Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 21 қарашадағы № 717 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.

      2. Осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

Б.Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 21 қарашадағы
№ 717 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру

      1. "Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрi пайдаланудың кейбiр мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 25, 260-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларында:

      3-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен республикалық меншікке өтеусіз өткен, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарын есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.";

      4-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен коммуналдық меншікке өтеусіз өткен, оның ішінде мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарлар мен көлік құралдарын;";

      6-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) кедендiк декларациялау аяқталғаннан кейiн мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсіміне сәйкес мәлiмделген тауарларға арналған декларация;";

      8-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тәркіленген мүлікті, заттай айғақтарды, сондай-ақ бұрын мемлекет пайдасына бас тартудың кедендік рәсімімен орналастырылған тауарларды уәкілетті органға немесе жергілікті атқарушы органға беру мүлікті сақтау және тасымалдау жөніндегі көрсетілетін қызметтерді берушілердің қатысуымен, уәкілетті органның немесе жергілікті атқарушы органның тізімдеу актісін жасай отырып, мынадай мерзімде:

      сот орындаушыларынан – "Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы" 2010 жылғы 2 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімде;

      мүлікті алып қойған органдардан – заңды күшіне енген тиісті сот актісін алған күннен бастап екі ай ішінде;

      мүлікті беретін тұлғадан (декларант) – кедендік декларация тіркелген күннен бастап екі ай ішінде жүзеге асырылады.";

      көрсетілген Қағидаларға 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 14.09.2023 № 799 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      3. "Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы" 2014 жылғы 30 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы

      29 тамыздағы № 959 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,

      2014 ж., № 54, 537-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мүлікті жария етуді өткізу жөніндегі комиссияны құру қағидаларында:

      2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "2. Комиссия жергілікті атқарушы органдардың, мемлекеттік кірістер органдарының, сәулет және қала құрылысы органдарының, жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның, өртке қарсы қызмет, санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау және бақылау органдарының, қоршаған ортаны қорғау органдарының және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді жүзеге асыратын органдардың және Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдары мен ұйымдарының лауазымды адамдарынан қалыптастырылады.".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 07.10.2020 № 643 (15.11.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 21 қарашадағы
№ 717 қаулысына
1-қосымша
  Жекелеген негiздер бойынша
мемлекет меншiгiне айналдырылған
(түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау,
бағалау және одан әрi пайдалану
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

Мүлiктi тiзiмдеу, бағалау және қабылдау-беру актісі

      20__ ж. "___" _______________ ________________________

      (жасалған күнi) (акт жасалған жер)

      Мына құрамдағы комиссия:

      Уәкiлеттi орган (жергілікті атқарушы орган) өкiлi

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (уәкiлетті органның немесе жергілікті атқарушы органның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (жауапты қызметкердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Сот орындаушысы

      ____________________________________________________________________

      (әділет органының атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, қызметкердің лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      Өкiлi

      ____________________________________________________________________

      (Мүлікті беретін адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мүлікті алып қойған (беретін) органның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН

      ____________________________________________________________________

      (қызметкердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Өкiлi_______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (мүлiк жауапты уақытша сақтауында орналасқан ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН)

      ____________________________________________________________________

      (қызметкердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      Өкiлi_______________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (мүлiктi қабылдаушы ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (қызметкердiң лауазымы және тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)) бағалаушы

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, лицензияның күнi және нөмiрi)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (мүлiкті бағалауды жүзеге асыратын адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      мекенжайы, ЖСН/БСН, лицензияның күнi және нөмiрi)

      Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидасының негiзiнде

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (мүлiктiң бұрынғы иесінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН немесе ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН)

      сот актілерінің негізінде тәркіленген (оның ішінде заттай айғақтар)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (соттың атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, сот шешiмiнiң нөмiрi, күнi)

      немесе иесіз деп танылған

      (ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН немесе мүлiкті берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН)

      немесе мемлекет меншiгіне өтеусiз өткен

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН немесе мүлiкті берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН)

      мүлікті, оның iшiнде

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (кеден органының атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН, тауарларға арналған кедендік декларацияның күнi мен нөмiрi) кедендік декларацияға сәйкес "мемлекет пайдасына бас тарту" кедендік рәсімімен орналастырылған, немесе

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (нотариустың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН, куәлiгiнiң нөмiрi, күнi)

      нотариустың куәлiгiне сәйкес мұрагерлiк құқық бойынша мемлекетке өткен деп танылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сыйлықтарды, сондай-ақ

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, мекенжайы, ЖСН/БСН немесе мүлікті берген адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), мекенжайы, ЖСН/БСН)

      құны мемлекет кiрiсiне түсетiн мемлекеттік меншiк құқығының туындағанын растайтын өзге де құжаттардың негiзінде аталған мүлiкті тізімдеуді және қабылдап алуды жүргізді

      ____________________________________________________________________

Мүлiктi тiзімдеу және бағалау

Р/c

Әрбiр зат толық сипатталған мүлiктiң атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Мүлiктi қабылдау кезiнде бiрлiгін алдын ала бағалау, теңге*

Барлық сомасы, теңге

1

2

3

4

5

6

Жиыны

      Жиыны (жазумен):

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Бюджетке аударуға жататын жиыны

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Осы акт ____ данада жасалды.

      Комиссия мүшелерi:

      _________________ ____________________________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      _________________ ______________ _____________________

      (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)

      ____________________________________________________________________

      (бағалаушы сарапшының қолы және мөрi (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      ______ ж. "___" _________ Иесiнiң қолы _____________________

      Осы актіде көрсетiлген мүлiктi жауапты сақтауға қабылдап алдым. Сақтауға қабылданған мүлiктiң жойылуы, жасырылуы, жоғалуы, ауыстырылуы немесе бүлiнуi үшiн 2014 жылғы 3 шілдедегі Қазақтан Республикасы Қылмыстық кодексінің 425-бабы бойынша қылмыстық және материалдық жауапкершiлiк туралы ескертiлдi.

      ______ ж. "___" _________ _____________(қолы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (ұйымның атауы, ЖСН/БСН, мекенжайы немесе мүлiкті қабылдаған адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса))

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      * Бұл баған егер мүлiкті уәкiлетті органға (жергілікті атқарушы органға) берушi ұйым алдын ала бағалау жүргізген жағдайда толтырылады.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 21 қарашадағы
№ 717 қаулысына
2-қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Бас тарту режимінде мемлекеттің пайдасына тәркіленген және ресімделген этил спирті мен алкоголь өнімін пайдаланудың, қайта

      өңдеудің немесе жоюдың тәртібін бекіту тәртібі" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 8 қыркүйектегі № 1336 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 45, 413-415-құжаттар).

      2. "Қаржы полициясы органдарының қызметкерлері қолдануға құқылы қару-жарақ пен арнайы құралдардың нормалары мен тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 17 ақпандағы № 163 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 4, 56-құжат).

      3. "Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлық қылмысқа қарсы күрес жөнiндегi агенттiгінің (қаржы полициясы) мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 29 қаңтардағы № 100 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 4, 56-құжат).

О внесении изменений и дополнения в некоторые решения Правительства Республики Казахстан и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан

Постановление Правительства Республики Казахстан от 21 ноября 2016 года № 717.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемые изменения и дополнение, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      2. Признать утратившими силу некоторые решения Правительства Республики Казахстан согласно приложению 2 к настоящему постановлению.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр

Республики Казахстан

Б. Сагинтаев

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 21 ноября 2016 года № 717

Изменения и дополнение, которые вносятся
в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833 "Некоторые вопросы учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям" (САПП Республики Казахстан, 2002 г., № 25, ст. 260):

      в Правилах учета, хранения, оценки и дальнейшего использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность государства по отдельным основаниям, утвержденных указанным постановлением:

      подпункт 5) пункта 3 изложить в следующей редакции:

      "5) безвозмездно перешедшего в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, в республиканскую собственность, в том числе товаров и транспортных средств, помещенных под таможенную процедуру отказа в пользу государства.";

      подпункт 5) пункта 4 изложить в следующей редакции:

      "5) безвозмездно перешедшего в порядке, установленном законодательством Республики Казахстан, в коммунальную собственность, в том числе товаров и транспортных средств, помещенных под таможенную процедуру отказа в пользу государства;";

      подпункт 3) пункта 6 изложить в следующей редакции:

      "3) декларации на товары, заявленной в соответствии с таможенной процедурой отказа в пользу государства после завершения таможенного декларирования;";

      часть вторую пункта 8 изложить в следующей редакции:

      "Передача конфискованного имущества, вещественных доказательств, а также товаров, ранее помещенных под таможенную процедуру отказа в пользу государства, уполномоченному органу или местному исполнительному органу осуществляется при участии поставщиков услуг по хранению и транспортировке имущества с составлением уполномоченным органом или местным исполнительным органом акта описи в следующие сроки:

      от судебных исполнителей в сроки, предусмотренные Законом Республики Казахстан от 2 апреля 2010 года "Об исполнительном производстве и статусе судебных исполнителей";

      от органов, изъявших имущество, в течение двух месяцев со дня получения соответствующего судебного акта, вступившего в законную силу;

      от лица, передающего имущество (декларант), в течение двух месяцев со дня регистрации таможенной декларации.";

      приложение 1 к указанным Правилам изложить в новой редакции согласно приложению 1 к настоящему постановлению.

      2. Утратил силу постановлением Правительства РК 14.09.2023 № 799 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 29 августа 2014 года № 959 "О некоторых вопросах реализации Закона Республики Казахстан от 30 июня 2014 года "Об амнистии граждан Республики Казахстан, оралманов и лиц, имеющих вид на жительство в Республике Казахстан, в связи с легализацией ими имущества" (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 54, ст. 537):

      в Правилах создания комиссии по проведению легализации имущества, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 2 изложить в следующей редакции:

      "2. Комиссия формируется из должностных лиц местных исполнительных органов, органов государственных доходов, органов архитектуры и градостроительства, уполномоченного органа по земельным отношениям, органов противопожарной службы, санитарно-эпидемиологического надзора и контроля, органов охраны окружающей среды и органов, осуществляющих государственную регистрацию прав на недвижимое имущество, и иных государственных органов и организаций Республики Казахстан.".

      4. Утратил силу постановлением Правительства РК от 07.10.2020 № 643 (вводится в действие с 15.11.2020).

  Приложение 1
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 21 ноября 2016 года № 717
Приложение 1
к Правилам учета, хранения,
оценки и дальнейшего использования
имущества, обращенного (поступившего)
в собственность государства
по отдельным основаниям

      Форма

Акт описи, оценки и приема-передачи имущества

"___" ___________ 20__ г.

(дата составления)

________________________

(место составления акта)

      Комиссия в составе:

      Представителя уполномоченного органа (местного исполнительного органа)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (наименование уполномоченного органа или местного исполнительного

      органа, адрес, ИИН/БИН)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (должность и фамилия, имя, отчество (при его наличии) ответственного работника)

      Судебного исполнителя ______________________________________________

      (наименование органа юстиции, адрес, ИИН/БИН, должность и фамилия,

      имя, отчество (при его наличии) работника)

      Представителя ______________________________________________________

      (фамилия, имя, отчество (при его наличии) лица передающего имущество,

      наименование органа, изъявшего (передающего) имущество, адрес, ИИН/БИН)

      ____________________________________________________________________

      (должность и фамилия, имя, отчество (при его наличии) работника)

      Представителя ______________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (наименование организации, на временном ответственном хранении

      которой находится имущество, адрес, ИИН/БИН)

      ____________________________________________________________________

      (должность и фамилия, имя, отчество (при его наличии) работника)

      Представителя ______________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (наименование организации, принимающей имущество, адрес, ИИН/БИН)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (должность и фамилия, имя, отчество (при его наличии) работника)

      оценщика ___________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (наименование организации, адрес, ИИН/БИН, дата и номер лицензии)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (фамилия, имя, отчество (при его наличии) лица, осуществляющего

      оценку имущества,

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      адрес, ИИН/БИН, дата и номер лицензии)

      на основании Правил учета, хранения, оценки и дальнейшего

      использования имущества, обращенного (поступившего) в собственность

      государства по отдельным основаниям, утвержденных постановлением

      Правительства Республики Казахстан от 26 июля 2002 года № 833,

      произвела опись и прием нижеследующего имущества, принадлежавшего

      владельцу

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (фамилия, имя, отчество (при его наличии) бывшего владельца

      имущества, адрес, ИИН/БИН или наименование организации, адрес, ИИН/БИН)

      конфискованного на основании судебных актов (в том числе вещественные доказательства)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (наименование суда, адрес, ИИН/БИН, номер, дата судебного решения)

      или признанного бесхозяйным

      (наименование организации, адрес, ИИН/БИН или фамилия, имя, отчество

      (при его наличии) лица, адрес, ИИН/БИН, передавшей имущество)

      или имущества, безвозмездно перешедшего в собственность государства

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (наименование организации, адрес, ИИН/БИН или фамилия, имя, отчество

      (при его наличии) лица, адрес, ИИН/БИН, передавшего имущество),

      в том числе товары и транспортные средства, помещенные под таможенную

      процедуру "отказа в пользу государства", согласно таможенной

      декларации, подарки

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (наименование таможенного органа, адрес, ИИН/БИН, дата и номер

      таможенной декларации на товары)

      или признанного перешедшим по праву наследования к государству

      согласно свидетельству нотариуса

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      (фамилия, имя, отчество (при его наличии) нотариуса, адрес, ИИН/БИН,

      номер, дата свидетельства),

      а также иное имущество на основании иных документов, удостоверяющих

      возникновение права собственности государства, стоимость которого

      поступает в доход государства

      ____________________________________________________________________

      (наименование организации, адрес, ИИН/БИН или фамилия, имя, отчество

      (при его наличии) лица, адрес, ИИН/БИН, передавшего имущество)

      ____________________________________________________________________

Опись и оценка имущества

№ п/п

Наименование имущества с подробной характеристикой каждого предмета

Единица измерения

Количество

Предварительная оценка при приеме имущества за единицу, тенге*

Всего сумма, тенге

1

2

3

4

5

6

Итого

      Итого (прописью):

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Итого подлежит перечислению в бюджет

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Настоящий акт составлен в _______ экземплярах.

      Члены комиссии:

      ___________ ________________________________________

      (подпись) (фамилия, имя, отчество (при его наличии))

      ___________ ________________________________________

      (подпись) (фамилия, имя, отчество (при его наличии))

      _____________________________________________________________________

      (подпись и печать (фамилия, имя, отчество (при его наличии)

      эксперта-оценщика)

      "___" ___________ г. Подпись владельца ____________

      Указанное в настоящем акте имущество принял на ответственное хранение. Об уголовной и материальной ответственности по статье 425 Уголовного кодекса Республики Казахстан от 3 июля 2014 года за утрату, сокрытие, пропажу, подмену или порчу принятого на хранение имущества предупрежден

      "___" ___________ г. _________________(подпись)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (наименование организации, ИИН/БИН, адрес или фамилия, имя, отчество

      (при его наличии) лица, принявшего имущество)

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      * Данная графа заполняется в случае, если организация, передающая имущество уполномоченному органу (местному исполнительному органу), производила предварительную оценку.

  Приложение 2
к постановлению Правительства
Республики Казахстан
от 21 ноября 2016 года № 717

Перечень утративших силу некоторых решений
Правительства Республики Казахстан

      1. Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 сентября 1999 года № 1336 "Об утверждении Правил использования, переработки или уничтожения конфискованного и оформленного в режиме отказа в пользу государства этилового спирта и алкогольной продукции" (САПП Республики Казахстан, 1999 г., № 45, ст. 413-415).

      2. Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 февраля 2003 года № 163 "Об утверждении норм и перечня оружия и специальных средств, которые имеют право применять сотрудники органов финансовой полиции" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 4, ст. 56).

      3. Пункт 4 изменений, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 29 января 2004 года № 100 "Вопросы Агентства Республики Казахстан по борьбе с экономической и коррупционной преступностью (финансовая полиция)" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 4, ст. 56).