"Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 9 қарашадағы № 684 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны қайта құру жолымен оның жарғылық капиталына мемлекеттің жүз пайыз қатысуымен «Республикалық клиникалық аурухана» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – қоғам) болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы денсаулық сақтау саласында шаруашылық қызметті жүзеге асыру болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы заңнамада белгіленген тәртіппен қайта ұйымдастырылған кәсіпорынның мүлкі есебінен қоғамның жарғылық капиталын қалыптастыруды қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасымен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) қоғамның жарғысын бекітуді;
      2) қоғамды Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;
      3) Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын беруді;
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  Б.Сағынтаев

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2016 жылғы 9 қарашадағы
№ 684 қаулысымен   
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар

      1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Алматы қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-147-жолмен толықтырылсын:
      «123-147. «Орталық клиникалық аурухана» АҚ».
      2. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығына» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 309-1-жолмен толықтырылсын:
      «309-1. «Орталық клиникалық аурухана» АҚ».
      3. «Жекешелендірудің 2016 – 2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат):
      көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
      жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы» деген бөлімде реттік нөмірі 49-жол мынадай редакцияда жазылсын:

49.

1.

«Орталық клиникалық аурухана» акционерлік қоғамы

О реорганизации Республиканского государственного предприятия "Центральная клиническая больница Медицинского центра Управления Делами Президента Республики Казахстан" на праве хозяйственного ведения

Постановление Правительства Республики Казахстан от 9 ноября 2016 года № 684

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Реорганизовать Республиканское государственное предприятие «Центральная клиническая больница Медицинского центра Управления Делами Президента Республики Казахстан» на праве хозяйственного ведения путем преобразования в акционерное общество «Центральная клиническая больница» (далее – общество) со стопроцентным участием государства в его уставном капитале.
      2. Определить основным предметом деятельности общества осуществление хозяйственной деятельности в области здравоохранения.
      3. Медицинскому центру Управления Делами Президента Республики Казахстан в порядке, установленном законодательством, обеспечить формирование уставного капитала общества за счет имущества реорганизованного предприятия.
      4. Комитету государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан совместно с Управлением Делами Президента Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:
      1) утверждение устава общества;
      2) государственную регистрацию общества в органах юстиции Республики Казахстан;
      3) передачу прав владения и пользования государственным пакетом акций общества Медицинскому центру Управления Делами Президента Республики Казахстан;
      4) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.
      5. Утвердить прилагаемые изменение и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.
      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                    Б. Сагинтаев

Утверждены        
постановлением Правительства
Республики Казахстан  
от 9 ноября 2016 года № 684

Изменение и дополнения, которые вносятся
в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 12 апреля 1999 года № 405 «О видах государственной собственности на государственные пакеты акций и государственные доли участия в организациях» (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 13, ст. 124):
      в перечне акционерных обществ и хозяйственных товариществ, государственные пакеты акций и доли участия которых остаются в республиканской собственности, утвержденном указанным постановлением:
      раздел «г. Алматы» дополнить строкой, порядковый номер 123-147, следующего содержания:
      «123-147. АО «Центральная клиническая больница».
      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 27 мая 1999 года № 659 «О передаче прав по владению и пользованию государственными пакетами акций и государственными долями в организациях, находящихся в республиканской собственности»:
      в перечне государственных пакетов акций и государственных долей участия в организациях республиканской собственности, право владения и пользования которыми передается отраслевым министерствам и иным государственным органам, утвержденном указанным постановлением:
      раздел «Медицинский центр Управления делами Президента Республики Казахстан» дополнить строкой, порядковый номер 309-1, следующего содержания:
      «309-1. АО «Центральная клиническая больница».
      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 30 декабря 2015 года № 1141 «О некоторых вопросах приватизации на 2016-2020 годы» (САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 77-78-79, ст. 588):
      в приложении 5 к указанному постановлению:
      в перечне организаций республиканской собственности, подлежащих приватизации:
      в разделе «Управление Делами Президента Республики Казахстан»:
      строку, порядковый номер 49, изложить в следующей редакции:

49.

1.

Акционерное общество «Центральная клиническая больница»