Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
"Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. "Мемлекеттік билік органдары жүйесіндегі кадр саясатының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2002 жылғы 29 наурыздағы № 828 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 17, 212-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметшілер лауазымдарының және Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайтын немесе оның келісуімен тағайындалатын, оның ұсынуы бойынша сайланатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша тағайындалатын өзге делауазымды тұлғалардың тізбесінде:
мына:
"
Әділет министрлігі "Сот сараптамасы орталығы" мемлекеттік мекемесінің директоры | Әділет министрі | Әкімшілік Басшысы |
|
"
деген жолмынадай редакцияда жазылсын:
"
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры | Әділет министрі | Әкімшілік Басшысы |
";
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік саяси қызметшілерімен өзге де лауазымды тұлғаларын келісу, қызметке тағайындау және қызметтен босату тәртібі туралы ережеде:
19-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот сараптамалары орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының директоры;".
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |