭХА ТБУ-ді тасымалдауды, жөнелтуге, импортқа және экспортқа дайындауды және АЭХА ТБУ банкінің орын ауыстыруын және осыған байланысты есеп, инспекциялар, есептілік жүргізудің, тәуекел менеджментінің және қызмет көрсетудің барлық операцияларын қамтитын, Тараптармен келісілген қызметті білдіреді;
      f. «АЭХА ТБУ» АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуіне байланысты АЭХА-ға тиесілі, U-235 бойынша 4,95% дейін қоса алғанда, нақтылы байытылған уран гексафториді (UF6) түріндегі төмен байытылған уранды білдіреді;
      g. «АЭХА ТБУ банкі» АЭХА ТБУ қоймасындағы 30В типіндегі немесе  неғұрлым кейінгі модификациядағы ең көп көлемі 60 (алпысқа) дейінгі толық цилиндр болатын АЭХА ТБУ нақты қорын білдіреді;
      h. «АЭХА ТБУ-ге арналған цилиндрлер» тасымалдау мен сақтау мақсатында АЭХА ТБУ-ді ыдысқа толтыруға арналған АЭХА-ға тиесілі цилиндрлерді білдіреді;
      і. «АЭХА ТБУ қоймасы» Қазақстан АЭХА-ға АЭХА-ның ерекше пайдалануына берген және Қондырғы операторының көрсететін қызметтері туралы техникалық келісімде сипатталғандай АЭХА ТБУ банкі тұрған жердегі Қондырғы операторының алаңында (бұдан әрі «Қондырғы операторының алаңы» деп аталады) орналасқан қойма үй-жайын білдіреді;
      j. «АЭХА мүлкі» АЭХА ТБУ-ді, АЭХА ТБУ-ге арналған цилиндрлерді, сондай-ақ АЭХА-ға тиесілі немесе өзінің жарғылын; функцияларын және осы Келісімді орындаған кезде АЭХА иелігіндегі не басқаруындағы ақша қаражатын және өзге де активтерді және АЭХА-ның барлық кірістерін қоса алғанда, АЭХА-ның барлық мүлкін білдіреді;
      k. «АЭХА өкілдігі» осы Келісімнің мақсаты үшін АЭХА Қазақстан Республикасында құратын және бұл туралы АЭХА Қазақстанды хабардар ететін офисті білдіреді;
      1. «АЭХА өкілі» Қазақстан Республикасында АЭХА-ның атынан өкілдік ететін және бұл туралы АЭХА Қазақстанды хабардар ететін, АЭХА тағайындаған АЭХА-нын лауазымды адамын немесе басқа адамды білдіреді;
      m. «Қазақстан заңнамасы» белгіленген тәртіппен қабылданған Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін білдіреді;
      n. «АЭХА-ның лауазымды адамдары» жергілікті жерде сағат бойынша ақы төлеу шартымен жалданған адамдарды қоспағанда, АЭХА-ның Бас директоры мен барлық қызметкерлерін білдіреді.

II бап
АЭХА ТБУ БАНКІ

      1. Осы Келісімге сәйкес АЭХА Қазақстан Республикасында АЭХА ТБУ банкін құрады.
      2. а. АЭХА мынадай шығыстарды:
      i) осы баптың 2-тармағының b. тармақшасында көзделген шығыстарға қатысты Қазақстанның міндеттемелеріне залал келтірмей, АЭХА ТБУ-ді, жабдықты, техникалық құралдарды және АЭХА ТБУ банкін құру, оның жұмыс істеуін қамтамасыз ету мен оған қызмет көрсету үшін қажетті кез келген басқа тауарлар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған шығыстарды көтереді. Олар байланысты қолдауға арналған шығыстарды және мониторинг үшін жабдықты пайдалануымен байланысты сияқты АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуі кезеңіндегі АЭХА-ның ерекше талаптарына және АЭХА ТБУ-ге арналған цилиндрлермен жұмыс істеуге немесе оларды инспекциялауға қатысты АЭХА талаптарына байланысты өзге де шығыстарды қамтиды;
      ii) АЭХА ТБУ-дің, АЭХА ТБУ-ге арналған бос цилиндрлердің және АЭХА ТБУ жойылмайтын қалдықтары бар цилиндрлердің импортына және экспортына байланысты барлық шығыстарды қоса алғанда, осы баптың 2-тармағының b. (iv) тармақшасына сәйкес АЭХА ТБУ банкінің орын ауыстыруына байланысты шығыстарды қоспағанда, АЭХА ТБУ қоймасына және кері АЭХА ТБУ-ді жеткізуге арналған шығыстарды көтереді. Осы тармақшада санамаланған шығыстар көлік құжаттарын дайындаумен, АЭХА ТБУ-ді Қондырғы операторының алаңы бойынша орын ауыстырумен, қайта конденсаттаумен, гомогендеумен, сынамаларды іріктеумен және АЭХА ТБУ-ді талдаумен тікелей байланысты шығыстарды қамтиды;
      iii) АЭХА беретін персоналға жұмсалатын шығыстарды, АЭХА кеңестерін ұйымдастыруға арналған шығыстарды және АЭХА ішінде ақпарат таратуға арналған шығыстарды қоса алғанда, АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуі мен оған қызмет көрсетуді қамтамасыз етумен байланысты және АЭХА көтеретін үстеме шығыстарды;
      iv) АЭХА ТБУ банкін құруға, оның жұмыс істеуі мен оған қызмет көрсетуді қамтамасыз етумен байланысты АЭХА-дан өндіріліп алынатын және олардан АЭХА осы Келісімнің VI бабына сәйкес босатылмайтын салықтарды, алымдар мен баждарды төлеу жөніндегі шығыстарды;
      v) осы баптың 2-тармағының b. (і) тармақшасында айтылған, сақтағаны үшін шығыстар есебіне жыл сайын бір еуро;
      vi) мүлікті, оның ішінде АЭХА мүлкін әкетуді және/немесе кәдеге жаратуды қоса алғанда, АЭХА өтініші бойынша Қазақстан Республикасының шегінде АЭХА ТБУ банкінің орын ауыстыруымен байланысты шығыстарды;
      vii) осы баптың 2-тармағының b (iv) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, АЭХА осы Келісімнің ережелерін бұзған жағдайда осы Келісімнің XIX бабының 3-тармағына немесе 4-тармағының а.тармақшасына не осы Келісімнің XIX бабы 4-тармағының b тармақшасына сәйкес осы Келісімнің мерзімінің өтуіне немесе қолданылуы тоқтатылғанына орай АЭХА ТБУ банкінің Қазақстан Республикасының шегінен тыс орын ауыстыруына байланысты шығыстарды;
      viii) Кепілдіктер туралы келісімге және Қосымша хаттамаға сәйкес АЭХА ТБУ банкіне қатысты кепілдіктерді қолдану жөніндегі АЭХА міндеттемелерін орындауға байланысты шығыстарды;
      ix) АЭХА өтейтін ретіндегі осы Келісімде тікелей айтылатын өзге де шығыстарды көтереді.
      b. Қазақстан мынадай шығыстарды:
      i) осы баптың 2-тармағының a.(v) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, электрмен жабдықтауға, жылытуға, қажетті қызметтік үй-жайларға төлемақыны және персоналға жұмсалатын шығыстарды қоса алғанда, АЗХА ТБУ банкінің жұмыс істеуіне байланысты Қазақстан немесе оның мекемелері беретін АЭХА ТБУ-ді сақтауға тікелей қатысты барлық шығыстарды;
      ii) осы Келісімді орындау үшін Қазақстан заңнамасына сәйкес  Қазақстан жүзеге асыратын қызметпен байланысты шығыстарды;
      iii) мүлікті, оның ішінде АЭХА мүлкін әкетуді және/немесе кәдеге жаратуды қоса алғанда, Қазақстанның өтініші бойынша АЭХА ТБУ банкін Қазақстан Республикасының шегінде орын ауыстыруымен байланысты шығыстарды;
      iv) осы баптың 2-тармағының a. (vii) тармақшасында көзделген жағдайларды қоспағанда, АЭХА ТБУ банкінің орын ауыстыруына алып келетін осы Келісімнің ережелерін Қазақстанның бұзуы салдарынан осы Келісімнің XIX бабы 4-тармағының b. тармақшасына сәйкес осы Келісімнің қолданылуы тоқтатылғанына орай АЭХА ТБУ банкін Қазақстан Республикасының шегінен тыс орын ауыстырумен байланысты шығыстарды;
      v) Кепілдіктер туралы келісімге және Қосымша хаттамаға сәйкес АЭХА ТБУ банкіне қатысты кепілдіктерді қолдану жөніндегі Қазақстан Республикасының міндеттемелерін орындаумен байланысты шығыстарды;
      vi) Қазақстан өтейтін ретіндегі осы Келісімде тікелей айтылатын өзге де шығыстарды көтереді.
      3. Қазақстан АЭХА иелігінде қажетті қызметтерді көрсетуге қойылатын талаптарға сай келетін білікті персоналы бар, осы Келісімге сәйкес АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуіне байланысты қызметтер көрсетуге Қазақстан заңнамасының негізінде берілген лицензиясы бар Қондырғы операторының тұрақты түрде болуын қамтамасыз етеді.
      4. Қазақстан құзыретті органдар бекіткен Қондырғы операторының алаңы бойынша жобалық құжаттамаға сәйкес келетін және АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеу мақсаты үшін АЭХА талап ете алатын, толық жұмыс күйінде ұсталатын жабдық пен техникалық құралдардың АЭХА үшін үнемі қолжетімді болуын қамтамасыз етеді. Осы баптың 2-тармағын ескере отырып, осындай жабдық пен техникалық құралдарды беру шарттары АЭХА-мен және Қондырғы операторының көрсететін қызметтері туралы техникалық келісімде Қондырғы операторымен келісіледі.
      5. Осы Келісімнің IX бабының 1-тармағында аталатын адамдар осы Келісімнің XIV бабында көзделген қажетті қауіпсіздік және физикалық қауіпсіздік талаптарын сақтаған жағдайда, АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуіне байланысты қажетті АЭХА ТБУ банкіне, АЭХА ТБУ қоймасына, АЭХА мүлкіне, АЭХА архивтеріне, Қондырғы операторы алаңының бөліктеріне үнемі кедергісіз қолжетімділік немесе АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуіне байланысты талап етілетін кез келген басқа да қолжетімділік қамтамасыз етіледі. Қазақстан өз қалауы бойынша осындай адамдармен ілесіп жүру құқығын өзінде қалдырады. Егер АЭХА бұл қажет деп есептесе, АЭХА-ның осындай мүлкін құлыптармен және мөрлермен қорғау құқығын АЭХА өзіне қалдырады.
      6. Тараптар осы Келісімнің XVII бабының 1-тармағына сәйкес АЭХА ТБУ банкін Қазақстан Республикасының шегіндегі басқа алаңға ауыстыруды келісуі мүмкін.
      7. Осы Келісімнің VI бабының 4-тармағы және XTV бабының 2-тармағы сақталған жағдайда, Қазақстан АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуіне арналған осы Келісім бойынша АЭХА-ның кез келген мүлкін сақтау және оның орнын ауыстыру үшін ешқандай кедергі жасамайды және ешқандай шектеулер белгілемейді. Қазақстан өзі арқылы немесе өзінен АЭХА ТБУ, АЭХА ТБУ-ге арналған цилиндрлердің және АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуіне байланысты АЭХА-ның кез келген басқа мүлкінің Қазақстан Республикасына орнын ауыстырумен байланысты рәсімдердің мүмкіндігінше қысқа мерзімде орындалуын қамтамасыз етеді.

III бап
АЭХА-ның ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘРТЕБЕСІ

      Қазақстан АЭХА-ның құқық субъектілігін және атап айтқанда: а) келісімшарттар жасасуға; b) жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алуға және осындайларға ие болуға; с) сот істерін қозғауға оның құқықтық қабілеттілігін мойындайды.

IV бап
ҚОЛСҰҒЫЛМАУШЫЛЫҚ

      1. Қазақстан АЭХА-ның АЭХА өкілдігіне юрисдикциясы мен бақылауын мойындайды. АЭХА ТБУ-і және АЭХА ТБУ банкі АЭХА-ның ресми заңды иелігінде және оның бақылауында болады.
      2. Осы Келісімде арнайы айтылғандарды қоспағанда, барлық жағдайларда, АЭХА ТБУ банкіне және АЭХА өкілдігінің шегінде Қазақстан заңнамасы қолданылады.
      3. Осы Келісімде арнайы айтылғандарды қоспағанда, барлық жағдайларда, АЭХА өкілдігінің шегінде немесе АЭХА ТБУ банкіне байланысты Қазақстан Республикасында жасалатын әрекеттер мен мәмілелерге Қазақстанның заңнамасында қолданылу көзделгендей соттардың немесе басқа да құзыретті органдардың юрисдикциясы қолданылады.
      4. а. АЭХА және АЭХА мүлкі қайда және кімнің иелігінде болса да сот араласуының кез келген нысанынан иммунитета пайдаланады, тек АЭХА қандай да бір жеке жағдайда иммунитеттен ашық бас тарта алады, бұл ретте иммунитеттен ешбір бас тарту сот шешімдерін орындау шараларына қолданылмайды.
      b. АЭХА мүлкі қайда және кімнің иелігінде болса да атқарушылық, әкімшілік, сот немесе заңнамалық әрекеттер арқылы болсын тінтуге, реквизициялауға, тәркілеуге, экспроприациялауға және араласудың кез келген басқа нысанына жатпайды.
      5. АЭХА ТБУ банкі, АЭХА ТБУ-і және АЭХА өкілдігі қолсұғылмаушылыққа ие. Қазақстан немесе Қондырғы операторы өкілдерінің немесе кез келген басқа адамдардың Бас директордың келісімінсіз және ол бекіткен шарттарсыз АЭХА ТБУ банкіне, АЭХА ТБУ-ге қолжетімділігі болмауға немесе АЭХА өкілдігіне қандайда бір қызметті жүзеге асыру үшін кірмеуге тиіс. Жоғарыда айтылғанға қарамастан, АЭХА ТБУ банкіне және АЭХА ТБУ-ге кіруге Бас директордың келісімі:
      a. Қазақстан осы Келісімнің XTV бабына сәйкес реттеуші инспекциялық бақылау бойынша өзінің міндеттерін орындау үшін АЭХА ТБУ банкімен немесе АЭХА ТБУ-мен байланыста жүзеге асыратын қызметке;
      b. Қондырғы операторы өзінің Қондырғы операторының көрсететін қызметтері туралы техникалық келісім бойынша міндеттерін орындау үшін АЭХА ТБУ банкімен немесе АЭХА ТБУ-мен байланыста жүзеге асыратын қызметке;
      c. Қазақстан шұғыл шаралар қабылдауды талап ететін авариялық жағдайлар немесе қауіп-қатер немесе олардың пайда болу қатері туындаған жағдайда жүзеге асыратын қызметке қатысты талап етілмейді.
      Қазақстан осы тармақтың а.-с. тармақшаларында сипатталған қызметті жүзеге асыру үшін АЭХА ТБУ банкіне немесе АЭХА ТБУ-ге кез келген осындай кіруді Қондырғы операторының мүмкіндігінше қысқа мерзімде тіркеуін және АЭХА-ға хабарлауын қамтамасыз етеді.
      6. Қазақстан осы баптың 5-тармағының а.-с. тармақшаларында сипатталған қызметтерді жүзеге асыру үшін ғана АЭХА ТБУ қоймасына кіруге рұқсат береді. Қазақстан Қондырғы операторының барлық осындай кіру және қызмет ету жағдайларына тіркеу жүргізуін және АЭХА өтінішін алған соң мүмкіндігінше қысқа мерзімде осы деректерді АЭХА-ға беруін қамтамасыз етеді.
      7. Жеке мүлікке тыйым салуды қоса алғанда, сот шешімдерін орындау Бас директордың тікелей келісімінсіз және ол бекіткен шарттарсыз АЭХА өкілдігінің шегінде болуы мүмкін емес.
      8. АЭХА ТБУ банкі, АЭХА ТБУ қоймасы және АЭХА өкілдігі осы Келісімде тікелей көзделгендей, АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеу мақсаты үшін ғана пайдаланылуы мүмкін. АЭХА өкілдігін АЭХА Қазақстан заңнамасының негізінде қамаққа алудан жалтарып жүрген, Қазақстан басқа елге беру үшін талап ететін немесе сот шешімдерін орындаудан жалтаруға тырысатын адамдарға пана ретінде пайдалануға жол бермейді.
      9. АЭХА архивтері қай жерде болмасын, оларға қол сұғылмайды.

V бап
ҚАРЖЫЛЫҚ ЖЕҢІЛДІКТЕР

      1. Қаржылық бақылаумен, қағидалармен немесе мораторийдің қандай да болсын түрімен шектелмей АЭХА:
      a. ақша қаражатына, алтынға немесе кез келген түрдегі валютаға еркін ие болады және кез келген валютада операцияларды еркін жүргізе алады;
      b. өзінің ақша қаражатын, алтынын немесе валютасын бір елден екіншісіне немесе кез келген елдің шегінде еркін аудара алады және өзінің иелігіндегі кез келген валютаны кез келген басқа валютаға еркін айналдыра алады.
      2. АЭХА осы баптың l-тармағына сәйкес өзінің құқықтарын жүзеге асыра отырып, Қазақстанның ұсыныстарына осындай ұсыныстар АЭХА мүдделеріне нұқсан келтірмей жүзеге асырылатындай тиісінше шамада көңіл аударады.

VI бап
САЛЫҚТАРДАН, АЛЫМДАРДАН, БАЖДАРДАН, ТЫЙЫМ САЛУЛАР МЕН ШЕКТЕУЛЕРДЕН БОСАТУ

      1. АЭХА және АЭХА-ның мүлкі барлық салық салу түрлерінен босатылады, алайда салықтардан осындай босату АЭХА иелігіндегі немесе басқаруындағы және пайдалануындағы мүліктердің меншік иелеріне немесе оған осындайларды жалға беретін басқа да адамдарға қолданылмайды. Бұдан басқа, АЭХА іс жүзінде коммуналдық қызметтердің төлемі ғана болып табылатын салықтардан босатуды талап етпейді деп түсініледі.
      2. АЭХА сатып алатын тауарлар мен АЭХА-ға ұсынатын қызметтер құнының бір бөлігін құрайтын жанама салықтардан АЭХА босатылмайды. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, Қазақстан АЭХА өкілдігі арқылы Қазақстанда аккредиттелген дипломатиялық өкілдіктерге қатысты қолданылатын өтеу тәртібіне сәйкес, біржолғы сомаларды жылына бір реттен жиі емес төлей отырып, АЭХА-ға қосылған құн салығын өтейді.
      3. АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуімен байланысты мәмілелерді жүзеге асыру және құжаттарды орындау кезінде АЭХА барлық тіркеу алымдарынан және мемлекеттік баждардан босатылады.
      4. Осы Келісімге байланысты АЭХА әкелетін немесе әкететін АЭХА-ның мүлкі кедендік алымдар мен баждардан, импорттық және экспорттық тыйым салулар мен шектеулерден босатылады. АЭХА жоғарыда айтылғандарға залал келтірместен, АЭХА мүлкін кез келген әкелуге немесе әкетуге дейін кемінде 90 (тоқсан) күнтізбелік күн бұрын әкелуге немесе әкетуге жататын АЭХА мүлкінің тізбесін Қазақстанға ұсынады. Мұндай ақпарат орыс тілінде ұсынылады және Тауарларды сипаттау мен оларға код белгілеудің үйлестірілген жүйесіне (алты таңбалы кодтарына) сәйкес олардың кодтары көрсетілген тауарлардың дәл атауын қамтитын болады. АЭХА мүлкін әкелгенге немесе әкеткенге дейін кемінде 30 (отыз) күн бұрын АЭХА тасымалдау тәсілдері мен әкелу және/немесе әкету пункттері туралы ақпаратты Қазақстанға ұсынатын болады.
      5. Осы баптың 1, 2 және 4-тармақтарында жазылған жағдайларда АЭХА әкелетін немесе сатып алатын АЭХА мүлкі, егер Қазақстан өзгеше келісім бермесе, Қазақстан Республикасында сатуға, жалға беруге немесе басқаша жолмен иеліктен шығаруға жатпайды.

VII бап
АЭХА ТБУ БАНКІНІҢ ЖҰМЫС ІСТЕУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЗМЕТТЕР КӨРСЕТУ МЕН КӨРСЕТІЛЕТІН ҚЫЗМЕТТЕРДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

      1. Құзыретті органдар Бас директордың негізді өтініші шегінде АЭХА ТБУ қоймасын және АЭХА өкілдігін АЭХА өкілдігі үшін Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне ұсынылатын тиісті неғұрлым төмен мөлшерлемеден аспайтын мөлшерлемелер бойынша қажетті көрсетілетін қызметтермен қамтамасыз ету жөніндегі өз өкілеттіктерін жүзеге асырады. Осындай көрсетілетін қызметтер авариялық ден қою саласындағы көрсетілетін қызметтерді қоса алғанда, электрмен және сумен жабдықтауды. кәрізді, пошта байланысын, телефон байланысына сенімді тұрақты қосуды және жоғары жылдамдықты Интернетке қосуды, спутниктік байланыс арнасына кедергісіз қол жеткізуді, тиісті көлік инфрақұрылымын, сарқынды суларды жоюды, қоқыс шығаруды. өртке қарсы қорғануды, кірме жолдарды қардан тазартуды және қауіпсіздік пен күзетті қамтамасыз ету жөніндегі көрсетілген қызметтерді қамтиды. АЭХА ақылға сыйымды шекте осыған байланысты жәрдем көрсетеді.
      2. Қызмет көрсетуде қандай да болмасын кідіріс немесе кідіріс қаупі болған жағдайда, құзыретті органдар Қазақстанның маңызды үкіметтік мекемелерінің қажеттілігі сияқты сондай маңызы бар АЭХА қажеттілігін мойындайды және АЭХА. ТБУ банкіне байланысты АЭХА жұмысына залал келтірудің алдын алуға арналған шараларды қабылдайды.
      3. Осы Келісімнің IV бабының 5-тармағын сақтаған жағдайда, Бас директор өтініш түскен кезде тиісті қызмет көрсетуші ұйымдардың уәкілетті өкілдеріне АЭХА өкілдігінің шегінде немесе онымен байланысты қондырғыларды, құбырларды, магистральдарды және кәріз құбырларын бұл себепсіз оның жұмыс істеуін бұзбауы үшін қарап шығу, жөндеу, дұрыс ұстау, қайта істеу және ауыстыру мүмкіндігін беру үшін тиісті шаралар қабылдайды.

VII бап
БАЙЛАНЫС ЖӘНЕ КӨЛІК

      1. АЭХА өзінің ресми байланыстары үшін Қазақстан қатысушысы болып табылатын кез келген халықаралық конвенциялардың, қаулылар мен уағдаластықтардың ережелері шегінде, пошта женелтімдеріне, каблограммаларға, жеделхаттарға, радиограммаларға, фототелеграфтық хабарламаларға, телевидениеге, телефонға, Интернетке және басқа да байланыс құралдарына басымдықтар мен тарифтерге, сондай-ақ баспа мен радиоға ақпарат беру кезінде баспасөз үшін белгіленген тарифтерге қатысты осындай басқа үкіметтің дипломатиялық өкілдіктерін қоса алғанда, Қазақстан кез келген басқа ұйымға немесе үкіметке ұсынатыннан қолайлылығы кем емес режимді пайдаланады.
      2. АЭХА-ның өзінің қызметтік мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының теміржол көлігі құралдарын Қазақстанның мемлекеттік мекемелеріне берілетін тиісті неғұрлым төмен тарифтерден аспайтын тарифтермен пайдалануға құқығы бар.
      3. АЭХА-ға немесе оның кез келген лауазымды адамдарына жіберілетін барлық ресми хабарламалар және АЭХА-нын барлық шығатын ресми хабарламалары қандай құралдармен және қандай нысанда берілмесін цензурадан және жолдан ұстап алудың кез келген нысанынан немесе олардың құпиясын бұзудан иммунитета пайдаланады.
      4. АЭХА-ның шифрді пайдалануға және дипломатиялық курьерлер мен дипломатиялық вализаларға қолданылатындай артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланатын курьер немесе мер басылған вализалар арқылы хат-хабарды және басқа де ресми хабарларды алуға және жөнелтуге құқығы бар.

IX бап
КЕЛУ ЖӘНЕ КЕТУ

      1. Қазақстан Қазақстан Республикасының аумағына келуді және онда бөлуді. жеңілдету үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды және осы Келісімде көзделген функцияларды орындау мақсатында төменде санамаланған адамдардың:
      а. АЭХА-ның лауазымды адамдарының;
      b. Біріккен Ұлттар Ұйымының немесе АЭХА Жарғысының XVI.A бабын орындау үшін онымен қарым-қатынас орнатқан, АЭХА ТБУ банкіне байланысты АЭХА-мен қызметтік істері бар кез келген басқа ұйымның лауазымды адамдарының;
      c. АЭХА-ның лауазымды адамдары болып табылмайтын, бірақ АЭХА  атынан өкілеттіктері бойынша АЭХА ТБУ банкімен байланысты миссияларды орындайтын сарапшылардың Қазақстан Республикасының аумағынан кетуіне кедергі жасамайды.
      2. Осы баптың 1-тармағында аталатын және виза талап етілуі мүмкін адамдарға біржолғы визалар немесе АЭХА-ның өтініші бойынша, бір жылға дейін немесе одан да көп мерзімге келуін және кетуін көздейтін көпмәртелік виза беріледі. Визалар барынша жедел және тегін беріледі.
      3. Осы баптың 1-тармағында көзделгендей, АЭХА-мен жұмыс бойынша байланысты осы бапта аталатын адамдардың ешқандай қызметтік әрекеті олардың Қазақстан Республикасының аумағына келуіне, одан кетуіне жол бермеу үшін және олардың Қазақстан Республикасының аумағын тастап кетуін талап ету үшін негіз бола алмайды. Осы Келісімде арнайы ескертілгендерді қоспағанда, барлық жағдайларда Қазақстан осы баптың 1-тармағында айтылатын адамдардың Қазақстан Республикасына келуін, сондай-ақ осындай адамдардың елдің шегінде одан әрі болу немесе тұру жағдайларын толық бақылайды және реттейді.
      4. Осы бап құзыретті органдардың тарапынан осы бапта берілетін құқықтарға талаптанатын адамдар осы баптың 1-тармағында айтылатын санаттарға жататынына жеткілікті дәлелдерді талап етуге кедергі келтірмейді; ол карантиндік және санитариялық-гигиеналық қағидаларды қолдануға да кедергі келтірмейді.
      5. Бұл жөнінде хабарлама АЭХА инспекторларының болжалды болу мерзімімен бірге олар келгенге дейін жіберілетін кепілдіктер бойынша олардың Қазақстан Республикасына келу жағдайларын қоспағанда, АЭХА дипломатиялық арналар арқылы осы баптың 1-тармағында аталған адамдардың Қазақстан Республикасына келуі туралы және олардың Қазақстан Республикасында болуының болжалды мерзімдері туралы алдын ала хабарламаны Қазақстанға барынша жедел жібереді.

Х бап
АРТЫҚШЫЛЫҚТАР МЕН ИММУНИТЕТТЕР

      1. АЭХА-ның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасы шегінде және өзіне қатысты мынадай артықшылықтар мен иммунитеттерді:
      a. АЭХА ТБУ банкінің жұмыс істеуіне байланысты өзінің ресми адам ретінде сөздеріне, айтқандарына немесе жазғандарына және жасаған әрекеттеріне қатысты сот қудалауының барлық нысандарынан иммунитетті пайдаланады; бұл иммунитет аталған адамдар АЭХА-ның лауазымды адамдары болуды тоқтатқан кезде де сақталады;
      b. жеке басын қамаққа алудан және ұстаудан иммунитетті;
      c. өздерінің жеке және қызметтік багажына тыйым салудан иммунитета;
      d. қызметтік багажды тексеріп қараудан иммунитета және егер АЭХА-ның лауазымды адамында Біріккен Ұлттар Ұйымы айлықақыларының Халықаралық азаматтық қызмет жөніндегі комиссия ұсынған шәкіліне сәйкес мамандар санатының С-5 және одан жоғары сыныбы болса, егер мұндай багажда жеке немесе қызметтік пайдалануға арналмаған заттар немесе импортына немесе экспортына заңмен тыйым салынған немесе Қазақстанның карантиндік қағидаларымен реттелетін заттар бар деп болжауға елеулі негіз болмаса, - жеке багажды тексеріп қараудан иммунитетті пайдаланады. Мұндай тексеріп қарау лауазымды адамның немесе оның уәкілетті өкілінің қатысуымен ғана жүргізіледі;
      e. барлық қағаздарға, құжаттарға және өзге де қызметтік материалдарға қолсұғылмаушылықты;
      f. өздері АЭХА-дан алатын айлықақылар мен сыйақыларға салынатын салықтардан босатуды;
      g. АЭХА-мен барлық қатынастар кезінде шифрді пайдалану және қағаздарды, хат-хабарды немесе өзге де қызметтік материалдарды курьермен немесе мер басылған вализалар арқылы жөнелту немесе алу құқығын;
      h. иммиграциялық шектеулерден, шетелдіктер ретінде тіркеуден және мемлекеттік борышты атқару міндетінен босатуды;
      i. валюталық және айырбастаудағы жеңілдіктерге байланысты Қазақстанда аккредиттелген тиісті дәрежесі бар дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлеріне берілетіндей артықшылықтарды;
      j. халықаралық дағдарыстар уақытында репатриация кезінде Қазақстанда аккредиттелген тиісті дәрежесі бар дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлеріне берілетіндей қорғау мен жеңілдіктерді пайдаланады.
      2. Осы Келісімнің EX бабы 1-тармағының b. және с. тармақшаларында аталған адамдар Қазақстан Республикасы шегінде және өзіне қатысты мынадай артықшылықтар мен иммунитеттерді:
      a. жеке басын қамаққа алудан және ұстаудан және өздерінің жеке және қызметтік багажына тыйым салудан иммунитетті;
      b. АЭХА ТБУ банкімен байланысты өздерінің қызметтік міндеттерін орындау кезіндегі сөздеріне, айтқандарына және жазғандарына және жасаған барлық әрекеттеріне қатысты сот қудалауының барлық нысандарынан иммунитета; бұл иммунитет аталған адамдар АЭХА-дан өкілеттіктер бойынша миссияларға тартылуды тоқтатқан кезде де сақталады;
      c. барлық қағаздарға, құжаттарға және өзге де қызметтік материалдарға қолсұғылмаушылықты;
      d. АЭХА-мен барлық қатынастар кезінде шифрді пайдалану және қағаздарды, хат-хабарды және өзге де қызметтік материалдарды курьермен немесе мер басылған вализалар арқылы жөнелту немесе алу құқығын;
      e. валюталық шектеулерге және ақша айырбастау шектеулеріне қатысты уақытша қызметтік миссияларды орындайтын шетелдік үкіметтердің өкілдеріне берілетіндей жеңілдіктерді;
      f. өздерінің жеке және қызметтік багажына қатысты Қазақстанда аккредиттелген тиісті дәрежесі бар дипломатиялық өкілдіктердің қызметкерлеріне берілетіндей иммунитеттер мен жеңілдіктерді пайдаланады.
      3. Осы бапта көрсетілген артықшылықтар мен иммунитеттер аталған адамдардың жеке пайдасы үшін емес АЭХА-ның мүдделері үшін беріледі. Бас директордың пікірінше бұл иммунитет сот төрелігін іске асыруға кедергі келтіретін және одан АЭХА-ның мүдделеріне нұқсан келтірмей бас тартуға болатын барлық жағдайларда, Бас директор кез келген осындай адамға осы бапқа сәйкес берілетін иммунитеттен бас тартады.
      4. а. АЭХА осы баптың қолданыс аясына жататын адамдардың тізімін Қазақстанға жібереді жене қажеттілігіне қарай осындай тізімді қайта қарайды;
      b. АЭХА-ның өтініші бойынша Қазақстан осы баптың қолданыс аясына жататын адамдарға ұсынушының фотосуреті бар аккредиттеу куәлігін береді. Бұл құжат ұсынушының барлық құзыретті органдармен қатынасында функционалдық міндеттері мен лауазымын куәландырады.
      5. АЭХА осы бапта аталған артықшылықтарға, иммунитеттерге және жеңілдіктерге байланысты сот төрелігін тиісінше іске асыруды, полицияның ұйғарымдарын сақтауды және қандай да бір теріс пайдаланудың алдын алуды қамтамасыз етуде құзыретті органдармен тұрақты түрде ынтымақтасады.
      6. Осы Келісімнің IX бабы 1-тармағының а. тармақшасында аталатын және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын АЭХА-ның лауазымды адамдары Қазақстан Республикасында осы баптың 1-тармағының а., е. және g. тармақшаларына сәйкес берілетін артықшылықтар мен иммунитеттерді ғана пайдаланады. Осы Келісімнің IX бабы 1-тармағының b. және с. тармақшаларында аталатын және Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын адамдар Қазақстан Республикасында осы баптың 2-тармағының b., с. және d. тармақшаларына сәйкес берілетін артықшылықтар мен иммунитеттерді ғана пайдаланады.
      7. Басқа халықаралық ұйымның лауазымды адамы болып табылатын АЭХА өкілі өзінің АЭХА өкілі ретіндегі қызметіне қатысты Қазақстан мен осындай халықаралық ұйым арасында жасалған қолданыстағы халықаралық шартқа сәйкес өзіне берілген артықшылықтар мен иммунитеттерді пайдаланады.

