Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 27.12.2018 № 895 қаулысымен.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 26, 363-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 6 сәуірдегі № 174 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 111 қаулысымен бекітілген |
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидалары (бұдан әрі – Үлгілік қағидалар) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 25) тармақшасына сәйкес әзірленген.
2. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі, жоғары (жоғары кәсіптік) білімі бар адамдар қабылданады.
3. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші адамдарды қабылдау мемлекеттік білім беру тапсырысын (білім беру грантын) орналастыру, сондай-ақ азаматтардың өз қаражаты мен басқа да көздер есебінен оқуға ақы төлеуі арқылы жүзеге асырылады.
Әскери, арнаулы оқу орындарында алынатын білімді қоспағанда, Қазақстан Республикасының азаматтарына, егер Қазақстан Республикасының азаматы оны бірінші рет алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқық беріледі.
Әскери, арнаулы оқу орындарын қоспағанда, Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдарға, егер олар осы деңгейдегі білімді бірінші рет алатын болса, мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алуға құқық беріледі.
Шетелдіктердің мемлекеттік білім беру тапсырысына сәйкес конкурстық негізде тегін жоғары білім алу құқығы Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен айқындалады.
4. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші адамдарды қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі – ҰБТ) немесе кешенді тестілеу (бұдан әрі – КТ) нәтижелері бойынша берілген сертификаттағы балдарға сәйкес конкурстық негізде олардың өтініштері бойынша жүзеге асырылады.
Білім беру грантын беру конкурсы "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 4-бабының 5) тармақшасына сәйкес бекітілген Жоғары білім алуға ақы төлеу үшін білім беру грантын беру қағидаларына сәйкес өткізіледі.
5. ҰБТ ағымдағы жылы жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген білім беру ұйымдарының бітірушілері, сондай-ақ қазақ және орыс тілдерінде оқытпайтын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері үшін өткізіледі.
КТ өткен жылдардағы жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік (бастауыш және орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері, халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелде оқыған жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, сондай-ақ оқу орындарын шетелде бітірген адамдар үшін өткізіледі.
6. Осы Үлгілік қағидалардың 43-тармағында белгіленген шекті балды алмаған ҰБТ қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және ҰБТ-ға қатыспаған адамдар үшін ақылы негізде жоғары оқу орнына түсу үшін ҰБТ қайта өткізіледі.
7. Осы Үлгілік қағидалардың 43-тармағында белгіленген шекті балды алмаған КТ қатысушылары, нәтижелері жойылған қатысушылар және КТ-ге қатыспаған адамдар үшін ақылы негізде жоғары оқу орнына түсу үшін КТ қайта өткізіледі.
8. Осы Үлгілік қағидалардың 6 және 7-тармақтарында көзделген ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша осы Үлгілік қағидалардың 43-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар жоғары оқу орындарына күндізгі оқу бөліміне ақылы негізде қабылданады.
Бұл адамдар үшін жоғары оқу орнында білім алудың бірінші академиялық кезеңі аяқталғаннан кейін ҰБТ немесе КТ қайта өткізіледі. Осы ҰБТ немесе КТ-дің қорытындылары бойынша осы Үлгілік қағидалардың 43-тармағында белгіленген шекті балды алмаған адамдар жоғары оқу орнынан шығарылуға тиіс.
9. Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына түсуші адамдарды ақылы негізде оқуға қабылдау ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі (колледж) білімі бар адамдарды жоғары оқу орындарына ақылы негізде жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға қабылдау КТ нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
Ұқсас мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
Жоғары білімі бар адамдарды жоғары оқу орындарына ақылы негізде қысқартылған мерзімге оқуға қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары жүзеге асырады.
10. Шетел азаматтарын мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде бөлінген квота бойынша мемлекетаралық келісімдер негізінде құрылған халықаралық жоғары оқу орындарына қабылдауды жоғары оқу орындары дербес жүзеге асырады.
Шетел азаматтарын ақылы негізде жоғары оқу орындарына қабылдау жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін әңгімелесу нәтижелері бойынша жүзеге асырылады.
11. Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде "Білім туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 8-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін мөлшерде қабылдау квотасы көзделеді.
Ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар үшін Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдау квотасы көзделген, ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын жоғары білім мамандықтарының тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
12. Мемлекеттік құпиялармен жұмыс істеуді талап ететін жоғары білім берудің жекелеген мамандықтары бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқуға қабылдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасына сәйкес ұлттық қауіпсіздік органдарының рұқсаты бар жоғары оқу орындарында жүзеге асырылады.
13. Пилоттарды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарына түсетін адамдардан құжаттарды қабылдау жоғары оқу орындарының орналасқан жері бойынша жүзеге асырылады және "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексінің 8-бабының 12) тармақшасына сәйкес дәрігерлік-ұшқыштық сараптау комиссиясы берген пилоттарды даярлау жөніндегі жоғары оқу орнында оқуға жарамдылық бойынша медициналық қорытындысымен бірге міндетті түрде медициналық куәландыру ұсынылады.
14. ҰБТ немесе КТ тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітетін ҰБТ өткізу пунктерінде немесе базалық жоғары оқу орындарында өткізіледі.
Шығармашылық мамандықтарға, сондай-ақ құқық қорғау және арнаулы органдарға ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарына түсетін адамдарға ҰБТ немесе КТ адамның таңдаған жоғары оқу орны бекітілген базалық жоғары оқу орнында өткізіледі.
15. ҰБТ және КТ өткізу қағидаларын білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
16. ҰБТ немесе КТ-нің бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
17. КТ-нің жалпы бейіндік және бейіндік пәндері көрсетілген мамандықтар тізбесін білім беру саласындағы уәкілетті орган бекітеді.
18. Педагогикалық мамандықтарға, арнаулы немесе шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға оқуға қабылдау арнаулы немесе шығармашылық емтихандар нәтижелерін ескере отырып жүзеге асырылады.
2. Мамандықтар тізбесі және арнаулы немесе шығармашылық емтихандарды өткізу тәртібі
19. Арнаулы немесе шығармашылық емтихандар өткізілетін мамандықтардың тізбесі осы Үлгілік қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
Педагогикалық немесе шығармашылық мамандықтарға түсетін адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжатын (төлнұсқа), 3 x 4 көлеміндегі екі фотосуретін, жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесін, ҰБТ немесе КТ сертификатын (бар болса) тапсырады.
20. Шығармашылық емтихандар оқуға түсушілердің бойындағы қабілеттерді және шығармашылық бағыттағы кәсіптерді меңгеруге тұлғалық алғышарттарды анықтауға бағытталған.
21. Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші адамдар өздері таңдаған жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін шығармашылық емтихандарды тапсырады.
Шығармашылық мамандықтарға түсетін жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері үшін Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы (оқу тілі) бойынша балдар ескеріледі.
Шығармашылық мамандықтарға жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.
22. Оқуға түсушілерден шығармашылық емтихан тапсыру үшін өтініштер қабылдау өздері таңдаған жоғары оқу орындары орналасқан жері бойынша 20 маусым мен 7 шілде аралығында жүзеге асырылады.
Шығармашылық емтихан 8-13 шілде аралығында өткізіледі.
23. Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі білімі туралы құжаттары бар, шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсуші адамдар екі шығармашылық емтихан тапсырады.
Шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар бір шығармашылық емтихан тапсырады.
24. Педагогикалық мамандықтарға түсу кезіндегі арнаулы емтихан оқуға түсушілердің педагогикалық қызметке бейімділігін айқындауға бағытталған.
25. Педагогикалық мамандықтарға түсу үшін оқуға түсушілерден өтініштер қабылдау және арнаулы емтихан өткізу жоғары оқу орындарында 20 маусым мен 18 тамыз аралығында жүзеге асырылады.
26. Педагогикалық мамандықтарға түсуші адамдар жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары өткізетін бір арнаулы емтихан тапсырады.
Педагогикалық мамандықтарға түсуші адамдар үшін Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы (оқу тілі), екі бейіндік пән бойынша балдар ескеріледі.
Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім беру бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар үшін жалпы бейіндік және бейіндік пәндер бойынша балдар ескеріледі.
27. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны осы Үлгілік қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгіленеді.
28. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханды ұйымдастыру және өткізу үшін жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен емтиханды өткізу кезеңіне комиссия құрылады, ол төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады. Комиссия шешімі оның құрамының кемінде үштен екісі отырысқа қатысса заңды деп саналады. Комиссия шешімі емтиханға қатысушылар санының көпшілік даусымен қабылданады. Комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады.
29 Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның кестесін (емтиханды өткізу нысаны, күні, уақыты және өткізілетін орны, консультациялар) қабылдау комиссиясының төрағасы бекітеді және құжаттарды қабылдау басталғанға дейін кешіктірілмей оқуға түсушілердің назарына жеткізіледі.
30. Оқуға түсуші арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан өткізілетін аудиторияға жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткенде жіберіледі.
31. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан басталғанға дейін оқуға түсушілерге емтихан материалдары беріледі және титулдық парақтарды ресімдеу тәртібі түсіндіріледі, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның басталу және аяқталу уақыты, нәтижелерді жариялаудың уақыты мен орны және апелляцияға өтініштер беру рәсімі көрсетіледі.
32. Жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі құжаттары бар оқуға түсушілер үшін шығармашылық емтихандар 40 балдық жүйе бойынша бағаланады.
Жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін шығармашылық емтихан 20 балдық жүйе бойынша бағаланады.
Педагогикалық мамандықтарға түсушілер үшін арнаулы емтихан "өтті" немесе "өтпеді" деген нысанда бағаланады.
33. Шығармашылық емтихан бойынша 15-тен төмен (жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі құжаттары бар адамдар) немесе 5-тен төмен балл алған (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсуші адамдар) немесе емтиханға келмеген адамдарға осы мамандыққа түсу үшін КТ-ге және мемлекеттік білім тапсырысын (білім беру грантын) беру конкурсына қатысуға рұқсат етілмейді.
34. Шығармашылық емтиханды өткізу қорытындылары – бағалау ведомостарымен, арнаулы емтиханды өткізу қорытындылары – рұқсат беру ведомосымен, комиссияның еркін нысандағы хаттамасымен ресімделеді және қабылдау комиссиясының жауапты хатшысына (оның орынбасарына) нәтижелерді жариялау үшін беріледі. Комиссия хаттамасына төраға және комиссияның барлық қатысқан мүшелері қол қояды.
35. Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханның нәтижелері емтихан өткізілетін күні жарияланады.
36. Арнаулы емтиханның нәтижелері бойынша оқуға түсушіге қабылдану орны бойынша жоғары оқу орнына ұсыну үшін ведомостан үзінді беріледі.
37. Емтихандарды өткізу кезеңіне арнаулы және (немесе) шығармашылық емтиханға қойылатын талаптарды сақтау, даулы мәселелерді шешу, тиісті емтихандарды тапсыратын адамдардың құқықтарын қорғау мақсатында әрбір жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен апелляциялық комиссия құрылады, ол төрағасын қосқанда тақ саннан тұрады.
38. Апелляцияға өтінішті апелляциялық комиссия төрағасының атына арнаулы немесе шығармашылық емтиханды тапсырушы адам өзі тапсырады, ол арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13.00-ге дейін қабылданады, апелляциялық комиссия оны бір күн ішінде қарайды.
39. Апелляциялық комиссияның шешімі отырысқа оның құрамының кемінде үштен екісі қатысса, заңды деп есептеледі. Арнаулы немесе шығармашылық емтихан нәтижелерімен келіспеу туралы апелляция бойынша шешім қатысушы комиссия мүшелері санының көпшілік даусымен қабылданады. Апелляциялық комиссия мүшелерінің дауыстары тең болған жағдайда, төрағаның дауысы шешуші болып табылады. Апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және барлық қатысушы комиссия мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
40. Жоғары оқу орындары меншік нысанына қарамастан күнтізбелік бес күн ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға еркін нысанда арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қорытынды есепті, сондай-ақ арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихан қорытындылары туралы бұйрықтардың көшірмелерін ұсынады.
3. Жоғары оқу орындарына қабылдау
41. Студенттерді қабылдауды жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары 10 – 28 тамыз аралығында өткізеді.
Оқуға түсушілер жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына қабылдау туралы өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік), орта білімнен кейінгі немесе жоғары (жоғары кәсіптік) білімі туралы құжатын (төлнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе КТ сертификатын, сондай-ақ білім беру грантын тағайындау туралы куәлікті (бар болса) қоса береді.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары бар, біліктілігін растаған және мамандығы бойынша кемінде бір жыл жұмыс өтілі бар адамдар мынадай құжаттардың бірін:
1) еңбек кітапшасын;
2) жұмыс берушінің қолы қойылған, ұйымның мөрімен (бар болса) расталған қызметтік тізімді (жұмыскердің жұмысы, еңбек қызметі туралы мәліметтер тізбесі);
3) жұмыскердің еңбек қызметі туралы мәліметтерді қамтитын архивтік анықтаманы қосымша береді.
Осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағына сәйкес жоғары оқу орнына қабылдау үшін адамдар жоғары оқу орнының қабылдау комиссиясына өтінішпен бірге жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім туралы құжатын (төлнұсқа), 3х4 көлеміндегі 6 фотосуретін, 086-У нысанындағы медициналық анықтаманы, ҰБТ немесе КТ сертификатын қоса береді.
42. Білім беру грантын тағайындау туралы куәлік алған адамдар куәлікте көрсетілген жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді және жоғары оқу орны ректорының бұйрығымен студенттер қатарына қабылданады.
Шығармашылық мамандықтар бойынша білім беру грантын тағайындау туралы куәлік иегерлері өздері арнаулы (шығармашылық) емтихан тапсырған жоғары оқу орындарына қабылданады.
43. Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, ҰБТ немесе КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, ал "Білім беру", "Ауыл шаруашылығы ғылымдары" және "Ветеринария" мамандықтарының топтары бойынша – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, ал "Жалпы медицина" мамандығы бойынша – кемінде 65 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, математикалық сауаттылық, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр бейіндік пәннен кемінде 15 балл алған жалпы орта (орта жалпы) немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.
Жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілерді қоспағанда, КТ-ден өткен, тестілеу нәтижелері бойынша – кемінде 35 балл, оның ішінде жалпы бейіндік пән бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 13 балл алған жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсетін техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын жүзеге асыратын білім беру ұйымдарының бітірушілері қабылданады.
Ұлттық жоғары оқу орындарына ақылы оқуға шығармашылық дайындықты талап ететін мамандықтарға түсушілер ҰБТ немесе КТ-ден өткен, тестілеу және шығармашылық емтихан нәтижелері бойынша – кемінде 65 балл, ал "Білім беру" мамандықтары тобы бойынша – кемінде 60 балл, басқа жоғары оқу орындарына – кемінде 50 балл, оның ішінде Қазақстан тарихы, оқу сауаттылығы – оқу тілі бойынша – кемінде 5 балл және әр шығармашылық емтиханнан кемінде 15 балл алған жалпы орта (орта жалпы) білім беру ұйымдарының бітірушілері немесе техникалық және кәсіптік (бастауыш немесе орта кәсіптік) орта білімнен кейінгі білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының (жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға түсушілер үшін – кемінде 35 балл, оның ішінде шығармашылық емтихан бойынша – кемінде 5 балл және бейіндік пән бойынша кемінде 13 балл алған) бітірушілері қабылданады.
Осы Үлгілік қағидалардың 8-тармағында көзделген ҰБТ немесе КТ нәтижелері бойынша осы тармақта белгіленген шекті балды жинаған адамдар жоғары оқу орны басшысының атына ақылы негізде жоғары оқу орнына қабылдау туралы өтініш береді.
Өтінішке ҰБТ немесе КТ сертификаты, уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және мөрмен бекітілген транскрипт көшірмесі қоса беріледі.
44. Жоғары оқу орнына қабылдау мамандықтар мен тілдік бөлімдер бойынша жеке жүргізіледі.
Шығармашылық емтихандар белгіленген мамандықтарға қабылдау осы емтихандар бойынша алынған балдар есепке алына отырып жүргізіледі.
Педагогикалық мамандықтарға қабылдау арнаулы емтиханның нәтижелері ескеріле отырып жүргізіледі.
45. Оқуға түсуші екінші деңгейдегі банктер беретін білім беру кредитін ресімдеген жағдайда, ол құжаттарының қаралып жатқандығы туралы банктен тиісті анықтаманы ұсынған кезде жоғары оқу орнының студенттері қатарына қабылданады.
Бұл ретте оған білім беру қызметін көрсету шартында белгіленген және азаматты оқуға қабылдауға дейін төлеуге жататын соманы төлеу мерзімі білім беру кредитін ресімдеу кезеңіне, бірақ банктен анықтама алған кезден бастап төрт аптадан асырылмай ұзартылады.
46. Шет тілінде берілген құжаттардың мемлекеттік немесе орыс тіліндегі нотариалды куәландырылған аудармасы болуы тиіс.
Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар адамдар оқуға қабылданғаннан кейін оқудың бірінші семестрі ішінде заңнамада белгіленген тәртіппен нострификациялау рәсімінен өтеді.
47. Осы Үлгілік қағидалармен регламенттелмеген мәселелерді жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары дербес шешеді.
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 1-қосымша |
Арнаулы немесе шығармашылық емтихан өткізілетін мамандықтар тізбесі
Коды | Мамандықтардың атаулары |
1 | 2 |
Арнаулы емтихан тапсыру талап етілетін мамандықтар | |
5В010100 | Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу |
5В010200 | Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі |
5В010300 | Педагогика және психология |
5В010500 | Дефектология |
5В010900 | Математика |
5В011000 | Физика |
5В011100 | Информатика |
5В011200 | Химия |
5В011300 | Биология |
5В011400 | Тарих |
5В011500 | Құқық және экономика негіздері |
5В011600 | География |
5В011700 | Қазақ тілі мен әдебиеті |
5В011800 | Орыс тілі мен әдебиеті |
5В011900 | Шетел тілі: екі шетел тілі |
5В012000 | Кәсіптік оқыту |
5В012100 | Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті |
5В012200 | Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті |
5В012300 | Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану |
5В012500 | Химия-Биология |
5В012600 | Математика-Физика |
5В012700 | Математика-Информатика |
5В012800 | Физика-Информатика |
5В012900 | География-Тарих |
5В013000 | Тарих-Дінтану |
Шығармашылық емтихан тапсыру талап етілетін мамандықтар | |
1 | 2 |
5В010400 | Бастапқы әскери дайындық |
5В010600 | Музыкалық білім |
1 | 2 |
5В010700 | Бейнелеу өнері және сызу |
5В010800 | Дене шынықтыру және спорт |
5В020600 | Дінтану |
5В021500 | Исламтану |
5В040100 | Музыкатану |
5В040200 | Аспаптық орындаушылық |
5В040300 | Вокалдық өнер |
5В040400 | Дәстүрлі музыка өнері |
5В040500 | Дирижерлеу |
5В040600 | Режиссура |
5В040700 | Актерлік өнер |
5В040800 | Эстрада өнері |
5В040900 | Хореография |
5В041000 | Сценография |
5В041100 | Композиция |
5В041200 | Операторлық өнер |
5В041300 | Кескіндеме |
5В041400 | Графика |
5В041500 | Мүсін |
5В041600 | Өнертану |
5В041700 | Сән өнері |
5В042000 | Сәулет |
5В042100 | Дизайн |
5В042200 | Баспа ісі |
5В042300 | Арт-менеджмент |
5В050400 | Журналистика |
5В051400 | Қоғамдық байланыс |
5В090600 | Мәдени-тынығу жұмысы |
5В140100 | Орындаушылық өнер |
5В140200 | Халық аспаптары |
5В140300 | Ән айту өнері |
Жоғары білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік қағидаларына 2-қосымша |
Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны
Коды | Мамандықтардың атаулары | Арнаулы және (немесе) шығармашылық емтихандарды өткізу нысаны | |||
1 | 2 | 3 | |||
Арнаулы емтихан тапсыру талап етілетін мамандықтар | |||||
5В010100 | Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу | Педагогикалық жағдаятты шешу | |||
5В010200 | Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі | Педагогикалық жағдаятты шешу | |||
5В010300 | Педагогика және психология | Педагогикалық жағдаятты шешу | |||
5В010500 | Дефектология | Педагогикалық жағдаятты шешу | |||
5В010900 | Математика | Педагогикалық жағдаятты шешу | |||
5В011000 | Физика | Педагогикалық жағдаятты шешу | |||
5В011100 | Информатика | Педагогикалық жағдаятты шешу | |||
5В011200 | Химия | Педагогикалық жағдаятты шешу | |||
5В011300 | Биология | Педагогикалық жағдаятты шешу | |||
5В011400 | Тарих | Педагогикалық жағдаятты шешу | |||
5В011500 | Құқық және экономика негіздері | Педагогикалық жағдаятты шешу | |||
5В011600 | География | Педагогикалық жағдаятты шешу | |||
5В011700 | Қазақ тілі мен әдебиеті | Педагогикалық жағдаятты шешу | |||
5В011800 | Орыс тілі мен әдебиеті | Педагогикалық жағдаятты шешу | |||
5В011900 | Шетел тілі: екі шетел тілі | Педагогикалық жағдаятты шешу | |||
5В012000 | Кәсіптік оқыту | Педагогикалық жағдаятты шешу | |||
5В012100 | Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті | Педагогикалық жағдаятты шешу | |||
5В012200 | Орыс тілінде оқытпайтын мектептердегі орыс тілі мен әдебиеті | Педагогикалық жағдаятты шешу | |||
5В012300 | Әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану | Педагогикалық жағдаятты шешу | |||
5В012500 | Химия-Биология | Педагогикалық жағдаятты шешу | |||
1 | 2 | 3 | |||
5В012600 | Математика-Физика | Педагогикалық жағдаятты шешу | |||
5В012700 | Математика-Информатика | Педагогикалық жағдаятты шешу | |||
5В012800 | Физика-Информатика | Педагогикалық жағдаятты шешу | |||
5В012900 | География-Тарих | Педагогикалық жағдаятты шешу | |||
5В013000 | Тарих-Дінтану | Педагогикалық жағдаятты шешу |
Шығармашылық емтихан тапсыру талап етілетін мамандықтар |
1 | 2 | 3 | 4 |
5В010400 | Бастапқы әскери дайындық | Спорт түрлері бойынша нормативтер | Спорт ойындары |
5В010600 | Музыкалық білім | Орындау шеберлігі | Жалпы музыкалық қабілетін көрсету |
5В010700 | Бейнелеу өнері және сызу | Сурет (адам бетінің гипстен жасалған маскасының суреті) | Кескіндеме (натюрморт) |
5В010800 | Дене шынықтыру және спорт | Мамандану бойынша нормативтер | Жалпы дене даярлығы бойынша нормативтер |
5В020600 | Дінтану | Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу | Дін негіздері бойынша ауызша емтихан |
5В021500 | Исламтану | Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу | Ислам негіздері бойынша ауызша емтихан |
5В040100 | Музыкатану | Музыкалық әдебиет бойынша ауызша емтихан. Музыкалық тақырыптарды орындау | Гармония және сольфеджио бойынша ауызша және жазбаша емтихан |
5В040200 | Аспаптық орындаушылық | Соло бағдарламаны орындау | Гармония және сольфеджио бойынша ауызша және жазбаша емтихан |
5В040400 | Дәстүрлі музыка өнері | Соло бағдарламаны орындау |
Гармония және сольфеджио бойынша ауызша және жазбаша емтихан. |
5В040500 | Дирижерлеу | Дирижерлеу. Естіп талдау. Рояльда ойнау. Коллоквиум | Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант |
5В040600 | Режиссура |
Жазбаша жұмыс | Ауызша емтихан немесе көрсетілім |
5В040700 | Актерлік өнер | Актерлік шеберлік, сахна тілі | Би, вокал немесе коллоквиум |
5В040800 | Эстрада өнері | Эстрада вокалы. Аспапшылар үшін бағдарлама орындау | Музыка теориясы бойынша ауызша емтихан, сольфеджио |
5В040900 | Хореография | Орындау шеберлігі | Хореография педагогикасы бойынша ауызша емтихан |
5В041000 | Сценография | Сурет, кескіндеме |
Композиция |
5В041100 | Композиция | Шағын нысанды жанрдағы шығармалардан көрініс. Музыкалық әдебиет бойынша коллоквиум | Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант |
5В041200 | Операторлық өнер | Практикалық жұмыс – павильонда және табиғатта түсіру | "Әлем және қазақ киносының тарихы" бойынша ауызша емтихан |
5В041300 | Кескіндеме | Сурет, кескіндеме | Композиция |
5В041400 | Графика | Сурет, кескіндеме | Композиция |
5В041500 | Мүсін | Сурет, мүсін | Композиция |
5В041600 | Өнертану | Жазбаша жұмыс | Өнертану бойынша ауызша емтихан |
5В041700 | Сән өнері | Сурет, кескіндеме | Композиция |
5В042000 | Сәулет | Сурет | Сызу |
5В042100 | Дизайн | Сурет | Сызу |
5В042200 | Баспа ісі | Еркін тақырыпқа жазбаша эссе | Мәтінді редакциялау |
5В042300 | Арт-менеджмент | Реферат немесе арт-жобаны таныстыру | Коллоквиум |
5В050400 | Журналистика | Шығарма | Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу |
5В051400 | Қоғамдық байланыс | Еркін тақырыпқа жазбаша эссе | Ауызша презентация |
5В090600 | Мәдени-тынығу жұмысы | Орындау шеберлігі | Ұйымдастыру-қойылым жұмысының негіздері |
5В140100 | Орындаушылық өнер | Соло бағдарламаны орындау | Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант |
5В140200 | Халық аспаптары | Соло бағдарламаны орындау | Гармония бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант |
5В140300 | Ән айту өнері | Соло бағдарламаны орындау | Музыканың бастауыш теориясы бойынша ауызша емтихан. Сольфеджио бойынша диктант |
* - жеделдетілген оқу мерзімімен қысқартылған білім бағдарламалары бойынша ұқсас мамандықтарға оқуға түсушілер үшін. |