2002 жылғы 7 қазанда Кишиневте жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң кәмелетке толмағандарды олардың тұрақты тұратын мемлекеттерiне қайтару мәселелерiндегі ынтымақтастығы туралы келiсiмнiң (бұдан әрі – Келісім) 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Келiсiмнiң ережелерiн iске асыруға жауапты Қазақстан Республикасының құзыреттi органы болып айқындалсын.
2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы комитетін қабылданған шешім туралы хабардар етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |