Ішкі істер органдарын басқару жүйесін жетілдіру, сондай-ақ қоғамдық тәртіпті сақтауды күшейту және қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң аумақтық органдары – мемлекеттік мекемелерi қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң аумақтық органы – «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Көлiктегi iшкi iстер департаментiнiң Қарағанды-Сұрыптау станциясындағы iшкi iстер желiлiк басқармасы» мемлекеттік мекемесi «Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Көлiктегi iшкi iстер департаментiнiң Қарағанды – Сұрыптау станциясындағы iшкi iстер желiлiк бөлімі» болып қайта аталсын.
3. Жоғарыда көрсетілген мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне республикалық бюджетте көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
4. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгі туралы ережеде:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелер аумақтық органдардың және оның ведомстволарының тiзбесiнде:
«1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлiгі» деген бөлімде:
реттік нөмірі 226-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«226. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Көлiктегi iшкi iстер департаментiнiң Ақтөбе станциясындағы iшкi iстер желiлiк бөлімі.»;
реттік нөмірі 231-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«231. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Көлiктегi iшкi iстер департаментiнiң Қарағанды – Сұрыптау станциясындағы iшкi iстер желiлiк бөлімі.»;
реттік нөмірі 237-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«237. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Көлiктегi iшкi iстер департаментiнiң Жамбыл станциясындағы iшкi iстер желiлiк бөлімі.»;
реттік нөмірі 240-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«240. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Көлiктегi iшкi iстер департаментiнiң Шымкент станциясындағы iшкi iстер желiлiк бөлімі.»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 240-1, 240-2, 240-3, 240-4, 240-5, 240-6, 240-7, 240-8, 240-9-жолдармен толықтырылсын:
«240-1. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Көлiктегi iшкi iстер департаментiнiң Қандыағаш станциясындағы iшкi iстер желiлiк бөлімі.
240-2. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Көлiктегi iшкi iстер департаментiнiң Астана қаласының әуежайындағы iшкi iстер желiлiк бөлімі.
240-3. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Көлiктегi iшкi iстер департаментiнiң Алматы қаласының әуежайындағы iшкi iстер желiлiк бөлімі.
240-4. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Көлiктегi iшкi iстер департаментiнiң Үштөбе станциясындағы iшкi iстер желiлiк бөлімі.
240-5. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Көлiктегi iшкi iстер департаментiнiң Достық станциясындағы iшкi iстер желiлiк бөлімі.
240-6. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Көлiктегi iшкi iстер департаментiнiң Арыс станциясындағы iшкi iстер желiлiк бөлімі.
240-7. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Көлiктегi iшкi iстер департаментiнiң Түркістан станциясындағы iшкi iстер желiлiк бөлімі.
240-8. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Көлiктегi iшкi iстер департаментiнiң Луговая станциясындағы iшкi iстер желiлiк бөлімі.
240-9. Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Көлiктегi iшкi iстер департаментiнiң Шу станциясындағы iшкi iстер желiлiк бөлімі.».
2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
1-бөлімде:
мына:
«
1. |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: |
158 991** |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1. |
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: |
159 051** |
»;
21), 22) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«
21) |
ІІМ Алматы академиясы |
597*** |
22) |
ІІМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы |
485*** |
».
5. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 8 қарашадағы
№ 676 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
қайта ұйымдастырылатын аумақтық органдары – мемлекеттік
мекемелерінің тізбесі
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Ақтөбе станциясындағы ішкі істер желілік басқармасы» мемлекеттік мекемесі оны «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Ақтөбе станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі» және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Қандыағаш станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен.
2. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Астана станциясындағы ішкі істер желілік басқармасы» мемлекеттік мекемесі оны «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Астана станциясындағы ішкі істер желілік басқармасы» және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Астана қаласының әуежайындағы ішкі істер желілік бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен.
3. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Алматы-1 станциясындағы ішкі істер желілік басқармасы» мемлекеттік мекемесі оны «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Алматы-1 станциясындағы ішкі істер желілік басқармасы», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Алматы қаласының әуежайындағы ішкі істер желілік бөлімі», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Достық станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі»және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Үштөбе станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен.
4. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Жамбыл станциясындағы ішкі істер желілік басқармасы» мемлекеттік мекемесі оны «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Жамбыл станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Шу станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі» және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Луговая станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен.
5. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Шымкент станциясындағы ішкі істер желілік басқармасы» мемлекеттік мекемесі оны «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Шымкент станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі», «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Арыс станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі» және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Көліктегі ішкі істер департаментінің Түркістан станциясындағы ішкі істер желілік бөлімі» мемлекеттік мекемелеріне бөлу жолымен.