Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі іс-қимылды үйлестіру туралы шарттың 9-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Зияткерлік меншік объектілеріне құқықтарды қорғау жөніндегі іс-қимылды үйлестіру туралы шартты іске асыру үшін уәкілетті органдар болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі қабылданған шешім туралы Еуразиялық экономикалық комиссияны хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі Б.Сағынтаев