"Талдықорған – Қалбатау – Өскемен" республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау" 287-1073 км" жобасы бойынша мемлекеттік кепілдік беру туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 17 сәуірдегі № 204 қаулысы

      2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 215-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қытайдың экспорт-импорт банкіне Мемлекеттік кепілдік туралы келісімді жасасу күніне валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша 796000000 (жеті жүз тоқсан алты миллион) АҚШ долларына дейін баламалы сомада "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының тартылатын қарыз бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде "Талдықорған Қалбатау Өскемен" республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау" 287-1073 км" жобасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

О предоставлении государственной гарантии по проекту "Реконструкция автомобильной дороги республиканского значения "Талдыкорган – Калбатау – Усть-Каменогорск" км 287-1073"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 17 апреля 2017 года № 204

      В соответствии со статьей 215 Бюджетного кодекса Республики Казахстан от 4 декабря 2008 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Министерству финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке предоставить Экспортно-импортному банку Китая государственную гарантию Республики Казахстан по проекту "Реконструкция автомобильной дороги республиканского значения "Талдыкорган Калбатау Усть-Каменогорск" км 287-1073" в качестве обеспечения обязательств акционерного общества "Национальная компания "ҚазАвтоЖол" по привлекаемому займу на сумму, эквивалентную до 796000000 (семьсот девяносто шесть миллионов) долларов США по рыночному курсу обмена валют на день заключения Соглашения о государственной гарантии.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев