2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 215-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қытайдың экспорт-импорт банкіне Мемлекеттік кепілдік туралы келісімді жасасу күніне валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша 434421900 (төрт жүз отыз төрт миллион төрт жүз жиырма бір мың тоғыз жүз) АҚШ долларына дейін баламалы сомада "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының тартылатын қарыз бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде "Қалбатау-Майқапшағай" 906-1321 км" республикалық маңызы бар автомобиль жолын реконструкциялау" жобасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |