Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілердің кейбір мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 56, 800-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік күзетілуі тиіс объектілерді айқындау қағидасында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"5. Аса маңызды мемлекеттік объектілерге тұтастығының бұзылуы мемлекет қауіпсіздігіне, оған жүктелген функцияларды нақты іске асыруға теріс әсер етуі, экономикаға елеулі зиян келтіруі, мемлекетаралық қарым-қатынастарды қиындатуы мүмкін, сондай-ақ мемлекет пен қоғам үшін аса маңызы бар объектілер жатады.
Аса маңызды мемлекеттік объектілердің санатына:
1) Қазақстан Республикасының республикалық және облыстық маңызы бар орталық және жергiлiктi атқарушы мемлекеттік органдарының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, жергілікті және басқа да соттардың, Бас прокуратураның, облыстар прокуратураларының, республикалық маңызы бар қала мен республика астанасы прокуратураларының, қалалық және оларға теңестірілген әскери және басқа да мамандандырылған прокуратуралардың, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет пен оның аумақтық бөліністерінің әкiмшiлiк ғимараттары мен объектiлерi;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің объектілері, оның филиалдары мен қоймалары;
3) Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетелдік дипломатиялық өкілдіктер, консулдық мекемелер мен халықаралық ұйымдардың өкілдіктері;
4) "Астана ЭКСПО-2017" ұлттық компаниясы" акционерлік қоғамының "Қазақстан" павильоны жатады.".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |