"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 22 маусымдағы № 385 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамы акцияларының 49% мөлшеріндегі мемлекеттік пакетіне иелік ету және пайдалану құқығы Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендіру комитетiмен бірлесіп, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.

      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Yкiметiнiң
2017 жылғы 22 маусымдағы
№ 385 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 20.04.2022 № 231 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. "Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 9 шілдедегі № 1048 қаулысында:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің құрамында:

      "KAZNEX INVEST" экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)" деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)".

      3. "2017 – 2019 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 6 желтоқсандағы № 775 қаулысында:

      көрсетілген қаулыға 27-қосымшада:

      2017 жылға арналған мемлекеттік тапсырмалардың тізбесінде:

      реттік нөмірі 89-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

89

Халықаралық деңгейдегі мамандарды тарта отырып инвестицияларды тарту тетігін жетілдіру және инвестициялық имиджді ілгерілету жөнінде ұсынымдар әзiрлеу бойынша қызметтер

Табысты мемлекеттік реформаларды іске асыруда практикалық тәжірибесі бар халықаралық компанияны тарту арқылы инвестицияларды тарту тетігін жетілдіру және инвестициялық имиджді ілгерілету
жөнінде ұсынымдар әзiрлеу

Қазақстан Республикасы ның Инвестиция
лар және даму министрлігі

"KAZAKH INVEST" ұлттық компаниясы" АҚ

204 "Инвестиция
ларды тарту үшін жағдайлар жасау"
100 "Қазақстан Республикасына инвестицияларды тартуға
жәрдемдесу"

339 556

      ".

О некоторых вопросах акционерного общества "Национальная компания "KAZAKH INVEST"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 22 июня 2017 года № 385.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Передать права владения и пользования государственным пакетом акций акционерного общества "Национальная компания "KAZAKH INVEST" в размере 49 % Министерству по инвестициям и развитию Республики Казахстан.

      2. Министерству по инвестициям и развитию Республики Казахстан совместно с Комитетом государственного имущества и приватизации Министерства финансов Республики Казахстан в установленном законодательством Республики Казахстан порядке принять иные меры, вытекающие из настоящего постановления.

      3. Утвердить прилагаемые изменения, которые вносятся в некоторые решения Правительства Республики Казахстан.

      4. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Утверждены
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 22 июня 2017 года № 385

Изменения, которые вносятся
в некоторые решения Правительства Республики Казахстан

      1. Утратил силу постановлением Правительства РК от 20.04.2022 № 231 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).

      2. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 9 июля 2009 года № 1048 "Об образовании Координационного совета по форсированному индустриальному развитию Республики Казахстан":

      в составе Координационного совета по форсированному индустриальному развитию Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      строку "председатель правления акционерного общества "Национальное агентство по экспорту и инвестициям "KAZNEX INVEST" (по согласованию)" изложить в следующей редакции:

      "председатель правления акционерного общества "Национальная компания "KAZAKH INVEST" (по согласованию)".

      3. В постановлении Правительства Республики Казахстан от 6 декабря 2016 года № 775 "О реализации Закона Республики Казахстан "О республиканском бюджете на 2017 – 2019 годы":

      в приложении 27 к указанному постановлению:

      в перечне государственных заданий на 2017 год:

      строку, порядковый номер 89, изложить в следующей редакции:

      "

89

Услуги по выработке рекомендаций по совершенствованию механизмов привлечения инвестиций и продвижению инвестиционного имиджа с привлечением специалистов международного уровня

Выработка рекомендаций по совершенствованию механизмов привлечения инвестиций и продвижению инвестиционного имиджа путем привлечения международной компании, обладающей практическим опытом в реализации успешных государственных реформ

Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан

АО "Национальная компания "KAZAKH INVEST"

204 "Создание условий для привлечения инвестиций"
100 "Содействие привлечению инвестиций в Республику Казахстан"

339 556

      ".