Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қару саудасы туралы шартты ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қару саудасы туралы шартты ратификациялау туралы
2013 жылғы 2 сәуірде Нью-Йоркте жасалған Қару саудасы туралы шарт (бұдан әрі - Шарт) оның 13-бабының 2-тармағын түсіндіру туралы мынадай мәлімдемемен ратификациялансын:
"Қазақстан Республикасы Шарттың объектісі мен мақсаттарын тани отырып және Шарттың 28-бабына қарамастан, Шартты қолдану кезінде Шарттың орыс тіліңдегі мәтінінің 13-бабының 2-тармағындағы "қайта бағыттау" деген термин "заңсыз қайта бағыттау" деп түсінілетінін мәлімдейді".
Қазақстан Республикасының Президенті |