Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері" туралы 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 және "Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы" 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 24 қарашадағы № 737 қаулысы

      2016 жылғы 4 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1118 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 530-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі туралы ережеде:
      8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құрылымы мен штат санының лимиті шеңберінде ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің комиссары (бұдан әрі – Комиссар) өз қызметін жүзеге асырады.»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің және Комиссардың қызметін қаржыландыру республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.»;
      20-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Комиссар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лауазымға тағайындалады және лауазымнан босатылады.»;
      мынадай мазмұндағы 21-1-тармақпен толықтырылсын:
      «21-1. Комиссардың өкілеттігі:
      1) ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін (бұдан әрі – көрме) ұйымдастыру және өткізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының атынан өкілдік етеді;
      2) өз құзыреті шеңберінде Халықаралық көрмелер бюросымен (бұдан әрі – ХКБ), көрменің шетелдік қатысушыларымен, көрмені дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссиямен, «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ-мен, Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттік органдарымен және ұйымдарымен өзара іс-қимыл жасайды;
      3) ХКБ-ға және көрменің шетелдік қатысушыларына қатысты көрмені дайындау және өткізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының міндеттемелерін үйлестіреді және олардың орындалуын бақылайды;
      4) ХБК-мен және көрменің қатысушыларымен оны дайындау және өткізу, Халықаралық көрмелер туралы конвенцияның орындалуы мәселелері бойынша өзара іс-қимылды жүзеге асырады, ХБК-ні және көрменің қатысушыларын көрмені дайындауға және өткізуге қатысты Қазақстан Республикасының қабылданған нормативтік құқықтық актілері туралы хабардар етеді;
      5) көрмені өткізу үшін құрылатын құрылымдарды тиімді басқару және ұйымдастыру бойынша, сондай-ақ көрмені дайындаудың және оны өткізудің өзге де мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Президентіне, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысына, Қазақстан Республикасының Премьер-Министріне, Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына ұсыныстар енгізеді;
      6) Қазақстан Республикасының Президентін және Премьер-Министрін көрмені дайындау және өткізу мәселелері бойынша Комиссардың қызметі туралы хабардар етеді;
      7) көрмені дайындау және өткізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің мәжілістеріне, Мемлекет басшысына тікелей бағынатын және есеп беретін орталық атқарушы органдардың, мемлекеттік органдардың алқасына, Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысады;
      8) халықаралық қатысушыларды тарту және олардың қатысуы, ЭКСПО-2017 ақпараттық-имидждік ілгерілету және консулдық-визалық мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелерінің және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің құрылымдық бөлімшелерінің қызметін үйлестіреді;
      9) көрмені дайындау және өткізу мәселелері бойынша ХКБ-мен, өзге де халықаралық ұйымдармен және шет мемлекеттермен келіссөздерде және/немесе консультацияларда қазақстандық делегацияны басқарады;
      10) өз құзыреті шегінде ведомствоаралық жұмыс топтарын құрады, бірінші басшылардың орынбасарлары және жауапты хатшылар деңгейінде Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдары мен ұйымдары өкілдерінің қатысуымен кеңестер өткізеді;
      11) көрменің шетелдік қатысушыларымен сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастықты дамытуға жәрдемдеседі;
      12) көрмені дайындау және өткізу мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін әзірлеуге қатысады;
      13) ХКБ-ның Атқарушы комитетінің отырыстарына және Бас ассамблеясының сессияларына қатысады;
      14) көрмені дайындау және өткізу кезеңінде Қазақстан Республикасының туристік саласын дамыту бағдарламалары мен жобаларын ілгерілетуге жәрдемдеседі;
      15) Қазақстан Республикасының Үкіметіне көрмеге қатысу үшін ХКБ-ға мүше елдерді шақыру туралы ұсыныстар енгізеді;
      16) Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарынан, лауазымды адамдарынан және ұйымдарынан өзіне жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін қажетті ақпаратты, құжаттарды және материалдарды сұратады және алады;
      17) көрмені дайындау және өткізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары мен ұйымдарының өкілдерін тыңдайды;
      18) Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің, сондай-ақ Көрмені дайындау және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның тапсырмаларына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асырады.»;
      22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «22. Бірінші басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес Комиссардың және өз орынбасарларының өкілеттіктерін айқындайды.»;
      2) «Мемлекеттік қызметшілерге республикалық және жергілікті бюджеттер қаражаты есебінен қызметтік шетелдік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 6 ақпандағы № 108 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 5, 60-құжат):
      1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің Басшысы, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Төрағасы, Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының төрағасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасарлары, Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының шетелдегі төтенше және өкілетті елшілері, Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенаты Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Төрағасының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқарушысы, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшілері, Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшілері, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының бірінші орынбасары, Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының орынбасары, Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін орталық мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдардың басшылары, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасы Парламентінің палаталары тұрақты комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл, Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі Басшысының орынбасарлары, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары, Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын орталық мемлекеттік органдар басшыларының орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі қызмет бабындағы істер бойынша шетелге жол жүрген кезде көліктік шығыстар шетелдік валютада «Бизнес» сыныпты авиабилеттің құны мөлшерінде өтеледі»;»;
      2-тармақтың 1) тармақшасының төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары үшін, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары, ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің Комиссары, Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік органдары басшыларының орынбасарлары, облыстар және Астана, Алматы қалалары әкімдерінің орынбасарлары, Қазақстан Республикасының Дүниежүзілік сауда ұйымына (ДСҰ) кіруі жөніндегі келіссөздердегі Қазақстан Республикасының арнайы өкілі, Қазақстан Республикасының Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйымымен (ЕҚЫҰ) ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі үшін;».

жартылай люкс сыныптамасы бойынша қонақ үйдің бір орындық нөмірінің құны бойынша

      2. Осы қаулы 2016 жылғы 4 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі және 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           Б. Сағынтаев

О внесении изменений и дополнений в постановления Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1118 "Вопросы Министерства иностранных дел Республики Казахстан" и от 6 февраля 2008 года № 108 "О возмещении государственным служащим расходов на служебные заграничные командировки за счет средств республиканского и местных бюджетов"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 ноября 2016 года № 737

      Вводится в действие с 4 марта 2016 года и действует до 31 декабря 2017 года.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:
      1. Внести в некоторые решения Правительства Республики Казахстан следующие изменения и дополнения:
      1) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1118 «Вопросы Министерства иностранных дел Республики Казахстан» (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 41, ст. 530):
      в Положении о Министерстве иностранных дел Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:
      пункт 8 дополнить частью второй следующего содержания:
      «В рамках структуры и лимита штатной численности Министерства иностранных дел Республики Казахстан осуществляет свою деятельность Комиссар Международной специализированной выставки ЭКСПО-2017 (далее – Комиссар).»;
      пункт 12 изложить в следующей редакции:
      «12. Финансирование деятельности Министерства иностранных дел Республики Казахстан и Комиссара осуществляется из республиканского бюджета.»;
      пункт 20 дополнить частью второй следующего содержания:
      «Комиссар назначается на должность и освобождается от должности в соответствии с законодательством Республики Казахстан.»;
      дополнить пунктом 21-1 следующего содержания:
      «21-1. Полномочия Комиссара:
      1) представляет Республику Казахстан по вопросам организации и проведения Международной специализированной выставки ЭКСПО-2017 (далее – выставка);
      2) взаимодействует в рамках своей компетенции с международным бюро выставок (далее – МБВ), зарубежными участниками выставки, Государственной комиссией по подготовке и проведению выставки, АО «НК Астана ЭКСПО-2017», Министерством иностранных дел Республики Казахстан, а также иными государственными органами и организациями Республики Казахстан;
      3) координирует и контролирует исполнение обязательств Республики Казахстан по вопросам подготовки и проведения выставки по отношению к МБВ и зарубежным участникам выставки;
      4) осуществляет взаимодействие с МБВ и участниками выставки по вопросам ее подготовки и проведения, исполнения Конвенции о международных выставках, информирует МБВ и участников выставки о принятых нормативных правовых актах Республики Казахстан, касающихся подготовки и проведения выставки;
      5) вносит предложения Президенту Республики Казахстан, Руководителю Администрации Президента Республики Казахстан, Премьер-Министру Республики Казахстан, государственным органам Республики Казахстан по эффективному управлению и организации структур, создаваемых для проведения выставки, а также по иным вопросам подготовки и проведения выставки;
      6) информирует Президента и Премьер-Министра Республики Казахстан о деятельности Комиссара по вопросам подготовки и проведения выставки;
      7) участвует в заседаниях Правительства Республики Казахстан, коллегиях центральных исполнительных органов, государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Главе государства, работе консультативно-совещательных органов при Президенте Республики Казахстан по вопросам подготовки и проведения выставки;
      8) координирует деятельность загранучреждений Республики Казахстан и структурных подразделений Министерства иностранных дел Республики Казахстан по привлечению и участию международных участников, информационно-имиджевому продвижению ЭКСПО-2017 и консульско-визовым вопросам;
      9) возглавляет казахстанскую делегацию на переговорах и/или консультациях с МБВ, иными международными организациями и иностранными государствами по вопросам подготовки и проведения выставки;
      10) в пределах своей компетенции создает межведомственные рабочие группы, проводит совещания с участием представителей заинтересованных центральных и местных исполнительных органов и организаций Республики Казахстан на уровне заместителей первых руководителей и ответственных секретарей;
      11) содействует развитию торгово-экономического и инвестиционного сотрудничества с зарубежными участниками выставки;
      12) участвует в разработке нормативных правовых актов Республики Казахстан, касающихся вопросов подготовки и проведения выставки;
      13) участвует в заседаниях Исполнительного комитета и сессиях Генеральной ассамблеи МБВ;
      14) содействует продвижению программ и проектов развития туристской отрасли Республики Казахстан в период подготовки и проведения выставки;
      15) вносит предложения в Правительство Республики Казахстан о приглашении стран-членов МБВ для участия в выставке;
      16) запрашивает и получает от государственных органов, должностных лиц и организаций Республики Казахстан информацию, документы и материалы, необходимые для выполнения возложенных на него задач и функций;
      17) заслушивает представителей государственных органов и организаций Республики Казахстан по вопросам подготовки и проведения выставки;
      18) осуществляет иные функции в соответствии с поручениями Президента и Правительства Республики Казахстан, а также Государственной комиссии по подготовке и проведению выставки.»;
      пункт 22 изложить в следующей редакции:
      «22. Первый руководитель определяет полномочия Комиссара и своих заместителей в соответствии с действующим законодательством.»;
      2) в постановлении Правительства Республики Казахстан от 6 февраля 2008 года № 108 «О возмещении государственным служащим расходов на служебные заграничные командировки за счет средств республиканского и местных бюджетов» (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 5, ст. 60):
      подпункт 2) пункта 1 изложить в следующей редакции:
      «2) при выезде за границу по служебным делам Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан, Председателя Конституционного Совета Республики Казахстан, Председателя Верховного Суда Республики Казахстан, Председателя Центральной избирательной комиссии Республики Казахстан, заместителей Премьер-Министра Республики Казахстан, Секретаря Совета Безопасности, заместителей Руководителя Администрации Президента Республики Казахстан, чрезвычайных и полномочных послов Республики Казахстан за рубежом, Генерального Прокурора Республики Казахстан, Председателя Комитета национальной безопасности Республики Казахстан, заместителей Председателя Сената Парламента Республики Казахстан, заместителей Председателя Мажилиса Парламента Республики Казахстан, Управляющего делами Президента Республики Казахстан, помощников Президента Республики Казахстан, советников Президента Республики Казахстан, первого заместителя Секретаря Совета Безопасности, заместителя Секретаря Совета Безопасности, руководителей центральных государственных органов, непосредственно подчиненных и подотчетных Президенту Республики Казахстан, руководителей центральных исполнительных органов, акимов областей и городов Астаны, Алматы, председателей постоянных комитетов палат Парламента Республики Казахстан, Руководителя Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан, Уполномоченного по правам человека в Республике Казахстан, руководителей структурных подразделений Администрации Президента Республики Казахстан, заместителей Руководителя Канцелярии Премьер-Министра Республики Казахстан, Комиссара Международной специализированной выставки ЭКСПО-2017, заместителей руководителей центральных государственных органов, назначаемых Президентом Республики Казахстан, Специального представителя Республики Казахстан на переговорах по вступлению Республики Казахстан во Всемирную торговую организацию (ВТО), Специального представителя Республики Казахстан по вопросам сотрудничества с организацией по безопасности и сотрудничеству в Европе (ОБСЕ) транспортные расходы в иностранной валюте возмещаются в размере стоимости авиабилета по классу «Бизнес»;»;
      абзац четвертый подпункта 1) пункта 2 изложить в следующей редакции:
      «для депутатов Парламента        по стоимости одноместного
      Республики Казахстан,            гостиничного номера по
      руководителей структурных        классификации – полулюкс
      подразделений Администрации
      Президента Республики Казахстан,
      Комиссара Международной
      специализированной выставки
      ЭКСПО-2017, заместителей руководителей
      центральных государственных
      органов Республики Казахстан,
      заместителей акимов областей,
      городов Астаны и Алматы,
      Специального представителя
      Республики Казахстан на
      переговорах по вступлению
      Республики Казахстан во
      Всемирную торговую организацию
      (ВТО), Специального представителя
      Республики Казахстан по вопросам
      сотрудничества с организацией
      по безопасности и сотрудничеству
      в Европе (ОБСЕ);».
      2. Настоящее постановление вводится в действие с 4 марта 2016 года и действует до 31 декабря 2017 года.

      Премьер-Министр
      Республики Казахстан                    Б. Сагинтаев