2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 215-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен Қытайдың экспорт-импорт банкіне Мемлекеттік кепілдік туралы келісімді жасасу күніне валюта айырбастаудың нарықтық бағамы бойынша 183948000 (бір жүз сексен үш миллион тоғыз жүз қырық сегіз мың) АҚШ долларына дейін баламалы сомада "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының тартылатын қарыз бойынша міндеттемелерін қамтамасыз ету ретінде "Астана қаласының Оңтүстік-Батыс айналма жолын салу" жобасы бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік кепілдігін берсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |