Стратегиялық объектіні иеліктен шығару және "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 14 тамыздағы № 482 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесі 1994 жылғы 27 желтоқсанда қабылдаған Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 193-1-бабына сәйкес (Жалпы бөлім) Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "CAMECO CORPORATION" компаниясына "Инкай" бірлескен кәсіпорны" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі қатысу үлесінің 20% "Қазатомөнеркәсіп" ұлттық атом компаниясы" акционерлік қоғамының пайдасына иеліктен шығару бойынша мәміле жасасуға рұқсат етілсін.

      2. "Ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ жеке тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 30 маусымдағы № 651 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 31, 330-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген ұлттық холдингтердің және (немесе) ұлттық компаниялардың не олардың аффилиирленген тұлғаларының, сондай-ақ мемлекет қатысатын өзге де заңды тұлғалардың жарғылық капиталдарына берілген және (немесе) олардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      "Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 10-жол мынадай редакцияда жазылсын:

10.

"Инкай" бірлескен кәсіпорны" ЖШС қатысу үлесінің 60%

      ";

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген мемлекетпен аффилиирленбеген заңды тұлғалардың, сондай-ақ заңды тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің тізбесінде:

      "Меншігінде стратегиялық объектілер бар заңды тұлғалар акцияларының пакеттері (қатысу үлестері, пайлары)" деген бөлімде:

      реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:

      "

18.

"Инкай" бірлескен кәсіпорны" ЖШС қатысу үлесінің 40%

      ".

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Об отчуждении стратегического объекта и внесении изменений в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 651 "Об утверждении перечней стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилиированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилиированных с государством, а также физических лиц"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 14 августа 2017 года № 482.

      В соответствии со статьей 193-1 Гражданского кодекса Республики Казахстан (Общая часть), принятого Верховным Советом Республики Казахстан 27 декабря 1994 года, Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Разрешить компании "CAMECO CORPORATION" совершить сделку по отчуждению 20 % доли участия в товариществе с ограниченной ответственностью "Совместное предприятие "Инкай" в пользу акционерного общества "Национальная атомная компания "Казатомпром".

      2. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 30 июня 2008 года № 651 "Об утверждении перечней стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилиированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства и стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилиированных с государством, а также физических лиц" (САПП Республики Казахстан, 2008 г., № 31, ст. 330) следующие изменения:

      1) в перечне стратегических объектов, переданных в уставный капитал и (или) находящихся в собственности национальных холдингов и (или) национальных компаний либо их аффилиированных лиц, а также иных юридических лиц с участием государства, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "Пакеты акций (доли участия, паи) в юридических лицах, в собственности которых находятся стратегические объекты":

      строку, порядковый номер 10, изложить в следующей редакции:

      "

10.

60 % доли участия ТОО "Совместное предприятие "Инкай"

      ";

      2) в перечне стратегических объектов, находящихся в собственности юридических лиц, не аффилиированных с государством, а также физических лиц, утвержденном указанным постановлением:

      в разделе "Пакеты акций (доли участия, паи) в юридических лицах, в собственности которых находятся стратегические объекты":

      строку, порядковый номер 18, изложить в следующей редакции:

      "

18.

40 % доли участия ТОО "Совместное предприятие "Инкай"

      ".

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев