Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2015 жылғы 5 желтоқсанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 18 тамыздағы
№ 461 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы бойынша техникалық ынтымақтастық туралы келісім
Бірлесіп Тараптар, ал жеке алғанда Тарап деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі Үкімет деп аталады) мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі (бұдан әрі Банк деп аталады)
2015 жылғы 10 шілдеге дейін қолданыста болған, бұрын Тараптар жасасқан 2002 жылғы 6 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын әзірлеу және іске асыру жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісімді ескере отырып, сондай-ақ Қазақстан Республикасында реформалар процесін ілгерілету шеңберінде Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасын (бұдан әрі – БЭЗБ) одан әрі әзірлеу және іске асыру мақсатында
төмендегілер туралы келісті:
Банк БЭЗБ одан әрі әзірлеу және іске асыру мақсатында өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтер (бұдан әрі – «Өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтер» немесе «ӨНКҚ») нысанында Үкіметке экономикалық және әлеуметтік даму саласында техникалық жәрдемдесуді ұсынады, оларды Банк (i) осы Келісімде жазылған шарттар мен ережелерге, (ii) оның ажырамас бөлігі болып табылатын осы Келісімге 1-қосымшада келтірілген Стандартты шарттарға, сондай-ақ (iii) оның ажырамас бөлігі болып табылатын осы Келісімге 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша 1 шілдеден бастап келесі күнтізбелік жылдың 30 маусымына дейінгі әрбір жұмыс кезеңіне (бұдан әрі – Жұмыс кезеңі) жыл сайын жасалатын Өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтердің жыл сайынғы бағдарламаларына (әрқайсысы Жыл сайынғы бағдарлама деп аталатын) сәйкес ұсынады.
1. Ақылы көрсетілетін консультациялық қызметтер.
(a) Банк Үкіметке Жыл сайынғы бағдарламаларда сипатталған, өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтерді ұсынады, олар жыл сайынғы негізде Банк пен Үкіметтің арасында қол қоюға жатады және тиісті Жыл сайынғы бағдарламаларға қосылатын, зерттеулерді және олармен байланысты басқа да іс-шараларды жүргізу мақсатында, осы Келісімде және тиісті Жыл сайынғы бағдарламаларда қамтылған шарттар мен ережелерге сәйкес Жұмыс кезеңін қамтиды.
(б) Үкімет әр Жұмыс кезеңіне Үкіметтің атынан Жыл сайынғы бағдарламаға қол қоюға уәкілетті ресми тұлғаны тағайындайды.
(в) Үкімет Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігін уәкілетті орган ретінде тағайындайды, ол арқылы Келісім шеңберінде туындайтын барлық мәселелер бойынша ақпарат алмасу, сондай-ақ БЭЗБ және тиісті Жыл сайынғы бағдарламалар процесі мен нәтижелеріне тұрақты бақылау жүргізу жүзеге асырылатын болады.
2. Мерзімдер.
Банк ӨНКҚ уақтылы ұсыну үшін өзінде бар барлық қаражатты жұмылдыру міндетін өзіне алады. Тиісті Жыл сайынғы бағдарламада көзделген өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтерге қатысты Банктегі сол кездегі ақпараттың негізінде белгіленуге жататын жұмыс кестесін Банк дайындайтын болады және мыналарды ескере отырып, индикативтік түрде ұсынылатын болады: (i) Үкімет және оның қызметкерлері осы Келісімде көзделген өзінің міндеттемелерін уақтылы орындайтын болады; және (ii) Үкімет қажетті ақпаратты ұсыну, шешім қабылдау және Банктің өтінішіне жауап беруде қажетті қолдауды жүзеге асыру кезінде жедел әрекет ететін болады.
3. Ақы төлеу.
(a) Үкімет тиісті Жұмыс кезеңіне арналған тиісті Жыл сайынғы бағдарламаның ережелеріне сәйкес және шарттарында өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтердің Жыл сайынғы бағдарламасын орындағаны үшін Банкке сыйақы төлейді1.
(б) Жыл сайынғы бағдарламаны орындағаны үшін Банкке барлық төлемдер толық көлемде және белгіленген мерзімде жүзеге асырылуға тиіс. Төлемдер Жыл сайынғы бағдарламаларға сәйкес Тараптардың арасындағы қандай да бір келіспеушіліктердің болуына қарамастан, қандай да бір шегерімсіз, салықтарсыз, баждарсыз, алымдарсыз және басқа да ұстап қалуларсыз, Банк деректемелерін кезең-кезеңмен жазбаша түрде ұсынатын есеп-шотқа аударылуға тиіс.
4. Қолданылу мерзімінің аяқталуы.
Осы Келісімнің қолданылу мерзімі, егер ол Үкімет пен Банк арасындағы өзара уағдаластық бойынша ұзартылмайтын болса ғана, 2019 жылғы 30 маусымда аяқталады.
5. Бұзу.
1006 "Халықаралық ұйымдармен бірлесіп жүзеге асырылатын зерттеу жобаларын іске асыруды қамтамасыз ету" бюджеттік бағдарламасы, 006 "Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен" кіші бағдарлама, 156 "Консалтингтік қызметтер мен зерттеулерге ақы төлеу" ерекшелігі бойынша. Банк қазақстан Республикасының салық төлеушісі болып табылмайды.
(а) Үкімет не Банк Келісім бұзылған күнге дейін тоқсан (90) күн бұрын екінші Тарапты жазбаша хабарландыра отырып, осы Келісімге сәйкес қол қойылған кез келген Жыл сайынғы бағдарламаны және осы Келісімді бұзуға құқылы. Осы Келісімнің Тараптары осындай хабарламаны алғаннан кейін қажетті реттілікпен сол кездегі ағымдағы іс-шараларды тоқтату және барлық шешімін таппаған мәселелерді тез арада реттеу бойынша барлық тиісті шараларды қабылдауға тиіс. Осы Келісімнің бұзылғанына қарамастан, осы Келісімнің ережелері Келісімді бұзған күні немесе бұзылған күнге дейін қол қойылған кез келген Жыл сайынғы бағдарламаға қатысты толық күшінде қалады.
(б) Жоғарыдағы (а) тармақшасына қарамастан, егер Банк Үкіметтен консультация ала отырып, қандай да бір себептердің салдарынан Жыл сайынғы бағдарламаларға сәйкес көзделген өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтер мерзімінде аяқталмайды немесе Банк өз қызметінде қолданатын қарапайым стандарттар мен қағидаларға сәйкес орындала алмайды деп шешкен жағдайда, Банк өзінің міндеттемелерін орындай алмау себептерін көрсете отырып, Үкіметті хабардар етуі және егер Тараптар өзгеше келіспесе, осындай көрсетілетін қызметтерді ұсынуды тоқтатуы мүмкін. Банк хабардар етілген күннен бастап отыз (30) күн өткен соң осындай қызметтерді ұсыну бойынша одан арғы жауапкершіліктен босатылады. Осындай хабарламаны алғаннан кейін Тараптар талап етілген тәртіппен Өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтер шеңберінде сол уақыттағы ағымдағы іс-шараларды тоқтату және барлық шешілмеген мәселелерді тез арада реттеу бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды. Осындай көрсетілетін қызметтерді орындағаны үшін Үкімет жүргізген төлемдер сомасын Банк өтеуге тиіс; мұндай өтеу ұсынылған немесе басталған қызметтердің құнын немесе жүзеге асырылған шығыстарды осы Келісімде және/немесе тиісті Жыл сайынғы бағдарламада көзделген қандай да бір іс-шараларды дайындау немесе орындау барысында Банк өзіне алған қандай да бір міндеттемелерді шегере отырып, барабар жүзеге асырылады. Осы Келісімнің бұзылғанына қарамастан, осы Келісімнің ережелері Келісімнің бұзылған күні немесе бұзылған күнге дейін қол қойылған кез келген Жыл сайынғы бағдарламаға қатысты толық күшінде қалады.
6. Өзара іс-қимыл жасау.
(a) Үкімет Банкке Өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтерді орындауға ықпал етуі мүмкін ақпараттың уақтылы берілуіне ықпал ететін ӨНКҚ орындауға материалдық тиімділігі бар немесе болатын қандай да бір оқиғаларды немесе талаптарды қоса алғанда, Өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтерге қатысты кез келген өзгерістер жөнінде Банкті хабардар ететін, сондай-ақ Банк қызметкерлері осы Келісім бойынша Өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтерді ұсыну үшін қажетті шаралардың барлығын қолданатын болады. Үкімет Банк қызметкерлеріне ӨНКҚ ұсыну үшін қажетті деректер мен материалдарға, сондай-ақ БЭЗБ шеңберінде ӨНКҚ-мен жұмыс істейтін Үкіметтің қызметкерлеріне, менеджерлеріне, аудиторлары мен делдалдарына қол жеткізуді ұсынуға міндеттенеді. Осы Келісім жобаларды дайындауға, іске асыруға немесе іске асырылуын қадағалауға жәрдемдесетін іс-шараларға қолданылмайды.
(б) Тараптар осымен, жоғарыда (а) тармақшасында көрсетілгендей, Үкіметтің Банкпен өзара іс-қимыл жасауға қабілетінің болмауынан туындаған ӨНКҚ орындау мерзімін кешіктіргені үшін Банктің жауапты болмайтындығы жөнінде уағдаласып, келісті.
7. Күшіне енуі.
Осы Келісім оған Тараптар қол қойғаннан кейін, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық комитетінің аумақтық органында тіркелуін қоса алғанда2, оның күшіне енуі және орындалуы үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Үкіметтің орындағаны туралы Банкке жазбаша түрде хабарланған кезден бастап күшіне енеді. Әрбір Жыл сайынғы бағдарлама осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылады және егер Жыл сайынғы бағдарламада күшіне енуінің басқа күні көрсетілмесе, осындай Жыл сайынғы бағдарлама жасалатын Жұмыс кезеңі басталған күннен бастап күшіне енеді.
8. Тараптардың хабарламалары мен мекенжайлары.
(a) Осы Келісімнің ережелерін іске асыру үшін қажетті барлық хабарламалар жазбаша нысанда ресімделуге тиіс және осы Келісімге немесе тиісті Жыл сайынғы бағдарламаға қол қойған Тараптардың төменде көрсетілген мекенжайларға және тараптардың әрқайсысы өз хабарламасында көрсете алатын басқа да мекенжайларға курьер, пошта немесе факс арқылы жеткізген жағдайда тиісті түрде жеткізілген деп саналады. Пошта арқылы тапсырыс хатпен жіберілген хабарламалар жеткізу фактісі бойынша жеткізілген деп саналады. Электрондық пошта арқылы жіберілген хабарламалар пошта арқылы расталуға тиіс, бұл ретте бастапқы жөнелту күні күшіне енген күн болып табылады.
(б) Мына мекенжайлар осы Келісімнің мақсаттары және тиісті Жыл сайынғы бағдарламалар үшін көрсетілді:
Үкімет:
Ұлттық экономика министрі
Ұлттық экономика министрлігі
Сол жағалау
Орынбор көшесі, 8
7-кіреберіс
010000, Астана, Қазақстан Республикасы
________________
2Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 7 тамыздағы № 436 бұйрығының негізінде әрекет ететін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің ведомствосы болып табылады.
Банк:
[Қазақстан Республикасындағы тұрақты өкіл]
Дүниежүзілік банк
1818 H Street, NW
Вашингтон, ОК 20433
АҚШ
Телефон: (202) 477-1234
Факс: (202) 477-6391
9. Есепке алу.
(a) Банк өз саясатына және есеп жүргізу рәсімдеріне сәйкес өтеулі негізде ұсынылатын консультациялық қызметтердің тиісті есебін жүргізеді және Үкіметтің дәлелді сұратуы бойынша Үкіметті өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтерге қатысты ақпаратпен қамтамасыз етеді.
(б) Банк әрбір қаржы жылы ҚР Ұлттық экономика министрлігіне қаражаттың пайдаланылуы туралы есеп пен Банк көрсеткен қызметтер туралы есепті Жыл сайынғы бағдарламаға сәйкес нысан бойынша және ҚР Ұлттық экономика министрлігімен келісілген талаптарға сәйкес аталған жұмыс кезеңінде тоқсан сайын ұсынады. Көрсетіліп отырған есептер ҚР Ұлттық экономика министрлігіне әрбір есепті тоқсан аяқталғаннан кейін үш ай ішінде ұсынылады. Сондай-ақ Банк ҚР Ұлттық экономика министрлігімен келісілген нысан бойынша және талаптарға сәйкес қаражат пен Банк ұсынған қызметтерді пайдалану туралы жылдық есепті әрбір жұмыс кезеңінен кейінгі үш айдың ішінде ұсынады.
10. Ұсынымдарды пайдалану.
ӨНКҚ нәтижесінде берілген ұсынымдарды пайдалану туралы шешім қабылдау Үкіметтің айрықша құзыреті болып табылады.
2015 жылғы 5 желтоқсанда Астана қаласында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының Халықаралық Қайта Құру және
Үкіметі үшін және атынан Даму Банкі үшін және атынан
Келісімге 1-қосымша
СТАНДАРТТЫ ШАРТТАР
1. Жұмыстарды орындау стандарттары; Келісімнің шектелмейтін сипаты.
Банк өзге түрдегі өзінің талдамалық және консультациялық қызметін жүзеге асырған кезде Өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтерді ықыласпен және ынтамен ұсынуға міндеттенеді. Осы Келісімге және тиісті Жыл сайынғы бағдарламаларға сәйкес Банкті Үкімет кеңесшісі ретінде тарту Үкіметті ұқсас немесе байланысты мәселелер бойынша басқа кеңесшілерді тартудан шектемейді.
2. Банк қызметкерлері.
Банк өз қалауы бойынша Өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтер ұсыну үшін тағайындалған қызметкерлердің құрамын (консультанттар ретінде жалданған қызметкерлерді қоса алғанда) (бұдан әрі – «Банк қызметкерлері») айқындайды. Үкімет Банктің кез келген қызметкерінің жұмыс сапасына наразылық білдіру үшін дәлелді себеп болған кезде, Банктен мұндай қызметкерді немесе қызметкерлерді ауыстыруды өтінуге құқылы. Күмән туғызбау үшін Тараптар осы Келісім және осы Келісімге сәйкес қол қойылған кез келген Жыл сайынғы бағдарламалар Үкімет пен Банк қызметкерлері арасындағы еңбек немесе шарттық өзара қатынастардың пайда болуына әкелмейтіні жөнінде уағдаласып, келісті.
3. Үкіметтің үлесі.
Үкімет Банкке тиісті Жыл сайынғы бағдарламада көрсетілген қаражатты уақтылы беру үшін барлық қажеттi шараларды қабылдауға міндеттенеді.
4. Банктің операциялық саясаты.
Банк консультациялық қызметтерді Банктің Атқарушы Директорлар Кеңесі мақұлдаған операциялық саясаттың қағидаттарына сәйкес келетін тәртіппен ұсынады.
5. Құпиялылық.
Тараптар, Үкімет өзінің жазбаша келісімін бергеннен кейін ғана осы Келісімнің, тиісті Жыл сайынғы бағдарламалардың және тиісті Жыл сайынғы бағдарламаларда көзделген нәтижелердің қоғамның қол жеткізуі үшін ашылуы мүмкін екендігі жөнінде уағдаласты. Өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтерді іске асыру үшін Үкімет берген ақпаратқа қатысты мұндай ақпаратты құпия ақпарат ретінде жіктеу құқығын Үкімет өзіне қалдырады. Банк мұндай ақпаратты, Үкімет жазбаша түрде өз келісімін бергеннен кейін ғана көпшілікке жария етеді. Өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтерді орындау үшін Банк берген негіз қалаушы (жұмыстың түпкілікті нәтижелеріне жатпайтын) ақпаратқа қатысты мұндай ақпаратты құпия ақпарат ретінде жіктеу құқығын Банк өзіне қалдырады. Үкімет мұндай ақпаратты Банк өз келісімін бергеннен кейін ғана көпшілікке жария ете алады.
6. Зияткерлік меншік.
Кез келген Тараптың Өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтерге байланысты Банк пайдаланған кез келген қолда бар деректерге немесе құжаттарға зияткерлік меншік құқықтары оларды берген Тарапта қалады. Өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтерге байланысты Банк дайындаған жаңа материалдарға зияткерлік меншік құқықтары осы 1-қосымшаның «Құпиялылық» деген 5-ережесінде көрсетілгендей, құпия ақпаратты және үшінші тұлғалардың құқықтарын ашу бойынша шектеулер сақталған жағдайда, Банк осы материалдардың барлығын немесе олардың бір бөлігін пайдалануға, көшірме жасауға, көрсетуге, таратуға, жариялауға және олардың негізінде туынды материалды жасауға, сондай-ақ оларда қамтылған ақпаратты өз зерттеулеріне, құжаттарына, жарияланымдарына, веб-сайттарына және басқа да ақпараттық ресурстарына қосуға бүкіл әлем бойынша жарамды, толық, мерзімі белгіленбеген (авторлық құқықтың әрекет ету кезеңінде) және өтеусіз құқыққа ие болуға тиіс жағдайда, Үкіметке тиесілі. Тараптар мұндай дәйексөзбен баяндау адал түрдегі практикаға сәйкес жүзеге асырылған кезде, (а) жұртшылыққа тиісті түрде ашып көрсетілген материалдардың дәйексөзбен баяндалатынына жол берілетінін, ал оның көлемі баспасөз мәліметтері нысанындағы газеттегі мақалалар мен баспасөз басылымдарынан дәйексөздерді қоса алғанда, қойылған мақсатқа сәйкес көлемнен аспайтынын, сондай-ақ егер мұндайлар дәйексөзбен баяндалатын материалда айтылса, осы ережеге сәйкес (б) материалдар пайдаланылған жағдайда, дереккөз және автордың аты келтірілуге тиіс екенін мойындайды.
7. Банктің ұстанымын, атауын, белгілерін және логотипін пайдалану.
(a) Үкімет Банктің алдын ала жазбаша келісімінсіз оның ұстанымын білдірмеуге келіседі.
(б) Үкімет сонымен қатар Банктің алдын ала жазбаша келісімінсіз жарнамада, жарнамалық әдебиетте немесе ақпаратта Банктің атауын, белгілерін немесе логотипін пайдаланбауға келіседі, ал мұндай келісім алынған жағдайда атауды, белгілерді және логотиптерді берілген рұқсатқа қатаң сәйкестікте пайдалануға келіседі.
(в) Тараптар Өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтерге байланысты дайындалған жаңа материалдарға жауаптылықтан бас тарту туралы дереккөздерге және хабарламаларға тиісті сілтемелерді қосуға міндеттенеді.
8. Жауапкершілік.
(a) Банк Өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтер үшін тиісті күш-жігер жұмсалған уақытта Банк қызметкерлері дайындаған немесе Банктің немесе оның қызметкерлерінің жәрдемдесуімен дайындалған қандай да бір өнімдегі қандай да бір ұсынымдарды іске асыру үшін қол жеткізілуі мүмкін табыстылық дәрежесіне қатысты Банк кепілдік бермейді.
(б) Банк Келісімінің баптарына және халықаралық құқық қағидаттарына сәйкес Банкке берілген иммунитеттермен және артықшылықтармен шектелмей, Банк, егер ондайлар қасақана құқыққа сыйымсыз әрекеттердің немесе Банк және/немесе оның қызметкерлері жіберген немқұрайлылық нәтижесінде туындамаса, Үкімет, Қазақстан Республикасы немесе үшінші тұлғалар алдында Үкімет Өтеусіз негізде көрсетілетін консультациялық қызметтер нәтижесінде ұшырауы мүмкін кез келген ысыраптар, шығындар, залалдар немесе міндеттемелер үшін жауапты болмайды. Осы Келісімде ешнәрсе, осы Келісімге сәйкес Банктің Үкімет алдындағы міндеттемелері, егер ондайлар болса, жаза қолданумен байланысты қандай да бір жанама немесе қосымша залалға, пайданы жоғалтуға немесе жоғалған пайдаға қолданылмауға тиіс, сондай-ақ Банк тиісті Жыл сайынғы бағдарлама шеңберінде көрсетілетін қызметтер үшін алған кәсіби сыйақы сомасынан аспауға тиіс.
(в) Тараптар әріптестік, бірлескен кәсіпорын немесе олардың шеңберінде үшінші тұлғалар алдында ынтымақты түрде жауаптылықта болатын немесе қандай да бір басқа мақсаттарда осыған ұқсас ұйымды құру осы Келісімнің мақсаттарына кірмейтінін мойындайды және келіседі. Осы Келісімде немесе тиісті Жыл сайынғы бағдарламада ешнәрсе қандай да бір жобаға немесе басқа да түрде Банктің Үкіметке қаржыландыру ұсыну міндеттемесі ретінде түсінілмеуге тиіс.
9. Міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету.
Осы Келісім және тиісті Жыл сайынғы бағдарлама шеңберіндегі Банктің және Үкіметтің құқықтары мен міндеттері жарамды болып табылады және керісінше талап ететін қандай да бір заңдарға қарамастан, олардың шарттарына сәйкес орындалуға тиіс.
10. Дауларды реттеу.
Осы Келісімнің немесе кез келген қосымша келісімдердің ережелерін түсіндіруге немесе қолдануға қатысты Тараптар арасындағы кез келген даулар немесе Тараптардың өзара қарым-қатынастарын қозғайтын кез келген мәселелер келіссөздер және/немесе консультациялар арқылы шешіледі. Тараптардың келісімімен реттелмеген осы Келісімнен немесе тиісті Жыл сайынғы бағдарламадан немесе оларға байланысты туындайтын кез келген дау осы Келісімге қол қойылған күнде қолданылып жүрген ЮНСИТРАЛ Төрелік регламентіне сәйкес төрелік ету жолымен түпкілікті реттелуге тиіс. ЮНСИТРАЛ Төрелік регламенті мен осы Келісімнің немесе қандай да бір Жыл сайынғы бағдарламаның шарттары арасында жанжал орын алған жағдайда осы Келісімнің немесе Жыл сайынғы бағдарлама ережелерінің күші басым болады.
11. Артықшылықтар мен иммунитеттер; салық иммунитеті.
Үкімет Банк Келісімінің баптарында және халықаралық құқық қағидаттарында жазылған Банктің және оның қызметкерлері мәртебелерінің, иммунитеттері мен артықшылықтарының жарамдылығын қамтамасыз ету үшін барлық орынды шараларды мойындайды және оларды қабылдауға міндеттенеді.
Тараптар осы Келісімнің немесе тиісті Жыл сайынғы бағдарлама ережелерінің ешқайсысы, сонымен қатар Банктің төрелікке жүгінуі де ешбір жағдайда Банк Келісімінің тиісті баптарында берілген өзінің қандай да бір артықшылықтарын, иммунитеттерін немесе жеңілдіктерін жою, бас тарту, тоқтату немесе өзгерту болып табылмайтынын және білдірмейтінін растайды және келіседі. Тараптар осы Келісімге Банк Келісімі баптарының «Иммунитеттер және артықшылықтар» деген VII бабының 9-бөлімінің қолданылатынын мойындайды.
12. Өзгерістер енгізу.
(а) Осы Келісімнің немесе қандай да бір Жыл сайынғы бағдарламаның қандай да бір ережелерінде көзделген қандай да бір уағдаластықтың кез келген өзгерістері немесе оны жою жазбаша түрде ресімделеді, оған екі Тарап та қол қоюға тиіс.
(б) Жоғарыда көрсетілгенге байланысты кез келген Жыл сайынғы бағдарламаға өзгерістер енгізу осы Келісімге 3-қосымшаға сәйкес жүзеге асырылуға тиіс.
13. Құқықтарды сақтау.
Іскерлік операциялар жүргізудің ағымдағы практикасынан ешнәрсе, сондай-ақ өз өкілеттіліктерінің кез келгенін жүзеге асыру, құқықтық қорғау құралдарын, дискрециялық құқықты, құқықтық өкілеттіктерді немесе осы Келісім немесе тиісті Жыл сайынғы бағдарлама бойынша басқа да құқықтарды қолдану кезінде осы Келісім Тараптарының кез келгенінің ешбір бас тартуы немесе іркілісі осы Келісім немесе тиісті Жыл сайынғы бағдарлама шеңберінде осындай немесе кез келген басқа өкілеттіліктен, құқықтық қорғаныс құралынан, дискрециялық құқықтан, құқықтық өкілеттіктен немесе құқықтан бас тарту немесе жоғалту ретінде қысым жасамауға тиіс және солай түсіндірілмеуі керек немесе қандай да басқаша түрде оны қайта жүзеге асыруға немесе болашақта жүзеге асыруға кедергі жасамауы керек.
14. Құқықтар мен міндеттердің ауысуы, құқықтық мирасқорлар; Келісімсіз өзгеге берудің мүмкін еместігі.
Тараптар құқықтық мирасқорларға осы Келісімді немесе тиісті Жыл сайынғы бағдарламаны толық немесе ішінара беру туралы жазбаша түрде хабарлаған жағдайда осы Келісім Тараптардың тиісті құқықтық мирасқорларына заңды түрде міндеттейді және пайданы береді.
15. Келісімнің біртұтастығы.
Осы Келісім оның барлық қосымшаларымен жиынтықта құжаттың түпнұсқасы болып табылады және бір Келісімді білдіреді.
16. Бұзу.
Осы Келісімді және кез келген Жыл сайынғы бағдарламаны бұзуға немесе қолданылу мерзімінің аяқталғанына қарамастан, (i) осы қосымшаның 5-ережесіне сәйкес құпиялылық міндеттемесіне және (ii) осы қосымшаның «Зияткерлік меншік» деген 6 және «Артықшылықтар мен иммунитеттер» деген 11-ережелерінде көрсетілген міндеттемелерге байланысты осы Келісімнің ережелері, сондай-ақ (iii) Үкіметтің тиісті Жыл сайынғы бағдарламаны бұзу күніне немесе қолданылу мерзімі аяқталғанға дейін ұсынылған, Өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтерге сыйақыны Банкке төлеу міндеті, сондай-ақ Үкіметтің тиісті Жыл сайынғы бағдарламаны бұзуға байланысты кез келген орынды шығыстарды өтеу толық күшінде және қолданыста қалуға тиіс.
Келісімге 2-қосымша
Өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтердің жыл сайынғы бағдарламасының нысаны
____________________________________________
(қаржы жылын санмен енгізу)
жылға арналған Өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтердің жыл сайынғы бағдарламасы
2015 жылғы _____ Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет) мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі (бұдан әрі – Банк) арасындағы Бірлескен экономикалық зерттеулер бағдарламасы жөніндегі техникалық ынтымақтастық туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) сәйкес Банк Келісімде және осы Жыл сайынғы бағдарламада көзделген шарттармен және ережелермен өтеулі негізде төмендегі көрсетілетін консультациялық қызметтерді (бұдан әрі – Өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтер) Үкіметке ұсынуға міндеттенеді. Осы Жыл сайынғы бағдарламада айқындалмаған шарттар Келісімде айқындалғандай қолданылады. Жоғарыда баяндалғанның негізінде Үкімет пен Банк төмендегілермен келіседі:
1. Өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтердің жыл сайынғы бағдарламасы.
Егер Үкімет пен Банктің арасында өзге туралы уағдаластық болмаса, Өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтер мынадай іс-шараларды қамтиды және Тараптармен келісілген кестеге сәйкес және осы уақытта Банкте бар ақпарат негізінде және Келісімнің ережелеріне сәйкес Банк оларды адал түрде орындайды.
Р/с № |
Іс-шаралар |
Бенефициар |
Болжамды құны (АҚШ доллары) |
Іс-шараның форматы |
2. Жұмыс кезеңі.
Егер Үкімет пен Банктің арасында өзге туралы уағдаластық болмаса, Банк (ЖЫЛ) 1 шілдеден бастап (ЖЫЛ) 30 маусымға дейінгі жұмыс кезеңі ішінде Өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтерді ұсыну бойынша өзіне міндеттеме алады.
3. Ақы төлеу.
Үкімет мынадай төлемдер кестесіне сәйкес АҚШ долларымен белгіленген соманы Банкке төлейді:
Төлем сомасы Төлеу мерзімі
1. $ ______________ __________________
(күні көрсетілсін)
2. $ ______________ __________________
(күні көрсетілсін)
3. $ ______________ __________________
(күні көрсетілсін)
__ жылғы ____________ Астана қаласында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының Халықаралық Қайта Құру және
Үкіметі үшін және атынан Даму Банкі үшін және атынан
Келісімге 3-қосымша
Жыл сайынғы бағдарламаға өзгерістер енгізу туралы хаттама нысаны
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкі арасындағы Өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтердің жыл сайынғы бағдарламасына өзгерістер енгізу туралы хаттама
Осы 2015 жылғы __________ Қазақстан Республикасының Үкіметі (бұдан әрі – Үкімет) мен Халықаралық Қайта Құру және Даму банкі (бұдан әрі – Банк) арасындағы _____ қаржы жылына Өтеулі негізде көрсетілетін консультациялық қызметтердің Жыл сайынғы бағдарламасына (___________ өзгерістермен қоса) (бұдан әрі – Жыл сайынғы бағдарлама) қатысты.
_________ Үкімет пен Банк (бұдан әрі – Тараптар деп аталатын) арасындағы техникалық ынтымақтастық туралы келісімге 1-қосымшаның Жыл сайынғы бағдарламаға өзгерістер енгізу туралы 12-тармағына сәйкес Тараптар мынадай өзгерістер енгізу туралы осы Хаттамаға қол қоюға келісті:
1.________________
2.________________
3.________________
__ жылғы ____________ Астана қаласында қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды. Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді басшылыққа алады.
Қазақстан Республикасының Халықаралық Қайта Құру және
Үкіметі үшін және атынан Даму Банкі үшін және атынан