"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2018 жылға арналған шекті шамасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 900 қаулысы.

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.


      "Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" 2003 жылғы 25 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-1-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры" акционерлік қоғамының (бұдан әрі – Қор) активтерінен алынатын комиссиялық сыйақының пайыздық мөлшерлемесінің 2018 жылға арналған шекті шамасы Қор шотына түскен активтер мөлшерінен 0,74 пайыздан асырылмай бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап, бірақ 2018 жылғы 1 қаңтардан ерте емес қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

Об утверждении предельной величины процентной ставки комиссионного вознаграждения, получаемого от активов акционерного общества "Государственный фонд социального страхования", на 2018 год

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2017 года № 900.

      Примечание РЦПИ!
Порядок введения в действие настоящего постановления см. п.2.

      В соответствии с подпунктом 1) статьи 8-1 Закона Республики Казахстан от 25 апреля 2003 года "Об обязательном социальном страховании" Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить на 2018 год предельную величину процентной ставки комиссионного вознаграждения, получаемого от активов акционерного общества "Государственный фонд социального страхования" (далее – Фонд), не более 0,74 процента от размера активов, поступивших на счет Фонда.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его первого официального опубликования, но не ранее 1 января 2018 года.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев