"Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 13 қазандағы № 641 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

"Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы

      ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

      1. "Мәслихаттың үлгі регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 3 желтоқсандағы № 704 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 70, 921-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      28-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "28. Тиісті аумақ бюджетінің жобасы мәслихаттың тұрақты комиссияларында қаралады. Мәслихаттың хатшысы бюджеттің жобасын қарау жөніндегі депутаттық уақытша жұмыс тобын құрады, оның құрамына мәслихат аппаратының қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдардың өкілдері және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары қосылуы мүмкін.

      Тұрақты комиссиялар уақытша жұмыс тобының пікірін ескере отырып, тиісті негіздемелермен және есептеулермен тиісті аумақ бюджетінің жобасы бойынша ұсыныстар әзірлейді және оларды ұсыныстарды жинақтау мен тиісті аумақ бюджетінің жобасы бойынша қорытынды әзірлеуді жүзеге асыратын бейінді тұрақты комиссияға жібереді.

      Бюджеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган сессия басталуынан кемінде екі апта бұрын сессия төрағасына, мәслихаттың хатшысына барлық қажетті материалдарды қоса бере отырып, бюджет туралы шешім жобасының түпкілікті нұсқасын ұсынады.

      Облыстық бюджет, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеті Қазақстан Республикасының Президенті Республикалық бюджет туралы заңға қол қойғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей тиісті мәслихаттың сессиясында бекітіледі. Аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті облыстық бюджетті бекіту туралы облыстық мәслихаттың шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей тиісті мәслихат бекітеді. Аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің бюджеттерін аудандық (облыстық маңызы бар қаланың) бюджетті бекіту туралы аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының шешіміне қол қойылғаннан кейін екі апта мерзімнен кешіктірмей ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты бекітеді.".

      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Президенті
Н. Назарбаев

О проекте Указа Президента Республики Казахстан "О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года № 704 "Об утверждении Типового регламента маслихата"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 13 октября 2017 года № 641

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      внести на рассмотрение Президента Республики Казахстан проект Указа Президента Республики Казахстан "О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года № 704 "Об утверждении Типового регламента маслихата".

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

О внесении изменения в Указ Президента Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года № 704 "Об утверждении Типового регламента маслихата"

      ПОСТАНОВЛЯЮ:

      1.Внести в Указ Президента Республики Казахстан от 3 декабря 2013 года № 704 "Об утверждении Типового регламента маслихата" (САПП Республики Казахстан, 2013 г., № 70, ст. 921) следующее изменение:

      пункт 28 изложить в следующей редакции:

      "28. Проект бюджета соответствующей территории рассматривается в постоянных комиссиях маслихата. Секретарь маслихата создает временную рабочую депутатскую группу по рассмотрению проекта бюджета, в состав которой могут быть включены работники аппарата маслихата, представители местных исполнительных органов и аппаратов акимов городов районного значения, сел, поселков, сельских округов.

      Постоянные комиссии с учетом мнения временной рабочей группы вырабатывают предложения по проекту бюджета соответствующей территории с соответствующими обоснованиями и расчетами и направляют их в профильную постоянную комиссию, которая осуществляет свод предложений и подготовку заключения по проекту бюджета соответствующей территории.

      Местный уполномоченный орган по бюджетному планированию не позднее чем за две недели до начала сессии представляет председателю сессии, секретарю маслихата окончательный вариант проекта решения о бюджете с приложением всех необходимых материалов.

      Областной бюджет, бюджет города республиканского значения, столицы утверждаются на сессии соответствующего маслихата не позднее двухнедельного срока после подписания Президентом Республики Казахстан Закона о республиканском бюджете. Районный (города областного значения) бюджет утверждается соответствующим маслихатом не позднее двухнедельного срока после подписания решения областного маслихата об утверждении областного бюджета. Бюджеты городов районного значения, сел, поселков, сельских округов утверждаются маслихатом района (города областного значения) не позднее двухнедельного срока после подписания решения маслихата района (города областного значения) об утверждении районного (города областного значения) бюджета.".

      2. Настоящий Указ вводится в действие со дня его подписания.

      Президент
Республики Казахстан
Н.Назарбаев