1. "Павлодар облысы Екібастұз қаласындағы 700 орынға арналған отын-энергетика саласы үшін техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау бойынша өңіраралық кәсіби орталығы" құрылысы аяқталмаған объектісі жобалау-сметалық құжаттамасымен бірге республикалық меншіктен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің теңгерімінен Павлодар облысының коммуналдық меншігіне берілсін.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Павлодар облысының әкімдігімен және Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулының 1-тармағында көрсетілген мүлікті қабылдау-беру жөніндегі қажетті ұйымдастыру іс-шараларын жүзеге асырсын.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |