Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Асқар Ұзақбайұлы Маминге Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түркіменстан Үкіметі арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия туралы келісімге қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қол қоюға өкілеттік берілсін.
Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 18.04.2017 № 209 қаулысымен.3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 10 сәуірдегі № 186 қаулысымен мақұлданған |
|
Жоба |
Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі арасындағы Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссия туралы
КЕЛІСІМ
(2017 жылғы 18 сәуірде күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2017 ж., № 4, 48-құжат)
Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстан Үкіметі
1993 жылғы 19 мамырдағы Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы достық қатынастар және ынтымақтастық туралы шарттың, сондай-ақ 1997 жылғы 27 ақпандағы Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту туралы декларацияның негізгі ережелерін басшылыққа ала отырып,
1999 жылғы 9 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрікменстанның Үкіметі арасындағы Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі бірлескен комиссияны құру туралы келісімнің қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты,
Тараптар мемлекеттерінің арасындағы достық қатынастарды одан әрі нығайту мақсатында,
тең құқықтық, тату көршілік, өзара пайда қағидаттарының және халықаралық құқық нормаларының негізінде екіжақты сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты нығайтуға және дамытуға ұмтыла отырып,
төмендегiлер туралы келісті:
Тараптар Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі бірлескен үкіметаралық комиссияны (бұдан әрі Комиссия деп аталады) құрады.
Осы баптың бірінші абзацында аталған Комиссия Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрікмен үкіметаралық комиссиясының барлық уағдаластықтарының, сондай-ақ құқықтары мен міндеттемелерінің құқықтық мирасқоры болып табылады.
Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрікмен үкіметаралық комиссиясы осы баптың бірінші абзацында аталған Комиссияның құрылған күніне қарай өз қызметін тоқтатады.
Экономикалық ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Түрікмен үкіметаралық комиссиясының барлық отырыстарының хаттамалары бойынша уағдаластықтары өз күшінде қалады.
Комиссияның негізгі міндеттері:
сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі екіжақты құжаттардың жобаларын дайындау мәселелері бойынша Тараптар мемлекеттерінің министрліктері, ведомстволары мен ұйымдарының қызметін үйлестіру;
Тараптар мемлекеттерінің арасындағы сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға ықпал ету;
Комиссия отырыстарында қабылданған шешімдерді қоса алғанда, Қазақстан Республикасы мен Түрікменстан арасында жасалған халықаралық шарттардың және өзге де екіжақты уағдаластықтардың орындалу барысына мониторинг;
екіжақты қатынастарды одан әрі дамыту бойынша Тараптардың ұсыныстар енгізуі;
Тараптар мемлекеттерінің арасында қолайлы инвестициялық ахуал жасау;
сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық бағдарламаларын дайындау және келісу, сондай-ақ оларды жүзеге асыру бойынша келісілген шараларды әзірлеу болып табылады.
Комиссия екі ұлттық бөліктен тұрады: қазақстандық және түрікмен.
Әрбір Тарап өзінің ұлттық заңнамасына сәйкес Комиссияның тиісті ұлттық бөлігінің төрағасын (бұдан әрі – тең төраға), жауапты хатшысын және Комиссия мүшелерін тағайындайды.
Комиссия қажет болған жағдайда, екіжақты ынтымақтастықтың сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени бағыттары бойынша кіші комиссиялар мен жұмыс топтарын (бұдан әрі – жұмыс органдары) құруы мүмкін, олар өз қызметін комиссия басшылығымен жүзеге асырады.
Комиссия отырысы кезекпен Қазақстан Республикасында және Түрікменстанда жыл сайынғы негізде өткізіледі.
Комиссияның кезекті отырысының күн тәртібі Тараптар арасында Комиссияның кезекті отырысына дейін кемінде бір ай бұрын алдын ала келісіледі.
Қажет болған жағдайда, Тараптардың өзара уағдаластықтары бойынша кезектен тыс отырыстар, тең төрағалардың кездесулері мен жұмыс органдарының отырыстары өткізіледі.
Әрбір тарап Комиссия отырысына мамандардың не сарапшылардың қажетті санын тартуы мүмкін.
Комиссия шешімдері Комиссия отырыстарының хаттамаларымен ресімделеді және Тараптар мемлекеттерінің әрқайсысында белгіленген рәсімдерге сәйкес орындалады.
Комиссияның отырыстары және оның құжаттарын дайындау орыс тілінде жүргізіледі.
Комиссия отырыстарының хаттамалары қазақ, түрікмен және орыс тілдерінде ресімделеді.
Комиссия отырыстарын ақпараттық қамтамасыз ету, материалдар мен құжаттар дайындау, отырыстар хаттамаларын ресімдеу, жұмыс органдарының қызметін үйлестіру, қабылданған шешімдердің іске асырылуын бақылау, сондай-ақ Комиссия жұмысын қамтамасыз ету бойынша ұйымдастыру сипатындағы басқа да міндеттер Комиссияның ұлттық бөлігінің жауапты хатшыларына жүктеледі.
Комиссияның жауапты хатшылары өз міндеттерін орындау үшін өзара жұмыс байланысында болады әрі қажет болған жағдайда, Комиссия отырыстарының арасында кездесулер өткізеді.
Комиссия мүшелерінің және делегациялардың Комиссия отырыстарына, тең төрағалардың кездесулеріне, жұмыс органдарының отырыстарына қатысуына байланысты шығыстар жіберуші Тарап қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Комиссия отырыстарын, тең төрағалардың кездесулерін, жұмыс органдарының отырыстарын өткізуге байланысты шығыстар аумағында осы іс-шаралар өткізілетін мемлекет Тарапының қаражаты есебінен қаржыландырылады.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану кезінде туындайтын даулы мәселелер Тараптар арасындағы консультациялар мен келіссөздер жүргізу арқылы шешілетін болады.
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге оның ажырамас бөліктері болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделетін және осы Келісімнің 10-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және бес жыл бойы қолданылатын болады. Егер Тараптардың ешқайсысы екінші Тарапқа кезекті бес жылдық кезеңнің аяқталуына дейін алты ай бұрын оның қолданылуын тоқтату ниеті туралы жазбаша нысанда хабарламаса, бес жылдық мерзім өткен соң ол автоматты түрде келесі бес жылдық кезеңге ұзартылады.
Келісім 201_ жылғы "____" __________, әрқайсысы қазақ, түрікмен және орыс тілдерінде екі төлнұсқа данада жасалды әрі барлық мәтіндер тең түпнұсқалы болып табылады.
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар орыс тіліндегі мәтінге жүгінеді.
Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін |
ТүрікменстанҮкіметі үшін |