1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге хаттаманы бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 29 желтоқсандағы № 921 қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған 1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге 2017 жылғы 19 қыркүйекте Вена қаласында жасалған хаттама бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi
Б. Сағынтаев

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2017 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 92 қаулысымен
бекітілген

1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге
ХАТТАМА

      (2017 жылғы 18 қарашадан бастап уақытша қолданылады - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2018 ж., № 1, 8-құжат, 2018 жылғы 2 аақранда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2018 ж., № 3, 27-құжат)

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі,

      1995 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімді (бұдан әрі – Келісім) басшылыққа ала отырып,

      1993 жылғы 18 ақпандағы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ядролық қарудан шығарылған жоғары байытылған уранды пайдалану туралы келісімді ескере отырып,

      1993 жылғы 18 ақпандағы Ресей Федерациясының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Ядролық қарудан шығарылған жоғары байытылған уранды пайдалану туралы келісімді іске асыру мақсатында 1999 жылғы 24 наурызда жасалған Ресей Федерациясының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Америка Құрама Штаттарынан Ресей Федерациясына ауыстырылған табиғи материалға қатысты куәландырулар туралы келісімді ескере отырып,

      1993 жылғы 23 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Атом энергиясын бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді назарға ала отырып,

      1999 жылғы 24 наурыздағы Ресей Федерациясының Атом энергиясы жөніндегі министрлігі мен Америка Құрама Штаттарының Энергетика министрлігі арасындағы Ресей Федерациясына бастапқы материалды өткізуге қатысты келісімді (бұдан әрі – Өткізу туралы келісім) ескере отырып, төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Осы       Хаттаманың мақсаттары үшін "іске асырылмаған бастапқы материал" термині бастапқыда Америка Құрама Штаттарының аумағынан сатылмаған және Өткізу туралы келісімге сәйкес Америка Құрама Штаттарынан Ресей Федерациясына өткізілген Америка Құрама Штаттарына жеткізілген төмен байытылған уранды алу үшін шикізат ретінде есептесу арқылы айқындалған көлемде Америка Құрама Штаттарының аумағында Ресей Тарапына берілген құрамында уран-235 изотопының 0,711 пайызы бар, табиғи уранның гексафториді нысанындағы уранды білдіреді.

2-бап

      1. Осы Хаттаманы орындау мақсаттары үшін Тараптар мынадай құзыретті органдарды тағайындайды:

      Қазақстан Тарапынан – Қазақстан Республикасының Энергетика министрлігі;

      Ресей Тарапынан – "Росатом" атом энергиясы жөніндегі мемлекеттік корпорация.

      2. Тараптардың құзыретті органдары осы Хаттама шеңберінде ынтымақтастықты жүзеге асыру үшін мынадай ұйымдарды (бұдан әрі – уәкілетті ұйымдар) тартады:

      қазақстандық уәкілетті ұйым – "Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны;

      ресейлік уәкілетті ұйым – "Техснабэкспорт" акционерлік қоғамы.

      3. Тараптар құзыретті органдарының, олардың атауларының не функцияларының өзгергені немесе жаңа құзыретті органдардың тағайындалғаны туралы бір-бірін жазбаша нысанда дипломатиялық арналар арқылы дереу хабардар етеді. Уәкілетті ұйымдардың ауыстырылуы немесе жаңадан тағайындалуы туралы Тараптардың құзыретті органдары бір-біріне жазбаша нысанда хабарлайды.

      Ескерту. 2-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 964 қаулысымен.

3-бап

      1. Америка Құрама Штаттарынан Ресей Федерациясына ауыстырылған, іске асырылмаған бастапқы материалдың жалпы көлемі 2014 жылғы 1 қаңтарда  уран бойынша 37 939 213 килограмды құрады.

      2. Қазақстан Республикасының іске асырылмаған бастапқы материалдағы үлесі 1995 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасындағы Ядролық оқ-дәрілерді кәдеге жарату кезіндегі ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келісімге Кәдеге жаратылатын ядролық оқ-дәрілер үшін өзара есеп айырысу мерзімі мен тәртібі туралы хаттамаға сәйкес осы баптың 1-тармағында көрсетілген санның 8,98 пайызы ретінде айқындалады және іске асырылмаған бастапқы материалдың сапасын бақылауды жүзеге асыру үшін іріктелген сынамаларды ескергенде, 2014 жылғы 1 қаңтарда уран бойынша 3 406 783 киллограмды, соның ішінде Куәландырулар туралы келісім қолданылатын уран бойынша 2 654 194 киллограмды (бұдан әрі – Қазақстан Республикасының үлесі) құрады.

      3. Қазақстан Республикасы Келісімнің 3-бабында көзделген құнның белгіленген үлесін алумен қатар Қазақстан Республикасының үлесі құнының ақшалай баламасын алады.

      4. Ресей Федерациясы Үкіметінің шешімі бойынша Ресей тарапының құзыретті органы Қазақстан Республикасының үлесін ресейлік уәкілетті ұйымға береді, ол қазақстандық және ресейлік уәкілетті ұйымдар арасында жасалатын шарт негізінде 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтау құнын шегере отырып, Қазақстан Республикасының үлесі құнының нарықтық баға белгіленімдері негізінде есептелген ақшалай баламасын қазақстандық уәкілетті ұйымға аударады.

      5. Әр Тараптың құзыретті органы, егер қажет деп тапқан жағдайда, Қазақстан Республикасының үлесі құнының ақшалай баламасын Қазақстан Тарапының алғаны туралы дипломатиялық арналар арқылы Америка Құрама Штаттарының тиісті органын жазбаша түрде хабардар етеді.

      Ескерту. 3-бап жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 964 қаулысымен.

4-бап

      1. Қазақстан Республикасының үлесін 2014 жылғы 1 қаңтарға дейін сақтау Келісімнің 3-бабында көзделгендей, сатылған уранның әрбір партиясының құнында Қазақстан Республикасының белгіленген үлесі есебінен жүзеге асырылып келді.

      2. Қазақстан Республикасының үлесін 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап сақтау құны уәкілетті ұйымдар арасындағы шартта оның құнының ақшалай баламасында ескерілді.

      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 964 қаулысымен.

5-бап

      Ескерту. 5-бап алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 964 қаулысымен.

6-бап

      Осы Хаттаманы қолдануға және (немесе) түсіндіруге қатысты Тараптар арасындағы даулар Тараптардың құзыретті органдары арасындағы консультациялар мен келіссөздер арқылы шешіледі.

7-бап

      Ескерту. 7-бап алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 964 қаулысымен.

8-бап

      1. Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 60 күн өткен соң уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы дипломатиялық арналар арқылы соңғы жазбаша хабарламаны алған күннен бастап күшіне енеді.

      2. Осы Хаттама өз қолданысын Келісім қолданысының тоқтатылуымен бір мезгілде тоқтатады.

      3. Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 964 қаулысымен.
      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 31.12.2020 № 964 қаулысымен.

      2017 жылғы 19 қыркүйекте Вена қаласында қазақ және орыс тілдерінде екі данада жасалды әрі екі мәтіннің де күші бірдей.

      Мәтіндер арасында алшақтықтар болған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді пайдаланады.

      Қазақстан Республикасының
Үкіметі үшін
Ресей ФедерациясыныңҮкіметі үшін

Об утверждении Протокола к Соглашению между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве и взаимных расчетах при утилизации ядерных боеприпасов от 20 января 1995 года

Постановление Правительства Республики Казахстан от 29 декабря 2017 года № 921.

      Правительство Республики Казахстан ПОСТАНОВЛЯЕТ:

      1. Утвердить прилагаемый Протокол к Соглашению между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве и взаимных расчетах при утилизации ядерных боеприпасов от 20 января 1995 года, совершенный в городе Вена 19 сентября 2017 года.

      2. Настоящее постановление вводится в действие со дня его подписания.

      Премьер-Министр
Республики Казахстан
Б. Сагинтаев

  Утвержден
постановлением Правительства
Республики Казахстан
от 29 декабря 2017 года № 921

ПРОТОКОЛ
к Соглашению между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве и взаимных расчетах при утилизации ядерных боеприпасов от 20 января 1995 года

      Вступил в силу 18 ноября 2017 года
Бюллетень международных договоров РК 2018 г., № 1, ст. 8; Вступил в силу 2 февраля 2018 года -Бюллетень международных договоров РК 2018 г., № 3, ст. 27)

      Правительство Республики Казахстан и Правительство Российской Федерации, в дальнейшем именуемые Сторонами,

      руководствуясь Соглашением между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве и взаимных расчетах при утилизации ядерных боеприпасов от 20 января 1995 года (далее – Соглашение),

      учитывая Соглашение между Правительством Российской Федерации и Правительством Соединенных Штатов Америки об использовании высокообогащенного урана, извлеченного из ядерного оружия, от 18 февраля 1993 года,

      учитывая Соглашение между Правительством Российской Федерации и Правительством Соединенных Штатов Америки о заверениях в отношении природного материала, перемещаемого из Соединенных Штатов Америки в Российскую Федерацию в целях реализации Соглашения между Правительством Российской Федерации и Правительством Соединенных Штатов Америки об использовании высокообогащенного урана, извлеченного из ядерного оружия, от 18 февраля 1993 года, заключенное 24 марта 1999 года (далее – Соглашение о заверениях),

      принимая во внимание Соглашение между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве в области мирного использования атомной энергии от 23 сентября 1993 года,

      учитывая Соглашение между Министерством Российской Федерации по атомной энергии и Министерством энергетики Соединенных Штатов Америки относительно перемещения исходного материала в Российскую Федерацию от 24 марта 1999 года (далее – Соглашение о перемещении), согласились о нижеследующем:

Статья 1

      Для целей настоящего Протокола термин "нереализованный исходный материал" означает уран в форме гексафторида природного урана, содержащего 0,711 процента изотопа урана-235, переданный Российской Стороне на территории Соединенных Штатов Америки в количествах, определенных расчетным путем, в качестве сырья для получения низкообогащенного урана, поставленного в Соединенные Штаты Америки, изначально не проданный с территории Соединенных Штатов Америки и перемещенный в Российскую Федерацию из Соединенных Штатов Америки в соответствии с Соглашением о перемещении.

Статья 2

      1. Для целей выполнения настоящего Протокола Стороны назначают следующие компетентные органы:

      от Казахстанской Стороны – Министерство энергетики Республики Казахстан;

      от Российской Стороны – Государственная корпорация по атомной энергии "Росатом".

      2. Компетентные органы Сторон привлекают следующие организации для осуществления сотрудничества в рамках настоящего Протокола (далее – уполномоченные организации):

      казахстанская уполномоченная организация – республиканское государственное предприятие на праве хозяйственного ведения "Национальный ядерный центр Республики Казахстан";

      российская уполномоченная организация – акционерное общество "Техснабэкспорт".

      3. Стороны незамедлительно уведомляют друг друга в письменной форме по дипломатическим каналам об изменении компетентных органов, их наименований либо функций или назначении новых компетентных органов. О замене или назначении новых уполномоченных организаций компетентные органы Сторон извещают друг друга в письменной форме.

      Сноска. Статья 2 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 31.12.2020 № 964.

Статья 3

      1. Общее количество нереализованного исходного материала, перемещенного из Соединенных Штатов Америки в Российскую Федерацию, на 1 января 2014 года составило 37939213 килограммов по урану.

      2. Доля Республики Казахстан в нереализованном исходном материале определяется в соответствии с Протоколом о сроках и порядке взаимных расчетов за утилизируемые ядерные боеприпасы к Соглашению между Правительством Республики Казахстан и Правительством Российской Федерации о сотрудничестве и взаимных расчетах при утилизации ядерных боеприпасов от 23 ноября 1995 года как 8,98 процентов от количества, указанного в пункте 1 настоящей статьи, и с учетом проб, отобранных для осуществления контроля качества нереализованного исходного материала, на 1 января 2014 года составила 3406783 килограмма по урану, в том числе 2654194 килограмма по урану, подпадающего под действие Соглашения о заверениях (далее – доля Республики Казахстан).

      3. Республика Казахстан наряду с получением фиксированной доли стоимости, предусмотренной статьей 3 Соглашения, получает денежный эквивалент стоимости доли Республики Казахстан.

      4. По решению Правительства Российской Федерации компетентный орган Российской Стороны передает долю Республики Казахстан российской уполномоченной организации, которая на основании договора, заключаемого между казахстанской и российской уполномоченными организациями, перечисляет казахстанской уполномоченной организации денежный эквивалент стоимости доли Республики Казахстан, рассчитанной на основании рыночных котировок, за вычетом стоимости хранения за период с 1 января 2014 года.

      5. Компетентный орган каждой Стороны, если сочтет это необходимым, по дипломатическим каналам письменно уведомляет соответствующий орган Соединенных Штатов Америки о получении Казахстанской Стороной денежного эквивалента стоимости доли Республики Казахстан.

      Сноска. Статья 3 в редакции постановления Правительства РК от 31.12.2020 № 964.

Статья 4

      1. Хранение доли Республики Казахстан до 1 января 2014 года осуществлялось за счет фиксированной доли Республики Казахстан в стоимости каждой партии проданного урана как это предусмотрено статьей 3 Соглашения.

      2. Стоимость хранения доли Республики Казахстан с 1 января 2014 года учтена в денежном эквиваленте ее стоимости в договоре между уполномоченными организациями.

      Сноска. Статья 4 в редакции постановления Правительства РК от 31.12.2020 № 964.

Статья 5

      Сноска. Статья 5 исключена постановлением Правительства РК от 31.12.2020 № 964.

Статья 6

      Споры между Сторонами относительно применения и (или) толкования настоящего Протокола разрешаются путем консультаций и переговоров между компетентными органами Сторон.

Статья 7

      Сноска. Статья 7 исключена постановлением Правительства РК от 31.12.2020 № 964.

Статья 8

      1. Настоящий Протокол временно применяется по истечении 60 дней с даты подписания и вступает в силу с даты получения по дипломатическим каналам последнего письменного уведомления о выполнении Сторонами внутригосударственных процедур, необходимых для его вступления в силу.

      2. Настоящий Протокол прекращает свое действие одновременно с прекращением действия Соглашения.

      3. Исключен постановлением Правительства РК от 31.12.2020 № 964.
      Сноска. Статья 8 с изменением, внесенным постановлением Правительства РК от 31.12.2020 № 964.

      Совершено в городе Вена 19 сентября 2017 года в двух экземплярах, каждый на казахском и русском языках, причем оба текста имеют одинаковую силу.

      В случае расхождения между текстами, Стороны используют текст на русском языке.

За Правительство
Республики Казахстан

За Правительство
Российской Федерации