Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті (келісім бойынша) Қазақстан Республикасынан құпия ақпаратты қорғау саласындағы мынадай халықаралық шарттар бойынша іске асыруға жауапты құзыретті (үйлестіруші) орган болып айқындалсын:
1) 2003 жылғы 4 желтоқсанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Германия Федеративтiк Республикасының Үкіметі арасындағы құпия материалдардың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісім;
2) 2004 жылғы 7 шілдеде Оралда жасалған Қазақстан Республикасының Yкіметі мен Ресей Федерациясы Үкіметінiң арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісім;
3) 2008 жылғы 8 ақпанда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Француз Республикасының Үкіметі арасындағы құпия ақпараттың сақталуын өзара қамтамасыз ету туралы келісім;
4) 2010 жылғы 5 қарашада Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Польша Республикасының Үкіметі арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісім;
5) 2011 жылғы 1 маусымда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Болгария Республикасының Үкіметі арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісім;
6) 2015 жылғы 19 мамырда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Литва Республикасының Үкіметі арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісім;
7) 2016 жылғы 21 қаңтарда Астанада жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Словак Республикасының Үкіметі арасындағы құпия ақпаратты өзара қорғау туралы келісім.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі тиісті мемлекеттерді қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.Сағынтаев