Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
1) "Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 наурыздағы № 266 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 24, 176-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларынан құралатын топтардың алдын ала болу қағидаларында:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"4. Үйлестіру кеңесі хаттамалар негізінде кезеңдік және аралық алдын ала болу жоспарларын (болу мерзімдерін, болатын мекемелер мен ұйымдардың тізбесін, сондай-ақ болудың көрсетілген түрлерін жүргізуге уәкілетті топтар құрамын қамтитын) бекітеді.";
мынадай мазмұндағы 6-1-тармақпен толықтырылсын:
"6-1. Үйлестіру кеңесі (кезеңдік және аралық болу бойынша) немесе Адам құқықтары жөніндегі уәкіл (арнаулы болу бойынша) әрбір топтың құрамына ұлттық алдын алу тетігінің төртеуден аспайтын қатысушысын енгізеді.";
2) "Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 сәуірдегі № 301 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 25, 196-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"3. Алдын ала болу бойынша шығыстарды республикалық бюджет қаражаты есебінен өтеу мынадай құжаттар:
1) кезеңдік және аралық алдын ала болулар бойынша – Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл жанындағы Үйлестіру кеңесінің (бұдан әрі – Үйлестіру кеңесі) тиісті жоспарларды (болу мерзімдерін, болатын мекемелер мен ұйымдардың тізбесін, сондай-ақ болудың көрсетілген түрлерін жүргізуге уәкілетті топтар құрамын қамтитын) қоса бере отырып, алдын ала болулардың көрсетілген түрлерінің жоспарларын бекіту туралы хаттамалары;
2) арнаулы болулар бойынша – азаптауларды және басқа да қатыгез, адамгершiлiкке жатпайтын немесе ар-намысты қорлайтын iс-әрекеттер мен жазалаудың түрлерін қолдану туралы келіп түскен хабарламалардың негізінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының тобын жіберу туралы шешімі;
3) осы Қағидалардың 5, 6-тармақтарында көрсетілген шығыстарды растайтын құжаттар;
4) осы Қағидалардың 7-тармағына сәйкес топ басшылары жіберетін ақшалай қаражаттың іс жүзіндегі шығыстары туралы есеп;
5) осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген растау негізінде жүзеге асырылады.";
5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
"3) кеңсе тауарларын сатып алуға, жиналған материалдардың көшірмелерін жасауға арналған, телефон байланысын, интернет пен пошта қызметтерін пайдаланғаны үшін шығыстарды қамтитын, алдын ала болуды жүзеге асыратын ұлттық алдын алу тетігінің әрбір қатысушысына ең төменгі екі айлық есептік көрсеткіштен аспайтын мөлшердегі жүкқұжат шығыстары.";
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"7. Ұлттық алдын алу тетігі тобының басшысы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтелуге жататын шығыстар туралы ақпаратты көздейтін ақшалай қаражаттың нақты шығыстары туралы есепті бюджеттік бағдарлама әкімшісінің мекенжайына ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей тапсырыс хатпен жібереді.
Топ басшысы ақшалай қаражаттың нақты шығыстары туралы есепке осы Қағидалардың 5, 6-тармақтарында көрсетілген шығыстарды растайтын құжаттарды қоса береді.";
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"8. "Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық" мемлекеттік мекемесі бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне:
1) ай сайын, есепті айдан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей, ал желтоқсан айында 10-күніне дейін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес растауды;
2) Үйлестіру кеңесінің отырысы өткізілген күннен бастап он жұмыс күні ішінде ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының Үйлестіру кеңесінің жұмысына қатысуы жөніндегі растауды жолдайды.";
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"9. Бюджеттік бағдарламаның әкімшісі ай сайын, осы Қағидалардың 8-тармағында көрсетілген ақпаратты алған күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей, ұлттық алдын алу тетігі қатысушысының шығыстарын өтеуді ұлттық алдын алу тетігінің қатысушысына тиесілі соманы ұлттық алдын алу тетігі тобының басшысы ұсынған және тиісті банк немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым растаған оның ағымдағы банк немесе өзге шотына аудару арқылы жүргізеді.".
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |
Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларына 1-қосымша |
______ жылғы_________ айына арналған
Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушылары тобының алдын ала болу бойынша ақшалай қаражатының іс жүзіндегі шығыстары туралы есебі
Р/с № | Орналасқан жердің толық мекенжайы көрсетілген мекеменің немесе ұйымның атауы | ҰАТ тобының қатысушыларының Т.А.Ә | Алдын ала болу мерзімі | Алдын ала болу түрі | Алдын ала болудың қорытындылары бойынша топ есебін дайындауға байланысты шығыстар (ең төменті 1 жалақы мөлшерінде) | Топ қатысушысының шығуына байланысты шығыстар | Үстеме шығыстар | Тұру үшін | Тәулік ақы | Жиыны |
ҰАТ тобының басшысы Т.А.Ә. __________________(қолы, күні және жылы)
Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының алдын ала болу бойынша шығыстарын өтеу қағидаларына 2-қосымша |
______ жылғы_________ айына арналған Ұлттық алдын алу тетігі (ҰАТ) қатысушылары тобының алдын ала болу қорытындысы бойынша жазбаша есептерді тапсыру туралы растау
Р/с | Орналасқан жердің толық мекенжайы көрсетілген мекеменің немесе ұйымның атауы | Алдын ала болу өткізілген күні | Алдын ала болу түрі | Алдын ала болу қорытындысы бойынша есеп атауы | Есепке қол қойған ҰАТ қатысушыларының Т.А.Ә. |
ҰАТ қатысушылары | Алдын ала болу қорытындысы бойынша есепті тапсыру күні |
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы Т.А.Ә.