Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 20.04.2018 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларын және тәуекел дәрежесінің критерийлерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 наурыздағы № 279 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №22, 359-құжат; 2015 ж., №21, 117-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қайтаруға ұсынылған қосылған құн салығының асып түскен сомасын растау мақсатында тәуекелдерді басқару жүйесін қолдану қағидаларында:
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"14. Мынадай:
ҚҚС-тың асып түсуін қайтарудың оңайлатылған тәртібін қолдануға құқығы бар;
Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін республикалық индустрияландыру картасының шеңберінде құны 150 миллион еселенген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінен кем емес инвестициялық жобаны іске асыратын;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жер қойнауын пайдалануға жасалған келісімшарттың шеңберінде қызметін жүзеге асыратын және қосылған құн салығының асып түсуін қайтару туралы талап қойылған салық кезеңінің алдындағы соңғы 5 жылға есептелген, салық жүктемесінің орташа коэффициенті 20 пайыздан кем емес салық төлеушілер бойынша осы Қағидалар олардың тікелей өнім берушілеріне қатысты ғана қолданылады.
Бұл ретте осы тармақта көрсетілген салық төлеушілер бойынша өлшемшарттарды пайдалана отырып, бағалаудың нәтижелері бойынша алынған балдардың жиынтық қорытындысы нөлге теңеледі.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б.Сағынтаев |