1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес арнайы көлік құралы "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көліктегі ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен республикалық меншіктен "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ақмола облысы Ішкі істер департаменті" мемлекеттік мекемесінің теңгеріміне коммуналдық меншікке берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігімен және Ақмола облысының әкімдігімен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қосымшада көрсетілген арнайы көлік құралын қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы № 811 қаулысына қосымша |
Коммуналдық меншікке берілетін арнайы көлік құралының атауы
Р/с № | Арнайы көлік құралының атауы | Шығарылған жылы | Шанақ (рама) нөмірі | Қозғалтқыш нөмірі | Бөлімше атауы | Облыстың, қаланың атауы |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 |
1. | КАМАЗ автомобилі базасындағы мобильді байланыс кешені, маркасы 43118-3078-46 | 2015 | ХТС431184F2458419 | F 2775525 | Ақмола облысының Ішкі істер департаменті | Ақмола облысы |