XI бап
АРТЫҚШЫЛЫҚТАРДЫ ТЕРІС ПАЙДАЛАНУ

      Егер Қазақстан осы Келісімде көзделетін қандай да бір артықшылықты немесе иммунитетті теріс пайдалану орын алды деп тапқан жағдайда, Тараптар арасында мұндай теріс пайдаланудың орын алды ма-жоқ па анықтау үшін консультациялар жүргізіледі және егер бұл осылай болса, осындай теріс пайдаланудың қайталануының алдын алу жолдары іздестіріледі. Егер мұндай консультациялардың нәтижелері Тараптар үшін қанағаттанғысыз болып шықса, артықшылықты немесе иммунитетті теріс пайдаланудың болған-болмағандығы туралы мәселе осы Келісімнің XVIII бабында көзделген рәсімге сәйкес шешіледі. Теріс пайдалану фактісі анықталған жағдайда, Қазақстан бұл туралы АЭХА-га хабарлағаннан кейін тиісті адамға теріс пайдалану нысанасы болған артықшылықты немесе иммунитетті бермеуге құқылы. Алайда артықшылықтарды немесе иммунитеттерді беруден бас тарту АЭХА-ның негізгі қызметін жүзеге асыруға немесе АЭХА-ға өзінің негізгі функцияларын орындауына кедергі жасамауға тиіс.

XII бап
РҰҚСАТНАМАЛАР

      Қазақстан осы Келісімнің IX бабы 1-тармағының а. және b. тармақшаларында айқындалғандай АЭХА-ның лауазымды адамдарына, Біріккен Ұлттар Ұйымының лауазымды адамдарына және басқа да ұйымдардың лауазымды адамдарына берілетін Біріккен Ұлттар Ұйымының рұқсатнамасын жарамды жол жүру құжаттары ретінде таниды және қабылдайды.

XIII бап
АЭХА ТБУ БАНКІН, АЭХА ТБУ ҚОЙМАСЫН ЖӘНЕ АЭХА ӨКІЛДІГІН КҮЗЕТУ

      1. Құзыретті органдар АЭХА ТБУ банкіне заңсыз рұқсат алуға немесе АЭХА ТБУ қоймасына және АЭХА өкілдігіне заңсыз кіруге немесе оларға тікелей жақын жерде тәртіпсіздік жасауға тырысқан ешбір адамның немесе адамдар тобының АЭХА ТБУ банкінің, АЭХА ТБУ қоймасының және АЭХА өкілдігінің тыныштығын және қауіпсіздігін бұзуына жол бермеу үшін тиісті шаралар қабылдайды және АЭХА ТБУ қоймасының және АЭХА өкілдігінің шекараларында және олардың маңында осы мақсат үшін қажет болуы мүмкін полицейлік және/немесе басқа күзетті қамтамасыз етеді.
      2. Бас директордың өтініші бойынша құзыретті органдар АЭХА ТБУ қоймасының және АЭХА өкілдігінің шекараларында және олардың маңында құқықтық тәртіпті сақтау үшін полиция және/немесе өзге де күзет қызметкерлерінің жеткілікті санын береді.

XIV бап
ҚАУІПСІЗДІК, ФИЗИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК ЖӘНЕ КЕПІЛДІКТЕР

      1. АЭХА ТБУ банкі және АЭХА ТБУ қоймасы қауіпсіздік, физикалық қауіпсіздік және кепілдіктер мәселелерімен айналысатын құзыретті органдардың жауапкершілігінде болады.
      2. Қазақстан Келісім күшінде қалатын кезең ішінде ядролық қауіпсіздіктің және физикалық ядролық қауіпсіздіктің барабар мемлекеттік, құқықтық және нормативтік базасының болуын қамтамасыз етеді. Қажет болған жағдайларда, Қазақстан АЭХА ТБУ банкіне, АЭХА ТБУ қоймасына және АЭХА ТБУ-ге қатысты АЭХА Қауіпсіздік негіздерінің және Қауіпсіздік талаптарының, сондай-ақ Физикалық ядролық қауіпсіздік негіздерінің және АЭХА физикалық ядролық қауіпсіздік ұсынымдарының қолдануға болатын ережелерінің қолданылуын қамтамасыз етеді, олар Қазақстан заңнамасына түзету енгізу арқылы кезең-кезеңімен өзгертілуі және толықтырылуы немесе неғұрлым кейінгі нұсқалармен ауыстырылуы мүмкін. Сонымен қатар, қажет болған жағдайларда, Қазақстан АЭХА ТБУ банкіне, АЭХА ТБУ қоймасына және АЭХА ТБУ-ге қатысты АЭХА қауіпсіздік жөніндегі нұсқаулықтарының, Физикалық ядролық қауіпсіздік жөніндегі практикалық нұсқаулықтардың және АЭХА-ның техникалық басшылыққа алылатын материалдарының қолдануға болатын ережелерінің қолданылуын қамтамасыз етеді, олар Қазақстан заңнамасына түзету енгізу арқылы кезең-кезеңімен өзгертілуі және толықтырылуы немесе неғұрлым кейінгі нұсқалармен не балама шаралармен ауыстырылуы мүмкін. АЭХА жоғарыда аталған нормалар мен құжаттардың қолдануға болатын ережелерінің қолданылуын растау мақсатында қауіпсіздік пен физикалық қауіпсіздікті қарау жөніндегі миссияларды Қазақстанмен консультациялар арқылы  жүргізуге құқылы.
      3. АЭХА Жарғысының XII.А бабында көзделген кепілдіктер саласындағы АЭХА құқықтары мен міндеттері АЭХА ТБУ банкіне, АЭХА ТБУ қоймасына және АЭХА ТБУ-ге қатысты қолданылады және сақталады. АЭХА ТБУ банкіне, АЭХА ТБУ қоймасына және АЭХА ТБУ-ге Кепілдіктер туралы келісімге және Қосымша хаттамаға сәйкес АЭХА кепілдіктері қолданылады. АЭХА кепілдіктерін қолдану мақсаты үшін АЭХА ТБУ қоймасын Қазақстан Қондырғы операторының алаңында орналасқан басқа қондырғылардан бөлек қондырғы ретінде құрады.
      4. АЭХА ТБУ банкіне және АЭХА ТБУ қоймасына қатысты, іріткі салуды және күштеп тартып алуды қоса алғанда, табиғи құбылыстар әсері мен басқа да тәуекелдерден, заңсыз орын ауыстырудан немесе заңсыз мақсатта пайдаланудан, бүлінуден немесе жойылудан қорғау үнемі қамтамасыз етілетіндігіне АЭХА-ның көз жеткізуіне мүмкіндік беретін жабдықты орнатуға АЭХА-ның құқығы бар. Қазақстан осы жабдықты орнатуға, пайдалануға және оған қызмет көрсетуге жәрдемдеседі. Жоғарыда көрсетілген жабдықты орната отырып, АЭХА физикалық ядролық қауіпсіздік үшін жауапты болмайды.
      5. Тараптар АЭХА ТБУ банкі құрылатынына АЭХА көз жеткізгенге дейін АЭХА ТБУ қоймасына АЭХА ТБУ орналастырылмайтынына келіседі.

XV бап
АВАРИЯЛЫҚ ДАЙЫНДЫҚ ЖӘНЕ ДЕН ҚОЮ

      1. АЭХА ТБУ банкі жұмыс істеуін бастағанға дейін Қазақстан Қондырғы операторының алаңында, АЭХА ТБУ қоймасында және АЭХА ТБУ банкінде болатын немесе оларды жанап өтетін ядролық және радиологиялық оқыс оқиғалар мен авариялық жағдайлардың зардаптарын жою үшін алаңдағы және оның шегінен тыс жердегі авариялық жағдайларға ден қоюдың тиісті жоспарларын қолданысқа енгізуді, мерзімдік қайта қарауды және жаңартуды қамтамасыз етеді. Авариялық ден қою жоспарлары АЭХА ТБУ тасымалдау сияқты осы қондырғылармен байланысты қызметті де қамтуға тиіс. Авариялық ден қою жоспарлары Қондырғы операторының алаңымен, АЭХА ТБУ қоймасымен және АЭХА ТБУ банкімен байланысты қауіп-қатердің ықтимал ауқымымен және сипатымен шамалас болуы және әдеттегі авариялық жағдайларға ден қою тетігімен тиісті түрде ұштасуға тиіс.
      2. Қазақстан Қондырғы операторының құзыретті органдар мен АЭХА-ға АЭХА ТБУ банкі шығу көзі болып табылатын радиациялық, химиялық немесе басқа қауіп-қатермен байланысы болуы мүмкін оқыс оқиғалар мен авариялық жағдайлар туралы не АЭХА ТБУ банкі шығу көзі болып табылмайтын, бірақ АЭХА ТБУ банкінің қауіпсіздігі мен физикалық қауіпсіздігіне теріс әсер етуі мүмкін оқыс оқиғалар мен жағдайлар туралы кезек күттірмей және дереу хабарлауын қамтамасыз етеді. Жоғарыда айтылғандарға қарамастан, Қазақстан осы бапта көрсетілген кез келген оқыс оқиғалар мен авариялық жағдайлар туралы АЭХА-ға дереу хабарлайды.

XVI бап
ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖӘНЕ ЖАУАПКЕРШІЛІКТЕН БОСАТУ

      1. Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілікке қатысты барлық мәселелер Қазақстан Республикасы тарапы болып табылатын Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік туралы Вена конвенциясына түзетулер енгізу туралы хаттамамен реттеледі (бұдан әрі «Хаттама» деп аталады), Хаттаманың мақсаты үшін Қазақстан Республикасы АЭХА ТБУ қоймасына қатысты қондырғы үшін жауап беретін мемлекет болып табылады, ал Қондырғы операторы АЭХА ТБУ қоймасының операторы болып табылады.
      2. Хаттама күшін жойған жағдайда, Қазақстан Республикасы бұрынғыша оның тарапы болғандай осы Келісімнен туындайтын ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілікке қатысты Хаттаманың ережелерін қолдануды жалғастырады.
      3. Қазақстан осы баптың 1-тармағын сақтаған жағдайда, Қондырғы операторын қоса алғанда, Қазақстанның, оның лауазымды адамдарының немесе оның мекемелерінің әрекеттері немесе олқылықтары салдарынан осы Келісімнен туындайтын жауапкершілікке жауапты болады және осыған байланысты барлық шығыстарды көтереді. Ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік жағдайларын қоспағанда, Қазақстан АЭХА-ның немесе осы Келісімнің IX бабының 1-тармағында санамаланған адамдардың әрекеттері немесе олқылықтары салдарынан туындайтынға жауапты болмайды. Қазақстан ядролық запал үшін азаматтық жауапкершілікті қоспағанда, осы Келісімнен туындайтын жауапкершілікті сақтандыру өтемі үшін үшінші тараптың алдында жауапкершілікті барабар сақтандыруды қамтамасыз етеді. Осындай сақтандыру полисінде АЭХА қосымша сақтандырылған тұлға ретінде көрсетіледі және АЭХА-ға қатысты сақтандыру компаниясының құқықтарын суброгациялаудан бас тарту көзделеді.
      4. Осы баптың 1-тармағын сақтаған жағдайда, Қазақстан АЭХА-ны және осы Келісімнің IX бабының 1-тармағында санамаланған адамдарды жауапкершіліктен босатады, оларды жауапкершілікке жатпайтындар деп таниды және оларды одан болатын қауіп-қатерден сақтауға міндеттенеді, сондай-ақ Қондырғы операторын қоса алғанда, Қазақстанның, оның лауазымды адамдарының немесе оның мекемелерінің әрекеттері немесе олқылықтары салдарынан туындайтын, кез келген түрдегі және нысандағы барлық қуынымдарға, наразылықтарға, талаптар мен жауапкершілікке қатысты, олармен байланысты шығыстарды коса алғанда, өз есебінен қорғауды қамтамасыз етеді. Қазақстанның осы тармақ бойынша жауапкершілігі шектелмейді және қандай да бір қолданыстағы сақтандыру шарттарымен анықталмайды.
      5. АЭХА ядролық залал үшін азаматтық жауапкершілік жағдайларын қоспағанда, осы баптың 3-тармағын сақтаған жағдайда, АЭХА-ның және осы Келісімнің IX бабының 1-тармағында санамаланған адамдардың осы Келісімнен туындайтын әрекеттері немесе олқылықтары салдарынан туындайтын жауаптылықта болады және онымен байланысты барлық шығыстарды көтереді. АЭХА осы Келісімнен туындайтын жауапкершілікті сақтандыру өтемі үшін үшінші тараптың алдында жауапкершілікті барабар сақтандыруды қамтамасыз етеді.
      6. Қазақстан Қазақстан Республикасының аумағына АЭХА ТБУ банкін орналастыруы салдарынан, Қазақстан Республикасы АЭХА-га мүше мемлекет ретінде орындайтын халықаралық міндеттемелерден бөлек, АЭХА-ның немесе осы Келісімнің IX бабының 1-тармағында санамаланған, өздерінің міндеттері шегінде әрекет ететін және әрекет жасамайтын адамдардың әрекеттері немесе олқылықтары үшін халықаралық жауапкершілікте болмайды.

XVII бап
ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1. Осы Келісімнің II бабының 6-тармағына сәйкес АЭХА ТБУ банкін, сондай-ақ АЭХА ТБУ банкінің Қазақстан Республикасы шегінде басқа алаңға орын ауыстыруын қозғайтын, Қондырғы операторының алаңына және/немесе Қондырғы операторының ұйымдық құрылымын немесе ресурстарын қоса алғанда, Қондырғы операторына қатысты кез келген ұсынылатын өзгеріс Тараптар оларды жүзеге асырғанға дейін өзара келісімге қол жеткізген кезде және осы Келісім мен АЭХА ТБУ банкіне қатысты және осы баптың 4-тармағында көзделген кез келген техникалық келісімде қамтылған барлық техникалық және құқықтық талаптарды сақтаған немесе оларды осы Келісімнің XIX бабының 2- тармағына сәйкес осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар немесе кез келген техникалық келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу арқылы өзге де түрде сақтаған жағдайда жүргізіледі.
      2. Қазақстан осы Келісім бойынша туындайтын өзінің барлық міндеттемелерінің үздіксіз орындалуын қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шараларды, оның ішінде осы Келісімнің II бабының 3-тармағында аталған лицензияға байланысты барлық қажетті шараларды үнемі қабылдайды. Егер Қондырғы операторы болуын тоқтатқан немесе Қондырғы операторының көрсететін қызметтер туралы техникалық келісім бойынша өз міндеттемелерін орындай алмайтын жағдайда, Қазақстан Қондырғы операторының барлық міндеттемелері Қондырғы операторының көрсететін қызметтері туралы техникалық келісімде көзделгеніндей орындалуын қамтамасыз етеді.
      3. Қазақстан АЭХА-ға Қазақстан Республикасының аумағында АЭХА ТБУ-ді немесе АЭХА ТБУ банкін қозғауы мүмкін өзгерістерін қоса алғанда, Қазақстанның кез келген реттеуші талаптары және/немесе заңнамасы туралы және осы Келісімнің II бабының 3-тармағында аталған лицензияның ережелері мен шарттарының және кез келген басқа тиісті лицензиялардың өзгерістері туралы дереу хабарлайды.
      4. АЭХА мен Қазақстанның құзыретті органдар және/немесе мекемелері осы Келісімді жүзеге асыру шеңберінде АЭХА ТБУ банкіне қатысты кез келген қажетті техникалық келісімдер жасаса алады.

