Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қожа Ахмет Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университетінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы № 1482 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Қазақстан Республикасынан Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университеті Өкілетті Кеңесінің құрамына мыналар енгізілсін:
Біртанов |
- |
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі; |
Жабатаева |
- |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаменті директорының орынбасары; |
Пірімқұлов |
- |
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы. |
мына:
«Асылова |
- |
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Әлеуметтік сала бюджеті департаментінің директоры» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Асылова |
- |
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі»; |
көрсетілген құрамнан Жасұлан Құдайбергенұлы Шаймарданов, Такир Оспанұлы Балықбаев, Махметғали Нұрғалиұлы Сарыбеков шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б. Сағынтаев