"Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 977 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 26 қаңтардағы № 19 қаулысы.


      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларын, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі № 977 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 54, 765 -құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерін ашу (жабу), олардың жұмыс істеуі (пайдаланылуы), оларды санаттарға бөлу, жіктеу, жайластыру қағидаларда, сондай-ақ техникалық жарақтандыру және жұмысын ұйымдастыру жөніндегі талаптарда:

      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "6. Шектес мемлекетпен өткізу пунктін орнату мәселесін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі келіседі, одан кейін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі белгіленген тәртіппен тиісті келісімдердің жобаларын әзірлейді.

      Осы тармақтың талаптары теңіз және әуе (авиациялық) өткізу пункттерін орнату мәселесін қарау кезінде туындайтын құқықтық қатынастарға қолданылмайды.".

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

О внесении изменения в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 сентября 2013 года № 977 "Об утверждении Правил открытия (закрытия), функционирования (эксплуатации), категорирования, классификации, обустройства, а также требований по техническому оснащению и организации работы пунктов пропуска через Государственную границу Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 26 января 2017 года № 19

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 17 сентября 2013 года № 977 "Об утверждении Правил открытия (закрытия), функционирования (эксплуатации), категорирования, классификации, обустройства, а также требований по техническому оснащению и организации работы пунктов пропуска через Государственную границу Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 54, ст. 765) следующее изменение:

      в Правилах открытия (закрытия), функционирования (эксплуатации), категорирования, классификации, обустройства, а также требованиях по техническому оснащению и организации работы пунктов пропуска через Государственную границу Республики Казахстан, утвержденных указанным постановлением:

      пункт 6 изложить в следующей редакции:

      "6. Вопрос установления пункта пропуска с сопредельным государством согласовывается Министерством иностранных дел Республики Казахстан, после чего Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан разрабатывает в установленном порядке проекты соответствующих соглашений.

      Требования настоящего пункта не распространяются на правоотношения, возникающие при рассмотрении вопроса установления морских и воздушных (авиационных) пунктов пропуска.".

      2. Настоящее постановление вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев