"2007 жылғы 23 қарашадағы Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі № 221 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "2007 жылғы 23 қарашадағы Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

2007 жылғы 23 қарашадағы Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияны іске асыру жөніндегі шаралар туралы

      2007 жылғы 23 қарашада Гаагада жасалған Балаларға алименттерді және отбасын күтіп-бағудың басқа да нысандарын өндіріп алудың халықаралық тәртібі туралы конвенцияға (бұдан әрі - Конвенция) сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. Конвенцияға сәйкес Қазақстан Республикасынан:

      Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі - Орталық орган ретінде;

      мыналар:

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының аппараты) - алименттерді халықаралық өндіріп алуға бағытталған шараларды орындау үшін Қазақстан Республикасы соттарының, шет мемлекеттер соттарының тапсырмалары, жеке тұлғалардың сот шешімдерін тану, шығару, өзгерту мәселелері жөніндегі өтініштері бойынша;

      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі - борышкердің немесе кредитордың кірістері туралы қажетті ақпаратты немесе қажет болған жағдайда, активтерін анықтауды қоса алғанда, қаржылық жағдайы туралы басқа да мәліметтерді алуға жәрдемдесу бойынша Конвенцияның ережелерін орындауға уәкілетті мемлекеттік органдар ретінде белгіленсін.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Халықаралық жеке құқық жөніндегі Гаага Конференциясының Тұрақты Бюросын қабылданған шешім туралы белгіленген тәртіппен хабардар етсін.

      3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Назарбаев

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О мерах по реализации Конвенции о международном порядке взыскания алиментов на детей и других форм содержания семьи от 23 ноября 2007 года"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 24 апреля 2017 года № 221

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О мерах по реализации Конвенции о международном порядке взыскания алиментов на детей и других форм содержания семьи от 23 ноября 2007 года".

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

О мерах по реализации Конвенции о международном порядке взыскания алиментов на детей и других форм содержания семьи от 23 ноября 2007 года

      В соответствии с Конвенцией о международном порядке взыскания алиментов на детей и других форм содержания семьи, совершенной в Гааге 23 ноября 2007 года, (далее - Конвенция) ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1. Определить от Республики Казахстан в соответствии с Конвенцией: Центральным органом - Министерство юстиции Республики Казахстан; государственными органами, уполномоченными на выполнение положений Конвенции:

      по поручениям судов Республики Казахстан, судов иностранных государств, заявлениям физических лиц по вопросам признания, вынесения, изменения судебных решений, для выполнения мер, направленных на международное взыскание алиментов, - Департамент по обеспечению деятельности судов при Верховном Суде Республики Казахстан (аппарат Верховного Суда Республики Казахстан);

      по содействию в получении необходимой информации о доходах или, при необходимости, других сведений о финансовом положении должника или кредитора, включая обнаружение активов, - Министерство финансов Республики Казахстан.

      2. Министерству иностранных дел Республики Казахстан уведомить Постоянное Бюро Гаагской Конференции по международному частному праву о принятом решении в установленном порядке.

      3. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
Республики Казахстан
Н.Назарбаев