Астана қаласында туризмді дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі жол картасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 8 қарашадағы № 727 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Астана қаласында туризмді дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі жол картасы (бұдан әрі – Жол картасы) бекітілсін.

      2. Жол картасын орындауға жауапты орталық мемлекеттік органдар, Астана қаласының әкімдігі, сондай-ақ мүдделі ұйым (келісім бойынша):

      1) Жол картасының іс-шараларын тиісінше және уақтылы орындауды қамтамасыз етсін;

      2) жыл сайын, жартыжылдықтың қорытындылары бойынша 5 қаңтарға және 5 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.

      3. Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі жыл сайын, 20 қаңтарға және 20 шілдеге қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жол картасының іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігіне жүктелсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 8 қарашадағы
№ 727 қаулысымен
бекітілген

Астана қаласында туризмді дамыту жөніндегі 2020 жылға дейінгі жол картасы

Р/с №

Іс-шараның атауы

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындау мерзімі

Қажетті қаржыландыру көлемі мен көздері

1

2

3

4

5

6

1

Ұшулардың географиясын кеңейту және рейстердің санын көбейту мақсатында шет мемлекеттердің авиациялық биліктерімен меморандумдар мен хаттамаларға қол қою

меморандумдар мен хаттамалар

ИДМ

2017 – 2019 жылдар

талап етілмейді

2

Астана қаласы мен әлемнің ірі мегаполистері (Лондон, Токио, Шанхай, Нью-Йорк) арасындағы халықаралық рейстерді қамтамасыз ету

халықаралық рейстерді іске қосу

ИДМ
 

2020 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

3

Астана қаласының спорттық және мәдени объектілерін тиімді басқару үшін шетелдік компаниялар мен білікті халықаралық қызметкерлерді тарту бойынша ұсыныстар әзірлеу

МСМ-ге ұсыныс

Астана қаласының әкімдігі, "Атамекен" ҰКП
(келісім бойынша)
 

2018 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

4

Астана қаласында спорт және мәдениет объектілерін пайдалану тиімділігін арттыру және өзін-өзі ақтауы мақсатында басқарушы компанияны құру жөніндегі мәселені пысықтау

МСМ-ге ұсыныс

Астана қаласының әкімдігі
 

2018 жылғы қаңтар

талап етілмейді

5

Астана қаласында денсаулық сақтау және жоғары білім беру объектілерін пайдалану тиімділігін арттыру және өзін-өзі ақтауы жөнінде ұсыныстар әзірлеу

МСМ-ге ұсыныс

Астана қаласының әкімдігі, ДСМ, БҒМ, АШМ, ІІМ, "Атамекен" ҰКП
(келісім бойынша)

2018 жылғы қаңтар

талап етілмейді

6

Астана қаласында Ұлттық ғарыш орталығының аумағында "Astana Cosmoland" қазақстандық тақырыптық паркін құруға арналған инвестицияларды тарту

инвестициялық келісім

Астана қаласының әкімдігі, ИДМ, ҚАӨМ, МСМ

2017 – 2019 жылдар

талап етілмейді

7

Астана қаласында республикалық және халықаралық спорт іс-шараларын өткізу жөніндегі жұмысты жандандыру

спорт іс-шараларын өткізу

МСМ, Астана қаласының әкімдігі

2018 – 2020 жылдар

036 "Жоғары жетiстiктер спортын дамыту" бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат шегінде (МСМ)

8

Астана қаласында ішкі туризмді (оқиғалық, қалалық, рекреациялық, этномәдени, танымдық демалыс пен медициналық туризм) дамытатын туристік фирмаларды қолдау жөнінде ұсыныстар әзірлеу

МСМ-ге ұсыныс

МСМ, Астана қаласының әкімдігі,
"Атамекен" ҰКП
(келісім бойынша)

2018 жылғы қаңтар

талап етілмейді

9

"Туристерді орналастыру орындарын сыныптау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2008 жылғы 11 қарашадағы № 01-08/200 бұйрығына өзгерістер енгізу

МСМ бұйрығы

МСМ, Астана қаласының әкімдігі,
"Атамекен" ҰКП
(келісім бойынша)

2018 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

10

Туристерге жеңілдіктер беру бойынша акциялар өткізу (авиабилеттердің, орналастыру орындарының, мейрамханалар мен дәмханалардағы ас мәзірінің бағасын төмендету, сондай-ақ кинотеатрлар, дүкендер мен басқа да бөлшек сауда кәсіпорындарының акцияларына қосылу)

туристерге жеңілдіктер беру бойынша жалпы мемлекеттік акцияларды ұйымдастыру

МСМ, Астана қаласының әкімдігі,
"Атамекен" ҰКП
(келісім бойынша)

2018 жылғы маусым

талап етілмейді

11

Негізгі бәсекелестiк артықшылықтар мен кемшіліктерді айқындау мақсатында Астана қаласы клиникаларының медициналық қызметтеріне маркетингтік талдау, оның ішінде шетел азаматтарына көрсетілетін медициналық қызметтерге талдау жүргізу

маркетингтік талдау

ДСМ, Астана қаласының әкімдігі,
"Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2017 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

12

Астана қаласында WMTA аясында медициналық туризм жөнінде халықаралық конференция және медициналық туризмдегі кәсіби маман куәлігін алумен медициналық туризм бойынша оқыту курстарын өткізу мәселелерін пысықтау

МСМ-ге ұсыныс

ДСМ, Астана қаласының әкімдігі,
"Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы маусым

талап етілмейді

13

Экскурсиялық және туристік автобустар үшін тұрақ орындарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар енгізу

МСМ-ге ұсыныс

Астана қаласының әкімдігі, МСМ, "Атамекен" ҰКП
(келісім бойынша)

2018 – 2019 жылдар

талап етілмейді

14

Еуропалық қалалардың және Алматы қаласының үлгісі бойынша қала тұрғындары мен туристердің тартылыс орындары ретінде жаяу серуендеу аймағын ұлғайту және саябақтар мен жағалауларды абаттандыру бойынша ұсыныстар енгізу

МСМ-ге ұсыныс

Астана қаласының әкімдігі, МСМ, ИДМ,
"Атамекен" ҰКП
(келісім бойынша)

2018 – 2019 жылдар

талап етілмейді

15
 

Астана қаласында орналасқан республикалық мәдени объектілердің өз табысын 2018 жылдан бастап жыл сайын орта есеппен 2 % көбейту мәселесін пысықтау

МСМ-ге ұсыныс

Қаржымині, ҰЭМ

2018 – 2020 жылдар

талап етілмейді

16

"Барыс Арена" көп функциялы мұз сарайын "Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына сенімгерлік басқаруға беру

сенімгерлік басқару шарты,
"Барыс Арена" көп функционалды мұз сарайын қабылдап алу-беру актісі
 

Астана қаласының әкімдігі, МСМ

2017 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

17

"Қазақстан" спорт сарайын "Astana" әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамына сенімгерлік басқаруға беру

сенімгерлік басқару шарты,
"Қазақстан" спорт сарайын алу-беру актісі

Астана қаласының әкімдігі, МСМ

2017 жылғы желтоқсан

талап етілмейді

18

Шетелдік студенттерді Астана қаласының жоғары оқу орындарына оқуға тарту бойынша мәселені пысықтау

МСМ-ге ақпарат

БҒМ, СІМ, ДСМ, АШМ, ІІМ, Астана қаласының әкімдігі

2018 жылғы
сәуір

талап етілмейді

19

Астана қаласының жоғары оқу орындарында екі дипломды білім беруді кеңейту

МСМ-ге ақпарат

БҒМ

жыл сайын

талап етілмейді

20

Астана қаласының жоғары оқу орындарында инновациялық құрылымдарды құру (технопарктер, зертханалар, бизнес-инкубаторлар) жөнінде ұсыныстар енгізу

МСМ-ге ұсыныс

БҒМ, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы
II тоқсан
 

талап етілмейді

21

Астана қаласының жоғары оқу орындарын коммерциялық емес білім беру ұйымдарына айналдыру бойынша мәселені пысықтау

МСМ-ге ұсыныс

БҒМ, ҰЭМ

2018 жылғы
II тоқсан
 

талап етілмейді

22

Астана қаласындағы шетел азаматтарына медициналық қызмет көрсететін негізгі денсаулық сақтау ұйымдарының тізбесін қалыптастыру

МСМ-ге ақпарат

ДСМ, Астана қаласының әкімдігі, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы
қаңтар

талап етілмейді

23

Медициналық туризм бойынша дүниежүзілік қауымдастықтармен ынтымақтастық орнату (Жаһандық денсаулық сақтау қауымдастығы, Дүниежүзілік гидротерапия мен климатотерапия федерациясы, Еуроазия курорттық қауымдастығы, Ресей Федерациясының Ұлттық курорттық қауымдастығы және басқа қауымдастықтар мен ұйымдар), денсаулық сақтау бойынша ірі халықаралық конференциялар мен көрмелерге қатысу

ынтымақтастық туралы
меморандумдар,
іс-шаралар жоспары

ДСМ, Астана қаласының әкімдігі,
"Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 – 2020 жылдар

талап етілмейді

24

Медициналық туризм және импортты алмастыру бағыттары бойынша инновациялық медициналық технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар енгізу

МСМ-ге ақпарат

ДСМ, Астана қаласының әкімдігі, "Атамекен" ҰКП (келісім бойынша)

2018 жылғы
I тоқсан
 

талап етілмейді


      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:


      ИДМ – Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі

      БҒМ – Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

      МСМ – Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі

      ҚАӨМ – Қазақстан Республикасының Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

      ДСМ – Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі

      СІМ – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі

      АШМ – Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі

      ҰЭМ – Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі

      Қаржымині – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі

      ІІМ – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі

      "Атамекен" ҰКП – "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы

      WMTA – Дүниежүзілік медициналық туризм қауымдастығы

Об утверждении Дорожной карты по развитию туризма в городе Астане до 2020 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 8 ноября 2017 года № 727

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемую Дорожную карту по развитию туризма в городе Астане до 2020 года (далее – Дорожная карта).

      2. Центральным государственным органам, акимату города Астаны, а также заинтересованной организации (по согласованию), ответственным за исполнение Дорожной карты:

      1) обеспечить надлежащее и своевременное исполнение мероприятий Дорожной карты;

      2) ежегодно по итогам полугодия, к 5 января и 5 июля представлять информацию о ходе реализации Дорожной карты в Министерство культуры и спорта Республики Казахстан.

      3. Министерству культуры и спорта Республики Казахстан ежегодно к 20 января и 20 июля представлять в Правительство Республики Казахстан сводную информацию о ходе реализации Дорожной карты.

      4. Контроль за исполнением настоящего постановления возложить на Министерство культуры и спорта Республики Казахстан.

      5. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Утверждена
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 8 ноября 2017 года № 727

Дорожная карта по развитию туризма в городе Астане до 2020 года

№п/п

Наименование мероприятия

Форма завершения

Ответственные за исполнение

Срок исполнения

Необходимые объемы и источники финансирования

1

2

3

4

5

6

1

Подписание меморандумов и протоколов с авиационными властями иностранных государств в целях дальнейшего расширения географии полетов и увеличения количества рейсов

меморандумы и протокола

МИР

2017 – 2019 годы

не требуются

2

Обеспечение международных рейсов между городом Астаной и ведущими мегаполисами мира (Лондон, Токио, Шанхай, Нью-Йорк)

запуск международных рейсов

МИР

декабрь 2020 года

не требуются

3

Подготовка предложений по привлечению иностранных компаний и квалифицированного международного персонала для эффективного управления спортивными и культурными объектами города Астаны

Предложения в МКС

акимат города Астаны, НПП "Атамекен" (по согласованию)

декабрь 2018 года

не требуются

4

Проработка вопроса по созданию управляющей компании с целью повышения эффективности использования и самоокупаемости объектов спорта и культуры города Астаны

Предложения в МКС

акимат города Астаны

январь 2018 года

не требуются

5

Подготовка предложений по повышению эффективности использования и самоокупаемости объектов здравоохранения и высшего образования города Астаны

Предложения в МКС

акимат города Астаны, МЗ, МОН, МСХ, МВД, НПП "Атамекен" (по согласованию)

январь 2018 года

не требуются

6

Привлечение инвестиций для создания казахстанского тематического парка "AstanaCosmoland" на территории Национального космического центра в городе Астане

инвестиционное соглашение

акимат города Астаны, МИР, МОАП, МКС

2017 – 2019 годы

не требуются

7

Активизация работы по проведению республиканских и международных спортивных мероприятий в городе Астане

проведение спортивных мероприятий

МКС, акимат города Астаны

2018 – 2020 годы

в пределах средств, предусмотренных по бюджетной программе 036 "Развитие спорта высших достижений" (МКС)

8

Выработка предложений по поддержке туристских фирм, развивающих внутренний туризм в городе Астане (событийный, городской, рекреационный, этнокультурный, познавательный отдых и медицинский туризм)

Предложения в МКС

МКС, акимат города Астаны, НПП "Атамекен" (по согласованию)

январь 2018 года

не требуются

9

Внесение изменений в приказ Министра туризма и спорта Республики Казахстан от 11 ноября 2008 года № 01-08/200 "Об утверждении Правил классификации мест размещения туристов"

приказ МКС

МКС, акимат города Астаны, НПП "Атамекен" (по согласованию)

декабрь 2018 года

не требуются

10

Проведение акций по предоставлению льгот туристам (снижение цен на авиабилеты, места размещения, меню в ресторанах и кафе, также присоединение к акции кинотеатров, магазинов и других предприятий розничной торговли)

организация общегосударственных акций по предоставлению льгот туристам

МКС, акимат города Астаны, НПП "Атамекен" (по согласованию)

июнь 2018 года

не требуются

11

Проведение маркетингового анализа медицинских услуг клиник города Астаны с целью выявления основных конкурентных преимуществ и недостатков, в том числе анализа медицинских услуг, предоставленных иностранным гражданам

маркетинговый анализ

МЗ, акимат города Астаны, НПП "Атамекен" (по согласованию)

декабрь 2017 года

не требуются

12

Проработка вопросов по проведению международной конференции в городе Астане по медицинскому туризму под эгидой WMTA и обучающего курса по медицинскому туризму с получением сертификата профессионала в медицинском туризме

Предложения в МКС

МЗ, акимат города Астаны, НПП "Атамекен" (по согласованию)

июнь 2018 года

не требуются

13

Внесение предложений по обеспечению организации мест парковок и стоянок для экскурсионных и туристских автобусов

Предложения в МКС

акимат города Астаны, МКС, НПП "Атамекен" (по согласованию)

2018 – 2019 годы

не требуются

14

Внесение предложений по увеличению пешеходных зон и благоустройству парков и набережных, как мест притяжения горожан и туристов по примеру европейских городов и города Алматы

Предложения в МКС

акимат города Астаны, МКС, МИР, НПП "Атамекен" (по согласованию)

2018 – 2019 годы

не требуются

15

Рассмотрение вопроса увеличения собственных доходов республиканских объектов культуры, находящихся в городе Астане, в среднем на 2 % ежегодно, начиная с 2018 года

предложения в МКС

МФ, МНЭ

2018 – 2020 годы

не требуются

16

Передача в доверительное управление акционерного общества "Национальная компания "Социально– предпринимательская корпорация "Astana" многофункционального ледового дворца "Барыс Арена"

договор доверительного управления, акт приема-передачи многофункционального ледового дворца "Барыс Арена"

акимат города Астаны, МКС

декабрь 2017 года

не требуются

17

Передача в доверительное управление акционерного общества "Национальная компания "Социально– предпринимательская корпорация "Astana" Дворца спорта "Казахстан"

договор доверительного управления, акт приема-передачи Дворца спорта "Казахстан"

акимат города Астаны, МКС

декабрь 2017 года

не требуются

1

2

3

4

5

6

18

Проработка вопроса по привлечению иностранных студентов на обучение в ВУЗы города Астаны

Информация в МКС

МОН, МИД, МЗ, МСХ, МВД, акимат города Астаны

апрель 2018 года

не требуются

19

Расширение предоставления двудипломного образования ВУЗами города Астаны

Информация в МКС

МОН

ежегодно

не требуются

20

Внесение предложений по созданию ВУЗами города Астаны инновационных площадок и структур (технопарки, лаборатории, бизнес-инкубаторы)

Предложения в МКС

МОН, НПП "Атамекен" (по согласованию)

II квартал 2018 года

не требуются

21

Проработка вопроса по преобразованию ВУЗов города Астаны в некоммерческие организации образования

Предложения в МКС

МОН, МНЭ

II квартал 2018 года

не требуются

22

Формирование перечня ключевых организаций здравоохранения города Астаны, предоставляющих медицинские услуги для иностранных пациентов

Информация в МКС

МЗ, акимат города Астаны, НПП "Атамекен" (по согласованию)

январь 2018 года

не требуются

23

Установление сотрудничества с мировыми ассоциациями по медицинскому туризму (Глобальная ассоциация по здравоохранению, Всемирная федерация по гидротерапии и климатотерапии, Евразийская курортная ассоциация, Национальная курортная ассоциация Российской Федерации и другие ассоциации и организации), участие в крупных международных конференциях и выставках по здравоохранению

меморандумы о сотрудничестве, план мероприятий

МЗ, акимат города Астаны, НПП "Атамекен" (по согласованию)

2018 – 2020 годы

не требуются

24

Внесение предложений по внедрению инновационных медицинских технологий по направлениям медицинского туризма и импортозамещения

Информация в МКС

МЗ, акимат города Астаны, НПП "Атамекен" (по согласованию)

I квартал 2018 года

не требуются

      Примечание: расшифровка аббревиатур:

      МИР – Министерство по инвестициям и развитию Республики Казахстан

      МОН – Министерство образования и науки Республики Казахстан

      МКС – Министерство культуры и спорта Республики Казахстан

      МОАП – Министерство оборонной и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан

      МЗ – Министерство здравоохранения Республики Казахстан

      МИД – Министерство иностранных дел Республики Казахстан

      МСХ – Министерство сельского хозяйства Республики Казахстан

      МНЭ – Министерство национальной экономики Республики Казахстан

      МФ – Министерство финансов Республики Казахстан

      МВД – Министерство внутренних дел Республики Казахстан

      НПП "Атамекен" – Национальная плата предпринимателей Республики Казахстан "Атамекен"

      WMTA – Всемирная Ассоциация медицинского туризма

      ВУЗ – высшее учебное заведение