«Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына және 134-бабы 2-тармағының 27) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Селденқорғау құрылыс» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Төтенше жағдайлар комитетінің «Селденқорғау құрылыс» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына (бұдан әрі – кәсіпорын) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Мыналар:
1) кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық ету жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті;
2) кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы арнайы инженерлік азаматтық қорғау іс-шараларын орындау болып белгіленсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;
2) кәсіпорынның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
4. «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі туралы ережеде:
Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«3. Төтенше жағдайлар комитеті» деген бөлімде:
мынадай мазмұндағы кіші бөліммен толықтырылсын:
«Мемлекеттік кәсіпорындар
«Селденқорғау құрылыс» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.».
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов