Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Қазақстан Республикасының Экономикалық интеграция істері министрі туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 11 маусымдағы № 595 қаулысы;
2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 59-60, 555-құжат).
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов