"Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 114-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес республикалық мүлік заңнамада белгіленген тәртіппен "Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі" мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен "Астана Балет" театры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігімен бірлесіп осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 25 қыркүйектегі № 585 қаулысына қосымша |
"Астана Балет" театры" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жарғылық капиталына берілетін республикалық мүліктің тізбесі
Р/с | Объектінің атауы |
Жалпы | Орналасқан жері |
1 | 2 | 3 | 4 |
1 | 1 бөлмелі пәтер | 34,6 | Астана қ., "Алматы" ауданы, Кенен Әзірбаев көшеcі, 4/1-үй, 1-пәтер |
2 | 1 бөлмелі пәтер | 34,3 | Астана қ., "Алматы" ауданы, Кенен Әзірбаев көшеcі, 4/1-үй, 37-пәтер |
3 | 1 бөлмелі пәтер | 34,4 | Астана қ., "Алматы" ауданы, Кенен Әзірбаев көшеcі, 4/1-үй, 108-пәтер |
4 | 1 бөлмелі пәтер | 33,6 | Астана қ., "Алматы" ауданы, Кенен Әзірбаев көшеcі, 4/1-үй, 144-пәтер |
5 | 1 бөлмелі пәтер | 34,4 | Астана қ., "Алматы" ауданы, Кенен Әзірбаев көшеcі, 4/1-үй, 180-пәтер |
6 | 1 бөлмелі пәтер | 43,1 | Астана қ., "Алматы" ауданы, Кенен Әзірбаев көшеcі, 8-үй, 3-пәтер |
7 | 1 бөлмелі пәтер | 43,4 | Астана қ., "Алматы" ауданы, Кенен Әзірбаев көшеcі, 8-үй, 39-пәтер |
8 | 1 бөлмелі пәтер | 43,2 | Астана қ., "Алматы" ауданы, Кенен Әзірбаев көшеcі, 8-үй, 75-пәтер |
9 | 1 бөлмелі пәтер | 34,3 | Астана қ., "Алматы" ауданы, Кенен Әзірбаев көшеcі, 8-үй, 144-пәтер |
10 | 1 бөлмелі пәтер | 34,3 | Астана қ., "Алматы" ауданы, Кенен Әзірбаев көшеcі, 8-үй, 180-пәтер |