Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік билік тармақтары арасында өкілеттіктерді қайта бөлу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2017 жылғы 3 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабының 13 және 20-баптарына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті |
Н.Назарбаев |
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы № Жарлығына қосымша |
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының
ТІЗБЕСІ
1. "Концессияға беруге жатпайтын объектiлердiң тiзбесi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 7, 80-құжат).
2. "Концессияға беруге жатпайтын обьектілердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 348 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 60, 819-құжат).
3. "Қазақстан Республикасы Президентінің "Ерекше стратегиялық маңызы бар су шаруашылығы құрылыстарының тізбесі туралы" 2004 жылғы 1 қарашадағы № 1466 және "Концессияға беруге жатпайтын объектілердің тізбесі туралы" 2007 жылғы 5 наурыздағы № 294 жарлықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 25 шілдедегі № 866 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 46-47, 458-құжат).
4. "Мемлекеттік-жекешелік әріптестікті іске асыру үшін берілмейтін объектілер тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 172 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2016 ж., № 3-4, 11-құжат).