"Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 5 желтоқсандағы № 812 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 994 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 55-56, 544-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі туралы ережеде:

      16-тармақта:

      173) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "173) электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулер жүргізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      186-2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "186-2) электр желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      186-4) тармақша алып тасталсын;

      186-20), 186-21), 186-22), 186-23), 186-24) және 186-25) тармақшалар алып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 186-27), 186-28), 186-29), 186-30), 186-31), 186-32), 186-33), 186-34), 186-35), 186-36) және 186-37) тармақшалармен толықтырылсын:

      "186-27) жылу желілері объектілерінің күзет аймақтарын және осындай аймақтардың шекараларында орналасқан жер учаскелерін пайдаланудың ерекше шарттарын белгілеу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      186-28) энергия беруші ұйымдардың электр энергиясын беру жөніндегі қызметке қойылатын талаптарға сәйкестігін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      186-29) Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінде электр энергиясының тапшылығы мен профицитін айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      186-30) жылыту маусымын іркіліссіз өткізу үшін энергия өндіруші ұйымдарға отын сатып алуға субсидия беру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      186-31) қаржы-есеп айырысу орталығының басым шартты тұтынушыға күнтізбелік жылдың қорытындысы бойынша электр энергиясының тиісті үлесін қайта есептеу және қайта бөлу тәртібін әзірлейді және бекітеді;

      186-32) басым шартты тұтынушылар үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына және Қазақстан Республикасының бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің техникалық мүмкіндіктеріне сәйкес жаңартылатын энергия көздерінің түрлерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектісі қуатының көлемі мен орналасу жерін келіседі;

      186-33) аукционға қатысушыларға қойылатын біліктілік талаптарын, өтінімнің мазмұнын және оны беру тәртібін, аукционға қатысуға арналған өтінімді қаржылық қамтамасыз ету түрлерін және оларды енгізу мен қайтару шарттарын, қорытынды шығару және жеңімпаздарды анықтау тәртібін қамтитын аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

      186-34) аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушыны айқындайды;

      186-35) аукциондық сауда-саттықты өткізу мерзімдерін, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілерін орналастыру жоспарына сәйкес жаңартылатын энергия көздерінің түрлері бойынша жоспарланып отырған қуат шамаларын, жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері орналастырылатын болжамды аймақтарды (аудандарды) айқындайды;

      186-36) шекті аукциондық бағаларды бекітеді;

      186-37) энергия өндiрушi, энергия беруші ұйымдардың технологиялық мұқтаждарына электр және жылу энергиясының шығыс нормаларын регламенттейтін нормативтік құқықтық актiлердi әзiрлейдi және бекітеді;";

      мынадай мазмұндағы 256-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "256-1) қалдықтар сыныптауышын бекітеді;";

      267) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "267) қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдалану объектілері өндірген электр энергиясын орталықтандырылған сатып алуы және сатуы қағидаларын, қаржы-есеп айырысу орталығының жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен, шартты тұтынушылармен және басым шартты тұтынушылармен жасалатын шарттарының тиісті үлгілік нысандарын әзірлейді және бекітеді;";

      268) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "268) тіркелген тарифтерді және шекті аукциондық бағаларды айқындау қағидаларын әзірлейді, жаңартылатын энергия көздерін қолдауға арналған тарифті айқындау қағидаларын әзірлейді және бекітеді;";

      17-тармақта:

      33) тармақша алып тасталсын;

      41) және 41-1) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:

      "41) негізгі жабдықтың тоқтауына, өртке, жарылысқа, Қазақстан Республикасының бiртұтас электр энергетикалық жүйесiнің бiрнеше бөлiкке бөлінуіне, электр энергиясын тұтынушыларды жаппай шектеуге алып келген, электр станцияларының, электр желiлерiнiң жұмысындағы технологиялық бұзушылықтардың есебін жүргiзедi;

      41-1) электр қондырғыларының техникалық жай-күйін және оларды пайдалану қауіпсіздігін бақылау үшін электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді жүзеге асыратын ұйымдар басшыларының, мамандарының техникалық пайдалану қағидалары мен қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуіне біліктілік тексерулерді жүзеге асырады;";

      мынадай мазмұндағы 44-1) тармақшамен толықтырылсын:

      "44-1) табиғи монополиялар салаларында басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік органға электр энергиясын беру жөніндегі қызметті көрсететін табиғи монополия субъектісі қызметінің "Электр энергетикасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 13-1-бабы 6-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі туралы ақпаратты жібереді.".

      2. Осы қаулы 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың тоғызыншы абзацын қоспағанда, қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

О внесении изменений и дополнений в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 "Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан"

Постановление Правительства Республики Казахстан от 5 декабря 2017 года № 812.

      Примечание РЦПИ!
Порядок введения в действие настоящего постановления см. п .2.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Внести в постановление Правительства Республики Казахстан от 19 сентября 2014 года № 994 "Вопросы Министерства энергетики Республики Казахстан" (САПП Республики Казахстан, 2014 г., № 55-56, ст. 544) следующие изменения и дополнения:

      в Положении о Министерстве энергетики Республики Казахстан, утвержденном указанным постановлением:

      в пункте 16:

      подпункт 173) изложить в следующей редакции:

      "173) разрабатывает и утверждает правила проведения квалификационных проверок знаний правил технической эксплуатации и правил техники безопасности у руководителей, специалистов организаций, осуществляющих производство, передачу электрической и тепловой энергии, для контроля технического состояния и безопасности эксплуатации электроустановок;";

      подпункт 186-2) изложить в следующей редакции:

      "186-2) разрабатывает и утверждает правила установления охранных зон объектов электрических сетей и особых условий использования земельных участков, расположенных в границах таких зон;";

      подпункт 186-4) исключить;

      подпункты 186-20), 186-21), 186-22), 186-23), 186-24) и 186-25) исключить;

      дополнить подпунктами 186-27), 186-28), 186-29), 186-30), 186-31), 186-32), 186-33), 186-34), 186-35), 186-36) и 186-37) следующего содержания:

      "186-27) разрабатывает и утверждает правила установления охранных зон объектов тепловых сетей и особых условий использования земельных участков, расположенных в границах таких зон;

      186-28) разрабатывает и утверждает правила определения соответствия энергопередающих организаций требованиям, предъявляемым к деятельности по передаче электрической энергии;

      186-29) разрабатывает и утверждает правила определения дефицита и профицита электрической энергии в единой электроэнергетической системе Республики Казахстан;

      186-30) разрабатывает и утверждает правила субсидирования энергопроизводящих организаций на приобретение топлива для бесперебойного проведения отопительного сезона;

      186-31) разрабатывает и утверждает порядок перерасчета и перераспределения расчетно-финансовым центром соответствующей доли электрической энергии на квалифицированного условного потребителя по итогам календарного года;

      186-32) согласовывает квалифицированным условным потребителям вид возобновляемых источников энергии, объем мощности и месторасположение объекта по использованию возобновляемых источников энергии в соответствии с планом размещения объектов по использованию возобновляемых источников энергии и техническими возможностями единой электроэнергетической системы Республики Казахстан;

      186-33) разрабатывает и утверждает правила организации и проведения аукционных торгов, включающие квалификационные требования, предъявляемые к участникам аукциона, содержание и порядок подачи заявки, виды финансового обеспечения заявки на участие в аукционе и условия их внесения и возврата, порядок подведения итогов и определения победителей;

      186-34) определяет организатора аукционных торгов;

      186-35) определяет сроки проведения аукционных торгов, планируемые величины мощности по видам возобновляемых источников энергии, предполагаемые зоны (районы) расположения объектов по использованию возобновляемых источников энергии в соответствии с планом размещения объектов по использованию возобновляемых источников энергии;

      186-36) утверждает предельные аукционные цены;

      186-37) разрабатывает и утверждает нормативные правовые акты, регламентирующие нормы расхода электрической и тепловой энергии на технологические нужды энергопроизводящих, энергопередающих организаций;";

      дополнить подпунктом 256-1) следующего содержания:

      "256-1) утверждает классификатор отходов;";

      подпункт 267) изложить в следующей редакции:

      "267) разрабатывает и утверждает правила централизованной покупки и продажи расчетно-финансовым центром электрической энергии, произведенной объектами по использованию возобновляемых источников энергии, соответствующие типовые формы договоров расчетно-финансового центра с энергопроизводящими организациями, использующими возобновляемые источники энергии, условными потребителями и квалифицированными условными потребителями;";

      подпункт 268) изложить в следующей редакции:

      "268) разрабатывает правила определения фиксированных тарифов и предельных аукционных цен, разрабатывает и утверждает правила определения тарифа на поддержку возобновляемых источников энергии;";

      в пункте 17:

      подпункт 33) исключить;

      подпункты 41) и 41-1) изложить в следующей редакции:

      "41) ведут учет технологических нарушений в работе электростанций, электрических сетей, приведших к остановке основного оборудования, пожарам, взрывам, разделению единой электроэнергетической системы Республики Казахстан на несколько частей, массовому ограничению потребителей электрической энергии;

      41-1) осуществляют квалификационные проверки знаний правил технической эксплуатации и правил техники безопасности у руководителей, специалистов организаций, осуществляющих производство, передачу электрической и тепловой энергии, для контроля технического состояния и безопасности эксплуатации электроустановок;";

      дополнить подпунктом 44-1) следующего содержания:

      "44-1) направляют государственному органу, осуществляющему руководство в сферах естественных монополий, информацию о несоответствии деятельности субъекта естественной монополии, оказывающего услугу по передаче электрической энергии, требованиям пункта 6 статьи 13-1 Закона Республики Казахстан "Об электроэнергетике";".

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания, за исключением абзаца девятого пункта 1, который вводится в действие с 1 января 2019 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев