Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Астана халықаралық әуежайы" акционерлік қоғамы, оған "Көкшетау авиакомпаниясы" акционерлік қоғамын қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесіп заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері коммуналдық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
"Ақмола облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 68-7-жол алып тасталсын;
"Астана қаласы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 107-6-жол алып тасталсын;
"Қостанай облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 822-15-жол алып тасталсын;
"Солтүстік Қазақстан облысы" деген бөлімде:
реттік нөмірі 979-жол алып тасталсын;
2) көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен қатысу үлестерi республикалық меншiкте қалатын акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестiктердiң тiзбесiнде:
"Астана қаласы" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-180-жолмен толықтырылсын:
"21-180. "Астана халықаралық әуежайы" АҚ";
"Қостанай облысы" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 229-11-жолмен толықтырылсын:
"229-11. "Қостанай халықаралық әуежайы" АҚ";
"Солтүстік Қазақстан облысы" деген бөлім:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 280-7-жолмен толықтырылсын:
"280-7. "Петропавл қ. халықаралық әуежайы" АҚ".
4. "Жекешелендірудің 2016-2020 жылдарға арналған кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 1141 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 77-78-79, 588-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жекешелендіруге жататын республикалық меншіктегі ұйымдардың тізбесінде:
реттік нөмірі 40-жол алып тасталсын.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |