РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде: :
1-бөлімде:
мына:
"
1. | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 159 107 |
"
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
"
1. | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: | 159 256 |
";
17), 18) және 19) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"
17) | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: | 87 833 |
18) | Ұлттық ұланның өңірлік қолбасшылықтары, құрамалары мен бөлімдері | 31 705 |
19) | оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер: | 13 348 |
";
20) тармақша алып тасталсын;
28) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"
28) | Ұлттық ұланның Әскери институты | 1 372 |
";
мынадай мазмұндағы 28-1) тармақшамен толықтырылсын:
"
28-1) | олардың ішінде Ұлттық ұлан Әскери институтының курсанттары | 880 |
";
64) және 65) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
"
64) | Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі | 17 729 |
65) | оның ішінде мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері | 17 155 |
".
2. Осы қаулы 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі |
Б. Сағынтаев |