РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
"Трансферттік баға белгілеу туралы" 2008 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 10-тармағының 3) тармақшасына, сондай-ақ 2001 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Газ саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, 2006 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Орынбор газ өңдеу зауытының базасында шаруашылық қоғамын құрудағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. 2017 жылы қарсы жеткізу арқылы Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газбен қамтамасыз ету үшін 2017 жылы Қазақстан Республикасы/Ресей Федерациясы шекарасы, "Александров Гай" газ өлшеу станциясы DAP шарттарымен Қарашығанақ кен орнының өңделген газын 4900000000 текше метрге дейінгі көлемде экспортқа өткізу кезінде "КазРосГаз" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен "Газпром" жария акционерлік қоғамы уәкілеттік берген ұйым – "GAZPROM Schweiz AG" арасында жасалатын мәміле бойынша газдың бағасы Өзбекстан Республикасы/Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін Өзбекстанда шығарылатын және Ресей Федерациясы/Қазақстан Республикасы шекарасына жеткізілетін Ресейде шығарылатын газға 1000 текше метрі үшін 3660 ресей рублі болып белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігіне жүктелсін.
3. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |