Сот сараптамасының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 3 ақпандағы № 34 қаулысы.


      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны оған "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесін қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот медицинасы орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – кәсіпорын) болып қайта аталсын.

      3. Мыналар:

      1) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі кәсіпорынға қатысты тиісті саланың уәкілетті органы болып;

      2) арнаулы ғылыми білім құралдарымен қылмыстық, азаматтық істер және әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша сот сараптамасын жүргізу, сондай-ақ сот сараптамасы мәселелері бойынша ғылыми-зерттеу қызметін жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы болып айқындалсын.

      4. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге ұсынуды;

      2) әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін;

      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  ҚазақстанРеспубликасы
  Үкіметінің 
  2017 жылғы 3 ақпандағы
  № 34 қаулысымен
  бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар


      1."Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:

      Министрліктің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тізбесінде "Министрлік" деген бөлімдегі 2-тармақ алып тасталсын;

      Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:

      1) 17-тармақ алып тасталсын;

      2) мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:

      "5. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны".

      2. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:

      "11" бағанда:

      "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде" деген жолдағы "3577" деген сандар "2968" деген сандармен ауыстырылсын;

      "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде" деген жолдағы "710" деген сандар "101" деген сандармен ауыстырылсын;

      реттік нөмірі 1) жол алып тасталсын.

      3. "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 87-88, 631-құжат):

      көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:

      реттік нөмірі 2-жолдың 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

11)

Патологоанатомиялық бюрода (бөлімдерде, бөлімшелерде) жұмыс істегені үшін


БЛА-дан 60 %


      ";

      реттік нөмірі 3-жолдың 5) тармақшасы алып тасталсын;

      реттік нөмірі 5-жолдың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

5)

Патологоанатомиялық бюролардың (бөлімшелердің) қызметкерлері: патологоанатом, оның ішінде балалар патологоанатомы


БЛА-дан
150 %
 

Мәйіттерді тікелей сараптаумен және мәйіт материалдарымен айналысатын мамандарға.
Мәйіттерді тікелей ашумен айналысатын мамандарға

      ";

      көрсетілген қаулыға 14-қосымшада:

      14-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Сот сараптамалары орталығының қызметкерлеріне еңбек жағдайлары үшін қосымша ақылар";

      реттік нөмірі 1-жолдың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1)

Мәйіт материалдарымен, зиянды (улы) химиялық заттармен, дыбыс шығарушы аппаратпен, психикалық науқастармен, ультракүлгін сәуле көздері бар микроскоптармен, кернеулігі 30 кВт асатын электрондық микроскоптармен, сот-медициналық сараптамасын қоспағанда, сот сараптамаларын жүргізу кезінде дербес электрондық есептеу машиналарымен жұмыс істегені үшін


Бейіні бойынша жұмыс өтіліне байланысты:
2 жылға дейін – БЛА-дан 50 %;
3 жылдан
5 жылға дейін – БЛА-дан 75%;
5 жылдан астам – БЛА-дан 100%


      ";

      реттік нөмірі 1-жолдың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

2)

Сот-медициналық сараптаманы қоспағанда,
сот сараптамасын жүргізгені үшін


жүргізілетін сараптамалардың күрделілігіне қарай БЛА-дан 100 %-ға дейін

Кәсіпорын басшысы белгілеген тәртіппен

      ";

      реттік нөмірі 1-жол мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:

      "

3)

Сот медицина бөлімшелеріндегі жұмысы үшін


БЛА-дан
60 %


      ";

      реттік нөмірі 2-жолдың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1)

сот медициналық сарапшыларын қоспағанда, сот сараптамаларының әр түрін жүргізу бойынша біліктілік куәлігі бар сарапшыларға
 


сараптаманың
2 түрі – БЛА-дан 50 %;
сараптаманың
3-тен 5 түріне дейін – БЛА-дан 75 %;
5 түрден астам – БЛА-дан 100 %


      ";

      реттік нөмірі 2-жол мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:

      "

4)

Сот-психиатриялық сараптама бөлімдерінде (күзетпен ұсталатын адамдарға арналған) жұмыс істегені үшін


БЛА-дан 60%


      ";

      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 4-жолмен толықтырылсын:

      "

4.


Психоэмоциялық және дене жүктемесі үшін қосымша ақы


Қызметкерлердің лауазымдары мен мамандықтарының нақты тізбесі және олардың психоэмоциялық және дене жүктемесін айқындайтын өлшемдері осы қаулыға 
21-қосымшаға сәйкес белгіленеді


Сот сараптамалары орталығының қызметкерлері:
сот-медициналық сарапшы


 
БЛА-дан 150 %

Мәйіттерді тікелей сараптау мен және мәйіт материалдары мен айналысатын мамандарға.
Мәйіттерді тікелей ашумен айналысатын мамандарға.

      ".

О некоторых вопросах судебной экспертизы

Постановление Правительства Республики Казахстан от 3 февраля 2017 года № 34.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Реорганизовать республиканское государственное казенное предприятие "Центр судебной медицины Министерства юстиции Республики Казахстан" путем присоединения к нему государственного учреждения "Центр судебной экспертизы Министерства юстиции Республики Казахстан".

      2. Переименовать республиканское государственное казенное предприятие "Центр судебной медицины Министерства юстиции Республики Казахстан" в республиканское государственное казенное предприятие "Центр судебных экспертиз Министерства юстиции Республики Казахстан" (далее - предприятие).

      3. Определить:

      1) Министерство юстиции Республики Казахстан уполномоченным органом соответствующей отрасли в отношении предприятия;

      2) основными предметами деятельности предприятия производство судебной экспертизы по уголовным, гражданским делам и делам об административных правонарушениях средствами специальных научных знаний, а также осуществление научно-исследовательской деятельности по вопросам судебной экспертизы.

      4. Министерству юстиции Республики Казахстан в установленном законодательством порядке обеспечить:

      1) представление на утверждение в Комитет государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан устава предприятия;

      2) государственную регистрацию предприятия в органах юстиции;

      3) принятие иных мер, вытекающих из настоящего постановления.

      5. Утвердить прилагаемые изменения и дополнения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      6. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.


Премьер-Министр


Республики Казахстан

Б. Сагинтаев



  Утверждены
  постановлением Правительства
  Республики Казахстан
  от 3 февраля 2017 года № 34

Изменения и дополнения, которые вносятся
в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 28 октября 2004 года № 1120 "Вопросы Министерства юстиции Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2004 г., № 41, ст.532):

      в Положении о Министерстве юстиции Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в перечне государственных учреждений, находящихся в ведении Министерства, пункт 2 раздела "Министерство" исключить;

      в перечне организаций, находящихся в ведении Министерства:

      1) пункт 17 исключить;

      2) дополнить пунктом 5 следующего содержания:

      "5. Республиканское государственное казенное предприятие "Центр судебных экспертиз Министерства юстиции Республики Казахстан".

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 15 апреля 2008 года № 339 "Об утверждении лимитов штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений":

      в лимитах штатной численности министерств и иных центральных исполнительных органов с учетом численности их территориальных органов и подведомственных им государственных учреждений, утвержденных указанным постановлением:

      в графе "11":

      в строке "Министерство юстиции Республики Казахстан с учетом территориальных органов и подведомственных ему государственных учреждений, в том числе" цифры "3577" заменить цифрами "2968";

      в строке "государственные учреждения, подведомственные Министерству юстиции Республики Казахстан, в том числе" цифры "710" заменить цифрами "101";

      строку, порядковый номер 1), исключить.

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 31 декабря 2015 года № 1193 "О системе оплаты труда гражданских служащих, работников организаций, содержащихся за счет средств государственного бюджета, работников казенных предприятий" (САПП Республики Казахстан, 2015 г., № 87-88, ст.631):

      в приложении 5 к указанному постановлению:

      подпункт 11) строки, порядковый номер 2, изложить в следующей редакции:

      "

11)


За работу в патологоанатомических бюро (отделениях, подразделениях)



60 % от БДО 




      ";

      подпункт 5) строки, порядковый номер 3, исключить.

      подпункт 5) строки, порядковый номер 5, изложить в следующей редакции:

      "

5)


Работники патологоанатомических бюро (отделений):

патологоанатом, в том числе детский



150 % от БДО


Специалистам, занимающимся непосредственно экспертизой трупов и трупными материалами. Специалистам, занимающимся непосредственно вскрытием трупов



      ";

      в приложении 14 к указанному постановлению:

      наименование приложения 14 изложить в следующей редакции:

      "Доплаты за условия труда работникам Центра судебных экспертиз";

      подпункт 1) строки, порядковый номер 1, изложить в следующей редакции:

      "

1)


За работу с трупными материалами, вредными (токсичными) химическими веществами, со звукопроводящей аппаратурой, психическими больными, микроскопами, имеющими ультрафиолетовые источники света, электронными микроскопами напряжением свыше 30 кВт, на персональных электронных вычислительных машинах при производстве судебных экспертиз, за исключением судебно-медицинских экспертиз 



В зависимости от стажа работы по профилю:

до 2 лет - 50 % от БДО

с 3 до 5 лет -75 % от БДО

свыше 5 лет - 100 % от БДО 




      ";

      подпункт 2) строки, порядковый номер 1, изложить в следующей редакции:

      "

2)


За проведение судебной экспертизы, за исключением судебно-медицинской



до 100 % от БДО, исходя из сложности проводимых экспертиз


В порядке, установленном руководителем предприятия



      ";

      строку, порядковый номер 1, дополнить подпунктом 3) следующего содержания:

      "

3)


За работу в подразделениях судебной медицины



60 % от БДО




      ";

      подпункт 1) строки, порядковый номер 2, изложить в следующей редакции:

      "

1)


Экспертам, за исключением судебно-медицинских экспертов, имеющим квалификационные свидетельства по проведению разных видов судебных экспертиз 



2 вида экспертиз - 50 % от БДО;

от 3 до 5 видов экспертиз - 75 % от БДО;

свыше 5 видов - 100 % от БДО 




      ";

      строку, порядковый номер 2, дополнить подпунктом 4) следующего содержания:

      "

4)


За работу в отделениях судебно-психиатрической экспертизы (для лиц, содержащихся под стражей) 



60 % от БДО 




      ";

      дополнить строкой, порядковый номер 4, следующего содержания:

      "

4.



Доплата за психоэмоциональные и физические нагрузки



Конкретный перечень должностей и специальностей работников и критерии, определяющие психоэмоциональные и физические нагрузки, устанавливаются согласно приложению 21 к постановлению



Работники центра судебных экспертиз:

судебно-медицинский эксперт



150 % от БДО


Специалистам, занимающимся непосредственно экспертизой трупов и трупными материалами. Специалистам, занимающимся непосредственно вскрытием трупов



      ".