"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2018 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытындыны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 28 желтоқсандағы № 901 қаулысы

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса беріліп отырған "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2018 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытынды (бұдан әрі – Қорытынды) бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі 2017 жылғы 30 желтоқсанға дейін Қорытындыны дипломатиялық арналар арқылы Ресей Тарапына жіберсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 28 желтоқсандағы
№ 901 қаулысымен
бекітілген

"Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың 2018 жылға арналған жоспарлары бойынша қорытынды

      1999 жылғы 18 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың және зымырандарды сынақтық ұшырудың жоспарлары бойынша қорытындыны (келісуді) ұсыну және алу тәртібі туралы келісімнің 4-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі Ресей Тарапы ұсынған (Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің 2017 жылғы 24 қарашадағы № 24132/3дснг нотасы):

      1) 2016 – 2025 жылдарға арналған Ресейдің Федералдық ғарыштық бағдарламасы, "2012 – 2020 жылдарға арналған ГЛОНАСС жүйесін ұстау, дамыту және пайдалану" федералдық нысаналы бағдарламасы, халықаралық ынтымақтастық бағдарламалары мен коммерциялық жобалар шеңберінде "Байқоңыр" ғарыш айлағынан ғарыш аппараттарын ұшырудың 2018 жылға арналған жоспарымен;

      2) "Байқоңыр" ғарыш айлағынан әскери мақсаттағы ғарыш аппараттарын ұшырудың 2018 жылға арналған жоспарымен;

      3) "Байқоңыр" ғарыш айлағынан зымырандарды сынақтық ұшырудың 2018 жылға арналған жоспарымен келіседі.

      Бұл ретте Қостанай облысы Жангелдин ауданының аумағында "Союз-2" тасымалдағыш зымырандарынан бөлінетін бөліктердің Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы халықаралық шарттармен реттелмеген жаңа құлау ауданын пайдалануды көздейтін ғарыш аппараттарын ұшыру тиісті халықаралық шартқа қол қойылып, ол күшіне енгеннен кейін жүзеге асырылуы мүмкін.

Об утверждении заключения по планам запусков космических аппаратов и испытательных пусков ракет с космодрома "Байконур" на 2018 год

Постановление Правительства Республики Казахстан от 28 декабря 2017 года № 901

      В соответствии с Соглашением между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о порядке представления и получения заключения (согласования) по планам запусков космических аппаратов и испытательных пусков ракет с космодрома "Байконур" от 18 ноября 1999 года Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемое заключение по планам запусков космических аппаратов и испытательных пусков ракет с космодрома "Байконур" на 2018 год (далее – заключение).

      2. Министерству иностранных дел Республики Казахстан до 30 декабря 2017 года направить заключение Российской Стороне по дипломатическим каналам.

      3. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Утверждено
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 28 декабря 2017 года № 901

Заключение
по планам запусков космических аппаратов и испытательных пусков ракет с космодрома "Байконур" на 2018 год

      В соответствии со статьей 4 Соглашения между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о порядке представления и получения заключения (согласования) по планам запусков космических аппаратов и испытательных пусков ракет с космодрома "Байконур" от 18 ноября 1999 года Правительство Республики Казахстан согласовывает представленные Российской Стороной (нота Министерства иностранных дел Российской Федерации № 24132/3дснг от 24 ноября 2017 года):

      1) План запусков космических аппаратов на 2018 год в рамках Федеральной космической программы России на 2016 – 2025 годы, федеральной целевой программы "Поддержание, развитие и использование системы ГЛОНАСС на 2012 – 2020 годы", программ международного сотрудничества и коммерческих проектов с космодрома "Байконур";

      2) План запусков космических аппаратов военного назначения с космодрома "Байконур" на 2018 год;

      3) План испытательных пусков ракет с космодрома "Байконур" на 2018 год.

      При этом, запуски космических аппаратов, предусматривающие использование нового района падения отделяющихся частей ракет-носителей "Союз-2" на территории Джангельдинского района Костанайской области, которое не урегулировано международными договорами между Республикой Казахстан и Российской Федерацией, могут быть осуществлены после подписания и вступления в силу соответствующего международного договора.