XVIII бап
ДАУЛАРДЫ РЕТТЕУ

      Келіссөздер арқылы немесе басқа да келісілген тәсілмен реттелмеген осы Келісімді түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген дау түпкілікті шешу үшін үш төрешіден тұратын сотқа беріледі, олардың біреуін Бас директор, екіншісін - Қазақстан, ал сот төрағасы болып табылатын үшіншісін - алғашқы екі төреші сайлайды. Егер Тараптардың кез келгені екінші Тарап төрешіні тағайындағаннан кейінгі 6 (алты) ай ішінде өз төрешісін сайламаса немесе егер алғашқы екі төреші үшіншісі жөнінде алғашқы екі төреші тағайындалғаннан кейінгі 6 (алты) ай ішінде уағдаласпаса, онда мұндай екінші немесе үшінші төрешіні АЭХА-ның немесе Қазақстанның өтініші бойынша Халықаралық Соттың төрағасы сайлайды.

XIX бап
ОСЫ КЕЛІСІМНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ

      1. Осы Келісім Тараптар оның күшіне енуі үшін қажетті рәсімдерді орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарламаны алған күні күшіне енеді.
      2. Тараптардың өзара келісуі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін. Мұндай өзгерістер мен толықтырулар осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын жекелеген хаттамалармен тұжырымдалады және осы баптың 1-тармағында көзделген тәртіппен күшіне енеді.
      3. Осы Келісім 10 (он) жыл бойы күшінде қалады және егер Тараптардың бірде-бірі өзінің осы Келісімнің қолданылуын ұзартпау ниеті туралы тиісті 10 жылдық кезең өткенге дейін 1 (бір) жылдан кешіктірмей екінші Тарапты дипломатиялық арналар арқылы жазбаша түрде хабардар етпесе, автоматты түрде келесі 10 жылдық кезеңге ұзартылады.
      4. Осы Келісімнің қолданылуы осы баптың 3-тармағына қарамастан:
      a. Тараптардың жазбаша түрде ресімделген өзара келісуі бойынша;
      b. хабарлаушы Тарап екінші Тараптың осы Келісімді елеулі бұзуы салдарынан осы Келісімнің қолданылуын тоқтату ниеті туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап 1 (бір) жыл өткен соң тоқтатылады. Осы тармақшаға сәйкес осы Келісімнің қолданылуының тоқтатылуына байланысты туындайтын кез келген дау осы Келісімнің XVIII бабына сәйкес шешіледі.
      5. Осы баптың 3 және 4-тармақтарына қарамастан, Тараптардың осы Келісімнің XVI және XVIII баптары бойынша міндеттемелері Хаттаманың 8-бабында көрсетілген кезеңдер ішінде, егер Тараптар жазбаша түрде тікелей өзгеше уағдаласпаса, қолданылуын жалғастырады. Бұдан басқа, осы Келісім бойынша қызметті тоқтату үшін қажет Келісімнің ережелері күшінде қалуын жалғастырады. Тараптар қызметтің тоқтатылуы мүмкіндігінше қысқа мерзімде аяқталуын қамтамасыз ету үшін ынтымақтасады.

      ОСЫНЫ КУӘЛАНДЫРУ ҮШІН Тараптардың тиісті түрде уәкілеттік берілген өкілдері осы Келісімге қол қойды.

      Астанада екі мың он бесінші жылы тамыз айының күні әрқайсысы қазақ, ағылшын және орыс тілдерінде екі данада жасалды, әрі барлық мәтіндердің күші бірдей. Келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінеді.

ҚАЗАҚСТАН                       АТОМ ЭНЕРГИЯСЫ
РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ                 ЖӨНІНДЕГІ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ
ҮКІМЕТІ ҮШІН                    АГЕНТТІК ҮШІН."

      АЭХА жоғарыда баяндалған түзетілген мәтінмен келіскен жағдайда, Халықаралық шарттардың құқы туралы 1969 жылғы Вена конвенциясының 79-бабы 1-тармағының «b» тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы нотаны және АЭХА-ның жауап нотасын Келісімнің ажырамас бөлігі деп есептеуді ұсынады.
      Осы мәселе бойынша жауапты тездеткен жағдайда, Министрлік риза болар еді.
      Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі осы мүмкіндікті пайдаланып, Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттікке тағы да өзінің жоғары құрметін білдіреді.»
      АЭХА Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2015 жылғы 27 тамызда Астана қаласында қол қойылған Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік пен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің Төмен байытылған уран банкін құру туралы келісімнің қазақ мәтініне ұсынылған түзетулерді қабылдағаны туралы хабарлауды мәртебе санайды.
      Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттік Хатшылығы осы мүмкіндікті пайдаланып, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне тағы да өзінің жоғары құрметін білдіреді.

2016-05-27 (мөр, қолы)

О проекте Закона Республики Казахстан "О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Международным агентством по атомной энергии о создании Банка низкообогащенного урана Международного агентства по атомной энергии в Республике Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 25 июля 2016 года № 437

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      внести на рассмотрение Мажилиса Парламента Республики Казахстан проект Закона Республики Казахстан «О ратификации Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Международным агентством по атомной энергии о создании Банка низкообогащенного урана Международного агентства по атомной энергии в Республике Казахстан».

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                      К. Масимов

Проект

ЗАКОН РЕСПУБЛИКИ КАЗАХСТАН О ратификации Соглашения между Правительством Республики
Казахстан и Международным агентством по атомной энергии о
создании Банка низкообогащенного урана Международного агентства
по атомной энергии в Республике Казахстан

      Ратифицировать Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Международным агентством по атомной энергии о создании Банка низкообогащенного урана Международного агентства по атомной энергии в Республике Казахстан, совершенное 27 августа 2015 года в Астане.

      Президент
      Республики Казахстан

      Примечание РЦПИ!
      Текст Соглашения на русском языке не прилагался.