Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөнінде конкурстық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 маусымдағы № 402 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жыл сайынғы сыртқы аудитін жүргізу үшін тәуелсіз аудиторды таңдау жөніндегі конкурстық комиссияның құрамына:
"Биниязов | – | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті директорының орынбасары, төрағаның орынбасары" енгізілсін; |
көрсетілген құрамнан Амангелді Сағындықұлы Есенов шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |