Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2017 жылға арналған тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 сәуірдегі № 201 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекеттік кепілдікпен берілетін мемлекеттік емес қарыздардың қаражаты есебінен қаржыландыруға ұсынылатын инвестициялық жобалардың 2017 жылға арналған тізбесі:
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын:
"
6 | Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының су шаруашылығы және гидромелиоративтік жүйелерін реконструкциялау | 60871593 | 2017 –2036 | 53868667 мың теңге, 180,0 млн. АҚШ долларына дейін балама | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитетінің "Қазсушар" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны | Еуропа Қайта Құру және Даму Банкі |
".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |