"Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 28 желтоқсандағы № 866 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 10 тамыздағы № 669 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 10.08.2023 № 669 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарын және педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 қаңтардағы № 77 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 3, 40-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттарында:

      "Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдар қызметкерлерінің үлгі штаттары" деген 5-бөлімде:

      ескертпелер мынадай мазмұндағы 8-тармақпен толықтырылсын:

      "8. Жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған ұйымдарда штат санының лимиті шеңберінде ұйым басшылары қажет болған жағдайда лауазымдардың штат бірліктерін ауыстыруды жүзеге асыра алады.";

      "Барлық білім беру ұйымдарына ортақ жекелеген лауазымдар бойынша білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгі штаттары" деген 8-бөлім:

      мынадай мазмұндағы 33-тармақпен толықтырылсын:

      "33. Білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар орта білім беру ұйымдарында білім беру объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес тамақтандыруды ұйымдастыруға қажетті жағдайлар болған кезде конкурс қорытындысы бойынша көрсетілетін қызмет берушілер болмаған жағдайда жергілікті бюджет есебінен ас әзірлейтін бөліктердің қызметкерлерін аспазшылар, асхана қызметкерлері, қоймашы) енгізуге жол беріледі.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.


Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

Б. Сағынтаев


О внесении дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2008 года № 77 "Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования и перечня должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2016 года № 866. Утратило силу постановлением Правительства Республики Казахстан от 10 августа 2023 года № 669.

      Сноска. Утратило силу постановлением Правительства РК от 10.08.2023 № 669 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 января 2008 года № 77 "Об утверждении Типовых штатов работников государственных организаций образования и перечня должностей педагогических работников и приравненных к ним лиц" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 3, ст. 40) следующие дополнения:

      в Типовых штатах работников государственных организаций образования, утвержденных указанным постановлением:

      в разделе 5 "Типовые штаты работников организаций для детей-сирот, для детей, оставшихся без попечения родителей":

      примечание дополнить пунктом 8 следующего содержания:

      "8. В организациях для детей-сирот, для детей, оставшихся без попечения родителей, в рамках лимитов штатной численности руководители организаций при необходимости могут осуществлять замену штатных единиц должностей.";

      раздел 8 "Типовые штаты работников организаций образования по отдельным должностям, общие для всех организаций образования":

      дополнить пунктом 33 следующего содержания:

      "33. В организациях среднего образования с малым контингентом обучающихся, совмещенными класс-комплектами и со специфической формой организации учебных занятий при наличии необходимых условий к организации питания в соответствии с санитарно-эпидемиологическими требованиями к объектам образования, в случае отсутствия потенциального поставщика услуги по итогам конкурса, допускается введение работников пищеблоков (поваров, кухонных работников, кладовщиков) за счет средств местных бюджетов.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования.

Премьер-Министр


Республики Казахстан

Б. Сагинтаев