Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған 2014 жылғы 30 мамырда Минскіде жасалған 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама және 2014 жылғы 21 қарашада Ашхабадта жасалған 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.Сағынтаев
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 720 қаулысымен
бекітілген
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Тауар орын алған елден шыққан деп есептелетін орындалған шарттардың, өндірістік және технологиялық операциялардың тізбесіне (Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауардың шығарылған елін айқындау ережесіне 1-қосымша) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. СЭҚ ТН коды «8415» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8415 |
Ылғалдылығы жеке реттелмейтiн кондиционерлерді қоса алғанда, ауаның температурасы мен ылғалдылығын өзгертуге арналған қозғалтқышы мен приборлары бар желдеткiшпен жабдықталған, ауаны баптауға арналған қондырғылар |
Мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен кез келген позициядағы материалдардан дайындау: |
»;
2. СЭҚ ТН коды «8702-8704» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
8702-8704-тен |
Іштен жану қозғалтқыштары бар жеңіл автомобильдер және моторлы көлік құралдары |
Пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен жасау: |
8702-8704-тен |
Электр жетек немесе гибридті қуат қондырғылары қозғалысқа түсіретін жеңіл автомобильдер және моторлы көлік құралдары |
Пайдаланылатын материалдардың құны түпкілікті өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен жасау: |
8704-тен |
Жүк тасуға арналған моторлы көлік құралдары (форвардер үлгісі) |
Пайдаланылатын материалдардың құны дайын өнім бағасының 50 %-ынан аспауы тиіс, сондай-ақ мынадай технологиялық операцияларды орындау шартымен жасау: |
».
2-бап
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 60 күннен кейін уақытша қолданылады және оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кейіннен орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
2014 жылғы «30» мамырда Минск қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әр мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жолдайды.
Әзербайжан Республикасының |
Ресей Федерациясының |
Армения Республикасының |
Тәжікстан Республикасының |
Беларусь Республикасының |
Түрікменстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |
Өзбекстан Республикасының |
Қырғыз Республикасының |
Украина Үкіметі үшін |
Молдова Республикасының |
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге 2014 жылғы 30 мамырдағы өзгерістер енгізу туралы хаттамаға Әзербайжан Республикасының ескертпесі
2-баптағы «қол қойылған күнінен бастап 60 күннен кейін уақытша қолданылады және» деген сөзді қоспағанда.
Әзербайжан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары Ягуб Эюбов
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға
АРМЕНИЯ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЕСКЕРТПЕСІ
Армения Республикасы 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ол тиісті мемлекетішілік рәсімдерін орындағаны туралы хабардар еткен күннен бастап қана осы Хаттаманың 2-бабына сәйкес күшіне енгенге дейін қолданылатын болады.
Армения Республикасының
Премьер-Министрі ОВИК АБРААМЯН
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2016 жылғы 22 қарашадағы
№ 720 қаулысымен
бекітілген
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы
ХАТТАМА
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге (бұдан әрі – Келісім) қатысушы мемлекеттердің үкіметтері,
төмендегілер туралы келісті:
1-бап
Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын Тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесіне (бұдан әрі – Ереже) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1. Ереженің 1-бөлімі мынадай терминдермен толықтырылсын:
«тауардың шығу тегі туралы құжат – тауардың шығу тегі туралы сертификат немесе тауардың шығу тегі туралы декларация;
тексеруші (верификациялаушы) орган – тауардың шығу тегі туралы құжаттарды беру негізділігін, оларда қамтылған мәліметтердің дұрыстығын бақылауды жүзеге асыруға, сондай-ақ өндірушілердің осы Ережеде көзделген тауарлардың шығарылған елін айқындау өлшемшарттарын орындауын тексеруді жүзеге асыруға Келісімге қатысушы мемлекет уәкілеттік берген мемлекеттік орган.»;
2. Ереженің 5.1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«5.1 Егер:
а) тауар Келісімге қатысушы бір мемлекеттің резиденті мен Келісімге қатысушы басқа мемлекеттің резиденті арасындағы шарт/келісімшарт негізінде Келісімге қатысушы бір мемлекеттің кедендік аумағынан әкетілсе және Келісімге қатысушы басқа мемлекеттің кедендік аумағына әкелінсе. Осы Ереженің 8.5 және 8.6-тармақтарында көрсетілген жағдайларда, мұндай шарт тауар әкетілгеннен кейін жасалуы мүмкін;
б) тауарға меншік құқығы сыртқы сауда шартына/мәмілесіне сәйкес, сондай-ақ Келісімге қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда Келісімге қатысушы мемлекеттің резиденті болып табылатын тұлғаға тиесілі болса;
в) тауарды Келісімге қатысушы мемлекеттің резиденті – жеке тұлға Келісімге қатысушы бір мемлекеттің кедендік аумағынан Келісімге қатысушы басқа мемлекеттің кедендік аумағына (аумағынан) әкетсе (әкелсе);*
г) аумақтары арқылы тауарды жеткізу жүзеге асырылатын елдердің кеден органдары құжат жүзінде растаған, кедендік бақылауда тұрған немесе үшінші елдердің аумағы арқылы кедендік бақылаумен алып өтілетін жағдайларды қоспағанда, Келісімге қатысушы мемлекеттердің аумағынан шығарылмаса. Бұл ретте тауардың сақталуы мен қайта тиелуін қамтамасыз ету жөніндегі операцияларды қоспағанда, тауар өзгеріссіз жағдайда болуға тиіс және оған қандай да бір операциялар жүргізілмеуге тиіс;
д) тауар осы Ережеде белгіленген тауарлардың шығарылған елін айқындау келісімшарттарына сәйкес келсе;**
е) тауарға қатысты осы Ереженің 6.1 немесе 6.2-тармақтарына сәйкес тауардың шығу тегі туралы құжат ұсынылса, тауар Келісімге қатысушы мемлекеттердің кедендік аумақтарында еркін сауда режимін пайдаланады.».
____________________________________________________________________
* «в» тармақшасы егер тауарды жеке тұлға әкеткен (әкелген) жағдайда ғана қолданылады.
** егер осы Ереженің 5.1-тармағының «а»-«д»-тармақшаларымен көзделген шарттардың біреуі орындалмаса, өтінім берушінің (декларанттың) өтініші бойынша уәкілетті орган әкету елінің ұлттық заңнамасына сәйкес жалпы нысандағы (СТ-1 аббревиатурасыз) тауардың шығу тегі туралы сертификаттар береді. Бұл жағдайда тауар Келісімге қатысушы мемлекеттің кедендік аумағында еркін сауда режимін қолдана алмайды.
3. Ереженің 5.2-тармағы алып тасталсын.
4. Қолданыстағы Ереженің 5.3 және 5.4-тармақтары тиісінше 5.2 және 5.3-тармақтары деп саналсын.
5. Ереженің 6.2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«6.2. Еркін сауда режимін ұсыну мақсатында әкелінетін тауардың шығарылған елін растайтын құжат ретінде Келісімге қатысушы мемлекетте шығарылатын және тауарлардың бір партиясында декларацияланатын мұндай тауарлардың жалпы құны 5000 (бес мың) АҚШ долларына балама сомадан аспаса, тауардың шығу тегі туралы декларация берілуі мүмкін.
Тауарлардың жалпы құны АҚШ долларынан өзгеше валютада декларацияланған жағдайда, валюта сомасын АҚШ долларымен қайта есептеу үшін әкелуші елдің ұлттық заңнамасына сәйкес кеден органы кеден декларациясын тіркеген күніндегі валюта бағамы қолданылады.
Тауардың шығарылған елін растайтын құжат ретінде тауардың шығу тегі туралы декларация берілсе және мұндай декларацияда тауардың шығарылған елі туралы мәлімделген мәліметтер анық емес болып табылатынын білдіретін белгілер анықталған жағдайда, әкелуші елдің кеден органының дәлелді талабы бойынша СТ-1 нысанындағы сертификат ұсынылады.
Тауардың шығу тегі туралы құжаттарды тапсыру міндетті болып табылмайтын жағдайлар Келісімге қатысушы мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес айқындалады.
Тауардың шығу тегі туралы декларацияның көшірмесі, сондай-ақ онымен байланысты тауардың шығу тегін растайтын кез келген құжаттар тауардың шығу тегі туралы декларация жасалған күннен бастап экспорттаушыда кемінде 3 жыл сақталады.».
6. 8.1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8.1. СТ-1 нысанындағы сертификат өтініш берушінің (декларанттың) жазбаша өтініші негізінде тауар әкетілгеннен кейін берілуі мүмкін. Бұл жағдайда өтініш беруші (декларант) уәкілетті органға кеденнің тиісті белгісі бар, тауардың нақты әкетілгенін растайтын тауардың ілеспе құжатын қосымша ұсынады3. Электрондық декларациялау кезінде шекараны кесіп өткені туралы кеден органының электрондық хабарламасы ұсынылуы мүмкін. Келісімге қатысушы мемлекеттен тауарды әкету кезінде кедендік декларациялау қолданылмайтын жағдайда, уәкілетті органға осындай Келісімге қатысушы мемлекеттің аумағынан тауардың жөнелтілгенін куәландыратын құжаттар ұсынылады.
Жоғарыда көрсетілген жағдайларда СТ-1 нысанындағы сертификаттың 5-бағанында «Кейіннен берілді» деп көрсетіледі.».
____________________________________________________________________
3 Бұл ретте кедендік орган белгісінің қойылған күні сертификат берілген күннен ертерек болуы керек
2-бап
Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 60 күннен кейін уақытша қолданылады және оған қол қойған Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы үшінші хабарламаны депозитарий алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
Мемлекетішілік рәсімдерді кейіннен орындаған Тараптар үшін осы Хаттама депозитарий тиісті құжаттарды алған күннен бастап 30 күн өткен соң күшіне енеді.
2014 жылғы 21 қарашада Ашхабад қаласында орыс тілінде бір төлнұсқа данада жасалды. Төлнұсқа данасы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетінде сақталады, ол осы Хаттамаға қол қойған әр мемлекетке оның куәландырылған көшірмесін жолдайды.
Әзербайжан Республикасының |
Ресей Федерациясының |
Армения Республикасының |
Тәжікстан Республикасының |
Беларусь Республикасының |
Түрікменстан Республикасының |
Қазақстан Республикасының |
Өзбекстан Республикасының |
Қырғыз Республикасының |
Украина Үкіметі үшін |
Молдова Республикасының |
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге 2014 жылғы 21 қарашадағы өзгерістер енгізу туралы хаттамаға Әзербайжан Республикасының ескертпесі
1. Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесінің ешқандай қағидалары Әзербайжан Республикасының басып алынған аумақтарында (Таулы Карабах өңірі және оған іргелес аудандар) өндірілген тауарлардың жіберуге және Әзербайжан Республикасының басып алынған аумақтарындағы кез келген экономикалық қызмет түрінің Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге қатысушы мемлекеттердің нарықтарына қатысты қолданылмайды.
2. Мыналарды:
1-баптың 1-тармағының екінші абзацындағы «немесе тауардың шығу тегі туралы декларация» деген сөздерді;
1-баптың 1-тармағындағы үшінші абзацты;
1-баптың 5-тармағын;
2-баптағы «қол қойылған күнінен бастап 60 күннен кейін қолданылады және» деген сөздерді қоспағанда.
Әзербайжан Республикасы
Премьер-Министрінің
бірінші орынбасары Ягуб Эюбов
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге 2014 жылғы 21 қарашадағы өзгерістер енгізу туралы хаттамаға Армения Республикасының ескертпесі
Армения Республикасы 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттама ол тиісті мемлекетішілік рәсімдерін орындағаны туралы хабардар еткен күннен бастап қана осы Хаттаманың 2-бабына сәйкес күшіне енгенге дейін қолданылатын болады.
Әзербайжан тарапы 2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы 2014 жылғы 21 қарашадағы хаттамаға ұсынылған ескертпемен Әзербайжан Республикасының Таулы Карабахтың өзін өзі билейтін халқына қатысты этникалық тазартуларды және Таулы Карабах Республикасына қарсы әскери агрессияны тұтату салдары болып табылатын, Таулы Карабах қақтығысының мәнін бұрмалауға тырысып отыр.
Армения Республикасының
Премьер-Министрі ОВИК АБРААМЯН
2009 жылғы 20 қарашадағы Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығында тауарлардың шығарылған елін айқындау ережесі туралы келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттамаға Қазақстан Республикасының ескертпесі
Қазақстан Республикасы үшін Хаттама Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығына қайшы келмейтін бөлігінде уақытша қолданылатын болады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов