Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Даму институттарын, қаржы ұйымдарын басқару жүйесін оңтайландыру және ұлттық экономиканы дамыту жөніндегі кейбір шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 мамырдағы № 571 Жарлығын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 мамырдағы № 516 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 35, 514-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 5-қосымшада:
мына:
"Мамин Асқар Ұзақбайұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"Досаев Ерболат Асқарбекұлы – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |