Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | Б. Сағынтаев |
жоба |
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне бюджет заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының мына заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 21, 93-құжат; 2009 ж., № 23, 112-құжат; № 24, 129-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 7, 29, 32-құжаттар; № 15, 71-құжат; № 24, 146, 149, 150-құжаттар; 2011 ж., № 2, 21, 25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 7, 54-құжат; № 11, 102-құжат; № 13, 115-құжат; № 15, 125-құжат; № 16, 129-құжат; № 20, 151-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 16-құжат; № 3, 21-құжат; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 36, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 94-құжат; № 18-19, 119-құжат; № 23-24, 125-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 5-6, 30-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 10-11, 56-құжат; № 13, 63-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 81, 82-құжаттар; № 16, 83-құжат; № 20, 113-құжат; № 21-22, 114-құжат; 2014 ж., № 1, 6-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 8, 44-құжат; № 11, 63, 69-құжаттар; № 12, 82-құжат; № 14, 84, 86-құжаттар; № 16, 90-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 21, 122-құжат; № 22, 128, 131-құжаттар; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 2, 3-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 15, 78-құжат; № 19-I, 100-құжат, № 19-II, 106-құжат; № 20-IV, 113-құжат; 20-VII, 117-құжат; № 21-I, 121, 124-құжаттар; № 21-II, 130, 132-құжаттар; № 22-I, 140, 143-құжаттар; № 22-II, 144-құжат; № 22-V, 156-құжат; № 22-VI, 159-құжат; № 23-II, 172-құжат; 2016 ж., № 7-II, 53-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 12, 87-құжат; № 22, 116-құжат; № 23, 119-құжат; № 24, 126-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 6, 11-құжат; № 9, 18-құжат; № 10, 23-құжат):
1) мазмұнында:
мынадай мазмұндағы 5-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
"5-1-бап. Бюджет жүйесі саласындағы интегратордың өкілеттіктері";
мынадай мазмұндағы 61-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
"61-1-бап. Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік";
мынадай мазмұндағы 67-1-баптың тақырыбымен толықтырылсын:
"67-1-бап. Азаматтық бюджет";
154-2-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"154-2-бап. Тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар әзірлеу";
155-1-баптың тақырыбы алып тасталсын;
161-баптың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"161-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi тіркеу және олардың мониторингi";
2) 3-бапта:
12-5) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"12-5) бюджеттік процесс саласындағы интегратор – бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген, бюджет процесін автоматтандыруды әдіснамалық қамтамасыз ету жөніндегі функциялар, сондай-ақ осы Кодексте көзделген өзге де функциялар жүктелген заңды тұлға;";
мынадай мазмұндағы 12-6), 17-3), 30-2) және 39-1) тармақшалармен толықтырылсын:
"12-6) бюджет қаражатының игерілмеуі – бюджет қаражатының үнемделуін, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен жергілікті атқарушы органдардың резервтерінің бөлінбеген қалдығын, шартты түрде қаржыландырылатын шығыстарды, Қазақстан Республикасы Үкіметінің борышына қызмет көрсетуге көзделген пайдаланылмаған қаражаттарды, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттерінің қайтарылған сомасын қоспағанда, есепті кезеңнің қорытындылары бойынша қалыптасқан, бюджеттік бағдарлама бойынша төленген міндеттемелердің төлемдері бойынша жиынтық қаржыландыру жоспарынан асып кеткен сома;";
"17-3) қазынашылық сүйемелдеу – құрылыспен байланысты бюджеттік инвестициялық жобаларды іске асыруға бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру, төлемдерді қолма-қол ақшаны бақылау шоттары арқылы жүргізудің барлық кезеңдерінде бюджеттік инвестициялық жобаны іске асыруға барлық қатысушылардың – бас мердігер мен қосалқы мердігердің салықтарды және бюджетке төленетін басқа да төлемдерді төлеудің толықтығын қамтамасыз ету жөніндегі қызмет;";
"30-2) институционалдық жоба – саланы (аяны) институционалдық дамытуға бағытталған, бюджеттік бағдарлама әкімшісі белгілі бір уақыт кезеңі ішінде тікелей іске асыратын, аяқталған сипатқа ие және қарыз туралы шарт жасасу арқылы мемлекеттік қарыз алу есебінен қаржыландырылатын іс-шаралар жиынтығы;";
"39-1) болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік – есептеу әдісі бойынша активтердің, мiндеттемелердің, кірістер мен шығыстардың қозғалысы мен таза нәтижелері бойынша макроэкономикалық көрсеткіштермен байланыстырылған бюджеттік және қаржылық есептілік негізінде қалыптастырылатын ақпарат;";
3) 4-баптың 1) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бірыңғайлық принципі – бюджет жүйесін ұйымдастырудың және оның жұмыс істеуінің бірыңғай принциптерін қолдану, Қазақстан Республикасында бірыңғай бюджет сыныптамасын, бюджет процесінің бірыңғай рәсімдері мен техникалық шешімдерін пайдалану;";
"4) транспаренттілік принципі – мемлекеттік немесе заңмен қорғалатын өзге де құпия болып табылатын мәліметтерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді, бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттерді және олардың атқарылуы туралы есептерді, азаматтық бюджетті, стратегиялық жоспарлар мен олардың іске асырылуы туралы есептерді, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын қалыптастыру және оны пайдалану туралы ақпаратты міндетті түрде жариялау, сондай-ақ қоғам мен бұқаралық ақпарат құралдары үшін бюджет процесінің міндетті түрде ашық болуы;";
4) 5-бапта:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Осы баптың 2-тармағында аталған ережелер кеден мөлшерлемелерінің, салық мөлшерлемелерінің, салық базасы мен салық салу объектілерінің өзгеруін көздейтін нормативтік құқықтық актілерге қолданылмайды.";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Осы баптың 1-3-тармақтарында көрсетілген, республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бюджетінен (шығыстар сметасы) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге салынатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алу және (немесе) бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алу түрінде түсімдерді және республикалық және жергілікті бюджеттерге және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына түсетін болжанбайтын басқа да түсімдерді қысқартуды көздейтін актілер үшін тиісті бюджет комиссиясының қорытындысы болуы талап етілмейді.";
5) мынадай мазмұндағы 5-1-баппен толықтырылсын:
"5-1-бап. Бюджеттік процесс саласындағы интегратордың өкілеттіктері
Бюджеттік процесс саласындағы бірыңғай интегратор:
1) бюджеттік процесс саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға арналған пайдалану құжаттамасын қоспағанда, техникалық құжаттаманы әзірлеуді жүзеге асырады;
2) бюджеттік процесс саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелеріне жүйелік-техникалық қызмет көрсетуді және сүйемелдеуді жүзеге асырады;
3) бюджеттік процесс саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру, дамыту, жүйелік-техникалық қызмет көрсету және сүйемелдеу жөніндегі жобаларды басқаруды жүзеге асырады;
4) бюджеттік процесс саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің субъектілеріне консультациялық көмек көрсетеді;
5) бюджеттік процесс саласындағы мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелері ақпараттық қауіпсіздігінің Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін қамтамасыз етеді.";
6) 14-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"14-бап. Республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті)
1. Республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы (профициті), қарыздарды өтеудi қоспағанда, қарыздар түсімдерін, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан трансферттер түсімдері мен шикі мұнайға салынатын кедендік әкету бажын алып тастағандағы республикалық немесе мемлекеттік бюджетке түсетін түсімдер және республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің шығыстары арасындағы айырмаға тең.
Теріс белгімен алынған шама – республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығы, оң белгімен алынғаны республикалық немесе мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес профициті болып табылады.
2. Республикалық бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицит) мөлшері жалпы ішкі өнімге қатысты ақшалай мәнінде және пайызбен айқындалады және республикалық бюджет туралы заңмен бекітіледі.
Мемлекеттік бюджеттің мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицит) мөлшері бекітілмейді және талдамалық мақсаттарда пайдаланылады.
Бюджет шығыстарының мұнайға қатысты емес түсімдерден тәуелділігін төмендету үшін экономиканың мұнайға қатысты емес секторын нысаналы түрде дамыту есебінен ұзақ мерзімді кезеңде мұнайға қатысты емес тапшылық мөлшері азайтылуға тиіс.";
7) 20-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Тиісінше Қазақстан Республикасы Үкіметінің және (немесе) жергілікті атқарушы органдардың қаулыларында көзделген әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға арналған іс-шараларға төтенше резервтен бөлінетін шығыстарды қаржыландыруды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің негіздейтін құжаттарды беруіне қарай, бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдар жүзеге асыра алады.";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның резервінен бөлінген ақшаның пайдаланылмаған бөлігін уақтылы қайтармағаны үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің немесе жергілікті атқарушы органның қаулысына сәйкес ақша алған бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
8) 32-бапта:
2-тармақта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Стратегиялық жоспарлар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу арқылы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бекітеді.";
мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
"Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу арқылы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бекітеді.
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарымен келісу арқылы бекітілетін аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын қоспағанда, жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі тиісті жергілікті уәкілетті органмен келісу арқылы бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бекітеді.";
3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жоғары тұрған бюджеттен нысаналы трансферттер немесе кредиттер есебінен іс-шараларды іске асыруға бағытталған бюджеттік бағдарламаларды нысаналы трансферттерді немесе кредиттерді аударатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісімен келісу арқылы төмен тұрған бюджеттің бюджеттiк бағдарламаларының әкiмшiлерi және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар бекітеді (қайта бекітеді).
Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін немесе кредиттер беруге бағытталған жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің бюджеттік бағдарламаларында (кіші бағдармаларында) жергілікті бюджеттiк инвестициялардың атаулары мен жоспарлы кезеңге арналған шығыстар көрсетіле отырып, төмен тұрған бюджеттер бойынша жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері немесе кредиттер есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялардың тізбесі көрсетіледі.
Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін немесе кредиттер беруге бағытталған жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің бекітілген (қайтадан бекітілген) бюджеттік бағдарламаларын республикалық немесе облыстық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері олар бекiтiлген (қайта бекітілген) күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың немесе аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдардың назарына жеткізеді.
Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттерін немесе кредиттер беруге бағытталған жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшісінің бекітілген (қайтадан бекітілген) бюджеттік бағдарламаларын аудандық (қалалық) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері олар бекiтiлген (қайта бекітілген) күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының назарына жеткізеді.
4. Республикалық бюджеттік бағдарламалар:
бюджетті нақтылау кезінде олардың қаржыландыру көлемдері мен нәтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және (немесе) осы баптың 2-тармағына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу арқылы;
бюджетті түзету кезінде олардың қаржыландыру көлемдері мен нәтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда, бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу арқылы қайтадан бекітіледі.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалар жергілікті бюджетті нақтылау немесе түзету кезінде олардың қаржыландыру көлемдері мен нәтижелер көрсеткіштері өзгерген жағдайда, осы баптың 2-тармағына сәйкес мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу арқылы қайтадан бекітіледі.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Бюджеттік бағдарламаларға бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің бастамасы бойынша бюджеттік бағдарламаның түпкілікті нәтижесінің жоспарланған көрсеткіштері сақталған жағдайда, бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық қаржыландыру көлемін өзгертпей, мемлекеттік жоспарлау және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келіспей немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органмен келісу арқылы:
қаражат бір бюджеттік бағдарламаның ішінде ағымдағы бюджеттік кіші бағдарламалар арасында қайта бөлінген;
бір бюджеттік бағдарламаның ішінде ағымдағы бюджеттік кіші бағдарламада қалыптасқан үнемдеу даму жөніндегі бюджеттік кіші бағдарламаға қайта бөлінген жағдайларда, өзгерістер енгізіледі.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері өз бастамасы бойынша бюджеттік бағдарламаларға өзгерістер енгізген кезде бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға хабарлау тәртібімен үш жұмыс күні ішінде бюджеттік бағдарламаларға бекітілген өзгерістерді жібереді.";
9) 41-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігіндегі "іске асыруға" деген сөзден кейін "және іске асыруды ұйымдастыруға" деген сөздермен толықтырылсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік тапсырманы жоспарлау:
1) кәсіпкерлік субъектілерінің құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуы тұрғысынан Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының;
2) Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнамаға монополияға қарсы органның сәйкес келуі тұрғысынан оң қорытындылары ескеріле отырып, бюджетті әзірлеу кезінде осы Кодексте белгіленген талаптар сақтала отырып жүзеге асырылады.";
10) 45-бапта:
4-тармақтың бірінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы шешімімен – аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет пен аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер бюджеттері арасында абсолюттік мәнімен жылдар бойынша бөліне отырып, үш жылдық кезеңге белгіленеді.";
4-1 және 4-2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"4.1. Жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңға (облыстық мәслихат шешіміне) немесе аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының аудандық (облыстық маңызы бар қала) бюджет туралы шешіміне тиісті саланың (аяның) орталық немесе жергілікті уәкілетті органдарының ұсынысы бойынша жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын қаржыландырудың ең төмен көлемдері қоса беріледі.
Жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын қаржыландырудың ең төмен көлемдерін мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған деңгейіндегі сала (ая) бойынша уәкілетті органдар айқындайды.
Жергілікті бюджеттен қаржыландырылуының ең төмен көлемдері белгіленетін шығыстар бағыттары олардың басымдылығы мен әлеуметтік маңыздылығы ескеріле отырып айқындалады.
4-2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудардардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын қаржыландырудың ең төмен көлемдерін белгілеген тиісті саланың (аяның) уәкілетті органымен келісу бойынша жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын қаржыландырудың ең төмен көлемдері белгіленген бюджеттік бағдарламалар (кіші бағдарламалар) бойынша қаражатты қайта бөлуге құқылы.
Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленген ең төмен көлемдерден төмен көлемде қаржыландырған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес оған енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, белгіленген соманың өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша тиісті қаржы жылының соңындағы төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының жылдық сомасынан асып кеткен сомасы ағымдағы қаржы жылының 1 наурызынан кешіктірілмей жоғары тұрған бюджетке қайтарылуға жатады.
Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттарын жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихат шешімінде) белгіленген ең төмен көлемдерден төмен көлемде қаржыландырған жағдайда, осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың әкімдері Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
9 және 9-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың кірістері мен шығындарының болжамды көлемдері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын жалпы сипаттағы трансферттердің есеп-қисаптарының әдістемесі негізінде есептеледі.
Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) кірістері мен шығындарының болжамды көлемдерін облыстың жергілікті атқарушы органы айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есептейді.
9-1. Үшжылдық кезеңге жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін белгілеу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттері кірістерінің болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
Үшжылдық кезеңге жалпы сипаттағы трансферттердің көлемін белгілеу үшін аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері кірістерінің болжамын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган айқындайды.";
11) 46-бапта:
5-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Жергілікті бюджеттік инвестицияларды іске асыру үшін нысаналы даму трансферттері бюджеттік бағдарламаларда объектілер бойынша бөліне отырып, төмен тұрған бюджеттерге бір сомамен бөлінеді.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Төмен тұрған бюджеттерге нысаналы даму трансферттері алдыңғы қаржы жылында бөлінген нысаналы даму трансферттері бойынша бюджеттік бағдарламаларда айқындалған жергілікті бюджеттік инвестициялардың тікелей нәтижелеріне қол жеткізілген кезде бөлінеді. Мұндай нәтижеге қол жеткізілмеген жағдайда, кезекті қаржы жылында нысаналы даму трансферті берілмейді.";
11, 12-1, 13 және 14-тармақтар алып тасталсын;
15, 16 және 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"15. Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі бір жылдың қорытындылары бойынша ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті жергілікті атқарушы органына бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы бір жылдың қорытындылары бойынша облыстың тиісті жергілікті атқарушы органына бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары бір жылдың қорытындылары бойынша республикалық бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшісіне бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бір жылдың қорытындылары бойынша бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органға бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп береді.
16. Нысаналы трансферттерді аудару, бөлінген нысаналы трансферттерді орындау есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есепті жасау және беру тәртібін, сондай-ақ бөлінген нысаналы трансферттерді орындау есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп нысанын бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
17. Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылуына ағымдағы бағалау жүргізу және мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау жөнінде бірыңғай дерекқор қалыптастыру үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары есеп жасалғаннан кейiн бес жұмыс күнінен кешіктірмей бюджеттік бағдарламаларға (кіші бағдарламаларға) сәйкес бөлінген нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген тікелей және түпкі нәтижелер туралы есептерді Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөнiндегi есеп комитетiне жібереді.";
12) 48-баптың 1-тармағында:
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Жоғары тұрған бюджеттен төмен тұрған бюджетке нысаналы трансферттерді бөлу және оларды пайдалану кезінде:";
1) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) нысаналы трансферттерді бекітілген бюджеттік бағдарламаға (кіші бағдарламаға) сәйкес пайдаланбағаны, нәтижелерге, оның ішінде бюджет қаражатын толық игеру кезінде қол жеткізбегені, алынған нысаналы трансферттерді пайдалану есебінен қол жеткізілген нәтижелер туралы есепті табыс етпегені үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың тиісті әкімшілерінің бірінші басшысы;";
4) тармақшадағы "төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бірінші басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады." деген сөздер "төмен тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалары әкімшілерінің бірінші басшысы;" деген сөздермен ауыстырылып, мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:
"5) нысаналы даму трансфертін аударатын жоғары тұрған бюджеттің бюджеттік бағдарламалар әкімшісі айқындаған мөлшерден төмен мөлшерде жергілікті бюджеттен бюджеттік инвестицияларды қоса қаржыландырғаны үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың), аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.";
13) 53-бапта:
1-тармақта:
10) тармақшаның екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"ақылы автомобиль жолдарын (жол учаскелерін) ағымдағы жөндеуді және күтіп-ұстауды, сондай-ақ жүріп өткені үшін ақы алудың бағдарламалық-аппараттық кешенін күтіп-ұстауды қоспағанда, халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарын, оның ішінде сенімгерлік басқаруға берілген автомобиль жолдарын, сондай-ақ оларда жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын салу, реконструкциялау, жөндеу және күтіп-ұстау;";
12) тармақша мынадай мазмұндағы сегізінші, тоғызыншы және оныншы абзацтармен толықтырылсын:
"мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу;
мемлекеттің Қазақстан Республикасының халықаралық қаржы ұйымдарына мүшелігіне және донорлық жарналарға жататын борыштық міндеттемелерге (вексельдерге) берілмейтін төлемдер бойынша міндеттемелерін орындау;
үкіметтік борышты, оның ішінде шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздарды сатып алуды ерте өтеу шығыстары.";
4-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік органдардың жұмыскерлерін қысқарту кезінде оларды қамтамасыз етуге көзделген қаражаттардың мөлшері мемлекеттік органдарда тиісті және одан кейінгі жылдарға штат санының бекітілген лимиттерінен тыс сақталады.";
14) 54-баптың 1-тармағының 12) тармақшасында:
жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
"тиісті облыстың мәслихаты қабылдаған ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органдарының мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін қоса алғанда, жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындау;";
мынадай мазмұндағы сегізінші абзацпен толықтырылсын:
"мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу.";
15) 55-баптың 1-тармағының 12) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші абзацпен толықтырылсын:
"мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу.";
16) 56-бапта:
1-тармақтың 10) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы абзацтармен толықтырылсын:
"тиісті облыстың мәслихаты қабылдаған жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерін орындау;
мемлекеттік мүлікті сенімгерлік басқару шарты бойынша шығыстарды өтеу.";
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) бюджеттiк инвестициялық жобаларға, осы баптың 1-тармағында көрсетiлген бағыттар бойынша тиісті облыстың, жергілікті атқарушы органдардың мәслихаты қабылдаған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттік концессиялық мiндеттемелердi орындауға;";
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерін, оның ішінде тиісті облыстың мәслихаты қабылдаған мемлекеттік концессиялық мiндеттемелерiн орындауды қоспағанда, осы бапта аталған бағыттар бойынша шығыстарды бюджеттің басқа деңгейлерінен қаржыландыруға жол берілмейді.";
17) 60-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік;
2-2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қала, астана бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік;";
18) 61-бапта:
1-1-тармақтың 1) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"шоғырландырылған, мемлекеттік және республикалық бюджеттердің, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының жоспарлы кезеңге арналған түсімдері мен шығыстарының болжамын, тиісті бюджеттің тапшылығын (профицитін), мұнайға қатысты емес тапшылығын (профицитін) қамтитын жоспарлы кезеңге арналған бюджеттік параметрлерінің болжамын;";
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган (облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган) әлеуметтiк-экономикалық дамудың және бюджеттiк параметрлердiң қосымша болжамды көрсеткiштерiн енгiзуi мүмкiн.";
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің болжамы экономиканың ішкі және сыртқы даму жағдайларының өзгерістерін ескере отырып нақтылануы мүмкін.";
19) мынадай мазмұндағы 61-1-баппен толықтырылсын:
"61-1-бап. Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік
1. Болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік:
1) қаржылық жағдай туралы болжамды шоғырландырылған есепті;
2) қаржылық қызметтің нәтижелері туралы болжамды шоғырландырылған есепті;
3) ақша қозғалысы туралы болжамды шоғырландырылған есепті;
4) таза активтердің/капиталдың өзгерістері туралы болжамды шоғырландырылған есепті;
5) түсіндірме жазбаны қамтиды.
2. Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға ағымдағы жылғы 20 сәуірге дейінгі мерзімде ұсынады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға ағымдағы жылғы 20 сәуірге дейінгі мерзімде ұсынады.
Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікте қамтылған ақпарат пен есептеулердің толықтығы мен анықтығын қамтамасыз етеді.
3. Республикалық бюджет немесе облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша жасалады.
Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік жасау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
4. Республикалық бюджет немесе облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті қалыптастыру кезінде бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлерді бағалау мен болжамның сәйкестігін қамтамасыз етеді.
Үш жылдық кезеңге арналған бюджеттік параметрлер түсімдер мен шығыстардың болжамын, мынадай көрсеткіштерді:
операциялық қызметтің нәтижесін;
операциялық қызметтің нәтижесін (мұнайға қатысты емес);
таза кредиттеуді (қарыз алуды);
бюджеттік жалпы сальдосын;
бюджеттік жалпы сальдосын (мұнайға қатысты емес);
ақша қаражатының профицитін (тапшылығын);
ақша қаражатының жалпы профицитін (тапшылығын);
ақша қаражатының жалпы профицитін (тапшылығын) (мұнайға қатысты емес);
борышты;
таза борышты ескере отырып, тиісті бюджеттің қаржылық нәтижесін қамтиды.
5. Республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік республикалық бюджет туралы заң жобасының құрамында ұсынылады.
Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілік облыстық бюджет туралы, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті туралы мәслихат шешімі жобасының құрамында ұсынылады.";
20) 62-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттiк органның стратегиялық жоспарын мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша мемлекеттік органның басшысы бекiтедi.
Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында білім, ғылым және (немесе) денсаулық сақтау салаларымен байланысты мақсаттар болған кезде мемлекеттік органның стратегиялық жоспары білім, ғылым және (немесе) денсаулық сақтау салаларындағы уәкілетті органдармен келісіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын бекітуге құқылы.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі, Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі, Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы, Қазақстан Рeспубликасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы, Қазақстан Республикасының "Сырбар" Сыртқы барлау қызметі, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары Сот Кеңесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тексеру комиссиялары, мәслихаттардың аппараттары және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдар стратегиялық жоспарлар әзірлемейді.";
21) 65-бап мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Республикалық және жергілікті бюджеттерге және (немесе) Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына республикалық немесе жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бюджетінен (шығыстар сметасынан) ұсталатын және қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерге салынатын әкімшілік айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар және (немесе) бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер (қарыздар) бойынша айыппұлдар, өсімпұлдар, санкциялар, өндіріп алулар түріндегі салықтық емес түсімдерді болжау жүзеге асырылмайды.";
22) 65-1-бапта:
бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдары айқындайтын, аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің жаңа бастамаларға арналған лимиттерін қоспағанда, бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар айқындайды.";
мынадай мазмұндағы екінші және үшінші бөліктермен толықтырылсын:
"Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттері, жаңа бастамаларға арналған лимиттер Қазақстан Республикасының немесе облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әлеуметтік-экономикалық дамуының болжамды көрсеткіштері, республикалық және жергілікті бюджеттердің, бюджет қаражатын жұмсаудың басым бағыттарының, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша қабылданған мемлекеттік міндеттемелердің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердің, жоспарлы кезеңге арналған тиісті бюджет тапшылығының мөлшері негізінде айқындалады.
Республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиті құрамында мемлекеттік органдардың ағымдағы әкімшілік шығыстарының лимиті айқындалады.";
бесінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері шығыстарының лимиттерін, жаңа бастамаларға арналған лимиттерді айқындау тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган белгілейді.";
23) 66-баптың 1 және 2-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Стратегиялық жоспарлар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджет шығыстарын жоспарлау үшін ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде:
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, бюджеттік бағдарламалардың жобаларын;
бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын, сондай-ақ стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын ұсынады.
2. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар және жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері ағымдағы қаржы жылының 15 мамырына дейінгі мерзімде аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына ұсынатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қоспағанда, тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға бюджеттік өтінімдерді толық көлемде және бюджеттік бағдарламалардың жобаларын ұсынады.";
24) 67-бапта:
6-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік органдардың осы Кодекстің 65-1-бабының үшінші бөлігіне сәйкес лимиттері айқындалған ағымдағы әкімшілік шығыстарын қоспағанда, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiсiнiң әрбiр бюджеттiк бағдарламасы бойынша шығыстардың түрлерi бойынша есептеулер;";
12-1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"12-1. Бюджеттік өтінімнің негізділігі, бюджеттік өтінімге есептеулердің анықтығы, бюджеттік өтінімнің толықтығы мен уақтылы ұсынылуы үшін бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Нысаналы салым салуға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есептеулердің анықтығы, бюджеттік өтінімнің толықтығы мен уақтылы ұсынылуы үшін дербес білім беру ұйымы мен оның ұйымының басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.
Нысаналы аударымға бағытталған бюджеттік бағдарламалар бойынша бюджеттік өтінімнің негізділігі және бюджеттік өтінімге қатысты есептеулердің анықтығы, бюджеттік өтінімнің толықтығы мен уақтылы ұсынылуы үшін дербес кластерлік қордың, Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық мамандандырылған көрмені ұйымдастыру және өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың, халықаралық қаржы орталығының органдары мен олардың ұйымдарының, сондай-ақ қатысушыларының қызметі үшін жағдайларды қамтамасыз ететін ұйымның басшылары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
25) мынадай мазмұндағы 67-1-баппен толықтырылсын:
"67-1-бап. Азаматтық бюджет
Азаматтық бюджет – жұртшылыққа қолжетімді нысанда бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланатын республикалық және жергілікті бюджеттердің негізгі ережелерін ашатын ақпарат.
Бюджеттік жоспарлау және бюджеттерді атқару сатыларында азаматтық бюджетті қалыптастыру мен ұсыну тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";
26) 68-бапта:
1-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы және 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган стратегиялық жоспарлардың мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:";
"2) нәтижелер көрсеткіштерін таңдаудың дұрыстығы, бюджеттік бағдарламалардың нәтижелер көрсеткіштерінің стратегиялық жоспардың нысаналы индикаторларымен өзара байланысының болуы, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізілу дәрежесі тұрғысынан стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларын қарайды.";
2-тармақта:
бірінші бөліктің бірінші абзацы және үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдау нәтижелерін, сондай-ақ стратегиялық жоспарлардың мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалау нәтижелерін ескере отырып:";
"Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылары мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары және стратегиялық жоспарлардың жобалары немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобалары бойынша қорытындыларын ескере отырып қалыптастырылады.";
төртінші бөлік алып тасталсын;
3-тармақтың бірінші бөлігінің бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган есепті қаржы жылындағы бюджеттің атқарылуын талдаудың және аумақтарды дамыту бағдарламасының мақсаттарына және бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштеріне қол жеткізу тиімділігін бағалаудың нәтижелерін ескере отырып:";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыруға арналған шығыстар қаржы-экономикалық негіздемеде айқындалатын бюджеттік инвестицияларды іске асыру мерзімдеріне сәйкес бюджет жобасына енгізіледі.";
5-тармақтың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға пысықталған стратегиялық жоспарлардың жобаларын немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын ұсынады.";
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Стратегиялық жоспарлар әзірлемейтін бюджеттік бағдарламалар әкімшілері тиісті бюджет комиссиясының ұсыныстарына сәйкес аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарына ұсынатын аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін қоспағанда, тиісінше бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға немесе мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдарға пысықталған бюджеттік бағдарламалардың жобаларын және бюджеттік өтінімдерді ұсынады.";
27) 71-бапта:
3-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"бюджеттің кірістерінің, трансферт түсімдерінің, шығындарының, таза бюджеттік кредиттеуінің, қаржы активтерімен операциялар бойынша сальдосының, тапшылығының (профицитінің), мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің), бюджет тапшылығын қаржыландырудың (профицитті пайдаланудың) көлемі;";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Кезекті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің бекітілетін тапшылығының (профицитінің) және мұнайға қатысты емес тапшылығының (профицитінің) мөлшері жалпы ішкі өнімге ақшалай түрде және пайызбен көрсетіледі.";
28) 74-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын:
"3-1) республикалық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті;";
29) 75-баптың 1-тармағының төртінші бөлігі мынадай мазмұндағы 2-2) тармақшамен толықтырылсын:
"2-2) облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті;";
30) 82-баптың 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"8. Бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша арнаулы мемлекеттік органдар айқындайтын арнаулы мемлекеттік органдардың бюджетті атқару рәсімдерін қоспағанда, бюджеттің атқарылу рәсімдерін және оларға кассалық қызмет көрсетуді бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";
31) 85-бапта:
4-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарының, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарының жылдық сомалары:
бюджеттік бағдарламалар деңгейінде – бекітілген (нақтыланған, түзетілген) бюджеттің бюджеттік бағдарлама бойынша шығысының сомасына;
бюджеттік кіші бағдарламалар деңгейінде – бекітілген (қайта бекітілген) бюджеттік бағдарламаның бюджеттік кіші бағдарлама бойынша шығысының сомасына сәйкес болуға тиіс.";
9, 9-1, 9-2 және 9-3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бюджеттік бағдарламалардың (кіші бағдарламалардың) шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктеріне қатысты және бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың жылдық және ай сайынғы көлемін өзгертпейтін міндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістерді дербес енгізеді.
Бюджеттiң атқарылуы барысында бюджет қаражатының үнемделуi пайда болған жағдайда:
Республикалық бюджет комиссиясының қарауынсыз, қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қаражатты бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шегінде республикалық бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы;
облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз, қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, жергілікті атқарушы органдар қаражатты бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) шеңберінде және бір облыс шегінде жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында, сондай-ақ республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерімен келісу бойынша, жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері есебінен қаржыландырылатын жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында қайта бөлуге құқылы;
бюджеттік бағдарламалар әкімшілері дамудың бюджеттік кіші бағдарламасының іске асырылуында көзделмеген жаңа бюджеттік инвестициялық жобаларға қаражат бөлуді және бюджеттік инвестициялар жобалары құнының қымбаттауымен байланысты шығыстарды қоспағанда, тиісті бюджет комиссияның қарауынсыз бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шешімімен бюджеттік бағдарламаға өзгерістер енгізу жолымен бір бюджеттік бағдарлама ішінде дамудың бюджеттік кіші бағдарламасына ағымдағы бюджеттік кіші бағдарлама бойынша пайда болған үнемдеу сомасын қайта бөлуге құқылы.
9-1. Бюджеттің атқарылуы барысында республикалық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер қаражаттары есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) республикалық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) ішінде облыстар, республикалық маңызы бар қала және астана арасында тиісті облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша қаражатты қайта бөлуге құқылы.
Бюджеттің атқарылуы барысында облыстық бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер қаражаттары есебінен қаржыландырылатын бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) облыстық бюджетте көзделген нысаналы даму трансферттері бойынша бір бюджеттік бағдарлама (кіші бағдарлама) ішінде аудандар (облыстық маңызы бар қалалар) арасында тиісті аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен келісу бойынша қаражатты қайта бөлуге құқылы.
9-2. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, ауданның, облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органы қаражатты тікелей және түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштерін сақтау шартымен, ағымдағы қаржы жылына арналып бекітілген (нақтыланған) жергілікті бюджетте көзделген жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалар арасында нысаналы даму трансферттерi бойынша бір бюджеттік бағдарлама ішінде жоғары тұрған бюджеттік бағдарламалар әкімшісімен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен қайта бөлуге құқылы.
9-3. Бюджетті атқару барысында бюджеттік бағдарламалар әкімшілері қаражатты түпкілікті нәтижелердің жоспарланған көрсеткіштері сақталған жағдайда бюджеттік бағдарлама бойынша жылдық шығыстар көлемін өзгертусіз, бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен:
1) тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз, ағымдағы бір бюджеттік бағдарламаның немесе бюджеттік бағдарламаның ағымдағы бір бюджеттік кіші бағдарламасы шегіндегі іс-шаралар арасында дербес;
2) қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер, жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер қаражаттары есебінен қаржыландырылатын бюджеттік кіші бағдарламаларды қоспағанда, тиісті бюджет комиссиясының қарауынсыз бір бюджеттік бағдарлама шегінде ағымдағы бюджеттік кіші бағдарламалар арасында;
3) қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер және жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер қаражаттары есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бюджет комиссиясының қарауынсыз бір бюджеттік даму бағдарламасы немесе бюджеттік бағдарламаның бір кіші даму бағдарламасы шегінде бюджеттік инвестициялық жобалар арасында;
4) қарыздар, гранттар, Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер және жоғары тұрған бюджеттен бөлінетін нысаналы трансферттер қаражаттары есебінен қаржыландырылатын кіші бағдарламаларды қоспағанда, бюджет комиссиясының қарауынсыз, бір бюджеттік бағдарлама шегінде дамудың бюджеттік кіші бағдарламалары арасында қайта бөлуге құқылы.";
32) 88-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 10) тармақшамен толықтырылсын:
"10) қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде бас мердігерлерге (қосалқы мердігерлерге) аударылған ақшаны есепке жазуға және пайдалануға (бұдан әрі – мемлекеттік сатып алу шоттары) байланысты операцияларды есепке алуға арналады.";
33) 91-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік мекемелердің бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның шоттарынан шетел валютасын қайта айырбастау және есепке жазу тәртібін бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";
34) 94-баптың 3-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Республикалық бюджетке түсетін түсімдердің алынуына, бюджетке артық (қате) төленген салықтық емес түсімдердің, негізгі капиталды сатудан, трансферттерден түсетін түсімдердің сомаларының, бюджеттік кредиттерді өтеу, мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін сомалардың, қарыздардың бюджеттен қайтарылуына және (немесе) есепке жазылуына жауапты уәкілетті органдардың тізбесін бюджеттік атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";
35) 96-баптың 4-тармағының екінші бөлігі және 8-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы ратификациялаған мемлекеттік қарыздар туралы немесе байланысты грант туралы халықаралық шарт шеңберіндегі мемлекеттік мекемелердің азаматтық-құқықтық мәмілелерін мемлекеттік мекемелер:
қарыз немесе байланысты грант қаражаты есебінен - қарыз немесе байланысты грант қаражатының қолжетімділік мерзімінен аспайтын мерзімге;
республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру қаражаты есебінен - қарыз қаражатының қолжетімділігі мерзімі аяқталатын қаржы жылының соңына дейінгі мерзімге жасасады.";
"8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе жергiлiктi атқарушы органның резервiнен бюджет ақшасын бөлу, сондай-ақ қолданылу мерзімі ағымдағы қаржы жылынан асатын шарттарды және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінде бұрын тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге қосымша келісімдерді тіркеу жағдайларын қоспағанда, азаматтық-құқықтық мәмiлелердi ағымдағы қаржы жылының
20 желтоқсанынан кейiн тiркеуге жол берiлмейдi.";
36) 97-бапта:
3-тармақта:
екінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің квазимемлекеттік сектор субъектілеріне қаражатты аударуы қаржы-экономикалық негіздемеге немесе техникалық-экономикалық негіздемеге (жобалау-сметалық құжаттамаға) сәйкес төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың, сондай-ақ ағымдағы қаржы жылына оларда көрсетілген сомалар шегінде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген құжаттың өзге де түрі негізінде жүзеге асырылады.";
"Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шоттарындағы ағымдағы жылы жарғылық капиталды қалыптастыруға (толтыруға) бөлінген және есепті кезеңнің соңында пайдаланылмай қалған қаражат қалдықтары квазимемлекеттік сектор субъектілерінің ағымдағы жылы пайдаланылмаған қаражаты болып табылады және бюджеттік бағдарламалардың тиімсіз атқарылуына жатады.";
мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Акционерлік қоғам нысанында құрылған квазимемлекеттік сектор субъектілерінің жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша қалыптасқан олардың қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, ағымдағы шоттарындағы пайдаланылмаған қалдықтар:
Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы, ағымдағы шоттарындағы жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша бюджет қаражатын үнемдеу түрінде қалыптасқан пайдаланылмаған қалдықтары:
қолма-қол ақшаны бақылау шоттарындағы пайдаланылмаған қалдықтарды бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен бюджеттік инвестициялардың ағымдағы қаржы-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізумен және (немесе) жаңа қаржы-экономикалық негіздемесін әзірлей отырып, жаңа және (немесе) ағымдағы жобаны (ларды) іске асыруға бағыттау;
квазимемлекеттік сектор субъектісінің басқару органының (құрылтайшысының) шешімі бойынша, егер үнемдеу сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің 50000 еселенген мөлшерінен аспайтын болса, қаржы-экономикалық негіздемені түзетпей-ақ, үнемделген қаражатты даму мақсаттарына (жаңғыртуға, активтер сатып алуға) пайдалану;
мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкімен келісу бойынша бюджетті атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен орналастырылған акцияларды (қатысу үлестерін) сатып алу және (немесе) акциялардың номиналды құнын төмендету арқылы, бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша пайдаланылмаған (бюджет қаражатын үнемдеу) бюджет қаражатын қайтару мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектісінің жарғылық капиталын азайту арқылы пайдаланылуы мүмкін.";
мынадай мазмұндағы 3-1 және 5-2-тармақтармен толықтырылсын:
"3-1. Қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде объектілерді салумен байланысты инвестициялық жобаларды іске асыру үшін бас мердігерлердің мемлекеттік сатып алу шоттарынан жүргізілетін төлемдер және ақша аударулар бас мердігер бекіткен тізбе бойынша қосалқы мердігерлердің мемлекеттік сатып алу шоттарына жасалады.";
"5-2. Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде мемлекеттік сатып алу шоттарынан төлемдерді жүргізу кезінде ағымдағы бақылауды жүргізеді, ол төлем тапсырмаларын:
1) төлемнің негізділігін растайтын құжаттардың: төлем сертификаты мен электронды шот-фактураның болуын;
2) нысанды толтырудың толықтығы мен дұрыстығы бойынша Қазақстан Республикасының банк заңнамасының талаптарына сәйкес келуін тексеруді білдіреді.";
6-1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"6-1. Квазимемлекеттік сектор субъектісі, объектілерді салумен байланысты инвестициялық жобаны іске асыратын бас мердігер және (немесе) қосалқы мердігер:"
мынадай мазмұндағы 6-2-тармақпен толықтырылсын:
"6-2. Осы баптың 5-2-тармағында көрсетілген растаушы құжаттардың анықтығы мен негізділігі үшін қазынашылық сүйемелдеу шеңберінде объектілерді салумен байланысты инвестициялық жобаларды іске асыратын бас мердігерлердің/қосалқы мердігерлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
37) 104-тармақта:
4-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"6) осы Кодекстің 45-бабының 4-2-тармағының бірінші бөлігіне сәйкес енгізілген өзгерістер ескеріле отырып, жергілікті бюджеттен шығыстардың жекелеген бағыттары жалпы сипаттағы трансферттер көлемдері туралы заңда (облыстық мәслихаттың шешімінде) белгіленген ең төменгі көлемдерден төмен көлемде қаржыландырылған жағдайда, белгіленген соманың төлемдер бойынша қаржыландырудың тиісті қаржы жылының соңындағы жиынтық жоспарының жылдық сомасынан асып кеткен сомасы өткен қаржы жылының қорытындылары бойынша жергілікті атқарушы органдардың қайтаруына;";
6 және 6-1-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"6. Бюджеттік бағдарламаның басшысы бюджеттік бағдарлама нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізбеуге әкеп соққан бюджет қаражатын игермегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылықта болады.
6-1. Бюджет қаражаты толық игерілген кезде бюджеттік бағдарламалардың тікелей және түпкілікті нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін бюджеттік бағдарламаның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
38) 107-баптың 4-тармағының екінші абзацы мен 4-1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, өзгерістер енгізу көзделетін стратегиялық жоспарларды әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобалары;";
"4-1. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері стратегиялық жоспарларға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың жобаларын, стратегиялық жоспарлар әзірлейтін республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілері бюджеттік бағдарламаларының жобаларын ұсынғаннан кейін бес жұмыс күні ішінде оларды қарайды, олар бойынша қорытындылар дайындайды және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.";
39) 110-баптың 7-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Тіркелген азаматтық-құқықтық мәмілелерге сәйкес мемлекеттік мекемелер қабылдаған міндеттемелер бойынша бюджет қаражаттары ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанынан кейін бюджеттi атқару процесiнде секвестрлеуге жатпайды.";
40) 111-баптың 2-тармағында:
3-1-тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3-1) Республикалық бюджет комисссиясында міндетті түрде қарай отырып, бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, бюджеттік бағдарламалар тиімсіз орындалған кезде республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары арасында, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, қаражат ағымдағы қаржы жылына бекітілген (нақтыланған) бюджет бойынша бюджеттік бағдарлама шығыстары көлемінің он пайызынан аспайтын көлемде қайта бөлінген;";
мынадай мазмұндағы 3-2-тармақшамен толықтырылсын:
3-2) Бюджеттік мониторинг қорытындылары бойынша ағымдағы қаржы жылы ішінде бюджет қаражаты игерілмеген жағдайда, Республикалық бюджет комисссиясында міндетті түрде қарай отырып, бюджет шығыстарының құрылымын өзгертпей, республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалары арасында, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан бөлінетін нысаналы трансферттер есебінен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламаларды (кіші бағдарламаларды) қоспағанда, қаражат қайта бөлінген;";
41) 113-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"113-бап. Нәтижелерді бағалау
1. Мемлекеттік орган қызметінің ел немесе өңір экономикасының, экономиканың, қоғамның жеке алынған саласының (аясының) дамуына ықпал етуін объективті бағалау, мемлекеттік орган қызметі нәтижелерінің көрсеткіштеріне қол жеткізуді талдау нәтижелерді бағалау болып табылады.
2. Нәтижелерді бағалау:
1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне сәйкес жүргізілетін мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асырылуын бағалауға;
2) "Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүргізілетін тиімділік аудитіне;
3) орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесіне сәйкес жүргізілетін орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін бағалауға негізделеді.
3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың нәтижелерін бағалау:
1) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының нысаналы индикаторларын таңдаудың негізділігін, олардың анық әрі түсінікті жазылуын талдауды;
2) Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының және қол жеткізілмеу немесе асыра орындалу себептері көрсетіле отырып, бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштерін талдауды;
3) стратегиялық жоспарлардың мақсаттары мен мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламаларының өзара байланысының болуын талдауды;
4) нәтижелерді бағалау қорытындылары бойынша ұсынымдарды қамтуға тиіс.
4. Бюджеттік бағдарламаларда айқындалған тікелей және түпкілікті нәтижелерге, оның ішінде бюджет қаражатын толық игеру кезінде қол жеткізбегені үшін бюджеттік бағдарламаның басшысы Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады.";
42) 151-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар.
Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарында, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларында және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмаларында айқындалған бағыттарды, мақсаттар мен міндеттерді іске асыру шеңберінде инвестициялық ұсынысқа экономикалық қорытындының немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орындылығы туралы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға қорытындының негізінде жүзеге асырылады.";
43) 153-бап мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеу жыл сайынғы бюджеті ақпараттық жүйелерді құруға және дамытуға арналған инвестициялық шығындардың жалпы құнынан 10 пайыздан аспайтын, ақпараттық жүйелерді дамытуды көздейтін және заңнамалық нормаларды іске асыруға бағытталған бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша талап етілмейді.
Техникалық-экономикалық негіздемені әзірлеуді талап етпейтін ақпараттық жүйелерді дамытуға бағытталған жобалардың тізбесін ақпараттандыру және байланыс саласындағы уәкілетті орган әзірлейді және бекітеді.";
44) 154-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Бюджеттік бағдарламалар әкімшілері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органға заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестицияларды іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытынды немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орындылығы туралы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға қорытындының негізінде қаржы-экономикалық негіздемелер енгізеді.
Бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесі заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың орындылығы, негізділігі жөніндегі мәліметтерді және нәтижесін бағалауды қамтитын құжатты білдіреді.
Заңды тұлғаның даму мақсаттары үшін заңды тұлғаның жарғылық капиталын бюджет қаражаты есебінен ұлғайтуға жол беріледі.
Іс-шараларды, техникалық-технологиялық шешімдерді толықтыруға және (немесе) өзгертуге, тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерінің төмендеуіне, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға әкеп соқтыратын, заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуы арқылы бюджеттік инвестициялардың белгіленген қаржы-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізіле отырып, бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.
Бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынуынсыз бюджеттік инвестициялардың түзетілген қаржы-экономикалық негіздемесін бекітуге жол берілмейді.
Квазимемлекеттік сектор субъектісінің ағымдағы қаржы жылының төртінші тоқсанында бюджеттік инвестициялардың қаржы-экономикалық негіздемесіне, қаржы-экономикалық негіздемесінде айқындалған тікелей және түпкілікті нәтижелер көрсеткіштерін төмендетуді көздейтін түзету жүргізуіне жол берілмейді.";
45) 154-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"154-1-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытынды немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудың орындылығы туралы жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлеген мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспарға қорытынды негізінде мынадай екі кезеңде жүзеге асырылады:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамаға сәйкес жекеше әріптесті айқындау бойынша тікелей келіссөздер жүргізуді қоспағанда, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оған қажетті сараптамалар жүргізу;
2) шартқа қол қою, сондай-ақ шартты заңнамада белгіленген тәртіппен тіркеу. Сервистік ақпараттандыру моделі бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын жоспарлау осы Кодекстің 154-2, 154-3, 154-4-баптарының нормаларын қолданбай, Қазақстан Республикасының ақпараттандыру саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы тармақтың ережелері мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына, егер оларда жекеше әріптесті айқындау мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасудың өзге тәртібі көзделген болса, қолданылмайды.
2. Тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі бар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыруға бағытталған заңды тұлғалардың жарғылық капиталына мемлекеттің қатысуына арналған шығыстар бюджет нақтыланғанға немесе түзетілгенге дейін "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының ережелері ескеріле отырып, қаржы-экономикалық негіздемені ұсыну туралы кейінге қалдыру шартымен бюджет жобасына енгізіледі.";
46) 154-2-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"154-2-бап. Тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік
жобасына бизнес-жоспар әзірлеу
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар әзірлеуді әлеуетті жекешелік әріптес жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
2. Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығының сараптамасы негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бизнес-жоспарына қорытынды дайындайды.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган жергiлiктi атқарушы орган айқындайтын заңды тұлғаның, егер ол тартылған жағдайда, сараптамасы негiзiнде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бизнес-жоспарына қорытынды дайындайды.
3. Мемлекет тарапынан мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілеріне мемлекеттік қолдау шаралары мен бюджеттен төлемдер болмаған жағдайда, осы баптың 2-тармағында көзделген қорытындылар мен сараптамалар талап етілмейді.";
47) 154-3-бапта:
1, 2 және 7-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Инвестициялық ұсыныстардың оң қорытындылары негізінде және бюджет комиссияларының қорытындыларына сәйкес концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеу немесе түзету жүзеге асырылады.
Мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасы бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеуге немесе түзетуге бөлiнген қаражаттың игерiлу кезеңi бiр жылдан асатын, бiрақ тиiстi бюджет комиссиясының ұсынысында айқындалған мерзiмнен аспайтын мерзiмдi құрауы мүмкiн.
2. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеудi немесе түзетудi қаржыландыру мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық немесе жергiлiктi уәкiлеттi органның тиiстi бөлiнетiн бюджеттiк бағдарламасының қаражаты есебiнен, сондай-ақ бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлеттi орталық органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен бюджеттен тыс өзге де қаржыландыру көздерінен жүзеге асырылады.
Республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеуге немесе түзетуге Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.
Жергiлiктi мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамаларын әзiрлеуге немесе түзетуге жергiлiктi атқарушы орган немесе Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын заңды тұлғалар тартылады.";
"7. Қолда бар жобалау-сметалық құжаттаманы мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісінің нақты алаңына байланыстыруды конкурстық құжаттаманы әзiрлеу немесе түзету шеңберінде конкурсты ұйымдастырушы не конкурс талаптарын немесе мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бизнес-жоспарын ескере отырып, жекеше әріптес жүзеге асырады.";
мынадай мазмұндағы 9, 10 және 11-тармақтармен толықтырылсын:
"9. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша жобаны іске асырудың бірінші жылының шығыстары мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына оң қорытындының немесе жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспардың және тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде тиісті бюджет жобасына енгізіледі, жобаны іске асырудың кейінгі жылдарының шығыстары қол қойылған және заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты негізінде тиісті бюджет жобасына енгізіледі.
10. Әзірленген жобалау-сметалық құжаттамалары бар, сондай-ақ үлгілік жобалар, үлгілік жобалық шешімдер және қайталап қолданылатын жобалар негізінде іске асырылатын жобалар бойынша техникалық-экономикалық негіздеме әзірлеу талап етілмейді.
11. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық сүйемелдеуді жүзеге асыратын тұлғалар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына енгізілетін мәліметтердің анықтығы мен негізділігі үшін жауапты болады.";
48) 155-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"155-бап. Концессиялық жобаларды жоспарлау
Концессиялық жобаларды жоспарлау концессиялық жобаны іске асырудың орындылығы туралы мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысына экономикалық қорытынды негізінде мынадай екі кезеңде жүзеге асырылады:
1) концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамасын әзірлеу немесе түзету, сондай-ақ оларға қажетті сараптамалар жүргізу;
2) концессия шартын жасасу, сондай-ақ заңнамада белгіленген тәртіппен шартты тіркеу.";
49) 155-1-бап алып тасталсын;
50) 155-2-баптың 1-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бюджет комиссиялары мақұлдаған концессиялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарға берілген экономикалық оң қорытындыларға сәйкес концессиялық жобаның конкурстық құжаттамасының ажырамас бөлігі болып табылатын, концессиялық жобалардың техникалық-экономикалық негіздемелерін әзірлеуді немесе түзетуді қамтитын концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.";
51) 155-3-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық немесе жергілікті уәкілетті органның бөлінетін бюджеттік бағдарламасы шеңберінде жүзеге асырылады.";
52) 156-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Осы тармақтың ережелері мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жоспарланатын мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларына, егер оларда жекеше әріптесті айқындау мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасудың өзге тәртібі көзделсе, қолданылмайды.";
53) 160-баптың 7 және 8-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша инвестициялық шығындардың өтемақысын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша операциялық шығындардың өтемақысын, мемлекеттік меншіктегі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін басқаруды жүзеге асырғаны үшін сыйақы, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін пайдаланғаны үшін жалдау төлемақысын және қолжетімділігі үшін төлемақыны беру тәртiбiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.
8. Қазақстан Республикасы Үкiметiнің және жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимиттерiн мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның айқындауы осы Кодекстің 203-бабының 1-тармағының
2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.";
54) 161-бапта:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
"161-бап. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi тіркеу және олардың мониторингi";
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелері бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органда ол белгiлеген тәртiппен тiркеуге жатады.
Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелері, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелері бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган белгілеген тәртіппен бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның аумақтық бөлімшелерінде тiркеуге жатады.";
мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
"1-1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттары, оның ішінде концессиялар бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган немесе оның аумақтық бөлімшесі оларды тіркегеннен кейін күшіне енеді.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік, оның ішінде концессия шарттары, тек шартпен белгіленген сомалар және мерзімдер шегінде, тиісті бюджет комиссиясының шешіміне, сондай-ақ мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әрбір жекелеген жобасы, оның ішінде концессиялық жоба бойынша аса маңызды жобалар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына немесе маслихаттың шешіміне сәйкес бекітуге жатады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарттарды, оның ішінде концессияны тіркеу тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";
55) 162-бапта:
1-тармақ алып тасталсын;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауын тиісінше ерекше маңызы бар мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әрбiр жекелеген жобасы, оның ішінде ерекше маңызы бар концессиялық жоба бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде, мемлекеттік-жекешелік әріптестіктіктің өзге де жобалары, оның ішінде концессиялық жобалар бойынша тиісті бюджет комиссиясының оң шешімі негізінде бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган жүзеге асырады.";
56) 163-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жергiлiктi атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерді, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелердi қабылдауы тиісінше мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің әрбiр жекелеген жобасы, оның ішінде концессиялық жоба бойынша облыс, республикалық маңызы бар қала және астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешiмi негiзiнде жүзеге асырылады.";
57) 164-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Жергiлiктi атқарушы органның мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттiк концессиялық мiндеттемелерiнiң лимитiн бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган үш жылдық кезеңге жылжымалы негізде белгiлейдi.";
58) 167-баптың 4-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Байланысты гранттарды тартуға арналған іріктелген өтінімдердің негізінде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдердің тізбесін қалыптастырады.";
59) 168-бапта:
3-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Тиісті бюджет комиссияларының өтінімдерді мақұлдау қорытындылары бойынша байланысты гранттарды тартуға арналған өтінімдер тізбесі бекітіледі.";
мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Тиісті бюджет комиссияларының шешімдері негізінде бір жыл ішінде байланысты гранттарды тарту өтінімдерінің тізбесіне мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган өзгерістер мен толықтырулар енгізе алады.";
60) 170-бапта:
3-тармақ алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган байланысты гранттарды бағалау нәтижелеріне негізделген оларды пайдалану туралы жиынтық есепті қалыптастырады және оны бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органға жібереді.";
61) 187-баптың 2) тармақшасы мынадай мазмұндағы бесінші және алтыншы бөліктермен толықтырылсын:
"Іс-шараларды, техникалық-технологиялық шешімдерді толықтыруға және (немесе) өзгертуге, бекітілген іс-шараларға көзделген шығыстарды ұлғайтуға әкеп соғатын, бюджеттік кредиттеудің белгіленген қаржы-экономикалық параметрлері өзгерген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кейіннен қажетті сараптамалар жүргізе отырып, бюджеттік кредиттеудің қаржы-экономикалық негіздемесіне және (немесе) техникалық-экономикалық негіздемесіне түзету жүргізіледі.
Бюджет комиссиясының қарауынсыз және ұсынуынсыз бюджеттік кредиттеудің түзетілген қаржы-экономикалық және (немесе) техникалық-экономикалық негіздемесін бекітуге жол берілмейді.";
62) 196-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қарыз алушы қайтыс болған не ол қайтыс болды деп жарияланған жағдайда, кредитордың мемлекеттік білім беру және студенттік кредиттер бойынша талаптарын тоқтату бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның шешімі бойынша сенім білдірілген өкілдің (агенттің) деректері негізінде жүзеге асырылады.";
63) 199-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Мемлекеттік емес қарыз алуды Қазақстан Республикасының резиденттері, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шектеулерді ескере отырып, кез келген мөлшерде, валютада және нысанда дербес жүзеге асырады.
Мемлекеттік емес қарыздарды заңды тұлғалар мемлекеттік кепілдікпен және мемлекеттің кепілгерлігімен тарта алады.
Квазимемлекеттік сектордың сыртқы қарыздарының көлемін келісуді мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган квазимемлекеттік сектордың тізбесі бойынша және Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырады.
Квазимемлекеттік сектордың сыртқы және ішкі қарыздарын мониторингтеу мен бақылауды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті орган Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.";
64) 203-бапта:
1-тармақта:
2) және 4) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"2) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен республикалық бюджет туралы заңда бекітілетін үкіметтік борыш лимитін, мемлекеттік кепілдіктер және мемлекет кепілгерлігін беру лимиттерін және бюджетті атқару жөнiндегi уәкiлеттi органмен келісу бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган бекітетін жергілікті атқарушы органдар борышының лимиттерін айқындауын;";
"4) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органның Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген тәртіппен мемлекеттік қарыздарды тіркеуді және есепке алуды және мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауына байланысты талаптарды, мемлекеттік қарыздар мен мемлекеттік борышты, мемлекет кепілдік берген борышты және мемлекет кепілгерлігі бойынша борышты алу, пайдалану, өтеу және оларға қызмет көрсету мониторингін, сондай-ақ мемлекеттің оның кепілдіктері мен кепілгерліктері бойынша міндеттемелерді орындауға байланысты туындаған мемлекет талаптарын жүзеге асыруын;";
мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарыз алуының қаржылық шегі осы тармақтың 2) және 3) тармақшаларында көзделген параметрлердің негізінде айқындалады.";
мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
"3. Мемлекеттік сыртқы қарыздар және республикалық бюджеттен қоса қаржыландыру бойынша есептілікті табыс ету тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.";
65) 206-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан қарыз шартын жасасу жолымен қарыздарды тарту, сондай-ақ қарыз қаражатын қолдану бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қарыздарды тарту есебінен іске асырылатын институционалдық жобаларды жоспарлау және іске асыру тәртібін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органмен келісу бойынша бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.";
3-1-тармақ мынадай мазмұндағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару кезінде бюджетті aтқару жөніндегі орталық уәкілетті орган Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан қаржыландыру тартуды Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган құрған мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясы арқылы жүзеге асырады.";
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Сыртқы несие капиталының нарығына орналастыруға байланысты мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар шығару Қазақстан Республикасының Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады. Бұл ретте Қазақстан Республикасы Үкіметінің мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарды шығару туралы шешіміне байланысты тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға, сондай-ақ сатып алуға немесе бұрын шығарылған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздар талаптарының өзгеруіне және шығарылатын және (немесе) бұрын шығарылған мемлекеттік эмиссиялық бағалы қағаздарға қатысты өзге де іс-шараларды жүзеге асыруға байланысты құқықтық қатынастарға Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасы қолданылмайды.";
66) 209-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының қарыз алуы республикалық бюджеттен бюджеттік кредиттер алу және республикалық маңызы бар қала, астана бюджетiнiң тапшылығын қаржыландыру үшiн республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрiнде, сондай-ақ облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi атқарушы органдарының мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларды іске асыру шеңберінде тұрғын үй құрылысын қаржыландыруға iшкi нарықта айналысқа жiберу үшiн мемлекеттiк бағалы қағаздар шығаруы түрiнде жүзеге асырылады.";
67) 220-баптың алтыншы бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган өтеуге және көрсетілетін қызметтерге арналған шығыстары республикалық бюджет туралы заңда көзделген мемлекет кепілдік берген қарыздар бойынша қарыз алушылардың есебін жүргізеді.".
2. 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 22-ІV, 151-құжат; 2016 ж., № 7-І, 49-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
127-бап мынадай мазмұндағы 6-тармақпен толықтырылсын:
"6. Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен жүзеге асырылады.
Бюджет қаражаты есебінен қызметтік іссапарларға, оның ішінде шет мемлекеттерге қызметтік іссапарларға арналған шығыстарды өтеу тәртібін бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган әзірлейді.".
3. "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 ж., № 10, 55-құжат; № 21-22, 160-құжат; 2004 ж., № 23, 140-құжат; 2005 ж., № 14, 58-құжат; 2006 ж., № 10, 52-құжат; № 16, 99-құжат; 2007 ж., № 4, 28, 33-құжаттар; № 9, 67-құжат; № 20, 153-құжат; 2008 ж., № 13-14, 56-құжат; № 17-18, 72-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 2-3, 18-құжат; № 17, 81-құжат; № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 5, 23-құжат; 2011 ж., № 2, 21-құжат; № 3, 32-құжат; № 5, 43-құжат; № 6, 50-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 14-құжаттар; № 4, 30-құжат; № 13, 91-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 10-11, 56-құжат; № 15, 81-құжат; 2014 ж., № 4-5, 24-құжат; № 6, 27-құжат; № 10, 52-құжат; № 11, 63-құжат; № 16, 90-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42, 45-құжаттар; № 19-I, 101-құжат; № 19-II, 102-құжат; № 20-VII, 117-құжат; № 22-II, 145-құжат; № 22-VI, 159-құжат; 2016 ж., № 6, 45-құжат):
26-бап мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
"3-1. Осы баптың 3-тармағының 5) тармақшасында аталған ереже бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша пайдаланылмаған қаражаттарды (үнемделген бюджет қаражатын) қайтару кезінде қоғамның жарғылық капиталын азайту мақсатында қоғамның орналастырылған акцияларын сатып алу жағдайына қолданылмайды.".
4. "Концессиялар туралы" 2006 жылғы 7 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2006 ж., № 14, 88-құжат; 2008 ж., № 15-16, 64-құжат; № 21, 97-құжат; 2009 ж., № 24, 133-құжат; 2010 ж., № 7, 29-құжат; 2011 ж., № 1, 2-құжат; № 20, 151-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 15-құжаттар; 2013 ж. № 15, 76, 82-құжаттар; № 20, 113-құжат; 2014 ж., № 11, 64-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 96-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат):
1) мазмұнында 15-1-баптың тақырыбы алып тасталсын;
2) 1-баптың бірінші бөлігінде:
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"4) концедент – осы Заңға сәйкес концессия шартын және (немесе) концессионердің кредиторларымен тікелей келісім жасасқан Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары;";
9) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"9) концессиялық жобаларды консультациялық сүйемелдеу – конкурстық құжаттамаларды, концессия шарттарының жобаларын әзiрлеудi, комиссияның конкурсқа қатысушымен келiссөздер жүргiзу процесiнде консультациялық қызметтер көрсетудi қамтитын, Қазақстан Республикасының Үкіметі немесе жергілікті атқарушы органдар айқындайтын концессиялық жобаларды сүйемелдеу бойынша заңды тұлғалар көрсететiн қызметтер;";
12) тармақша алып тасталсын:
8-баптың 6) тармақшасы алып тасталсын;
3) 9-бапта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"1) осы Заңның 13-бабының 3-2) тармақшасында белгіленген жағдайларды қоспағанда, мыналарды:
конкурстық құжаттаманың, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезіндегі сараптамасын;
концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдердің сараптамасын;
концессионердің мемлекет кепілгерлігін алуға арналған ұсыныстарының сараптамасын;
концессиялық жобалардың іске асырылуына бағалау жүргізу үшін концессия мәселелері жөніндегі мамандандырылған ұйымды тартады;";
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"7) конкурстық құжаттаманы, оның ішінде оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде, концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу кезінде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтінімдерді сараптамасына және концессия шарттарының жобаларын, оның ішінде концессия шарттарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу кезінде сараптауға қойылатын талаптарды айқындайды;";
4) 10-1-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) концессиялық жобаны консультациялық сүйемелдеуді қаржыландыру, конкурстық құжаттаманы әзірлеу жөніндегі мәселелерді Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығару;";
5) 11-баптың бірінші бөлігінің 1) тармақшасы алып тасталсын:
6) 12-бапта:
1) тармақша алып тасталсын;
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3) Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі құрған, республикалық меншікке жататын объектілерге қатысты концессиялар жөніндегі комиссияның (бұдан әрі – комиссия) шешiмi негiзiнде республикалық меншiкке жататын және осы Заңның 16-бабының 2-тармағында көзделген концессия объектiлерi бойынша концессия шартын жасасады;";
7) 13-бапта:
бірінші бөлікте:
1) тармақша алып тасталсын;
3-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"3-2) коммуналдық меншікке жататын концессия объектілері бойынша, егер концессия объектісін құру (реконструкциялау) құны 4000000 айлық есептік көрсеткішке дейін болған жағдайда, мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар арқылы мыналар:
конкурстық құжаттама бойынша, оның iшiнде оған өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде;
концессионердi таңдау жөнiндегi конкурсты өткiзу кезiнде конкурсқа қатысушылар ұсынған концессиялық өтiнiмдер бойынша;
концессия шарттарының жобалары бойынша, оның iшiнде концессия шарттарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу кезiнде қорытындылар дайындайды.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органдар, қажет болған жағдайда, осы тармақшада көзделген құжаттарға сараптама жүргізу үшін облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғаларды тартуы мүмкін;";
8) 15-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Объектілерді концессияға беру үш кезеңде жүзеге асырылады:
тізбені қалыптастыру;
концессионерді таңдау жөніндегі конкурсты өткізу;
концессионерді айқындау және концессия шартын жасасу.";
9) 15-1-бап алып тасталсын:
10) 15-2-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Бюджет комиссиялары мақұлдаған, инвестициялық ұсыныстарға оң экономикалық қорытындыларға сәйкес концессиялық жобалар бойынша концессиялық жобалардың конкурстық құжаттамаларын әзірлеу немесе түзету жүзеге асырылады.";
11) 17-бапта:
1-тармақта:
2-1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2-1) осы Заңның 15-2-бабының 2-тармағында көрсетілген жағдайларда жобалау-сметалық құжаттаманы;";
2-2) тармақша алып тасталсын;
12) 18-баптың 5-тармағының екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Әлеуетті концессионер осы баптың 1-тармағында көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, ол конкурсқа қатысуға жіберілмейді, ал оның конкурстық өтінімі қабылданбайды.";
13) 19-бапта:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Концессиялық өтінімдерді қарауды және iрiктеудi Премьер-Министдің өкімімен құрылған ерекше маңызы бар концессиялық жобалар жөніндегі комиссия немесе қалған жобалар бойынша конкурсты ұйымдастырушы жүзеге асырады.
Комиссияның жұмысшы органы конкурсты тиiстi ұйымдастырушы болып табылады.
Конкурстың шарттарына өзгерістер мен толықтыруларды енгізу кезінде, сондай-ақ бастапқы параметрлері мен маңыздылығы ерекше жобалар бойынша 20-баптың 4-1-тармағына сәйкес тиісті шешімдер комиссияның хаттамалық шешімімен ресімделеді.";
5-тармақ алып тасталсын;
14) 20-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған барлық конкурстық өтінімдерді олардың конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келуін, концессиялық өтінім және әлеуетті концессионерлердің біліктілік талаптарына сай келуін бағалау жөніндегі қорытындыларды ескере отырып, қарайды.
Егер белгiленген мерзiмде конкурсты ұйымдастырушыға конкурстық өтiнiмдер келiп түспесе не барлық ұсынылған конкурстық өтiнiмдер конкурстық құжаттама талаптарына сәйкес келмесе, онда конкурс өтпеген болып есептеледi.
Егер бiр конкурстық өтiнiм ғана ұсынылған жағдайда, бұл өтiнiмдi комиссия осы тармақтың бірінші бөлігіне сәйкес қарайды.";
4-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
"Келiссөздер барысында конкурстың талаптарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлерi мен сипаттамаларына, осы баптың 4-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, өзгерiстер енгiзуге жол берiлмейдi.";
мынадай мазмұндағы 4-1-тармақпен толықтырылсын:
"4-1. Егер ұлттық валюта бағамы айтарлықтай өзгерген болса, ерекше маңызы бар жобалар бойынша конкурс талаптарына, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына конкурс өткізу барысында өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат етіледі.
Конкурс талаптарына, оның ішінде құрылыс-монтаж жұмыстарының құны және мемлекеттің төлемдері бойынша, сондай-ақ концессиялық өтінімнің бастапқы параметрлері мен сипаттамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы шешім келіссөздер хаттамасы негізінде жүзеге асырылады және комиссияның шешімдері Республикалық бюджет комиссиясының қарауына шығарылады.";
15) 20-1-баптың 2-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) бірінші кезеңде мынадай іс-шаралар жүзеге асырылады:
конкурсты ұйымдастырушының мемлекеттік инвестициялық жобаның инвестициялық ұсынысының қорытындысы негізінде техникалық тапсырманы қалыптастыруы, конкурсты ұйымдастырушының конкурстық құжаттаманы әзірлеуі және бекітуі;
Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында қазақ және орыс тілдерінде екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөнінде конкурс өткізу туралы ақпарат жариялау;
конкурсты ұйымдастырушының екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып, концессионерді таңдау жөніндегі конкурстың бірінші кезеңіне қатысуға мүдделі тұлғаларға техникалық тапсырма мен конкурстық құжаттаманы ұсынуы;
әлеуетті концессионерлерді біліктілік іріктеуді өткізу;
әлеуетті концессионерлермен техникалық тапсырманың техникалық, сапалық және (немесе) өзге де сипаттамаларына қатысты мәселелерді талқылау;
біліктілік іріктеуінен өткен конкурсқа қатысушыларға екі кезеңдік рәсімдер пайдаланылатын конкурстың екінші кезеңіне қатысу үшін конкурсты ұйымдастырушының шақыру жіберуі;".
5. "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 5, 42-құжат; № 15, 118-құжат; № 16, 129-құжат; № 17, 136-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 2, 11, 16-құжаттар; № 4, 30, 32-құжаттар; № 5, 41-құжат; № 6, 43-құжат; № 8, 64-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 95-құжат; № 21-22, 124-құжат; 2013 ж., № 2, 13-құжат; № 8, 50-құжат; № 9, 51-құжат; № 15, 82-құжат; № 16, 83-құжат; 2014 ж., № 1, 9-құжат; № 2, 10, 12-құжаттар; № 4-5, 24-құжат; № 7, 37-құжат; № 12, 82-құжат; № 19-I, 19-II, 94, 96-құжаттар; № 22, 131-құжат; № 23, 143-құжат; 2015 ж., № 8, 42-құжат; № 11, 57-құжат; № 14, 72-құжат; № 19-І, 99-құжат; № 19-ІІ, 103, 105-құжаттар; № 20-ІV, 113-құжат; № 20-VІІ, 117-құжат; № 21-I, 124-құжат; № 21-II, 130-құжат; № 21-ІІІ, 135-құжат; № 22-ІІ, 145, 148-құжаттар; № 22-VI, 159-құжат; № 23-ІІ, 170, 172-құжаттар; 2016 ж., № 7-I, 47-құжат; № 7-II, 56-құжат; № 8-I, 62-құжат; № 24, 124-құжат; 2017 ж., № 4, 7-құжат; № 9, 22-құжат; 2017 жылғы 15 маусымда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне қорғаныс және әскери қызмет мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы):
1) 134-баптың 3-тармағы мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын:
"11) сот сараптамасы қызметі саласында жүзеге асырады.";
2) 140-бапта:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындарды қоспағанда, республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірістерінің бір бөлігін аудару нормативін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган белгілейді.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың билігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін тиісті саланың уәкілетті органы белгілейді.
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі құрған республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың таза кірісін бөлу тәртібін олар өздері белгілейді.
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін аудару нормативін жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгілейді.
Мемлекеттік коммуналдық кәсіпорындардың билігінде қалған таза кірісінің бір бөлігін бөлу нормативін жергілікті атқарушы орган немесе аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты белгілейді.";
4-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
"Мемлекеттік кәсіпорын тиісті бюджетке төленетін таза кірістің бір бөлігін аудару мерзімін бұзған кезде мерзімін өткізіп алған әрбір күн үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген қайта қаржыландырудың ресми мөлшерлемесінің 2,5 еселенген мөлшерінде өсімпұл есебіне жазылады.";
3) 143-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жарғылық капиталының мөлшерiн оның құрылтайшысы айқындайды, бiрақ оның мөлшерi шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынға берiлетін мүлiктiң жалпы құнынан аспауға және шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеу күнінде белгiленген айлық есептiк көрсеткiштің он мың еселенген мөлшерінен кем болмауға тиіс.
Жарғылық капиталдың мөлшерi шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынның жарғысында көрсетiледi.
Меншiк иесi (құрылтайшы) шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорынды мемлекеттiк тiркеу кезіне жарғылық капиталды толығымен қалыптастыруға тиiс.
Бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша пайдаланылмаған бюджет қаражатын (үнемделген бюджет қаражатын) қайтару мақсатында шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсiпорын құрылтайшысының жарғылық капиталды азайтуына жол беріледі.";
4) 157-бап мынадай редакцияда жазылсын:
"157-бап. Қазыналық кәсіпорынның жарғылық капиталы
Қазыналық кәсіпорынның жарғылық капиталы меншік иесінен жарғылық қызметті жүзеге асыру үшін басқаруға алынған мүліктен қалыптастырылады.
Бюджет заңнамасына сәйкес бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша пайдаланылмаған бюджет қаражатын (үнемделген бюджет қаражатын) қайтару мақсатында қазыналық кәсiпорын құрылтайшысының жарғылық капиталды азайтуына жол беріледі.";
5) мынадай мазмұндағы 173-1-баппен толықтырылсын:
"173-1-бап. Квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жататын акционерлік қоғамның және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын азайту
1. Бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша пайдаланылмаған қаражатты (бюджет қаражатын үнемдеу) қайтару кезінде квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жататын акционерлік қоғамның жарғылық капиталын азайту қоғамның бастамасы не қоғамның орналастырылған акцияларды мемлекеттен сатып алу немесе акциялардың номиналдық құнын төмендету арқылы мемлекеттің талап етуі бойынша бюджет заңнамасына сәйкес жүргізіледі.
2. Бюджеттік инвестицияларды іске асыру қорытындылары бойынша пайдаланылмаған қаражатты (бюджет қаражатын үнемдеу) қайтару мақсатында квазимемлекеттік сектор субъектілеріне жататын жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің жарғылық капиталын азайту бюджет заңнамасына сәйкес жүргізіледі.".
6. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы" 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2015 ж., № 20-VII, 116-құжат):
1) 1-баптың 5), 7) және 11) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"5) мемлекеттік әріптес – мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасқан Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары, мемлекеттік мекемелері, мемлекеттік кәсіпорындары және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде тиесілі квазимемлекеттік сектор субъектілері;";
"7) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын консультациялық қолдау – Қазақстан Республикасының Үкiметi немесе облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергiлiктi атқарушы органдары айқындайтын заңды тұлғалар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қолдау бойынша көрсететiн, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзiрлеудi, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілері арасындағы келiссөз процесінде консультациялық қызметтер көрсетудi қамтитын көрсетілетін қызметтер;";
"11) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар – тікелей келіссөздер кезінде әлеуетті жекеше әріптес әзірлейтін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының мақсаттарын, міндеттерін, шығындарды өтеу және кірістер алу көздерін, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушыларды, мемлекеттік қолдау шараларын сипаттауды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін сипаттауды көздейтін құжат;";
2) 7-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
"4. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларда көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып, осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін мемлекеттік және үкіметтік бағдарламаларда мыналар:
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының базалық параметрлері, оның ішінде мақсаттары мен міндеттері, институционалдық схемасы, бюджет қаражаты есебінен болжанатын төлемдер, мемлекеттік қолдау шаралары, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асырудан пайда алушылар;
2) экономиканың жекелеген салалары (аялары) бойынша жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібі немесе сондай тәртіпті әзірлеуге нұсқау беру көзделеді.
Мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар шеңберінде жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу тәртібін әзірлеу қажеттігі туралы шешім тиісті бағдарламада айқындалады.";
3) 10-баптың 1-тармағының 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"1) мемлекеттік әріптестің инвестициялық ұсынысты не жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде жекеше әріптестің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасына бизнес-жоспар әзірлеуі;";
4) 18-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыруға мүдделі қаржылық және өзге де ұйымдар мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының жобасын әзірлеуге және талқылауға қатысуға, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты бұзылған жағдайларда тартылатын қарыздар, болжанатын төлемдер бойынша міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз ету схемасы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын қаржыландыруға байланысты өзге де мәселелер бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.";
5) 20-баптың 4), 7) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"4) республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасын, оның ішінде оған тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде келіседі;";
"7) экономиканың жекелеген салаларында (аяларында) мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамаларын және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарттарын келіседі;";
"9) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылуын бағалау, жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бизнес-жоспарына, мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының конкурстық құжаттамасына сараптамалар жүргізу үшін, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту орталығын тартады;";
6) 23-баптың 2) және 10) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
"2) экономиканың тиісті саласында мемлекеттік-жекешелік әріптестікті жүзеге асыру тәсілдері бойынша мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының үлгілік конкурстық құжаттамасын және мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің үлгілік шарттарын әзірлейді және бекітеді;";
"10) мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін қағидаларға сәйкес жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бизнес-жоспарына салалық қорытынды дайындауды жүзеге асырады;";
7) 25-бапта:
3) тармақша алып тасталсын:
8) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"8) жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары шеңберінде жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының бизнес-жоспарына, жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының конкурстық құжаттамасына сараптама жүргізуге уәкілеттік берілген заңды тұлғаны айқындайды;";
9) тармақша алып тасталсын:
8) 26-баптың 2-тармағында:
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) жекеше әріптесті айқындау жөніндегі тікелей келіссөздер кезінде республикалық мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының бизнес-жоспарларына, оның ішінде оларға тиісті өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу кезінде сараптама жүргізу;";
4) тармақша алып тасталсын;
9) 27-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
"2. Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын ұсыну нысанында қатысуы, оның ішінде:
1) инфрақұрылымдық облигациялар бойынша мемлекет кепілгерлігі;
2) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қаржыландыру үшін тартылатын қарыздар бойынша мемлекеттік кепілдіктер;
3) мемлекетке тиесілі зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтар беру;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес заттай гранттар беру;
5) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоса қаржыландыру;
6) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігі арқылы жүзеге асырылады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құруға (реконструкциялауға) байланысты шығыстарды өтеуге бағытталған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларын қоса қаржыландырудың және инвестициялық шығындар өтемақысының жиынтық көлемі мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнынан аспауға тиіс.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектісін құру және (немесе) реконструкциялау құнын, мемлекеттік қолдаудың және мемлекеттік-жекешелік әріптестік субъектілерінің шығындарын өтеу көздерінің жиынтық құнын айқындау мемлекеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті орган бекітетін әдістемеге сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасын іске асыру барысында өндірілетін тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің белгілі бір көлемін мемлекеттің тұтыну кепілдігінің мерзімі мемлекеттік-жекешелік әріптестік шарты шеңберінде ұзарту құқығымен, кемінде 3 жыл мерзімге белгіленеді.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті мемлекеттік қолдау Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.";
10) 28-баптың 1) тармақшасы алып тасталсын;
11) 31-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
"Жекеше әріптесті айқындау және мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасу, егер мемлекеттік және үкіметтік бағдарламалар жекеше әріптесті айқындау мен мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын жасасудың өзге тәртібін айқындаса, осы Заңның нормалары қолданылмай жүзеге асырылады.";
12) 32-баптың 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"4) банкроттық не тарату рәсіміне жатпау, баланстық құны тиісті негізгі қаражат құнының он пайызынан асатын мүлкіне тыйым салынбауға тиіс, оның қаржы-шаруашылық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тоқтатыла тұрмауға тиіс;";
13) 37-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын:
"1-1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының сипаттамасын қамтитын ақпараттық парақ;";
14) 44-баптың 2-тармағының 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобасының бизнес-жоспарының сараптамасы;".
2-бап.
Осы Заң:
2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 1) тармақшасының төртінші және бесінші абзацтарын, 2) тармақшасының сегізінші абзацын, 17) тармақшасының екінші абзацын, 19) тармақшасының бірінші – тоғызыншы, он бірінші – жиырма алтыншы абзацтарын, 28) тармақшасын;
2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-баптың 1-тармағы 17) тармақшасының үшінші абзацын, 19) тармақшасының оныншы және жиырма жетінші абзацтарын және 29) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |