"Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 4-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының аумағындағы әуежайларға, порттарға, теміржол вокзалдарына, теміржол стансаларына, метрополитен стансаларына, автовокзалдарға, автостансаларға, физикалық-географиялық және мемлекет меншігіндегі басқа да объектілерге атау беру, сондай-ақ оларды қайта атау, олардың атауларының транскрипциясын нақтылау мен өзгерту және мемлекеттік заңды тұлғаларға, мемлекет қатысатын заңды тұлғаларға жеке адамдардың есімін беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 5 наурыздағы № 281 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мынадай білім беру және мәдениет ұйымдарына:
1) "№ 7 мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесіне – Нәсіпқали Марабаевтың есімі;
2) Маңғыстау облысы білім басқармасының "Маңғыстау гуманитарлық колледжі" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнына – Мұрын жырау Сеңгірбекұлының есімі;
3) "Мектепке дейінгі шағын орталығы мен гимназия сыныптары бар
№ 22 жалпы білім беру орта мектебі" мемлекеттік мекемесіне – Серікбол Қондыбайдың есімі;
4) "№ 1 жалпы білім беретін мектеп-лицей" мемлекеттік мекемесіне –Ғұбайдолла Айдаровтың есімі;
5) Маңғыстау облысы мәдениет басқармасының "Маңғыстау облыстық әмбебап кітапханасы" мемлекеттік мекемесіне – Қабиболла Сыдиықовтың есімі;
6) "№ 8 жалпы білім беру орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесіне – Исатай Сүйеубаевтың есімі берілсін.
2. "Ұштаған орта мектебі" мемлекеттік мекемесі – "Асқар Өтепбергенов атындағы орта мектеп" мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |