2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 111-тармағына сәйкес және «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігін қайта ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 13 қыркүйектегі № 328 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес 2016 жылға арналған республикалық бюджеттің көрсеткіштерін түзету жүзеге асырылсын.
2. «2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 42-қосымшада:
реттік нөмірі 120-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
120 |
«Қазақстан Республикасындағы этносаралық қатынастар саласындағы мемлекеттік басқару және жария саясат: басқару технологиясын әзірлеу және қоғамдық келісімді нығайтуға азаматтарды тарту» |
Қоғамдық келісімді сақтау саясатын іске асыру және жаңа саяси бағыт аясында ұлттық бірлікті нығайту үшін практикалық ғылыми-негіздемелік ұсынымдар әзірлеу |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі |
«Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы» РМҚК |
001 «Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен іске асыру» |
25 000 |
».
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігімен бірлесіп, жиынтық қаржыландыру жоспарына тиісті қаржы жылына арналған міндеттемелер мен төлемдер бойынша өзгерістер енгізсін.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 25 қазандағы
№ 617 қаулысына
қосымша
2016 жылға арналған республикалық бюджет
көрсеткіштерін түзету
(мың теңге)
Функционалдық топ |
Атауы |
Өзгерістер |
||
Әкімші |
||||
Бағдарлама |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Шығындар |
0 |
|||
1 |
Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер |
0 |
||
244 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі |
|||
001 |
Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен іске асыру |
- 3 385 145 |
||
008 |
Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау және қызметтік этика, меритократияны қорғау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласында мемлекеттік қызмет реформасын қолдау |
- 755 725 |
||
012 |
Республиканың мемлекеттiк қызмет кадрларын тестілеу жөніндегі қызметтер |
- 234 553 |
||
623 |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі |
|||
001 |
Мемлекеттік қызмет саласындағы бірыңғай мемлекеттiк саясатты қалыптастыру мен іске асыру |
3 385 145 |
||
008 |
Мемлекеттік қызмет саласындағы өңірлік хабты институционалдық қолдау және қызметтік этика, меритократияны қорғау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу саласында мемлекеттік қызмет реформасын қолдау |
755 725 |
||
012 |
Республиканың мемлекеттiк қызмет кадрларын тестілеу жөніндегі көрсетілетін қызметтер |
234 553 |
||
3 |
Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі |
0 |
||
244 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі |
|||
014 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру |
-11 708 897 |
||
623 |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі |
|||
014 |
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру |
11 708 897 |
||
4 |
Бiлiм беру |
0 |
||
244 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрлігі |
|||
002 |
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру |
- 376 335 |
||
013 |
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтер |
- 1 778 873 |
||
623 |
Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі |
|||
002 |
Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру |
376 335 |
||
013 |
Мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру бойынша көрсетілетін қызметтер |
1 778 873 |