Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.08.2022 № 581 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 40, 522-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 010000, Астана қаласы, Есіл өзенінің сол жағалауы, Мәңгілік Ел көшесі, № 8 үй.";
орталық аппараттың функцияларында:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 146) жолмен толықтырылсын:
"146) бірыңғай ұлттық тестілеуді ұйымдастыру және өткізу;";
ведомстволардың функцияларында:
реттік нөмірі 14-жол алып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
реттік нөмірлері 5,14 және 50-жолдар алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірлері 57 және 58-жолдармен толықтырылсын:
"57. "Ұлттық тестілеу орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны;
58. "Оқулық" республикалық ғылыми-практикалық орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны";
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
реттік нөмірлері 1 және 2-жолдар алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |