РҚАО-ның ескертпесі!
2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "2016 – 2018 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 желтоқсандағы № 972 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 42-қосымшада:
реттік нөмірлері 47, 48-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"
47 |
Қазақстан Республикасының Алматы қаласында Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының медициналық-санитариялық алғашқы көмек жөніндегі географиялық жағынан қашық орналасқан офисінің қызметін қамтамасыз ету |
Медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша географиялық жағынан қашық орналасқан офис қызметінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, атап айтқанда Еуропалық Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымына мүше мемлекеттерге жоспарлауда, өңірлік тәжірибені жүйелеуде консультациялық-техникалық қолдау және жағдай жасау және мүше мемлекеттер арасында медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша білімді таратуға жәрдемдесу; әлеуметтік жауапкершілік қағидаттарын және тиімділікті сақтай отырып, медициналық қызметтерді көрсету саласында өңірлік және жаһандық деңгейде қабылданған міндеттемелерді орындау кезінде Географиялық жағынан қашық орналасқан офисті қолдауды қамтамасыз ету. Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының талабына сәйкес үй-жай; құрал-жабдықтарды және тағы басқаларды ұсыну; Қазақстанда Географиялық жағынан қашық орналасқан офистің жұмысы бойынша жағдайлар жасау |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі |
"С.Ж. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті" ШЖҚ РМК |
001 "Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" 105 "Денсаулық сақтау жүйесін реформалауды қолдау" |
20 989 |
48 |
Денсаулық сақтау саласын реформалауды әдіснамалық қолдау |
Халықаралық озық тәжірибе негізінде денсаулық сақтау саласын реформалауды әдіснамалық қолдау. Қаржыландыру, тарифтерді белгілеу, әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу, ұлттық дәрілік саясат, клиникалық тәжірибе, денсаулық сақтау саласын стандарттау, денсаулық сақтау менеджменті, адами ресурстарды басқару, электрондық денсаулық сақтауды стандарттау, медициналық және фармацевтикалық білім беру, медициналық қызметтердің сапасын реттеу, денсаулық сақтау жобаларын басқару мәселелері бойынша жобаларды іске асыру. Денсаулық сақтау саласындағы инвестициялық саясат бойынша; медициналық ұйымдарды аккредиттеу бойынша; денсаулық сақтау саласындағы ғылымды, инновациялық қызметті және сараптамаларды дамыту бойынша іс-шараларды орындау |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі |
"Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығы" ШЖҚ РМК |
001 "Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру" 105 "Денсаулық сақтау жүйесін реформалауды қолдау" |
940 058 |
";
реттік нөмірі 52-жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
52 |
АИТВ-инфекциясы мен ЖИТС-тің профилактикасын, диагностика сын және емдеуді ұйымдастыру |
Қазақстан Республикасындағы АИТВ-инфекциясының жағдайлары мен таралуын эпидемиология лық қадағалау, эпидемиология лық ахуалды бағалау және талдау. АИТВ-инфекциясының профилактикасы, диагностикасы және емдеу мәселелері жөніндегі ЖИТС орталықтарының, медициналық, халықаралық және қоғамдық ұйымдардың жұмыстарын үйлестіру және ұйымдастыру-әдістемелік басқару. АИТВ және ЖИТС-байланысқан инфекцияларын референс зерттеулерді орындау |
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі |
"ЖИТС-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі республикалық орталық" ШЖҚ РМК |
053 "Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің шеңберінде қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, халықты медициналық көмекпен қамтамасыз ету және инфрақұрылымды дамыту" 102 "Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі шеңберінде қаржыландырылатын бағыттарды қоспағанда, мамандандырылған медициналық көмек көрсету" |
244 897 |
".
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
Б. Сағынтаев |